Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-67516778.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.49 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Топ: "Жұлдыз" ересектер тобы

Күні: _____________________

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: "Жаратылыстану"

Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан.

Мақсаты:

1. Отан деген сөздің мағынасын түсіндіру.

2. Өзінің Отаны туралы әңгімелеп айтуға үйрету, зейіндерін дамыту.

3. Туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, әр мемлкеттің шекарасы көрсетілген саяси карта.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, қарындаштар.

Әдіс-тәсіл: көрнекілік, талдау, жинақтау, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларға орнынан тұруды ұсыну.

Үнтаспадан Е. Хасанғалиевтің орындауындағы «Атамекен» әнін тыңдайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Атамекен сөзіне сөздік жұмысын жүргізеді.

  • Атамекен – ата-бабадан ұрпаққа мұра болып қалған ежелгі құтты қоныс, мекен.

  • Біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)

«Отан – отбасынан басталады» дегенді қалай түсінуге болады?

Мақалдың мағынасын ашу.

Отан отбасынан басталады.

Демонстрациялық көрнекілікпен жұмыс.

  • Әлемде өте көп елдер бар. Мына картада әр елдің жер аумағы бөліп көрсетілген. (Бірнеше үлкен елдің жер аумағын көрсетіп, салыстыру). Енді картадан жер аумағы үлкен елдерді табыңдар.

Педагог «Атамекен» әнінің сөзін мәнерлеп оқиды және әнді тыңдатады.

Сергіту сәті:

Бұл шақта, бұл шақта

Кішкентаймыз қазір біз.

Кішкентай болсақ та

Ел қорғауға әзірміз.

  • Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел – қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген қауіптен қорғап келді. Қазақ халқы – ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Дүниежүзіндегі мемлекеттер Қазақстанды тәуелсіз республика деп таныды. Мемлекетіміздің дербестігін білдіретін Туымыз, халықты бірлікке шақыратын Әнұранымыз, Елтаңбамыз бар.

Дәптермен жұмыс:

Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді.

Балалар да өз ойларын жеткізеді:

  • Атамекен деп туған жерімізді айтамыз. Ол – менің атам, менің арғы бабаларым мекен еткен жер. Енді сол жерде мен туып-өсіп жатырмын.

  • Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан аталу себебі: жергілікті халық – қазақ. Біздің еліміз – көпұлтты ел. Қазақстанда тұратын басқа да көптеген ұлт өкілдері Қазақстанды өзінің Отаны деп санайды.

Мақалдың мағынасын талдау: «Отан – біздің отбасымыз, үйіміз, балабақшамыз, туған жеріміздің табиғаты, ауылымыз, қаламыз».

Балалар картадан әр елдің қандай жерді алып жатқанын көріп, Қазақстан жерінің де үлкен аумақты алып тұрғанын байқайды.

Әннің сөзін мұқият тыңдайды.

Қолдарын жан-жаққа созады, жоғары көтереді, төмен түсіреді.Отырып, тұрады. Қолдарын беліне қойып, екі жаққа кезек-кезек бұрылады. Қолдарын жоғары көтеріп, адымдайды.

Туған қаланың, ауылдың көрікті жерлерінің суретін салады. Салған суретінің мазмұны бойынша не салғанын әңгімелеп айтып береді.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы Отан туралы алған білімдері пысықталады.

Балалар Отан туралы әңгімелейді.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: ән, мақалдарды тыңдай отырып, мазмұнын түсінуге үйренеді, өз ойын жеткізуге дағдыланады;

түсінеді: өз Отанының, жерінің, суының сол жерде тұратын адамдар үшін қымбат екенін; еліміздің егемендігі ата-бабаларымыздың аңсаған арманы екенін;

қолданады: өзінің туған жері туралы білетін білімін.

Тәрбиеші: ________________________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]