- •Үлгерімі нашар оқитын оқушылармен жұмыс жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қосымша 2
- •Қосымша 3
- •Қосымша 4
- •Педагогикалық құжаттардың сызбалары мен түрлерінің үлгілері
- •Оқытушының студент-машықкермен жұмыс жоспарының үлгісі
- •Сабақты талдау негіздері
- •Сабақты талдаудың үлгісі (сұлба)
- •Сабақты талдау сызбасы
- •Тәрбиелік іс-шараны талдау үлгісі (сұлба)
- •1. Жалпы мәліметтер:
- •Тәрбиелік шараларды талдау сызбасы
- •Тәрбиелік іс-шараны талдау үлгісі
- •Жалпы мәліметтер.
- •Тәрбие ортасын ұйымдастыру.
- •Педагогикалық шарттардың сапасы.
- •Сынып сағатын талдау сызбасы
- •Оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеу бойынша ұсынылатын әдістер
- •Мектеп оқушысының психологиялық-педагогикалық мінездемесі
- •Жеке тұлға туралы жалпы мәлімет
- •Негізгі іс-әрекет түрлеріне жалпы мінездеме
- •Жеке тұлғаның бағытталуына жалпы мінездеме
- •4.Ұжымдағы жеке тұлғаның орны
- •Мектеп ұжымындағы орны
- •13.Тұратын жердегі шағын ортасы
- •Бос уақытын өткізуі
- •Танымдық жан-қуаттары
- •Топқа психологиялық-педагогикалық мінездеме жасау жоспары
- •Педагогикалық іс-тәжірибе есебінің мазмұны
- •Студент- машықкерге естелік
- •«Сыныптан тыс жұмыс технологиясы» педагогикалық тәжірибесінің қорытындылары бойынша конференцияға даярлайтын құжаттар тізімі:
Үлгерімі нашар оқитын оқушылармен жұмыс жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар
Жұмыстың мақсаты - оқушы тұлғасының психикалық ерекшеліктерн зерттеп, оның үлгіре алмау себептерін анықтау және онымен жүйелі жұмысты ұйымдастыру.
Жұмыс мазмұны:
Студент алғаш мектепке келгенде жұмыс істейтін сыныбының жетекшісі, пән мұғалімдерімен танысады.
Әрбір студентке бір нашар үлгіретін оқушы бөлініп беріледі. Жұмыс сол оқушыны зерттеуден басталады. Студент әңгіме, бақылау, іс- әрекет нәтижелерін талдау және т.с.с. әдіс- тәсілдерді қолданады. Оқушылармен, пән мұғалімдерімен, сынып жеткшімен әңгіме барысында оқушының нашар оқу себебі, мінезінң ерешеліктері, қызығушылығы, жалпы дамуы, денсаулық жағдайы анықталады.
Оқушының жеке іс құжатымен танысып, мінездемесін, үлгерім табелін, ағымдағы үлгерімін зерттейді. Сабақтарына қатысып, оқушыны бақылайды (оның сыртқы келбеті, сабаққа дайындығы, мұғаліге, жолдастарына, пәнге қатынасы).
Оқушының ерекшелігін зерттеп, студент пән мұғалімімен бірлесе наашар оқитын оқушымен жұмыс жоспарын дайындайды). Студент оқушының үйіне барып, ата- анасымен әңгімелесіп, сабақ дайындайтын орынын зерттеп, күн режимін орындауын қадағалап, үй жұмыстарын орындауда жеке жұмыс жоспары бойынша көмек жасайды.
Нашар оқитын оқушы жағымды жетістіктерге жетіп, біліміндегі кемшіліктерін жойған жағдайда жұмыс аяқталды деп есептеледі.Студент іс- әрекет нетижесінде оқушыға психологиялық- педагогикалық мінездеме дайындап, оқушымен жұмыс жасау нұсқауын береді. Мінездеме ҮПТ- ні ұйымдастырушы әдіскерге өткізіледі.
Сынып жетекшіге көмекші студентке арналған әдістемелік нұсқаулар
Студентер алдында тұрған негігі міндет – сыныптағы оқу- тәрбиелік жұмыс жүйесін зеттеу, сынып жетекшіге сыныпта және сыныптан тыс шараларды дайындауға көмек жасау.
Жұмыс мазмұны:
Студент мектепке алғаш келгенде мектеп диреторы, сыныптан тыс, метептен тыс шараларды ұйымдастырушы- педагогпен кездесіп, мектептің материалдық техникалық жағдайы, оқу- тәрбие жұмыс жүйесімен, дәстүрімен танысады. ҮПТ барысында әрбір сыныпқа екі студент бекітіледі.
Сынып жетекшісімен бірлесе отырып жұмыс жоспарын дайындап, оның негізінде сынып ұжымын, тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын, белсенділерін, оқуға деген қызығушылықтарын зерттеп, сыныптағы өзара көмекті ұйымдастырады.
Студенттер мектептен тыс шараларға қатысып, оны талдайды (қосымшадағы талдау үлгісін қараңыз).
Студенттер жүйелі түрде сынып жетекшінің жұмыс әдістемесі бойынша әдебиеттерді оқиды.
Жаппай сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруға, дайындауға қатысады: кештер, таңертеңгіліктер, спорттық шаралар, фестивальдар, конкурстар, кездесулер, экускурсиялар, әңгімелер, лекциялар, кинофильмдерді көру, кітаптар оқу және оларды талдау, сенбіліктерге, қоғамдық – пайдалы еңбекке қатысу.
ҮПТ барысында студенттер оқшылармен ойындар, сайыстар, спорттық шаралар ұйымдастырып, оқушылардың өзін- өзі басқару ұйымдарына көмек жасайды.
Сынып ұжымын зертеу және мінездеме дайындау үлгісі
1. Сынып ұжымы туралы жалпы мәліметтер және оның қалыптасу тарихы (оқушылар саны, ұлы, қызы, жастық құрамы, екінші жыл үлгере алмаушылар, сынып қашан ұйымдастырылды, басқа ұжымдармен қосылу болды ма, сынып жетекшілердің ауысыуы және т.б.).
2. Ұжым іс- әрекетінің сипаты мен мазмұны.
а) оқу іс әректі ( үлгерімнің жалпы сипаттамасы және тәртібі, сыныптың жоғары үлгерім үшін күресі, сынып белсенділерінің, ұжымның жекелеген оқушылардың үлгерімін бақылау, өзаракөмек, оны ұйымдастыру формалары). Оқу іс әректі барысындағы тәртіп;
б) сабақтан тыс уақыттардағы ұжым өмірі: қазіргі заманғы саяси жағдайларға, өнерге, әдебиетке, музыкаға, спортқа қызығушылығы. Сыныптың мектепішілік шараларға қатысуы;
в) сыныпта және одан тыс жерлердегі қоғамды қ пайдалы еңбек. Еңбек түрлері және оларды орындау сипаты. Қоғамдық пайдалы еңбекте саналы тәртіпті сақтауы.
3.Сынып ұжымын ұйымдастыру және оған басшылық.
а) сынып орталығын, белсенділерін және жұмысын ұйымдастыру, оның белсенділеріне сипаттама (инициатива, дербестік, өзіне және өзгелерге талап қоя алушылық, жолдастарының арасындағы беделі, ол неге негізделгген, ұйымдастырушылық қабілеті, қоғамдық пікірге көзқарасы);
б) ұжымда бейресми «басшылардың» болуы, олардың сыныпқа әсері,әсердің себептері, белсенділердің басшыларға көзқарасы. Жекелеген оқушылардың пассивті болу себептері, «назардан тыс қалушылардың» болуы, бұндай қатынастың себебі, оны өзгерту жолдары;
в) ұжымаралық өзара қарым- қатынас (ұжымның ұйымшылдығы, топтардың бар болуы мен болмауы, олардың психологиялық негіздері, өзаракөмек). Жалған көмек (сыбырлау, көшіру, жат мінез құлықтарды жасырулары). өзаракөмектің болуы. Өзара көмек пен өзара талапқоюшылықтың болуы. Жарысу, дауласу, жеке көріну. Ұжымда өзіндік сынның болуы;
г) Өзара қабылдаудың (симпатии) и антипатияның болуы және олардың психологтялық негіздері. Ұжымның жекелеген мүшелерінің арасында достастық, жолдастықтың көрінуі, олардың ішкі негіздері;
д) ұлдар мен қыздар арасындағы қарым- қатынас. Олардың өзара карым- қатынасының ерекшелігі (достық, негізділік, сүйіспеншіліктің болуы, ортақ қызығушылықтарының болуы);
е) Сыныптың сынып жетекшісімен қарым- қатынасы, ата- аналармен байланыс;
ж) сынып жетекшісінің тұлғасы, оның ұжымға әсері (білмділігі, жалпы мәдениеті, ұйымдастырушылық қабілеті, оқушылардың психологиясын, қызығушылығын білуі). Ұжымның сынып жетекшісіне қатынасы, оқушылар арасындағы оның беделі;
4. Жалпы қорытындылар:
Сыныптың ұйымшылдығы, оның сипаты. Ұжымдағы жалпы «эмоционалдық климат» (ашық, инертті, неврозды) ұжым өмірін ұйымдастырудағы негізгі кемшіліктер, оларды шешу жолдары және оның мүшелерінің өзара қарым- қатынасы. Студент іс- тәжірибе барысында ұжымдағы жағымсыз құбылыстарды жою үшін жасаған іс- шаралалары (егер олар болса)
