Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикалы саба (1).docx педагогика.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
62.08 Кб
Скачать

Әдістемелік нұсқау:

Тапсырманы орындау критерийлері, бағалау талаптары:

  1. Слайдтар саны 10 кем емес және 20 артық болмау тиіс.

  2. Презентация 3 компоненттен құралуы керек: 1) Кіріспе - бұл динамикалық және тиімді бастау; Презентацияның бұл бөлімінің міндеті – назар аударту, берілетін ақпаратқа позитивті, оң көзқарас және эмоционалды қабылдауды қалыптастыру; 2) Презентацияның ақпаратты бөлімінде тапсырманың негізгі сұрақтарының мәнін ашатын сызбалар, суреттер, қысқаша мәтіндік бөлім болуы керек; 3) Қорытындыда дәлелді қорытындылар және ұсыныстар болуы тиісті.

  3. Презентацияның мақсаты және міндеттері нақты, анық болуы керек.

  4. Қарастырылған сұрақ бойынша әдебиеттерге жасалған талдау болуы керек.

  5. Презентацияда көрнекілік және мәтін артық мөлшерде болмауы тиіс; Көрнекілік негізделген болуы керек.

  6. Презентацияға видеофайлдарды интеграциялау, біріктіру.

  7. Түс үйлесілімдігінің болуы керек – ашық түсті мәтін қара түсті фонда немесе керісінше, қара түсті мәтін ашық түсті фонда.

  8. Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.

  9. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Мектеп жұмысының жылдық жоспарын құрудағы басшылыққа алынатын негізгі принциптерді атаңыз.

2. Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық қызметтеріне сипаттама беріңіз.

3. Мектеп құжаттарының түрлерін атап, әрқайсысын сипаттаңыз.

Ұсынылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының педагогикалық білім берудің стандарты Алматы, 2001

2. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.

3. Основы школоведения. Караев Ж.А., Шахгулари В.А., Иманбаева С.Т. Алматы, 2006.