Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Жеке тұлғаны қалыптастыру идеясы – авторитарлық педагогика негізі.
2. Жеке тұлғаны дамыту идеясы – тұлғалық бағдарлы педагогика негізі.
Ұсынылған әдебиеттер
1. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.
2. Педагогика: көрнекі дәрістер жинағы. –Алматы, 2009.
3. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. М.: Асадема 2003.
8- тақырып. Тұтас педагогикалық үдеріс – педагогиканың пәні және мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі
Мақсаты: Педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі пәнаралық байланыстар. ғылыми білімдерін жүйелеу, әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, көпшілік алдында сөйлеуге үйрету.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
1. Педагогикалық үрдістің заңдылықтарының мәні мен мазмұны.
2. Педагогикалық үрдістің компоненттерінің орны.
3. Педагогикалық үрдістің ерекшеліктері.
4. Мақсат және міндеттің педагогикалық үрдістегі маңыздылығы.
5. Педагогикалық теориялар: Біртұтас педагогикалық үдеріс, тұлғалық бағдарлы, іс-әрекеттік, құндылықтар, мектепті басқару.
Тапсырманы орындау түрі: Ойлан, Жұптас, Пікірлес.
Әдістемелік нұсқау:
Студенттерге тапсырма, сұрақтар берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындау тапсырылады.
Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір студент жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін студент жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Одан кейін студенттер өз пікірлерін бүкіл аудиторияға жариялайды.
Бағалау өлшемдері:
1. мазмұнының өзектілігі;
2. тақырыптың толық және түбегейлі ашылуы;
3. мазмұнының креативтілігі;
4. тіл мәдениетінің көркемдігі.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Біртұтас педагогикалық үдеріс теориясының сипаты қандай?
2. Тұлғалық-бағдарлы білім беру теориясының ерекшелігі неде?
3. Құндылықтар теориясы неліктен гуманистік сипатта қызмет атқарады?
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.
2. Педагогика: көрнекі дәрістер жинағы. –Алматы, 2009.
3.Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. М.: Асадема 2003.
№9 Мұғалім мен оқушының педагогикалық үдерістегі өзара әрекеттестігі
Мақсаты: Педагогикалық үдерістің сипаттамасын игеру.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
1. Педагогикалық үдерістің белгілері, сапалары, мазмұны.
2. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар.
3. Жеке тұлғаны үйлесімді дамыту идеясы.
4. Ұлттық құндылық бағдар және демократияландыруды құзыреттілік тұрғысынан негіздеу.
Тапсырманы орындау түрі: Пирамида құру
Әдістемелік нұсқау:
Берілген мәліметпен жұмыс жасалғаннан кейін, түрлі деңгейлерде түсінік құрастыру тәсілі. Бұл тәсіл жүзеге «жеке – жұп – топ – аудитория» схемасы арқылы іске асырылады:
Студенттер берілген материалмен жекелей танысып болғаннан кейін, ол болашақта өзіндік түсінік және пікір қалыптастырады.
Студенттер жұптарға бірігіп, өздерінің идеялары, ойлары мен пайымдауларымен серіктестерімен бөліседі.
Студенттер 4 адамнан шағын топтарға бірігіп, туындаған проблемалар мен мәселелердің шешімдерін талқылайды, қорытындылайды, бір шешімге келеді.
Соңында студенттер бүкіл аудитория болып, проблеманың шешімдерін келтіреді, олардың ең тиімділері плакатқа жазылады.
Бағалау өлшемдері:
1. мазмұнының өзектілігі;
2. тақырыптың толық және түбегейлі ашылуы;
3. мазмұнының креативтілігі;
4. тіл мәдениетінің көркемдігі.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Педагогикалық үдерістің мәні, мақсаты, құрылымы.
2. Педагогикалық үдерістің заңдылықтары, принциптері.
3. Жалпыадамзаттық құндылықтардың мәні неде?
4.Ұлттық құндылық бағдарды атаңыз.
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.
2. Педагогика: көрнекі дәрістер жинағы. –Алматы, 2009.
№10 Оқушылардың интеллектуалды әлеуетін дамыту
Мақсаты: Жеке тұлғаның құндылық бағдарын дамыту.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Дарынды балалар мен мектептен тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі.
Дарындылықтың диагностикасы.
Интелект, қабілеттілік, дарындылық, талант ұғымдары.
Тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері.
Тұлғаның мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру әдістері.
Жүргізу формасы: топтық, бинарлы сабақ.
Әдістемелік нұсқау:
Бинарлы сабақтар – бірмәселені шешу үшін түрлі салалардан білімдерді біріктіруге мүмкіндік беріп, тәжірибеде алған білімдерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Бинарлы сабақты дайындаудың маңызды кезеңі бірлесіп, тиянақты жоспарлау болып табылады.Сабақ бір-бірін толтыра түсетін бөліктерге бөлінеді, осы ретте қайталауды болдырмау қажет.
Көбінесе бинарлы сабақтар оқып-үйренген материалды шығармашылық пайдалану кезеңінде өткізіледі. Бинарлы сабақтың мақсаты-білімді, дағдылар мен біліктерді дәлелді тәжірибелік пайдаланудың жағдайын жасау, оқушыларға өз еңбегінің нәтижесін көру мүмкіндігін беріп, одан қуаныш пен қанағаттарлық сезімді алу. Сыртқы әсер үшін емес білімді жүйелеу, пәндердің байланысы мен желінің біртұтастығына сендіруді қалыптастыру үшін өткізілген бинарлы сабақ студенттің әлемді тануында ойының дамуында маңызды кезең болып табылады.
Бинарлы сабақтар:
-пәнді үйрену мотивациясын арттырудың құралы болып қызмет етеді;
-студенттерде өздігінен білім алу дағдыларын дамытады;
-аналитикалық қасиеттерін дамытады;
-зор тәрбиелік әлеуетке ие;
-бинарлы сабақтарда бұрын оқылмаған жаңа салаларға біліктер көшіріледі, бұл студентке шығармашылық жағдайларда шешім қабылдауға көмек көрсетеді.
Мұндай сабақтар студенттерге де оқытушыларға да қызықты. Олар педагогикалық ұжымды, біріктіреді.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Жеке тұлғаның құндылық бағдарын анықтайтын халықаралық құжаттар.
2. Гуманистік педагогиканың негіздері.
3. Тұлғаның санасын дамыту әдістері.
4. Тұлғаның мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру әдістері.
Ұсынылған әдебиеттер
1.Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.
2. Педагогика: көрнекі дәрістер жинағы. –Алматы, 2009. 3.Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. М.: Асадема 2003.
11-тақырып. Педагогтың кәсіптік іс-әрекетіндегі мақсаттылық
Мақсаты: Сынып жетекшісінің мақсаты мен міндеттері, қызметімен таныстыру.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
1. Білім негізінің құрылымдық бөліктері.
2. Оқыту әдістерінің дидактикалық, психологиялық және технологиялық аспектілері.
3. Тұлғалық-бағдарлы оқытудың негіздері.
4. Бағалау үдерісіне қойылатын талаптар.
Жүргізу формасы: Дөңгелек үстел
Әдістемелік нұсқау:
Дөңгелек үстел – бұл форма қазіргі білім берудегі кәсіби қарым-қатынастың ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл әдісте ынтымақтастықпен жұмыстану және өзара көмекке келу жүзеге асырылады. Әрбір білім алушының интеллектуалдық белсенділікке құқығы бар, семинардың жалпы мақсатына бағытталған, ұжымдық шешім қабылдау және қорытындылар жасауға қатысады.
Дөңгелек үстелдің мақсаттары мен міндеттері:
Студенттердің ғылыми-шығармашылық белсенділігінің көтермелеу және арттыру;
студеннтердің оқыма және ғылыми әдебиеттермен дербес жұмыс дағдыларын дамыту;
зерттелген материалды жалпылама сипаттау және анализдеу дағдыларын қалыптастыру,
өзіндік шешімдер мне тұжырымдар жасай білу және оны ауызша және жазбаша түрде баяндай білуді дағдыландыру және студенттер арасында өзін-өзі басқару шараларын дамыту;
Өткізудің негізгі түрі - баяндамаларды тыңдау және талқыға салу болып табылады.
Баяндаманы дайындауға қойылатын талаптар:
Баяндама мәтіні (суреттер мен сызбаларды қоса А4 форматында 5 беттен аспайтын) Microsoft Word редакторының мәтінінде терілуі қажет. Материал төмендегідей тәртіппен орналасады: бірінші жолда бас әріптермен баяндама тақырыбы (қою қаріппен), бір жол төмен – автордың аты-жөні және тегі, бір жол төмен – мекеме, қала және ел атауы беріледі. Жаңа жолдан баяндаманың негізгі мәтіні басылады. Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін беріледі. Баяндамашының сөйлеу уақыты – 7 минут.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Мақсат, міндет, мазмұн, әдіс, құралдардың анықтамасын сипатта.
2. Оқыту әдістерінің жіктемесі қандай?
3.Тұлғалық-бағдарлы оқыту ерекшеліктері неде?
4. Бағалау үдерісіне қойылатын талаптар қандай?
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.
2. Педагогика: көрнекі дәрістер жинағы. –Алматы, 2009.
3.Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. М.: Асадема 2003.
№12 Қазіргі мектепте рухани-адамгершілік, толерантты тұлғаны қалыптастыру мәселелері
Мақсаты: Білім негізінің құрылымдық бөліктері.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу өлшемі, деңгейлері
Жас ұрпақтың толеранттылық пен ұлтаралық мәдениетін тәрбиелеу жолдары
Тапсырманы орындау түрі:
«Мәдениетаралық ықпалдастық және қоғамдағы толеранттылық» тақырыбында эссе жазу.
Әдістемелік нұсқау:
Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.
Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.
Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.
Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау – ойлану – жоспарлау – жазу – тексеру
ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:
• Жеке көзқарастың көрінісі;
• Фактілі дәлелдер (аргументтер);
• Теоретикалық негіздеме;
• Терминдерді қолдану;
• Цитаталарды келтіру;
• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
• Сауаттылық (пункт., орфогр.);
• Юмор, сарказм;
• Қолд. ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.
Эссенің жазылу құрылымы:
1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі;
2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация). Мыс. 1. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер. 2. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер; 3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні”.
Бағалау өлшемдері:
1. мазмұнының өзектілігі;
2. тақырыптың толық және түбегейлі ашылуы;
3.мазмұнының креативтілігі;
4. тіл мәдениетінің көркемдігі.
Ұсынылған әдебиеттер:
Қазақстандық толеранттылық үлгісіне сипаттама беріңіз.
Рухани-адамгершілік құндылықтар мәселесінің педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі талдануы.
Рухани-адамгершілік құндылықтардың негізгі шарттарын атаңыз.
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.
2. Педагогика: көрнекі дәрістер жинағы. –Алматы, 2009.
3. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. М.: Асадема 2003.
13-тақырып. Тұлғаның функционалды сауаттылығы
Мақсаты: Танымдық қызығушылықты белсендіру әдістерін игеру.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негізі.
Әлемдік білім беру сапасын бағалау жолдары
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту.
Жүргізу формасы: кейс-стади
Әдістемелік нұсқау:
Кейс –стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі(метод конкретных учебных стиуаций») xx ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған.
Кейс амал-тәсілінде басты назар студенттердің ұсынылған реальды немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т. б. Студенттің жекетұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады.
Демек, мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсілін қолдану - қазіргі білім беру талабына Студенттің сабаққа деген қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі.
Кейс әдісін қолдану барысында оқытушының іс - әрекеті екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – кейс (жағдай) таңдап алу және сұрақтар құрауға арналған шығармашылық жұмыс. - жағдайларды тақырыпқа сәйкес таңдап алу; - мақсат пен міндетті анықтау; - жағдайды құрастыру және суреттеу. Екінші кезең – оқытушының аудиториядағы іс - әрекеті. Аудиториядағы кейс әдісін қолдану кезеңі. - кейске кіріспе; - жағдайдың талдануы (шағын топтарда); - пікірталас; - қортынды шығару. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларына мән беріп, оны меңгермегенше сауатты, жан жақты маман дайындау мүмкін емес.
CASE-терді құрудың келесі негізгі сатылары белгіленген: мақсаттарды анықтау, әр түрлі жағдайларға критерилерді тағайындау, қажет ақпарат көздерін белгілеу, CASE – тегі алғашқы материалдарды дайындау, сараптама жасау, oны қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындау. Оқу процесіндегі кейстермен жұмыс жасау технологиясы келесі сатылардан тұрады: 1) кейс материалдарын зерттеушілердің жеке өзіндік жұмысы
(мәселені сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау,
ұсынылған әрекетті немесе шешімді ұсыну); 2) негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын топтармен жұмыс. 3) жалпы дискуссиядағы (оқу тобы шегінде) шағын топтардың тұсаукесерлері және тәжірибе нәтижелері.
Кейстің құрылымы: Кейстердің көптүрлілігіне қарамастан олардың барлығының типтік құрылымы болады. Ережеге сәйкес кейс келесілерден тұрады: - Жағдайлар – кездейсоқ жағдай, түйінді мәселе, шынайы өмірден оқиға. - Жағдайдың контексті - хронологиялық, тарихи, орын контексті. әрекеттердің немесе жағдайға қатысушылардың ерекшеліктері. - Автор ұсынған жағдайға түсініктеме беру. - Кейспен жұмыс істеуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар. - Қосымшалар. Кейсті құрастыру сатысы: Білім мақсаттары жүйесінде кейстің орнын анықтау. Кейс тақырыбына тікелей қатысы бар институциалды жүйені іздеу. - Жағдай моделін құру немесе таңдау. - Сипаттауды құру. - Қосымша ақпараттарды жинау. - Ақырғы мәтінді даярлау. - Кейстің тұсаукесері, талқылауды ұйымдастыру.
Кейс стади әдісі интерактивті әдістің бір түрі ретінде оқушылар үшін өте тиімді әдіс болып саналады. Бұл әдістің көмегімен Студенттер өз беттерінше теорияны меңгере отырып, практикалық дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне де ие болады. Студент ситуацияға талдау жасау арқылы болашақ маман ретінде қалыптасып, сабақты қызығып оқуға тырысады. Кейс стади әдісі - оқытушының креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын ерекше құруға шығармашылық мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.
Бағалау өлшемдері:
1. мазмұнының креативтілігі;
2. тіл мәдениетінің көркем дігі.
3. 5-7 ситуациядан кем болмауы керек.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Функционалдық сауаттылық дегеніміз не?
PISA бағдарламасының мақсаты.
Басқа мемлекеттердің білім беру бағдарламаларына, ресурстарына қол жеткізу дегенді қалай түсінесіз?
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.
2. Педагогика: көрнекі дәрістер жинағы. –Алматы, 2009.
3. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. М.: Асадема 2003.
14-тақырып. Оқытудағы құзіреттілік тәсіл. Оқушылардың түйінді құзіреттілігі – оқытудың нәтижесі
Мақсаты: Құзырлықтың қалыптасуын (даму процесіндегі субъектінің құзырлығын) анықтау.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
1. Білім беру үрдісіндегі субъектінің құзырлығын әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдану арқылы дамыту
2. Мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда басшылыққа алынатын принциптер.
3. Оқушылардың шығармашылық құзырын дамытудың психологиялық ерекшелігі
4. Әдістемелік басқару жұмысына сипаттама.
Әдістемелік нұсқау:
Коучингтің жалпы мазмұны: Әріптестер тобымен бірлесіп оқыту мен оқу саласындағы зерттеулер туралы кәсіби пікір алмасу; Оқыту мен оқуды жетілдіру үшін бағалау (жиынтық және формативтік) тиімділігін қамтамасыз етуде әріптестерге көмек көрсету;
Оқушы жетістіктері, даму қарқыны және оның қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша сындарлы кері байланыс ұсыну; Мұғалімдерді оқыту, оларды мектептегі Lesson study-ге тарту мәселелері бойынша мұғалімдер тобымен кәсіби әңгіме;
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығының қарқынды жұмыс істеуіне ықпал ету, оқыту тәжірибесін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуіне ықпал ету;
Мектеп мұғалімдерінің практикасын дамыту мақсатында инновациялық оқу тәжірибелерін зерттеу және бағалау.
Міндеттері:
Бағдарламаның негізгі идеялары туралы рефлексивтік ойлау;
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Білім берудегі инновациялық үдерістер деген не?
2. Инновациялық мектептердің ерекшелігі неде?
3. Оқуышлардың ойлау құзырын қалыптастыру жолдары
4. Танымдық құзіреттілікті қалыптастыру мәселелері.
4. Инновациялық педтехнологиялардың мақсатын сипаттаңыз.
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.
2. Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, или как интересно преподавать. –Алматы, 2009.
3. Ж.Б.Қоянбаев., Р.М.Қоянбаев. Педагогика. Астана, 1998.
№15 12 жылдық мектептегі оқытудың ерекшеліктері: Кәсіптік оқыту
Мақсаты: Мектептегі педагогикалық процесті басқарудың теориялық негіздерін меңгеру.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
1. Білім беруді басқарудың әлемдік тенденциялары
2. Білім беруді басқарудың әртүрлі үлгілері
3. 12 жылдық оқыту жағдайында білім беру ұйымдарын басқару моделі.
Тапсырманы орындау түрі: Рower point форматында презентация жасау.
