Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикалы саба (1).docx педагогика.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
62.08 Кб
Скачать

Әдістемелік нұсқау:

Тапсырманы орындау барысында тақырып мазмұнына студенттердің зейінін аударып, өз қатысын қабылдауы мен түсінігін келтіре алатын кесте жүргізіледі.

Үзінді/цитата

Түсіндірме/коментарий

Неліктен бұл үзіндіні алдыңыз, оның себебі қандай?

Келісемін/ келіспеймін

Менің пікірім:

Кестенің «Үзінділер» бөліміне студенттің назарын тоқтатқан немесе ерекше толғандырған тақырыбымызда қарастырылатын ғалымдардың пікірлері, идеялары, сөз тіркестері, фразалар(келісетін немесе келіспейтін, қызықтыратын) қысқаша сөйлем түрінде келтіреді.

Кестенің оң жағындағы «Түсіндірме» бөлігінде студент сол жақта келтірген жазбаларының түсіндірмесін келтіреді. Бұл баған сол жақтағыға қарағанда маңыздырақ болғандықтан, көлемді түрде тұтас сөйлемдерден тұруы керек.Студенттің жазбалары аудитоияға оқылып, жұмысы тыңдалады.

Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақтар:

1.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Одақ мектебiнiң даму ерекшелiктерi неде?

2. Жалпыға бiрдей бастауыш және жетi жылдық мектепке көшудің мақсаты қандай?

3. Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм берудiң басты ерекшелiктерi неде?

4. Қандай оқу орындарының жаңа типтерi болды?

5. Оқытудың белсендi әдiстерi қалай  дамыды?

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Беркімбаева Ш.К., Қожахметова К.Ж., Құнантаева К.Қ., т.б. Педагогика  тарихы.-         Алматы, 2009. 35-46 б.     

  2. Сембаев А.И. История развития советской школы в Казахстане. - Алматы. 1962.

  3. Храпченков Г.М. Проблемы содержания и методов обучения в школах Казахстана. - Алматы «Мектеп» 1983.

5 Кеңестік кезеңде Қазақстанның ғалым-педагогтары еңбектеріндегі білім беру мәселелері

Мақсаты: Кеңестік дәуірдегі Қазақстан Республикасындағы білім беру ісі және мектептер тарихы туралы  білімдерін  бекіту Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:

  1. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан Республикасындағы білім беру мәселелері.     

  2. Кеңестiк дәуiрдегi Қазақстанда педагогика ғылымының қалыптасуы.

  3. Ахмет Байтұрсынов - қазақ тiлі ғылымының негiзiн салушы.

  4. Н.Құлжанова мектепке дейiнгi педагогиканың iргетасын қалаушы.

  5. Ж.Аймауытов және қазақ психология ғылымы.

  6. М.Жұмабаев және халық  педагогикасы.

Тапсырманы орындау түрі: Рower point форматында презентация жасау.

Әдістемелік нұсқау:

Тапсырманы орындау критерийлері, бағалау талаптары:

  1. Слайдтар саны 10 кем емес және 20 артық болмау тиіс.

  2. Презентация 3 компоненттен құралуы керек: 1) Кіріспе - бұл динамикалық және тиімді бастау; Презентацияның бұл бөлімінің міндеті – назар аударту, берілетін ақпаратқа позитивті, оң көзқарас және эмоционалды қабылдауды қалыптастыру; 2) Презентацияның ақпаратты бөлімінде тапсырманың негізгі сұрақтарының мәнін ашатын сызбалар, суреттер, қысқаша мәтіндік бөлім болуы керек; 3) Қорытындыда дәлелді қорытындылар және ұсыныстар болуы тиісті.

  3. Презентацияның мақсаты және міндеттері нақты, анық болуы керек.

  4. Қарастырылған сұрақ бойынша әдебиеттерге жасалған талдау болуы керек.

  5. Презентацияда көрнекілік және мәтін артық мөлшерде болмауы тиіс; Көрнекілік негізделген болуы керек.

  6. Презентацияға видеофайлдарды интеграциялау, біріктіру.

  7. Түс үйлесілімдігінің болуы керек – ашық түсті мәтін қара түсті фонда немесе керісінше, қара түсті мәтін ашық түсті фонда.

  8. Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.

  9. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. М.Жұмабаевтың «Педагогика» оқцлығына талдау жасаңыз.

  2. Кеңестiк дәуiрдегi Қазақстанда педагогика ғылымының қалыптасуына сипаттама беріңіз.

Ұсынылған әдебиеттер

  1. Беркімбаева Ш.К., Қожахметова К.Ж., Құнантаева К.Қ., т.б. Педагогика тарихы.- Алматы, 2009. 35-46 б.

6 Педагогикалық білім – адамзат капиталын сақтаудың және дамытудың негізі

Мақсаты: XIX және XX ғасырдың басындағы Ресейдегі мектеп, білім жүйесі және педагогика ғылымының дамуымен танысу.

Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:

1. Педагогика  тарихы ғылымының мақсаты, міндеттері, мазмұны, зерттеу әдістері мен құралдары.

2. Педагогика тарихының  басқа ғылым салаларымен  байланысы.

3.Педагогика тарихын зерттеудегі -  диалектикалқ әдіс.

4. Қазақстан педагогика тарихының  ғылым ретiнде қалыптасуы.

5. Тарихи-педагогикалық мәселелердi зерттеудiң әдiснамасы.

6.гҒылыми бiлiм жүйесiндегі педагогика тарихының мәнi.

Жүргізу формасы: семинар-конференция

Әдістемелік нұсқау:

а) Авторлық шығармашылық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі «Тақырыптың негізгі мазмұны» - бұл тьютормен бірлесе отырып таңдалған білім көздерінің негізінде (оқулық, журнал, монография, анықтамалық әдебиет, этикалық кодекс және т.б.) таңдаған тақырыбыңыздың мазмұнын ашу.

Екінші бөлімі – креативті шығармашылық бөлім: тақырыптық және тікелей сұрақтар құрастыру. Келтірген мәтініңіздің мазмұнына сай бес тақырыптық сұрақ құрастырыңыз. Сұрақ сұраулы сөйлем түрінде емес, емтихан сұрақтары сияқты толық, кешенді жауап беруді талап ететін сұрақ-тақырып ретінде болу керек. Одан кейін тікелей сұрақтар (сұраулы сөйлем түріндегі, аты-жөнін, датасын атауды, ұғымға анықтама беруді сұрайтын сұрақтар) құрастырыңыз. Аталған сұрақтарға жауаптарыңызды келтіріңіздер.

Үшінші бөлім – креативті шығармашылық бөлім: тест түріндегі тапсырмалар.

Мәтініңіздің мазмұнына сай 10 тест құрастырыңыз. Тест тапсырмасына қойылатын талаптар: тест сұрақтары шұбалаңқы емес, қысқа, түсінікті болу керек; бес жауап нұсқасы және бір дұрыс жауабы болуы шарт, жауап нұсқаларының мазмұны бір-біріне ұқсас болу керек.

Авторлық шығармашылық жұмыс жазбаша түрде стандартты үлгіде рәсімделуі тиіс (титулдық беті, жұмыс мазмұны, ары қарай келесі бөлімдері: тақырыптық және тікелей сұрақтар міндетті түрде жауаптарымен және тест сұрақтары да міндетті түрде жауаптарымен келтірілуі керек).

Авторлық шығармашылық жұмыс басқа өзіндік жұмыс түрлеріне қарағанда жоғары бағаланатынын ескертеміз!

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Педагогика тарихының басқа  ғылым салаларымен байланысын сипаттаңыз.

2. Ғылыми-зерттеу әдiстерiне талдау жүргiзiңiз.

3. Педагогиканы  зерттеудегі   тұғырларды  сипаттаңыз.

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Беркімбаева Ш.К., Қожахметова К.Ж., Құнантаева К.Қ., т.б. Педагогика тарихы. - Алматы, 2009. 294-309 б.

7 Тұлғаның іс-әрекеті – оның өзін-өзі дамытудың негізі

Мақсаты: Тұлғаны дамытудың және қалыптастырудың қозғаушы күштерін игеру.

Тапсырмалар:

  1. «Тұлға – саналы іс-әрекет иесі» тақырыбында шағын эссе жазу. 

Әдістемелік нұсқау:

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.

Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.

Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.

Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау – ойлану – жоспарлау – жазу – тексеру

ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:

• Жеке көзқарастың көрінісі;

• Фактілі дәлелдер (аргументтер);

• Теоретикалық негіздеме;

• Терминдерді қолдану;

• Цитаталарды келтіру;

• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;

• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;

• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;

• Сауаттылық (пункт., орфогр.);

• Юмор, сарказм;

• Қолд. ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.

Эссенің жазылу құрылымы:

1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі;

2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация). Мыс. 1. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер. 2. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер; 3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні”.

Бағалау өлшемдері:

1. мазмұнының өзектілігі;

2. тақырыптың толық және түбегейлі ашылуы;

3.мазмұнының креативтілігі;

4. тіл мәдениетінің көркемдігі.