«Педагогика»
пәні бойынша практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
«Педагогика»
пәні бойынша практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
1-тақырып. Тарихи-педагогикалық зерттеулердің әдістері, әдіснамасы
Мақсаты: Ғылыми білімдерін жүйелеу, әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, көпшілік алдында сөйлеуге үйрету.
Жүргізу формасы: семинар-конференция
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
1. Педагогика тарихы ғылымы, мақсаты мен міндеттері.
2. Педагогика тарихында қолданылатын диалектикалық әдіс.
3. Әдіснамалық білімдер құрылымы.
4. Педагогика тарихын зерттеудегі негізгі тұғырлар.
5. Тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері.
Әдістемелік нұсқаулар:
а) Авторлық шығармашылық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі «Тақырыптың негізгі мазмұны» - бұл тьютормен бірлесе отырып таңдалған білім көздерінің негізінде (оқулық, журнал, монография, анықтамалық әдебиет, этикалық кодекс және т.б.) таңдаған тақырыбыңыздың мазмұнын ашу.
Екінші бөлімі – креативті шығармашылық бөлім: тақырыптық және тікелей сұрақтар құрастыру. Келтірген мәтініңіздің мазмұнына сай бес тақырыптық сұрақ құрастырыңыз. Сұрақ сұраулы сөйлем түрінде емес, емтихан сұрақтары сияқты толық, кешенді жауап беруді талап ететін сұрақ-тақырып ретінде болу керек. Одан кейін тікелей сұрақтар (сұраулы сөйлем түріндегі, аты-жөнін, датасын атауды, ұғымға анықтама беруді сұрайтын сұрақтар) құрастырыңыз. Аталған сұрақтарға жауаптарыңызды келтіріңіздер.
Үшінші бөлім – креативті шығармашылық бөлім: тест түріндегі тапсырмалар.
Мәтініңіздің мазмұнына сай 10 тест құрастырыңыз. Тест тапсырмасына қойылатын талаптар: тест сұрақтары шұбалаңқы емес, қысқа, түсінікті болу керек; бес жауап нұсқасы және бір дұрыс жауабы болуы шарт, жауап нұсқаларының мазмұны бір-біріне ұқсас болу керек.
Авторлық шығармашылық жұмыс жазбаша түрде стандартты үлгіде рәсімделуі тиіс (титулдық беті, жұмыс мазмұны, ары қарай келесі бөлімдері: тақырыптық және тікелей сұрақтар міндетті түрде жауаптарымен және тест сұрақтары да міндетті түрде жауаптарымен келтірілуі керек).
Авторлық шығармашылық жұмыс басқа өзіндік жұмыс түрлеріне қарағанда жоғары бағаланатынын ескертеміз!
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақ-тапсырмалар:
1. Педагогика тарихы ғылымы нені зерттейді?
2. Педагогика тарихының әдіснамалық негізіне не алынады?
3. Педагогика тарихының басқа ғылым салаларымен байланысын сипаттаңыз.
4. Педагогика тарихының қандай әдіснамалық ұстанымдарын білесіз?
5. Педагогика тарихының қандай зерттеу әдістері бар?
6. Ғылыми-зерттеу әдiстерiне талдау жүргiзiңiз.
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Беркімбаева Ш.К., Қожахметова К.Ж., Құнантаева К.Қ., т.б. Педагогика тарихы.- Алматы, 2009. 5-21 б.
Қосымша әдебиеттер: 1. Гершунский Б.С. Философия образования для ХХI века. – М., 1998.
2. Проблемы методологии педагогики и методики исследований. /Под ред. М.А.Данилова Н.И.Болдырева. – М.: Педагогика 1971.
3. Полонский В.М. Оценка качества научно-педагогических исследований.-М.: Педагогика 1987.
№2 Элленизм дәуіріндегі ағартушылық. Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель іліміндегі педагогикалық идеялар
Мақсаты: Элленизм дәуіріндегі оқу-тәрбие мазмұнымен таныстыру.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Антикалық әлемдегі білім беру мен педагогикалық ой-пікір
Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель іліміндегі педагогикалық идеялар
Элленизм дәуіріндегі ағартушылық
Спарта мен Афинадағы тәрбие
Жүргізу формасы: топтық, бинарлы сабақ
Әдістемелік нұсқау:
Бинарлы сабақтар – бірмәселені шешу үшін түрлі салалардан білімдерді біріктіруге мүмкіндік беріп, тәжірибеде алған білімдерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Бинарлы сабақты дайындаудың маңызды кезеңі бірлесіп, тиянақты жоспарлау болып табылады.Сабақ бір-бірін толтыра түсетін бөліктерге бөлінеді, осы ретте қайталауды болдырмау қажет.
Көбінесе бинарлы сабақтар оқып-үйренген материалды шығармашылық пайдалану кезеңінде өткізіледі. Бинарлы сабақтың мақсаты-білімді, дағдылар мен біліктерді дәлелді тәжірибелік пайдаланудың жағдайын жасау, оқушыларға өз еңбегінің нәтижесін көру мүмкіндігін беріп, одан қуаныш пен қанағаттарлық сезімді алу. Сыртқы әсер үшін емес білімді жүйелеу, пәндердің байланысы мен желінің біртұтастығына сендіруді қалыптастыру үшін өткізілген бинарлы сабақ студенттің әлемді тануында ойының дамуында маңызды кезең болып табылады.
Бинарлы сабақтар:
-пәнді үйрену мотивациясын арттырудың құралы болып қызмет етеді;
-студенттерде өздігінен білім алу дағдыларын дамытады;
-аналитикалық қасиеттерін дамытады;
-зор тәрбиелік әлеуетке ие;
-бинарлы сабақтарда бұрын оқылмаған жаңа салаларға біліктер көшіріледі, бұл студентке шығармашылық жағдайларда шешім қабылдауға көмек көрсетеді.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Жерорта теңiзi жағалауындағы Антикалық замандағы тәрбие мен мектептердiң басты даму кезеңдерi тарихынан не бiлесiздер?
Ертедегi Грециядағы алғашқы оқу орындарының тәрбие мен оқыту жүйесi қандай болды?
Спарта жєне Афина мемлекет-полистегi тәрбие жүйесiнiң жалпылығы мен ерекшелiгi неде болды?
Атақты ежелгi грек философтарының тәрбие мәселесiмен шұғылданғандығы жайлы не айтасыз?
Эллин дәуiрiндегi жастарды тәрбиелеу мен оқытудың ерекшелiктерi неде?
Ұсынылған әдебиеттер:
1. 1.Беркімбаева Ш.К., Қожахметова К.Ж., Құнантаева К.Қ., т.б. Педагогика тарихы.- Алматы, 2009. 5-21 б.
2.“История педагогика и образования” (Под ред.А.И.Пискунова). - М., 2001.
№3 Кеңестік кезеңдегі білім берудің жетекші концепциялары
Мақсаты: Кеңестік кезеңдегі білім мен тәрбие.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
1917-1980жж. Кеңестік мектеп және педагогика.
Ұлы Отан жылдарындағы (1941-1945жж.) кеңстік мектеп.
1980-1990жж. Кеңестік мектеп және педагогика ғылымының дамуы.
Тапсырманы орындау түрі: Ойлан, Жұптас, Пікірлес.
Әдістемелік нұсқау:
Студенттерге тапсырма, сұрақтар берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындау тапсырылады. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір студент жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін студент жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Одан кейін студенттер өз пікірлерін бүкіл аудиторияға жариялайды.
Бағалау өлшемдері:
1. мазмұнының өзектілігі;
2. тақырыптың толық және түбегейлі ашылуы;
3. мазмұнының креативтілігі;
4. тіл мәдениетінің көркемдігі.
Өзiн-өзi тексеруге арналған сұрақ-тапсырмалар
Кеңес мектебін құру принциптерінің ерекшеліктерін атаңыз.
Жаңа құрылған мектепті ұйымдастыру принциптері мен мазмұны қандай еді?
Оқыту мен тәрбиелеу мекемелерінің жаңа типтеріне сипаттама беріңіз.
30-шы жылдардағы мектептерде білім беруде қандай күрделі өзгерістер болды?
Марксист - педагогтар - Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, М.Н.Покровский, В.М.Познер және т.б. мектепті ұйымдастыруда қандай пікірді ұстанды?
20-шы жылдары педагогикада қандай пікірталастар орын алды?
Отан соғысы қарсаңындағы мектептің жайын сипаттаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
Беркімбаева Ш.К., Қожахметова К.Ж., Құнантаева К.Қ., т.б. Педагогика тарихы.- Алматы, 2009. 5-21 б.
№4 Қазақстандағы алғашқы (ХVII-XX ғғ.) ұлттық мектептер
Мақсаты: 1941-1980 ж. ж. аралығындағы елдерiндегі мектеп пен педагогиканың дамуын қалыптастыру.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мектеп және тәрбие мәселелері.
2. Жалпыға бірдей бастауыш және жетіжылдық мектеп.
3. Оқу орындарының жаңа типтері.
4. Педагогикалық білім беру және мұғалім мамандарын даярлау.
5. Білім беруді жетілдіру және ғылыми-педагогикалық зерттеудің жаңа бағыттары.
Тапсырманың орындалу түрі: Қос жазба күнделігі, сұрақ-жауап, т.б.
