- •2.1 Мекеме орнымен танысу.
- •2.2.Қауіпсіздік техникасымен танысу.
- •1. Қолдану саласы
- •2.3.Сырым ауданының 2017 жылғы жаз айындағы ауа райы. Жаз айы, 2017 жыл.
- •Cырым ауданы бойынша 2017 жылы аса қауіпті зиянды организмдерге мониторингтік зерттеу жүргізілген жер көлемдері
- •Сырым ауданы бойынша 2017 жылы аса қауіпті организмдерге жүргізілген жүйелі бақылау жұмыстарының есебі
- •Нестадные саранчовые (Үйірсіз саяқ шегірткелер)
- •Сырым ауданы бойынша саяқ шегірткелердің қыстап шыққан күбіршектерінің қоныстануына көктемгі зерттеу жұмыстары бойынша 2017 жылғы есеп
- •Сырым ауданы бойынша саяқ шегірткеcі дернәсілдерінің қоныстануына көктемгі-жазғы зерттеу жұмыстары бойынша 2017 жылғы есеп
- •2.6. Қр ашм аөк мик «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» зертханасымен танысу.
- •2.6. Сырым ауданының далалық аймағында кездесетін каратиндік өсімдік. Жатаған у кекіре. Күресу шаралары.
- •2.8. Бұлан ауылдық округінен табылған мүйізді қоңыз
- •2.9.Сырым аудандық аумақтық инспекциясының құжатнамаларымен танысу және жұмыс жасау.
- •Ел ертеңі білікті мамандар
2.8. Бұлан ауылдық округінен табылған мүйізді қоңыз
Мүйізді қоңыздар, немесе бұғы-қоңыздар тобы қатпаралымұрттардың 1250 түрін біріктіреді. Аталықтарының ұзын күшті жақтарында тісшелер орналасқан және әдетте бұл тармақталған бұғы мүйізін еске түсіреді. Ал аналықтары мұндай қасиеттен ада.Мүйізділердің тағы бір маңызды ерекшелігі-ирек "таяқтармен" бітетін мұрттар. Ғажайып бейнелі ірі қоңыздар ежелден-ақ құмарпаздардың көздерін қызықтырып,соның салдарынан көптеген түрлері сиреп қалды. Мүйізді қоңызға Еуропа фаунасындағы ең ірі қоңыз бен Ресейдегі ең үлкен бұғы қоңыз жатады. Ол Қызыл кітапқа енгізілген. Қоңыздың аталықтарының ұзындығы "мүйізін" қосқанда 7,5 см-ге жетеді,аналықтары шағын және мүйіссіз.Аталықтар жақпен кеміре алмайды,сондықтан ағаш қабығынан ағатын сөлмен қоректенеді. Аналықтар қабықты тесіп,мұндай асқа қол жеткізуге қабілетті.Шілде-тамыз айларында қоңыздар қатты ызыңмен емен түбін айнала ұшып жүреді. Аталықтар аналықтар мен сөл ағатын жерлер үшін бәсекелестермен ұрысқа түседі.Аяусыз жекпе-жекте олар артқы аяғымен тұрып, бір-бірін ағаштан аударып тастауға тырысады,тіпті мүгедек етіп тынады.
Мүйізді қоңыздардың дернәсілдері ортаңғы аяғының түрпітәріздес ирек мүшесін артқы аяғымен егеп, ызың әуендер шығара алады.Бірақ мұның не үшін қажет екені әлі күнге құпия күйінде қалуда.
Мүйізді қоңыздардың аналықтары жұмыртқасын кәрі ағаштардың қабығына (негізінен емен мен шамшат ағашы)немесе томарға салады. Дернәсілдер ағашты үңгіп қоректенеді.Олар 4-6 жыл ішінде дамып бітеді және қуыршыққа айналмай тұрып,13,5 см,ұзындыққа жетеді және жуандығы адамның бас бармағындай болады. Ол жерде,ағаш қоқымынан жасалған "қуыршақ" қалпына енеді.
Грант мүйіздісі немесе хиазогнат-әлемдегі ең ерекше қоңыздардың бірі.Ол Оңтүстік Америкада,Чили аймағындағы кейбір тропикалық ормандарда тіршілк етеді.Аталықтары 6,5-7,5 см ұзындыққа дейін жетеді,оның жартысы ұсақ өткір инелермен керілген жоғарғы жаққа кетеді.Ғалымдардың бақылауы бойынша,аталықтар аналықтармен ұшырасу үшін ағаш діңдерімен 20-25 м биіктікте орналасқан ұшар басына өрмелеген кезде жақтары жәрдемге келеді,және біздің бұғы-қоңыздарға ұқсас жақты қарсыластарымен айқаста пайдаланады. Грант мүйізділері ағаш сөлдерімен қоректенеді. Грант мүізділері-Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген сирек
Дүниесі: |
Жануарлар |
Жамағаты: |
Буынаяқтылар |
Табы: |
Жәндіктер |
Сабы: |
Қатты қанаттылар |
2.9.Сырым аудандық аумақтық инспекциясының құжатнамаларымен танысу және жұмыс жасау.
Карантин (итал. quarantena, quaranta gіornі – қырық күн), уақытша тыйым салу – жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды, өсімдіктерді жұқпалы аурулардан, зиянкестерден сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, медициналық-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық, фитосанитарлық кешенді шаралар жүйесі.
Өсімдіктердің сыртқы карантині – карантиндік нысанға жататын карантиндік материалдарды импорт ретінде кіргізу немесе экспортқа шығаруға тосқауыл қою.
Өсімдіктердің ішкі карантині – мемлекеттің ішінде карантиндік нысандардың таралмауына тосқауыл қою, дер кезінде анықтап, карантиндік нысандардың ошақтарын оқшаулау.
Карантиндік шара— ауру ошағын толық оқшаулау және ондағы ауруды толық жоюды қарастыратын шаралар жүйесі.
Өсімдіктер карантині (фитосанитарлық қорғау) -Республиканың өсімдік ресурстары мен өсімдік текті өнімін карантинді объектілердің басқа мемлекеттерден, сондай-ақ республиканың карантинді аймағынан әкелуінен және енуінен қорғауға, ал олар таралған жағдайда — олардың таралу ошақтарын оқшаулауға және жоюға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим.
Алу актісі — Қазахстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіппен және жағдайларда алуға жататын, залалданған карантинге жатқызылған өнімге (жүктер) мемлекеттік инспектор рәсімдейтін ресми құжат
Жерсіндіру –карантиндік көшеттерді- импорттық отырғызылатын және тұқымдық материалдағы карантинді объектілердің (нысандардың) және басқа ерекше қауіпті зиянды организмдердің жасырын жұғуын анықтау үшін арнайы жабдықталған көшеттер.
Импорттық карантиндік рұқсат – Қазақстан Республикасының өкілетті органы белгілейтін шарттарда карантинге жатқызылған өнімді республикаға әкелуге, сондай-ақ оның транзитіне рұқсат беретін құжат.
Карантиндік аймақ-карантинді объектінің анықталуына байланысты белгіленетін тәртіппен карантинге жатқызған деп жарияланған
ІІІ. Сырым елі қоғамдық-саяси газетінде жарияланған «Ел ертеңі-мамандар»мақаласы.
