- •2.1 Мекеме орнымен танысу.
- •2.2.Қауіпсіздік техникасымен танысу.
- •1. Қолдану саласы
- •2.3.Сырым ауданының 2017 жылғы жаз айындағы ауа райы. Жаз айы, 2017 жыл.
- •Cырым ауданы бойынша 2017 жылы аса қауіпті зиянды организмдерге мониторингтік зерттеу жүргізілген жер көлемдері
- •Сырым ауданы бойынша 2017 жылы аса қауіпті организмдерге жүргізілген жүйелі бақылау жұмыстарының есебі
- •Нестадные саранчовые (Үйірсіз саяқ шегірткелер)
- •Сырым ауданы бойынша саяқ шегірткелердің қыстап шыққан күбіршектерінің қоныстануына көктемгі зерттеу жұмыстары бойынша 2017 жылғы есеп
- •Сырым ауданы бойынша саяқ шегірткеcі дернәсілдерінің қоныстануына көктемгі-жазғы зерттеу жұмыстары бойынша 2017 жылғы есеп
- •2.6. Қр ашм аөк мик «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» зертханасымен танысу.
- •2.6. Сырым ауданының далалық аймағында кездесетін каратиндік өсімдік. Жатаған у кекіре. Күресу шаралары.
- •2.8. Бұлан ауылдық округінен табылған мүйізді қоңыз
- •2.9.Сырым аудандық аумақтық инспекциясының құжатнамаларымен танысу және жұмыс жасау.
- •Ел ертеңі білікті мамандар
Кіріспе
Өсімдік карантині, мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты – еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман және жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ денелілерденколорадо және капр қоңыздары, комсток құрты, қан-қызыл біте, американың ақ көбелегі; аурулардан – үнді қаракүйесі, күріштің бактериоздары, жүгерінің гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; ал арамшөптерден – сары шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс, т.б. жатады. Ішкі карантиннің негізгі мақсаты – республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу. Карантин шараларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті “Өсімдіктер карантині туралы” заңды басшылыққа ала отырып жүргізеді. 5В081100 – «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығы Жәңгір Хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 5 жылдан астам оқытылып келеді. Біліктілік – «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры.Оқыту мерзімі – 4 жыл.Білімді қолдану аумағы-мамандық ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірісіне шаруашылық және экономикалық нұқсан келтіретін зиянды ағзалардан (зиянкестер, өсімдік аурулары және арамшөптер) өсімдіктерді қорғаумен байланысты мәселелерді зерттеуге бағытталған. Мамандықты жақсы меңгеру үшін студенттер ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды және карантинді ағзаларының биологиясы, экологиясы, түрлік құрамы мен олармен күресу шаралары жөнінде терең білім алады.Кәсіби дағдылар-Бакалавриат курсын аяқтағаннан кейін мамандар ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды ағзаларына фитосанитарлық мониторинг пен олардан кешенді қорғау шараларын, сонымен қатар кедендік бекеттерде карантиндік тексерістің барлық кезеңдерін жүргізу бойынша кәсіби дағдыларын қалыптастырады. Түлектер келесі бағыттарда жұмыс істей алады: өсімдік қорғау жəне карантиннің мемлекеттік қызметтерінде, ҚР АШМ ғылыми-өндірістік құрылымдарында, фитосанитарлық диагностика жəне болжамдар орталықтарында, өсімдіктер карантині орталығында, бақылау-токсиологиялық зертханаларында, шекаралық карантиндік бекеттерде.Білім беру бағдарламасы:мамандықтың білім беру бағдарламасының негізін келесі курстар құрайды: жалпы және ауылшаруашылық энтомологиясы; жалпы және ауылшаруашылық фитопотологиясы; зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер; өсімдіктерді химиялық және биологиялық қорғау; өсімдіктер карантині; өсімдіктер иммунитеті және т.б. Студенттер жыл сайын ЖОО арасында өтетін Республикалық және Халықаралық олимпиадаларға қатысуға, сонымен қатар бір семестр барысында еліміздің және шет елдің алдыңғы қатарлы ЖОО–да академиялық ұтқырлықпен оқуға мүмкіндікке ие.
5В081100 - Өсімдік қорғау және карантин мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін өндірістік іс-тәжірибе арнайы оқу бағдарламасына сәйкес жоспарланған. Студенттер үшін өндірістік іс-тәжірибеден өту, болашақ бакалавр ретінде аса маңызды. Өндірістік іс-тәжірибе студенттер арнайы мамандық пәндерін оқып аяқтағаннан кейін, өткізіледі. Іс-тәжірибе басталар алдында студенттер жалпы және ауыл шаруашылық энтомологиясы; жалпы және ауыл шаруашылық фитопатологиясы; зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер; өсімдіктерді химиялық жолмен қорғау; өсімдіктерді биологиялық жолмен қорғау; зиянды және аса қауіпті зиянды және карантинді ағзаларға фитосанитарлық мониторинг жүргізу және олардың таралуын болжау секілді мамандықты оқытуға арналған арнайы пәндер бойынша теориялық білім алады. Алған білімін студенттер өндірістік тәжірибеде практика жүзінде іске асыру қажет. Студент іс-тәжірибе өту барысында ЖОО-да алған білімдерін бекітеді және кеңейтеді, ауыл шаруашылығына қатысты барлық жүйелерді меңгере алады.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1 Мекеме орнымен танысу.
ҚР АШМ АӨК МИК «Аудандық аумақтық инспекция» республикалық мемлекеттік мекемесі Сырым аудандық филиалы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 19 ақпандағы № 84 қаулысын іске асыру жөніндегі жеке шаралар туралы бұйрығына сәйкес, РФД және БӘО мемлекеттік мекемесінің 2003 жылғы 27 наурыздағы № 03 бұйрығымен құрылған.
Аудандық аумақтық инспекцияның мақсаты өсімдіктердің зиянды, ерекше қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуына мониторингті жүзеге асыру және карантиндік объектілердің таралуы ошақтарын анықтап, таралу шекараларын аудан бойынша айқындау болып табылады.
Аудандық инспекция облыс орталығынан 140 км қашықтықта орналасқан. Филиалдың штаттық саны 4 қызметкерден тұрады, мекеменің орналасқан мекен жайы: Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, № 15 үй.
Кесте № 1
Сырым аудандық филиалының штаттық құрылымы
№ |
Т.А.Ә |
Қызметі |
Білімі |
Мамандығы |
1 |
Утепов Азамат Инсапұлы |
Аудандық аумақтық инспекция басшысы |
БҚАТУ |
Агроном |
2 |
Кеңесова Айгерім |
Өсімдік карантині бойынша инспектор |
БҚАТУ |
Өсімдік қорғау және карантин |
3 |
Габбасов Темірлан |
Өсімдік қорғау бойынша бас маман |
БҚАТУ |
Өсімдік қорғау және карантин |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясы келесі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі, «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндiк сертификат беру», «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) әкелуді келісу», Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті «электрондық үкімет» www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы алуға мүмкіндігі бар және (немесе) қағаз түрінде. Портал тәулік бойы жұмыс істейді. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары- мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414 алуға болады.
2.2.Қауіпсіздік техникасымен танысу.
"Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолдану саласы
1. Осы "Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" Техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Өрт қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы, "Өсімдіктер карантині туралы " 1999 жылғы 11 ақпандағы,"Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" 2002 жылғы 3 сәуірдегі,"Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі,"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" қараңыз.K090193 2002 жылғы 4 желтоқсандағы,"Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы,"Химия өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Техникалық регламенттің талаптары осы Техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасындағы (ҚР СЭҚ ТН) тауарлар жіктеліміне сәйкес жіктелетін, техникалық реттеу объектілері болып табылатын пестицидтерге (улы химикаттарға) және олардың әсер ететін заттарына таралады.
4-1-тарау. Пестицидтер (улы химикаттар) айналымы
саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары
Ескерту. Заң 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.12.06 № 209 Заңымен.
19-6-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) буып-түю және олардың ыдысы жөнiндегi талаптар
1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) буып-түю және оларға арналған ыдыс өнiмдi сақтау, тасу және өткiзу кезiндегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге тиiс.
2. Буып-түю мен ыдысқа пайдаланылатын материалдар адамды, қоршаған ортаны пестицидтердiң (улы химикаттардың) қауiптi қасиеттерiнен қорғау үшiн арнайы лайықталуға тиiс.
3. Буып-түю мен ыдысқа пайдаланылатын материалдар пестицидтердiң (улы химикаттардың) құрама заттарының бұзылуына немесе өзге де зиянды әсерiне төзiмдi болуға және:
1) жану және (немесе) жылудың едәуiр бөлiгiнiң бөлiнуiн;
2) тез тұтанатын, уытты немесе тұншықтыратын газдардың бөлiнуiн;
3)басқа да химиялық белсендi және қауiптi заттардың түзiлуiн тудыратын реакцияға түсе отырып, олармен өзара әрекеттеспеуге тиiс.
Ескерту. 19-6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
19-7-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану кезiндегi қауiпсiздiк талаптары:
1.Пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiнде белгiленген тиiмдi және қауiпсiз қолдану технологияларын сақтай отырып жүзеге асырылады.
2.Пестицидтердi (улы химикаттарды) техникалық регламенттердiң талаптарын бұза отырып қолдануға тыйым салынады.
3.Пайдаланылмаған пестицидтердi (улы химикаттарды) уақытша сақтауға арнайы арналған орындардан басқа жұмыс орындарында қалдыруға тыйым салынады.
19-8-бап. Пестицидтердің (улы химикаттардың) буып-түйілуін таңбалау жөнiндегi талаптар:
1. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) буып-түйілуін таңбалау:
1) телефонның, факстың, телекстiң нөмiрiн және электрондық мекен-жайды қоса алғанда, өтiнiш берушiнiң (жеткiзушiнiң, дайындаушының, дистрибьютордың немесе импортердiң) атауы және толық мекен-жайын;
2) пестицидтiң (улы химикаттың) атауы мен оның нысаналы мақсатын;
3) пестицидтiң (улы химикаттың) номиналды мөлшерiн (салмағын немесе көлемiн);
4) шығару партиясы нөмiрiнiң белгiленуiн;
5) дайындалған (шығарылған) күнiн;
6) қауiптiлiк қасиеттерiнiң және адамға, қоршаған ортаға және мүлiкке әсер ету сыныптарының белгiлерiн (пиктограммаларын);
7) өнiмдi қауiпсiз сақтау, тасымалдау, өткiзу, қолдану және кәдеге жарату жөнiндегi ұсыныстарды қамтуға тиiс.
2. Буып-түюді таңбалау өшiрiлмейтiн анық әрiптермен немесе нышандармен түсiрiледi.
Ескерту. 19-8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
19-9-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау осы үшiн арнайы арналған, құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына, экологиялық талаптарға, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сай келетiн арнайы қоймалық үй-жайларда жүзеге асырылуға тиiс.
2. Қоймалар үрлейтiн және тартатын желдеткiштерiмен жабдықталады. Тартатын желдеткiш құрғақ сүзгiш элементтермен жабдықталады.
3. Пестицидтердi (улы химикаттарды) қоймада сақтауға үй-жайды санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қызметiнiң органдары зерттеп болғаннан кейiн пестицидтердi (улы химикаттарды) алу және сақтау құқығына санитарлық паспорт жасалғаннан кейiн ғана жол берiледi.
4. Сақталынатын пестицидтердiң (улы химикаттардың) мөлшерi қойманың жобалық құжаттамасында көзделген қойма сыйымдылығынан аспауға тиiс.
5. Пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтау шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптар әзiрлеудi, сондай-ақ аталған талаптардың сақталуын бақылауды мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары жүзеге асырады.
Ескерту. 19-9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17. № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
19-10-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тасымалдау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
1. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тасымалдау қауiптi жүктердi көлiк құралдарымен тасу мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Пестицидтермен (улы химикаттармен) бiрге немесе бұрын пестицидтердi (улы химикаттарды) тасу үшiн пайдаланылған көлiк құралдарымен тамақ өнiмдерiн, жемшөп және ауыз су тасуға қатаң тыйым салынады.
3. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тасымалдау үшiн пайдаланылған көлiк алдын ала тазартылмай және көлiк құралы залалсыздандырылмай, басқа да тағамдық емес жүктердi тасымалдау үшiн пайдаланылуға тиiс емес.
