Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кулсмакова АЙж.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
445.98 Кб
Скачать
  1. Республикадағы ферроқорытпа зауыттары

Республикада «Казхром» трансұлттық компаниясы ферроқорытпа өндірісіннің уәкілі, оның құрамына АО «Донской ГОК» ,AO «Ақсу ферроқорытпа зауыты», АО «Феррохром». ТНК «Казхромда» жалпы қуаты 1000 MBA орнатылған 42 электропеші бар, жылына шамамен 2,5 млн. т тауарлы хром кені мен 1,0млн. т көп ферроқорытпасын өндіреді.

Қазақстанда ферроқорыту екі ірі ферроқорыту зауыттарында өндіріледі – Ақсу және Ақтөбе, ферроқорытпаның салмақ маркаларын шығарады: ферросилиций + феррохром және силикомарганец. Қазахстан дүние жүзінде ферроқорытпа өндірісі бойынша көрінетін орын алады және олардың сыртқа шығарушыларының бірі болып саналады.

Соңғы жылдары ферроқорытпа шығару көлемі көбейді, шлакты қайта өңдеу қуаты жасалынды. Марганц балқымасы өзінің шикі затының қорытпасының технологиясы енгізілді. Казір Қазахстан жылына 1100мың т ферроқорытпасын өндіреді, 1996ж көрсеткіштерінен 400мың т жетті.

Аксу ферроқорыту зауыты (АФЗ) 1968ж пайдалануға берілді. Ол дүние жүзіндегі ферроқорыту өндірісі бойынша ірі және бірегей кәсіпорындарының бірі болды. Оның проектідегі қуаттылығы жылына ферроқорыту 1,0 млн т. Зауыттың өзінің құрамында төрт балқыту цехы (26 ферроқорыту пеші) және көмекші цехтары мен бөлімшелері бар.

Шығаратын өнімдерінің негізгі номенклатурасы - феррохром, ферросилиций, ферросиликохром, ферросиликомарганец және марганец балқымасы.

Кәсіпорынның шикізат базасы: хром кені (АО «Донской ГОК»), кварцит (АО «Алаш»), марганц концентраты (АО «Жайремский ГОК», АО «Элрос Казахстан», АО «Алаш»), кокс (Алтай химиялық кокс зауыты), электрод салмағы (Челябинсктегі электрод зауыты және Жамбыл «Химпром» зауыты).

    1. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының тарихы

Ақтөбе Ферроқорытпа Зауыты, “Феррохром” акционерлік қоғамы — химиялық тәсілдермен сапалы, аса берік шойын өндіруге қажетті ферроқоспалар шығаруға мамандандырылған металлургиялық кәсіпорын, Қазақстан қара металлургиясының тұңғышы.

1996 ж. наурызда акционерлік қоғамға айналды. Зауыт құрылысы 1940 ж. хромит кендері кенішінің маңында (Хромтау қ.) басталып, оны екі кезекпен бітіру көзделді. 1943ж. 20 қаңтарда зауыттың 1-балқыту цехының 1-пеші тұңғыш рет металл берді. Құрылыстың қалған кезеңдері соғыс кезінде жүргізілді. 1951 ж. балқыту цехында ферротитанөндірісі басталды. 1958 ж. орта көміртекті феррохромды конвертерде оттегімен үрлеу технологиясы игерілді. Бұдан кейінгі жылдары феррохромды вакуумтермиялық әдіспен шығару, кешенді модификаторлар өндірісі игеріліп, аса берік шойын өндіруге арналған магнитті сперация тәсілімен ферроқорытпа қоқыстарын өңдеу цехының құрылысы іске қосылды. 1997 ж. зауыттың барлық балқыту пештерін газбен тазартатын аса тиімді қондырғылардың құрылысы толық аяқталды. Сол жылы Қазақстанда тұңғыш рет металл хром мен көміртегінсіз феррохром өндірісінің технол-сы игерілді. Қазір ферроқорытпа өндіру көлемі жылына 200 мың т. Зауыт төмен көміртекті, орта көміртекті, жоғары көміртекті феррохром, 48% ферросиликохром, металл хром, металл қоспасы, ферроқоспаларымен қоса кальций карбидін, силикат кірпішін, қоқыс қиыршағын, технологиялық және медициналық оттегін, отқа төзімді бұйымдарды, әк және басқа да өнімдер шығарады. Зауыт құрамында ферроқорытпа өндіретін үш негізгі балқыту цехы, шихта әзірлеу цехы, механикалық және энергетикалық жабдықтарды жөндеу цехы, темір жол цехы, әк өртеу цехы, оттегі учаскесі және өндіріс қалдықтарынан қосымша өнім шығаратын цехтар жұмыс істейді. Зауыттың мемлекеттік және Еуроодақ елдерінің стандарттары бойынша шығарған сапалы ферроқоспалар мен басқа да өнімдері Еуропа елдеріне, ЖапонияғаАҚШ-қа жөнелтіледі. Қазақстанда зауыт өнімі машина құрылысы саласында пайдаланылады. Қазақстан үкіметінің хром өнеркәсібі кәсіпорындарының бір тобын шетел компанияларының басқаруына беру туралы шешіміне сәйкес бұл зауытты басқару “Джапан хром корпорейшн” компаниясына тапсырылды. Кәсіпорын акциясының 10%-ін кәсіпорын ұжымы, 90%-ін “Казхром” ұлттық компаниясы, соның ішінде 55%-ін “Джапан хром корпорейшн” компаниясы алады.

1-сурет. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]