Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлы-техникалық университеті
«Аграномия» факультеті
«Тағам өнімдерін өңдеу технологиясы» кафедрасы
ЕСЕП
1-ші өндірістік практика
5В072700 – Азық-түлік өнімдерінің
технологиясы мамандығы бойынша
Орындаған: ТПП-21 тобы студенті
Жаскайратова А.Д
Университет атынан жетекшісі:
Делекешеев А.Н
ОРАЛ 2016 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы,кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы.
2.Өңдеуге жататын негізгі шикізатты сақтау шарты және сипаттамасы.
3.Тамақтану ассортименті
4. Шикізатты өңдеп өнімге айналдыру технологиясы
5. Кәсіпорынның еңбекті қорғауы және қауіпсіздігі
ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР
ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары - кулинарлы өнімдер, сонымен қатар әртүрлі ұннан жасалған кондитерлі, тоқашты өнімдерді шығаратын кәсіпорындарды айтады.Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары мейрамхана, кафе, бар, буфет, асхана, дәмхана және тағы басқа өндіріс орындарына бөлінеді. Толық өндіріс циклі бар кәсіпорындар шикізатты қарастырады, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдер шығарады, содан кейін оларды залдарға, буфеттерге, кулинарлы дүкендерге жеткізеді.Тұтынушыға қызмет көрсету барысында қоғамдық тамақтану қәсіпорындары түрі, орналасқан жері, материалдық-техникалық дәрежесі және көлемі бойынша класс пен түрге бөлінеді. Елдің басым бөлігінің және оқушылардың, қызметкерлердің, жұмысшылардың көп бөлігінің өміріндегі ең керекті қажеттілік болып табылады.
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары – мемлекет экономикасының нақты секторы, оның басқа салаларға қарағандағы ерекшелігі бір ғана функцияны емес бір уақытта өндіріс, өнімді тұтынушыға дейін жеткізу, тұтынуды сол жерде ұйымдастыру сияқты үш функцияны атқаратынымен байланысты.Осы тұрғыдан алып қарағанда қоғамдық тамақтандырудың функциялары өңдеу кәсіпорындарының функцияларына ұқсайды. Қоғамдық тамақтандырудың өз өнімі мен тауарын тұтынушыға дейін жеткізу функциялары негізінен бөлшек сауданың функцияларымен бірдей, ал тұтынуды сол жерде ұйымдастыру – өнім өткізуді коммерциялық қызмет сияқты дамытудың мүмкіндігін күшейтуге мүмкіндік беретін қоғамдық тамақтандыруға ғана тән және ерекше функция ғана емес, сонымен бірге ол жекелеген кәсіпорындардың және жалпы ел бойынша қоғамдық тамақтандыру желісінің өсуі мен кеңеюінің негізін қалайтын маркетингтік зерттеуді жақсы ұйымдастыруды қажет ететін қызмет түрі.Сондықтан осы саланы көбінесе сұраныс ұсыныс пен тауардың түріне ғана емес, сонымен бірге халықтың орташа табысының сатылатын өнімнің нарық бағасы параметрлерінің арақатынасына орай қалыптасатын жалпы өте сезімтал салаға жатқызуға болады. Қоғамдық тамақтандырудың даму деңгейі мен оның мемлекеттегі жай - күйі халықтың орташа табысының деңгейін анық байқатады, сонымен бірге халықтың сатып алу қабілетінің көрсеткіші болып табылады және кез-келген мемлекет азаматтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайының даму үрдістерін айқындайды . Қоғамдық тамақтандырудың ерекше рөлі оның елімізде шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етумен байланысты болып келеді.Сонымен бірге сала кәсіпорындарының басым бөлігінің (әр түрлі елдерде 87% -100% аралығында) кәсіпкерлік қызмет ауқымында ұйымдастырылуына, яғни жеке меншікте болуына байланысты, басқа салаларға қарағанда мемлекеттің нарықтық қатынастар проблемаларын шешу қабілеті неғұрлым анық байқалады. Осыған байланысты экономикалық қызметтің басқа салаларына қарағанда қоғамдық тамақтандыруда сұраныс пен ұсыныстың нарық заңдары, тең салмақты баға қалыптастыру жағдайлары есебінен мемлекет өзінің нарықтық экономикасын реттей алады.
Ресторандағы (кафе, асхана) тағам түрлері, құрамы, сусындар, тапсырыстар, төлем-ақысы және тағы басқа мәліметтердің есепке алынуын және қозғалысын автоматтандыратын комплексті ақпараттық жүйені жобалау қажет. Ақпараттық жүйенің бір фрагменті ретінде «тағам және оның құрамы» ішкі жүйесін қарастыруға болады. Ішкі жүйе тағам құрамына кіретін ингредиенттер мөлшеріне қарай және оны дайындауға жұмсалған күшті ескеріп (жұмсалған электр қуаты, уақыт, безендіру және тағы басқалар) тағам құнын анықтауы тиіс. Ингредиенттер мөлшері әртүрлі бірлікте (түйір, грамм және тағы басқалар) өлшенетінін ескеру керек. Сонымен қатар ақпараттық жүйе тұтынушылардық тапсырысын қабылдап, сәйкесті есептеулер (төлем ақыны анықтау) жүргізіп отыруы тиіс. «Асхана мәзірі» ақпараттық жүйесі тағам құрамына байланысты күнделікті кіріс пен шығысты анықтауды қамтамасыз етуі керек.
Өндірістің басты жұмысы болып тағамды дайындау мен ұйымдастыру болып табылады.
1-ші өндірістік тәжірибенің мақсаты:
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында өндіріс технологиясы жөнінде алғашқы мәліметтер алу.
Қоғамдық кәсіпорындарда жұмысты ұйымдастыру және механизацияландыру жөнінде алғашқы мәліметтер алу.
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігімен танысу.
