Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Брлі РММ 2016 жылды есеп.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
19.18 Mб
Скачать

Гессен шыбыны – Mayetiola destructor Say.

Гессен шыбынына жүйелі зерттеу жұмыстары 30,0 мың га жерге жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде зиянкеспен қоныстанған жер анықталған жоқ. Ұзақ жылдар бойы гессен шыбынның аудан аумағында дамуы мен таралуы байқалған жоқ.

Қыстап шыққан гессен шыбыны пілләсінің көктемгі мониторинг жұмыстары сәуірдің 15-нен 20 на дейін 1,0 мың га жерге жүргізілді. Қоныстанғаны 0.

Гессен шыбыны жұлдызқұрттарына жазғы зерттеу жұмыстары шілденің 1 нен 29 на дейін 2,0 мың га жерді құрады. Қоныстанған жер көлемі анықталған жоқ.

Қыстауға кеткен гессен шыбыны құртарына күзгі мониторинг жұмыстары 13.09-21.09 аралығында 1,0 мың га жүргізілді. Қоныстанғаны 0.

2017 жылы гессен шыбыны зияндылығы мен таралу қаупі болжанбайды.

Астық дәнді дақылдарының аурулары

Бөрлі ауданының астық алқаптарында кең тараған және залал келтіретін аурулар: қоңыр тат, жапырақтардың дақ аурулары, тозаңды және қатты қаракүйелер.

Қ оңыр тат – Puccinia recondite

Бұл ауру астық дақылдары өнімділігінің азаюының басты себебі болып табылады. Қоңыр тат ауруының пайда болуына қолайлы жағдай жоғары ылғалдылық пен жылылық. Споралары алыс қашықтықтарға желмен ұшып барып аурудың кенеттен пайда болуына себепкер болады. Жапырақтарда қоңыр түсті, ретсіз шашырап орналасқан, дөңгелек пішінді, ұсақ, оңай шашылатын урединиспорлар дамиды. Аурудың қоздырғыштары күздік дақылдарда мицелий түрінде сақталады. Бұл ауру тамшылы-сұйық ылғал мен ауа температурасы +18° С+25°С болғанда жылдам дамиды.

2015 жылғы вегетациялық кезеңде ауа райының ыстық, ылғалсыз құрғақ болуынан (ауаның күндізгі температурасы +30°С+40°С қа дейін, түнде °+28°С қа дейін көтерілуі), қоңыр тат ауруының дамуы мен таралуына кедергі жасады. Күзгі жүйелі зерттеулер нәтижесінде (2015ж.) күздік бидай алқабында қоңыр тат ауруының пустулдары табылмады.

Биылғы жылы қоңыр тат ауруының дамуы мен таралуын бақылау үшін жүйелі зерттеу жұмыстары 35,0 мың га жерге жүргізілді.

Қоңыр тат ауруына жазғы мониторинг жұмыстары күздік бидай алқабында 06 маусым – 22 маусым аралығында 0,41мың га жерде жүргізілді. Залалданғаны 0,28 мың га. 6 маусымда «Урал» ЖШС-нің (Приурал с/о) күздік бидай алқабында қоңыр тат ауруының бірлі жарым пустулдары табылды. Аурудың пайда болуына мамыр айының соңында және маусым айының басында түскен ылғал мен ауа температурасының (+18° С+25°С) қолайлы болуы әсер етті. Аурудың таралу қарқыны - 1,4%, даму қарқыны -0,03%, болды. Күздік бидайдың даму фазасы - гүлдеу-дән сала бастау. Бірақ, ауа райының ыстық әрі құрғақ (ауа температурасы күндіз +30°С+32°С қа дейін, түнде +28°С+30°С қа дейін көтерілуі) болуының салдарынан аурудың ары қарай дамуы тежелді.

Аудан бойынша күздік бидайлардағы (0,41 мың га) қоңыр тат ауруының орташа таралу пайызы 0,95%, орташа даму пайызы -0,02% болды.

Жаздық бидай алқаптарында қоңыр тат ауруына жазғы мониторинг жұмыстары 29 маусым – 14 шілде аралығында 1,59 мың га жерде жүргізілді. Залалданғаны 0,2 мың га. Шілде айының басында жауған өткінші жаңбырдың, ауада аурудың инфекциясының және қолайлы ауа температурасының болуы салдарынан, жаздық бидайларда қоңыр тат ауруының дамуы мен таралуы тіркелді. Атап айтсақ, 12 шілдеде «Урал» ЖШС-нің (Приурал с/о) жаздық бидай алқабында қоңыр тат ауруының бірлі жарым пустулдары табылды. Тексерілгені 200га. Залалданғаны 200га. Аурудың таралу қарқыны – 2,72%, даму қарқыны -0,05% болды. Жаздық бидайдың даму фазасы – сүттеніп-балауыздану. Аурудың ары қарай дамуы мен таралуына шілде айының екінші жартысының ыстық болуы (ауа температурасы күндіз +31°С+33°С қа дейін, түнде +26°С+29°С қа дейін көтерілуі) және ылғалдың жетіспеуі, әрі жапырақтардың табиғи кебуі кедергі жасады.

Аудан бойынша жаздық бидайлардағы (1,59 мың га) қоңыр тат ауруының орташа таралу пайызы 0,34%, орташа даму пайызы -0,006% болды.

Аудан бойынша дәнді дақылдарға жазғы мониторинг жұмыстары 06 маусым - 14 шілде аралығында 2,0 мың га жерге жүргізілді. Қоныстанғаны 0,48 мың га. Аудан бойынша бидай алқаптарындағы (2,0 мың га) қоңыр тат ауруының орташа таралу пайызы 0,47%, орташа даму пайызы -0,009% болды.

Үстіміздегі жылы себілген күздік бидайдың даму кезеңі - көктеу 2-4 жапырақ фазасында. Жүргізілген жүйелі зерттеу жұмыстары нәтижесінде қоңыр тат ауруының пустулдары табылмады.

2017 жылы қоңыр тат аурының таралуы мен дамуы қолайлы ауа райы жағдайына байланысты болады.