- •Атырау бизнес және құқық колледжі өндірістік-технологиялық тәжірибе есебі
- •1 Стансаның техникалық жабдықтарымен танысу
- •2.1. Сурет Атырау стансасының сызбасы
- •Стансаның техникалық - басқару актысы
- •I бөлім. Жалпы жағдайы
- •Атырау стансасының атқаратын қызметі:
- •Мазмұны:
- •2 Жұмыс орнындағы қауіпсіз еңбек нұсқаулығы
- •2. Технологиялық бөлім
- •2.1 Стансаның техникалық – экономикалық мінездемесі
- •2. Стансаның коммерциялық жүк басқару жұмысы
- •3. Станса кезекшісінің жұмысымен танысу
- •3.3 Байланыстың телефон құралдары кезіндегі поездар қозғалысы
- •4. Станциялық жолдарда болу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
- •Қорытынды
- •I. Бөлім. Жалпы жағдайы
- •1.2.1 Тақ бағытынан:
- •1.2.2. Жұп бағытынан:
- •Атыраустансасының атқаратын қызметі:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Атырау бизнес және құқық колледжі өндірістік-технологиялық тәжірибе есебі
Мамандығы: 1203000 «Темір жол көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»
Квалификация: 1203095- тасымалды ұйымдастырушы техник
Дайындаған: топ студенті
Тәжірибе жетекшісі: _______Құспанова З.Қ.
Атырау қаласы
Мен Атырау Бизнес және Құқық колледжінің студенті топ ОП-12/3 мамандығым:1203000«Теміржол көлігінде қозғалысты басқару және ұйымдастыру» квалификация:120305 техник-ұйымдастырушы.
Өндірістік- технологиялықтәжірибемді Ашық қоғам Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясына қарасты Атырау филиалы Атырау стансасында өткіздім.
1 Стансаның техникалық жабдықтарымен танысу
2.1. Сурет Атырау стансасының сызбасы
Атырау стансасы 16 жолы бар I-классты учаскелік(телімдік) станса,I.II.III-жолдар бас жолдар,4,5,6,7 жолдар пойыздарды қабылдап -жөнелту жолдары, 8-16 жолдар сұрыптау жолдары,станса жолдары көлденең орналасқан, тақ жағынан Махамбет,Тендік стансалары ,жұп жағынан Акжайық стансасы орналасқан.
Стансаның техникалық - басқару актысы
Атырау I-класты учаскелік(телімдік) станса коды:
Техникалық жабдықтау жағынан:
I бөлім. Жалпы жағдайы
1.1. Атырау стансасы мінездемесі: учаскелік(телімдік) санаты жағынан: I-классқа жатады.
1.1.1Стасаның екі жағынан белгі беру және бағдаршамдар автоблакировкамен жабдықталған.
1.2.1 тақ бағытынан:
Атырау–Махамбетстансасы,бір жолды екі жақты автоблакировкамен жабдықталған.
1.2.2. жұп бағытынан:
Атырау-Теңдік,Ақжайық стансасы ,бір жолды екі жақты автоблакировка мен жабдықталған.
Атырау стансасының атқаратын қызметі:
Мына параграф бойынша жұмыс жасайды: §1,2,3,4,5
Пойыздарды қабылдау ,транзиттік пойыздарды жөнелту,жергіліктіжолаушылар пойызын өткізу;
Пойыздарға техникалық және коммерциялық баптау,локомотив және локомотив бригадасын ауыстыру;
Пойыздардың салмағын азайтып және қосу жұмыстарымен айналысады.
Негізгі стансаның мінездемесіне қарай вагондарды жүк тиеуге дайындайды,кірме жолдарға вагон беріп, алу қызметін көрсетеді.
Вагондармен контейнерледі сұрыптау,жүкті жүк алушыларға тапсыру.
Мазмұны:
Кіріспе
Теміржол көлігі жалпы көлік жүйесінде жетекші орын алады: ол жыл бойы және тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді, отын, металл, ағаш, тыңайтқыш, астық, азық-түлік және халық шаруашылығының басқа да көптеген жүктерін толассыз жаппай тасымалдайды. Сөйтіп өндірістің қалыпты жұмыс істеуін, қалалар мен ауылдық жерлердегі адамдардың тіршілігін қамтамасыз етеді. Теміржол көлігі өндіріс процесінің әртүрлі фазаларына қатысады, яғни, бастапқы фазасында шикізат, бастапқы материалдар тасымалдаса, және орта фазасына қатысады, егер құрастыратын бөлшектер тасымалдаса, және соңғы фазасына қатысады, егер дайын өнімді тұтынушыларға тасымалдаса.
Басқа көлік түрлеріне қарағанда жолаушылар мен жүктерді темір жол көлігі жыл мен тәуліктің кез келген уақытында климат пен ауа-райы жағдайына қарамастан тасымалдайды.
Теміржол стансасы– бұл жеке-дара пункт, оның өз жол дамуы мен белгілі бір техникалық, жүк, коммерциялық және жолаушы операцияларын жасауға рұқсат ететін құрылғылары бар. Бұл теміржол көлігінің негізгі желілік өндірістік-шаруашылық бөлімшесі, тасымалдау процесін қамтамасыз етуде маңызды рөл алады.
Сұрыптау стансалары пойыздардытаратуға және құрастыруға арналған. Бұлардың қызметі мыналар: пойыздардағы өңдеуі жоқ транзиттік вагондар легін өткізу; ішінара өңделген (пойыз массасы мен ұзындығы өзгертіліп, топтасқан пойыздардың вагондар тобын алмастырып) транзиттік вагондар легін өткізу; өңделетін транзиттік вагондар легін өткізу; жергілікті вагондар үшін пойыздар таратылған соң арнайы жолға келетін жергілікті вагондар легін өңдеу.
Жолаушылар мен жүк тасымалдау жоспарын орындау пойыздар жүрісін басқаруды ұйымдастыру өзара бірлесіп жұмыс істеуді талап етеді.Аз шығынмен тасымалдау жұмысын ұйымдастыру үшін теміржолдың барлық бөлімдерін вагондар мен локомотивті керекті мөлшермен тағайындау керек.Осы мақсатқа техникалық мөлшерлеу жеткізеді.Ол әр жолдың және бөлімшелердің пайдалану жұмысының техникалық мөлшерін жасайды; тапсырмалар, бұларға көлемдік тапсырмалар көрсеткіштер сапасы,жұмыс,вагон паркі мен пайдаланудағы локомотив паркінің мөлшері жатады. Учаскелік стансалар тасымалдау процесін ұйымдастыруда маңызды рөл алады. Олар толассыз жүк және жолаушылар пойыздарын өткізіп жіберуге, қабылдауға және жөнелтуге, оларға техникалық қызмет көрсетуге, локомотивтерді ауыстыруға және жабдықтауға, локомотив бригадаларын ауыстыруға, учаскелік және құрама пойыздарды құрастыруға және таратуға, және жергілікті жүктермен жұмыс істеуге арналған.
