Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Syrym_Godovoy_2016_zh.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
18.09 Mб
Скачать

Ауыл шаруашылық дақылдары егістіктерінің арамшөптермен ластануын көктемгі-жазғы зерттеу жұмыстары 4510 га көлемінде жүргізілді.

Аудан бойынша жаздық дәнді дақылдар егістіктерінде арамшөптермен ластануына көктемгі-жазғы мониторингтік зерттеу жұмыстары арпа егістіктерінде 1010 га жерде жүргізілді. Нәтижесінде азжылдық,қосжарнақты және көпжылдық арамшөптермен ластануы төмеңгі дәрежеде таралуы анықталды.

Егістік жерлерде азжылдық қыстап шыққан арамшөптерден: егістік ярутка, кәдімгі жұмыршақ, ал көпжылдық арамшөптерден талшықты сүттіген, сары қалуен, татар ақсүттігені таралған. Арамшөптердің негізгі массасы жер бетіне шыққан қылтанағы (фазе розетки) фазасынан - сабақтану (стеблевание)фазасында.

Азжылдық арамшөптер.Кәдімгі қарасұлы- көктеу (всходы) кезеңінде орташа биіктігі 2 - 3 см, 6,0-8,0 дана/ш.м, тауық тары - көктеу (всходы) кезеңіндегі орташа биіктігі 2-3 см, 6,0-8,0 дана/ш.м, көк итқонақ - көктеу (всходы) кезеңінде орташа биіктігі 2-3 см, 8,0-12,0 дана/ш.м, ақ алабұта- көктеу (всходы) кезеңіндегі биіктігі 2-5 см, 8,0-14,0 дана/ш.м, қызылша гүлтәжісі - көктеу (всходы) кезеңіндегі биіктігі 2-5 см, 8,0- 12,0 дана/ш.м.

Көпжылдық арамшөптер. Егістік қалуен- жер бетіне шыққан қылтанағы фазасынан сабақтану фазасында, орташа биіктігі 10-12 см, 1,0-3,0 дана/ш.м, татар ақсүттігені – бетіне шыққан қылтанағы фазасынан сабақтану фазасында, биіктігі 10-12 см, 1,0-2,0 дана/ш.м, далалық шырмауық - өскін кезеңіндегі биіктігі 12-14 см, 1,0-2,0 дана/ш, талшықты сүттіген – сабақтану фазасы кезеңіндегі биіктігі 14-16 см, 2,0-3,0 дана.

Көпжылдық арамшөптер 1 м2 шаршы метр жердегі саны – 1,0-3,0 дананы құрады.

Маусым айында тәуліктік орташа ауа-райы температурасы + 23,3 о С құрады,ең жоғарғы ауа-райы температурасы + 34,0 оС ( өткен 2015 жылы орташа тәуліктік температура +29,0 о С ), түнгі кезеңде орташа ау температурасы + 14,0 о+ 16,0 о С құрады. Өткен жылға қарағанда биылғы жылы ауа-райы жағдайы ылғалды жауын-шашынды болуда, бұл өз кезегінде арамшөптердің өсіп-дамуына, дәнді-дақылдар ауруларының таралуына қолайлы жағдай туғызатындығы белгілі.

Жаздық дәнді дақылдар егістіктерінде арамшөптермен ластануына жазғы мониторингтік зерттеу жұмыстары 2750 га жерде жүргізілді. Соның ішінде:

  • жаздық бидай дақылы егістіктерінде - 2750 га, ластанған аумақ – 2750 га құрады.Төмеңгі дәрежеде.

  • Майлы дақыл - мақсары дақылы – 750 га, ластанған аумақ – 750 га, төмеңгі – 750.

Жабайы канадалық арпамен (дикий канадский ячмень) ластануына 2000 га, Ошаған жапырақты сарысояу (ива дурнишниколистная) арамшөбінің таралуына – 2500 га жерге зерттеу жұмыстары жүргізіліп, таралулары анықталмады.

Осы кезеңде төмендегідей арамшөптердің өсіп-даму фазасы байқалды:

Азжылдық арамшөптер.Кәдімгі қарасұлы-шашақтану (выметывания метелки)кезеңінде орташа биіктігі 22 - 26 см, 6,0-8,0 дана/ш.м, тауық тары - түтіктену (выход в трубку)кезеңіндегі орташа биіктігі 18-22 см, 5,0-8,0 дана/ш.м, көк итқонақ - түтіктену (выход в трубку) кезеңінде орташа биіктігі 32-36 см, 6,0-14,0 дана/ш.м, ақ алабұта-бүрлену (бутонизация)кезеңіндегі биіктігі 28-34 см, 8,0-15,0 дана/ш.м, қызылша гүлтәжісі - бүрлену (бутонизация) кезеңіндегі биіктігі 32-34 см, 6,0- 14,0 дана/ш.м.

Көпжылдық арамшөптер. Егістік қалуен- бүрлену, гүлдену (бутонизация, цветение) фазасы кезеңінде орташа биіктігі 33-38 см, 1,0-3,0 дана/ш.м, татар ақсүттігені – бүрлену (бутонизация) фазасы кезеңінде биіктігі 36-42 см, 1,0-2,0 дана/ш.м, далалық шырмауық-гүлдену (цветение) кезеңіндегі биіктігі 37-40 см, 1,0-2,0 дана/ш, талшықты сүттіген – гүлдену, тұқым түзу (цветение, образов семян) фазасы кезеңіндегі биіктігі 32-38 см, 2,0-3,0 дана. Тамырсабақты арамшөптер: жатаған бидайық - масақтану (колошение) фазасы кезеңінде орташа биіктігі 22-37 см, 1,0-2,0 дана/ш.м.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]