Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6. Пищ.сист каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.3 Mб
Скачать

Жіңішке ішек жастық ерекшеліктері

Ж іңішке ішек ұзындығы нәрестеде 1,2-2,8 м, ал 2 -3 жаста ұзындығы шамамен 2,8 м. құрайды. Саңылауының ені 1 жаста - 16 мм, ал 3 жаста - 23,2 мм. Нәрестеде 12-елі ішектің пішіні сақинатәрізді, оның иілімдері кейінірек қалыптасады. Оның басталатын және аяқталатын жері I бел омыртқасы деңгейіне сәйкес келеді. 5 айдан кейін 12-елі ішектің жоғарғы бөлігі XII кеуде омыртқасы деңгейінде болып, 7 жаста төмендеген бөлігі II бел омыртқасына дейін түседі. Он екі елі ішек бездері нәрестеде өлшемдері кішкентай және нашар тармақталған, ең қарқынды жетілетін кезі өмірдің бірінші жылына сәйкес келеді. Шырышты қабықтың қатпарлары мен бүрлері анық көрінбейді. Ішек бездерінің саны өмірдің алғашқы жылында қарқынды көбейеді. Нәресте ішегінде лимфоидты түйіншелер туылғанда болады. Бұлшықеттік қабығы, әсіресе бойлық қабаты нашар жетілген.

Т ок ішек (жуан ішек), intestinum crassum (қабынуы - колит), жіңішке ішектің шетінен артқы тесікке дейін созылып, мынадай бөліктерге бөлінеді: 1. сaecum - құрттәрізді өсіндісі (appendix vermiformis) бар соқыр ішек; 2. colon ascendens - жоғарылаған жиек ішек; 3. colon transversum - көлденең жиек ішек; 4. colon descendens төмендеген жиек ішек; 5. colon sigmoideum - сигматәрізді ішек; 6. rectum тік ішек. Тоқ ішектің жалпы ұзындығы 1,0 мен 1,5 м аралығында өзгеріп отырады. Тоқ ішектің диаметрінің үлкендігінен басқа мынадай белгілердің болуымен ерекшеленеді: 1. бойлық бұлшықетті таспалардың, teniae coli болуы 2. өзіне тән қампаймаларының, haustra coli, болуы және; 3. майы бар сірлі қабық өсінділерінің, appendices epiploicae болуы. Teniae coli, жиек ішек таспалары, саны үшеу. Олар соқыр ішектің құрттәрізді өсіндісінің түбінен басталып, rectum басталатын жерге дейін созылады. Teniae жиек ішектің бойлық бұлшықет қабатының орналасу қалпына сәйкес келеді, ол қабат бұл жерде тұтас қыртыс түзбей үш таспаға бөлінеді: 1. tenia libera – бос таспа, caecum және colon ascendens-тің представляют пальцевидные выпячивания серозной оболочки, содержащие жировую ткань и расположенн алдыңғы бетінен өтеді, ол colon transversum-де көлденең жиек ішектің өз білігі айналасында бұрылуына байланысты артқы бетке өтеді; 2.tenia mesocolica – шажырқайлық таспа, көлденең жиек ішек шажырқайдың бекитін сызығы бойымен өтеді, осыдан «шажырқайлық таспа» деп аталады; 3. tenia omentalis- шарбылық таспа, үлкен шарбының colon transversum- дегі бекитін сызығы бойынша және осы сызықтың тоқ ішектің басқа бөлімдердегі жалғасы болып табылады. Haustra coli, тоқ ішектің қамп аймалары, іш жағынан қапшықтәрізді ойыс түрінде байқалады; сырт жағынан таспалар арасында орналасқан дөнестер түрінде болады; сырт жағынан таспалар арасында орналасқан дөңестер түрінде болады. Аppendices epiploicae, шарбылық өсінділер, сірлі қабықтың ұзындығы 4-5 см өсінділері болып табылады, аppendices epiploicae-те май тіні болады. Тоқ ішектің шырышты қабығында бүрлер болмайды – тегіс болып келеді. Тоқ ішекте жарты айлық қатпарларға, plicae semilunares coli, болады – тек шырышты қабықтан ғана емес, қабырғаның басқа қабаттарынан болады. Бұлшықет қабығы екі қабаттан тұрады: сыртқы- бойлық және ішкі – дөңгелек қабат. Ішкі дөңгелек, тарылтатын қабат қана тұтас. Кеңейтетін бойлық бұлшықет тоқ ішекте үш teniae-ге бөлінеді.

1 .Сaecum (грекше typhlon, қабынуы- typhlitis), соқыр ішек тоқ ішектің басталатын жерінен оған жіңішке ішек құятын жерге дейінгі бірінші бөлігі болып табылады; тік шамасы 6 см-дей, көлденең шамасы 7-7,5 см-дей қап тәрізді. Caecum оң жақ мықын шұңқырында орналасады. Caecum –нің медиалды бетінен құрттәрізді өсінді, appendix vermiformis, шығады. Құрттәрізді өсіндінің орташа ұзындығы 8,6 см-ге тең. Өсіндінің орналасу қалпының әр алуан түрлерінің барлығында да оның орталық бөлігі, яғни өсіндінің соқыр ішектен шығатын жері тұрақты. Аппендицит болған кезде ауырсыну нүктесі сыртқы және кіндікті алдыңғы жоғарғы мықын қылқанымен қосатын сызықтың ортаңғы және сыртқы 1\3-нің шекарасында (точка Мак- Бурнея) немесе осы сызықта оң жақ 1\3-і ортаңғы үштен бірден бөлетін нүктеде, екі алдыңғы жоғарғы мықын қылқанымен қосатын сызықта іш бетіне проекцияланады (точка Ланца). Аппендикстің шырышты қабығы folliculi lymphatici aggregate appendicis vermiformis түріндегі лимфа тініне біршама бай да, кейбір авторлар оның қызметін осымен байланыстырады (ауру тудыратын микробтарды тұтып, жоятын «ішек бадамшасы», аппендициттің жиілігі осымен түсіндіріледі). Соқыр ішек пен құрттәрізді өсінді жан-жағынан ішастармен жабылған. Жіңішке ішектің тоқ ішекке құятын жерінде ішінде мықын-соқыр ішек қақпағы (клапан), valva ileocaecalis (баугиниева заслонка), байқалады. Ол екі айшық қатпардан тұрады, олардың негізінде сақиналы бұлшықет қабаты, m. sphincter ileocaecalis, жатады. Valva et sphincter ileocaecalis бірлесе, астың реакциясы сілтілі жіңішке ішектен, реакциясы қайтадан қышқылды тоқ ішекке қарай жылжуын реттеп, астың кері жылжуына және ортаның бейтараптануына кедергі жасайды. Valvae ileocaecalis-тің жіңішке ішекке қараған беті бүрлермен жабылған, ал басқа бетінде бүр болмайды. 2. Сolon ascendens, жоғарылаған жиек ішек соқыр ішектің тікелей жалғасы болып табылады, және екеуінің арасындағы шекара-жіңішке ішектің құяр жері. Ол осы жерден жоғары қарай өтіп, бауырдың төменгі бетіне жетіп, осы жерде солға қарай жиек ішектің оң иілімін- flexura coli dextra, түзіп, colon transversum-ге ауысады.

3 . Сolon transversum, көлденең жиек ішек, ішектердің ішіндегі ең ұзыны, flexura coli dextra-дан көкбауырдың төменгі шетіндегі-ға дейін созылады, ол жерде жиек ішек екінші иілім жасап, colon descendens-ке ауысады. Көлденең жиек ішек екі иілім арасында қатаң көлденең өтпейді, дөнесі төмен доға түзеді әрі оның сол жақ иілімі оң жақ иілімі қарағанда жоғарылау тұрады. Көлденең жиек ішек арқы жағынан pars descendens duodeni, pancreas-тың басын қиып өтіп, шажырқайы, mesocolon transversum, арқылы артқы іш қабырғасына және pancreasтың алдыңғы жиегіне бекиді.

4.Colon descendens, төмендеген жиек ішек, flexura coli sinistra-дан төмен қарай, іш қуысының сол жағымен өтіп, мықын қыры деңгейінде colon sigmoideum-ге ауысады.

5. Сolon sigmoideum, сигматәрізді жиек ішек– төмендеген жиек ішектің жалғасы болып табылады, тік ішектің басталатын жеріне дейін созылады.

6 . Тік ішек, rectum (грекше- proctos, қабынуы - проктит ) нәжіс массасының жиналуы үшін қажет. Ол сегізкөз алдында кіші жамбас астауына түсіп, екі иілім түзеді: біріншісі- сегізкөз ойысына сәйкес- flexura sacralis, сегізкөздік иілім, екіншісі, дөнесі алға қараған, шат иілімі- flexura perinealis. Rectum-ның жоғарғы бөлімі жамбас астау қуысында жайғасады- pars pelvina деп аталады; ол жамбастық бөлік, flexura perinealis-ке қарай кеңейіп тік ішектің кеңжерін- ampulla recti-түзеді. Rectum-нің төмен қарай кететін соңғы бөлігі артқы өтіс өзегіне, canalis analis, созылады, ол жамбас астау түбінен өтіп, артқы өтіспен, anus, аяқталады. Шырышты қабық, tunica mucosa, ішек қабырғасы созылғанда оңай жазылып кететін көптеген бойлық қатпарлар түзеді. Canalis analis-те бойлық қатпарлар 8-10 мөлшерінде артқы өтіс бағаналары- columnae analis- деп аталатындар түрінде тұрақты болып қалады. Олардың арасындағы ұңғылдар, артқы өтіс қойнаулары, sinus anales, байқалады. Бұлшықетті қабық, tunica muscularis, ішкі- дөңгелек және сыртқы- бойлық қабаттан тұрады. Ішкі қабат шат бөлімінің жоғарғы бөлігінде жуандап, осы жерде артқы өтістің ішкі қысқышын, m.sphincter ani internus, түзеді, оның биіктігі 2-3 см, артқы өтістің терімен қосылатын жерінде аяқталады.