Асқазан жастық ерекшеліктері
А
сқазан
нәрестелерде цилиндр пішінді болады.
Кардиалық
бөлігі, түбі
және пилорикалық
бөлігі нашар жетілген,
қақпалық
бөлігі кең.
Нәресте асқазанының көлемі - 50 см3,
ұзындығы 5 см, ені 3 см. Кіретін
тесігі
VIII-IX кеуде омыртқалары деңгейінде
орналасқан. 1
жасқа таман
асқазан ұзарады, көлемі
300см3-ге
дейін үлкейеді, ұзындығы 9 см, ені 7 см
болады. 2
жаста
асқазан
көлемі
490-590 см3,
3
жаста
-
580-680см3,
4 жаста
-
750см3,
12
жаста
-1300-1500см3.
7-11
жаста
асқазан пішіні ересек адамдардағыдай
болады.
Кардиалық
бөлігінің
қалыптасуы 8
жаста
аяқталады.
Жас
өскен сайын асқазан
төмен
түсе береді де, 7
жаста
оның кіретін тесігі XI-XII
кеуде
омыртқалары арасында проекцияланады.
Нәрестелерде
асқазанның шырышты
қабығы қалың,
қатпарлары
биік,
асқазандық
шұңқыршалар
200.000.
Шұңқыршалардың
саны 3
айға
таман 700.000-ге
дейін көбейеді,
2 жаста
1.300 000, 15 жаста
-
4 млн. болады.
Нәресте асқазанының бұлшықеттік
қабығында барлық үш қабаты болады,
бойлық
қабаты мен қиғаш талшықтары нашар
жетілген.
Бұлшықеттік қабығы ең жоғарғы қалыңдығына
15-20 жаста жетеді.
ЖІҢІШКЕ ІШЕК, intestinum tenue (грекше enteron, қабынуы - энтерит), Еркек мәйіттерінде жіңішке ішектің ұзындығы шамамен 7 м, әйелдердікінде – 6,5 м. Жіңішке ішекте ас механикалық (жылжытылады) және сілтілік реакция жағдайында одан әрі химиялық өңдеуден өтіп, сіңіріледі. Жіңішке ішек үш бөлімге бөлінеді: 1. Duodenum, он екі елі ішек; 2. Jejunum, аш ішек; 3. Ileum, мықын ішек қалған.
1.Он екі елі ішек, duodenum, ұзындығы 25-30 cм, ұйқы безінің басын тағатәрізді айналып жатады. Онда төрт бөлімді ажыратады: 1. pars superior I бел омыртқа деңгейінде оңға және артқы қарай өтіп, төмен қарай иілім, flexura duodeni superior, түзе; 2. pars descendens –ке ауысады, ал ол төмен түсіп, омыртқа бағанасынан оңға қарай III бел омыртқаға дейін орналасады; бұл жерде екінші иілім, flexura duodeni inferior, түзіледі. 3. pars horizontalis - солға қарай бағыт алып v. cava inferior мен қолқа алдында көлденең өтетін; 4. pars ascendens I –II бел омыртқа деңгейіне көтерілетін. Рars ascendens duodeni аш ішекке ауысқанда II бел омыртқаның сол жағында ішектің күрт иілімі он екі елі аш ішек, flexura duodenojejunalis, пайда болады. Рентгендік зерттегенде 12-елі ішектің бастапқы бөлігі кең жері, ampulla duodeni (bulbus duodeni) негізі қақпаға қараған үшбұрышты көлеңке тәрізді, қақпа жиырылған кезде duodenum одан ақшыл жолақпен бөлінеді.
А
ш
және мықын ішек.
Аш және мықын ішекті
intestinum tenue mesenteriale
деген жалпы атпен біріктіреді, өйткені
бүкіл бұл бөлім ішастармен жабылып,
шажырқай арқылы артқы іш қабырғасына
бекиді (так как весь этот отдел покрыт
брюшиной полностью и прикрепляется к
задней брюшной стенке брыжейкой). Аш
ішек
пен мықын
ішек,
арасында айқын шекара болмаса да, екі
бөлімнің де jejunum
(жоғарғы
бөлігі)
мен ilium-нің
(төменгі
бөлігі)
байқалатын айырмашылықтары бар:
jejunum-нің
диаметр
үлкен, қабырғасы қалың, қан тамырлары
мол болады.
Аш
ішек
негізінен ортаңғы сызықтың сол
жағында,
ал мықын
ішек
негізінен ортаңғы сызықтың оң
жағында
орналасады. 2%- жағдайда мықын
ішекте,
оның шетінен шамамен бір метр қашықтықта
өсінді-
diverticulum meckelii
Меккелев дивертикул (ұзыңдығы 5-7см)
(ұрықтың сарыуыздық түтігінің қалдық
бөлігі) байқалады.
Ж
іңішке
ішектің шырышты
қабығы,
оны жауып тұратын көптеген ішек
бүрлерінен,
villi intestinales,
барқыттәрізді көрінеді. Бүрлер-
ұзындығы шамамен 1 мм, шырышты қабықтың
өсінділері, олар цилиндрлі эпителимен
жабылған және лимфа орталығында лимфа
қойнауы мен қан капиллярлары болады.
Ішек қуысындағы ас қорытудан басқа
қабырға жаналық асқорыту да болады
(пристеночное пищеварение). Жіңішке
ішектің шырышты қабығының сіңіру ауданы
онда дөңгелек
қатпалар plicae circulares,
деп аталатын көлденең қатпарлардың
арқасында едәуір үлкейеді. Бұл қатпарлар
тек шырышты қабық пен шырышасты негізінен
ғана құралады да, тіпті ішек түтігі
созылғанда да жоғалып кетпейтін тұрақты
түзілістер болып табылады. Он екі елі
ішектің шырышты қабығында төмендеген
бөлігінің медиалды қабырғасында бойлық
plica longitudinalis duodeni
орналасқан, papilla
duodeni major (Фатеров сосочек)
аяқталады
(сфинктер Одди).
Рapilla duodeni major-да жалпы өт түтігі мен ұйқы
безі түтігі бір ортақ тесікпен ашылады.
Рapilla duodeni major-дан проксималды орналасқан
кішілеу екінші бүртік, papilla
duodeni minor,
жатады. Оған ұйқы безінің қосалқы өзегі
ашылады. Бүкіл і
шекте
шырышты қабықта қарапайым түтікті
бездер,
glandulae intestinalis,
орналасқан; олар ішек сөлін бөліп
шығарады. Жіңішке ішекте зиянды заттар
мен микробтарды залалсыздандыратын
лимфа аппараты болады. Ол жеке
түйіншелерден, folliculi lymphatici solitarii,
және олардың жиындары шоғырланған лимфа
түйіншелерінен, folliculi lymphatici aggregati,
тұрады. Folliculi
lymphatici solitarii бүкіл
жіңішке ішекте тары дәніндей ақшыл
дөнестер түрінде шашырай орналасқан.
Folliculi
lymphatici aggregati
(20-30)
(пейеровы бляшки)
мықын ішекте ғана болады.
Бұлшықет қабығы, tunica muscularis, екі қабатынан тұрады: сыртқы бойлық қабат және ішкі дөңгелек қабат. Бұлшықеттің бойлық және дөңгелек қабаттардан басқа, дөңгелек қабаттық спиралды бұлшықет талшықтары болады. Спиралді талшықтар перисталтикалық толқынның ішек түтікшесінің білігі бойымен дисталды жылжуына жәрдемдеседі.
