Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Office Word (3).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
37.69 Кб
Скачать
  • барлық құрам бөлшектердің орнында болуын, қосылыстардың беріктігін;

  • кабельдің ақаусыздығын, орамының бүтіндігін, штепсельді айырудың ақаусыздығын, сыртқы қораптың бейтараптандыру бөлігінің, щетка ұстағыштың, тұтқаның ақаусыздығын, қорғау қабатының ақаусыздығын;

  • өшіргіштердің жұмысының сенімділігін;

  • мерзімді тексеру күнін;

  • 0; 01; 1 Класты электр құралдарының жерге қосу құрылғысының ақаусыздығын;

Жоғарыдағы берілгендердің біреуі табылса, ол құрылғыны жұмысшыға беруге тыйым салынады. Құрылыс машиналары және электржетекті құрылғыны алдымен электротехникалық қызметкер тексеруі керек, ең бастысы құрылғының тұтастығына және жерге қосу құрылғысына назар аудару керек.

Жұмыс барысындағы қауіпсіздік талаптары. Жұмыс барысында электржетегі бар құрылғы кенеттен жұмыс істемей қалса, онда ең алдымен оны өшіріп, тоқтан ажырату керек. Одан кейін ғана жұмыс істемеу себептерін тексеру керек. Оның білу үшін электр жөндеушіні шақырту керек. Электржетектегі құралмен жұмыс істеуге тыйым салынады, егер мына ақаулары орын алса:

- штепсельді түйісу жеріне, кабельге зақым келгенде;

- щетка ұстағыштың қақпағына зақым келгенде;

- өшіретін бөлігі дұрыс жұмыс істемесе;

- щетка коллекторында қысқа тұйықталу кезінде, ашық от шығу кезінде;

- редуктордан және желдеткіш каналдардан май ағып кеткенде;

- бейтараптандыру бөліктерінен күдікті иіс, түтін шықса;

- әдеттен тыс иілу, діріл, соққы дыбысы болғанда;

- құралдық жұмысшы бөлігі зақымданса;

Электржетектегі құрылғыны қараусыз қалдыруға және басқа адамдарға беруге тыйым салынады.Электржетекті құрылғыны өз бетінше жөндеуге, бөлшектеуге тыйым салынады.

Егер жұмыс кезінде қандайда бір қиындық туындаса, онда жұмыс істеуді тез тоқтату керек те, электржетекте жұмыс істейтін құрылғыны тексеруге өткізу керек.

5 Өндірістік экология

5.1 Фабрика бойынша қоршаған ортаны қорғау

Экологиялық қауіпсіздік – бұл табиғи ортаға энергетика объектілерінің бұрыс салдарының әсерлерін регламенттеуші шекте сақтау. Қолайсыз салдардың регламентациясы экологиялық нұқсанды толығымен жоюға болмайтынына байланысты болып келеді.

Қоршаған ортаға энергетика әсерінің бұрыс салдарын кейбір минималдық деңгейлермен шектеу қажет. Атап айтқанда, тұрғындардың өмір сүруінің әлеуметтік, сонымен бірге экономикалық жағдайлары мен тіршілік ету ортасының сапасы арасындағы компромисті жүзеге асыратын экономикалық механизмдер жұмыс жасаулары қажет.

Экологиялық зиян тигізгені үшін жауапкершілікке тарту жүйелері экологиялық реттеу мәселелеріне альтернативтік түрде қарайды. Реттеу мақсаттарына келсек, мұндай жүйелер орнаған жағдайға байланысты экономикалық стимул құру мақсатында, сонымен бірге бюджеттік кіріс алу мақсатында пайдаланылады. Экологиялық зиян келтіргеніне қатаң жауапқа тартылу жүйесі ластаушы келтірген зияны үшін қаржылай жауапкершілікке тартылған кезде, мұндай зиян тигізгені үшін қауіпті азайту бойынша шаралар қолдануға ерекше стимул қалыптастырады.

Экологиялық қауіпсiздiк бағытында Мемлекеттiк саясаттың мақсаты,

ол - табиғи жүйенi қолданудың қорғалуы. Адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық қатердi болғызбау үшін халық шаруашылығын, өндiрiстi байланыстыра отырып, экологиялық-экономикалық талдаудың әдiстерiн пайдаланып, қоршаған ортаға шығарылатын ластағыштар деңгейiн сала аралық модель арқылы талдап көрсету қажет-ақ.

Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз табиғат пен адамның өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, жер мен оның қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тағы басқа табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сауықтыру, сапасын жақсарту, молықтыру. Бұл іс-әрекеттердің бәрі мемлекеттер заңымен, тиісті нормативтік-құқықтық актілермен, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенді араласуымен, мемлекеттік және мемлекетаралық келісімдермен, конвенциялармен реттеліп жүзеге асырылады.

Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері:

  • халықтың денсаулығына, өміріне, еңбегі мен демалысына қолайлы түрде қоршаған табиғи ортаны сақтау мен қалпына келтіру;

  • қазіргі және болашақ ұрпақтардың салауатты өмір сүруіне қажетті қоршаған ортаны сақтау үшін әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешіп отыру;

  • экологиялық аймақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын кеңінен қолданумен қатар, бұзылған табиғи жүйелерді қалпына келтіру;

  • табиғи ресурстарды толық тиімді түрде пайдалану және молықтыру;

  • қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыру және табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуді енгізу;

  • биологиялық алуан түрлілікті, ғылыми және мәдени маңызы бар сирек объектілерді, ерекше құнды табиғи аймақтарды сақтауды қамтамасыз ету;

  • қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды реттеп, олардың орын-далуына мемлекеттік тұрғыдан бақылау орнату;

  • табиғатқа нұқсан келтіруге жол бермеу;

  • халықтың, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктер мен жергілікті басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы;

  • халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асыру.

"ССКӨБ" АҚ Қазақстан Республикасындағы тау-кен өндірісі бойынша алдағы орында. Негізгі өндірісі ол құрамында темір бар кенді өндіру және ары қарай одан темір окатышы және темір концентратын жасау. Қазіргі "ССКӨБ" АҚ Рудныйлық жылу электр орталығының (ЖЭО) әкішілік бөлімі бойынша Қостанай облысы, Рудный қаласында орналасқан.

Рудныйлық ЖЭО негізігі сапалық және қосымша отыны ретінде Екібастұз тас көмірі қолданылады. Жалпы жағылған көмірдің саны бір жыл көрсеткіші бойынша – 1950 мың тоннаға жетті. Көмірдін сапасы Ар-41,5; Qнр -3900 маркасы сай. Көмірді жаққан кезде одан күл қоқысы пайда болады. Жылына 741 мың тонна көлемінде жағылып ЖЭО аймағынан алшақты арнайы қоймалық орындарғы тасымалданады.

Рудный қаласы үшін жылудың қайнар көзі болып табылатын ЖЭО «ССКӨБ» АҚ-ның құрамына кіреді. ЖЭО 1961 жылдан бері жұмыс істеп келеді.  Әрбір осындай нысан электр қуатына, бу және ыстық суға органикалық отын қуатын өндіру үшін энергетикалық кешен ұсынады.   Органикалық отынды жағу – химиялық тотығу процесі.   Оның әсерінен түрлі заттар тотығы мен жанбайтын қалдықтар пайда болады. ЖЭО-на тікелей әсер ететін нысан – атмосфера болып табылады.   Гидросфера мен литосфераға, дәлірек айтсақ, су мен жерге әсер етудің өзіндік зардаптары бар. Түтінді газбен сыртқа бөлініп жатқан зиянды заттар астаналық өзен, үйлер мен көшелерге, алаңдар мен саябақтарға шөгеді.  Сондай-ақ, жылу электр орталығының аймағында жай қана көміп тастаған өндірістік қалдықтардың пайда әкеле қоймасы анық. Әсіресе, қатты отынды жағудан пайда болған күл-қож қалдықтары (КҚҚ). ЖЭО алаңы қаланың солтүстік-шығысындағы, кәсіпорындық аймақта орналасқан. 

Қала күннен-күнге өсіп, энергетиктер мен экологтар өздерінің жаңа талаптарын қоюда. Сонымен қатар, қаланың жасыл келбетін автомобиль транспортының көбеюі де бұзады. Сондықтан да, «ССКӨБ» АҚ-ның қызметкерлері ЖЭО-ның зиянды әсер етуін жоюға бар күштерін жұмылдыруда: жаңа бағдарламалар жасалып, тың технологиялар енгізіліп, әсері жоғары табиғатты қорғайтын іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Ол үшін өздері де, мемлекет те қаражат бөліп отыр. ЖЭО-нің қаланың эко жүйесіне әсерін азайту мақсатында ескірген технологиялық жабдықтарды ауыстырды. Соның әсерінен, 2010 жылға қарағанда, 2011 жылы көмір күлін (жану жүйесінің жақсаруы есебінен) 1950, 912 тоннаға, ал күкірт ангидриді 29,476 тоннаға, азот тотығы 4,454 тоннаға азайды. Энергетиктер осы бағытта жұмыс жүргізуде, мәселен,  2012 жылы ЖЭО-де  батареялық типтің екінші буынды эмульгаторлы КВТ-128-150 қазан қондырғысы іске қосылған. Эмульгаторларды енгізу – түтін газдарын тазалау жүйесіндегі жаңа технологиялық қадам болып табылады.  «ССКӨБ» АҚ-ның ЖЭО-де 2011 жылы №3 және №5 қазан қондырғыларында бұрынғы күлтұтқыштардың орнына тура осындай эмульгаторларды ауыстырды.  Түсіндіре кетейік, бізге қажетті жарық пен жылуды өңдейтін кезде, бір қазанға сағатына 75 тонна көмір қажет. Ал ЖЭО-дің 180 метрлік құбыры  айналаны ластайтын заттарды жеті жарым шақырымға дейін таратып жібереді.

Ақылға салып, ойлап қарасақ, егер де, қазанда күлтұтқыштар тұрмаса немесе жаңа үлгідегі эмульгаторлар болмаса, не болатынын көзге елестету қиын емес.  Себебі, дәл осы қондырғылар 2011 жылы ЖЭО-нің зиянды заттарының бөлінуін 1300 тоннаға дейін азайтқан болатын.  2012 жылдың наурыз айында алдын-ала жүргізілген сынаққа байланысты, күлдің бөлінуі 350,0 мг/нм³  болған. Бұл ЖЭО-дегі қазандардан бөлінген күлден 8,5-9 есе аз. Эмульгатор қондырғылары, сонымен қатар, түтін газдарының суармалы сумен жүз пайыз қатынаста болғандықтан, күкірт диоксидінің бөлінуін де азайтады.  Вентури құбырлы күлтұтқыштар күкірт тотықтарының үш пайызын жойса, эмульгатор болса, күкірт диоксидін 15-20 пайызға дейін азайта алады.

Жылу электр орталығы қазандарына оны кеңейту және қайта құру бағдарламасы аясында, одан да, тиімді, күшті – электрлі фильтірлі құрылғылармен жабдықталатын болады. Ол қаланың қарқынды өсуіне, соған байланысты, сұраныстың көбеюіне байланысты болып тұр.  Жоба бойынша, ЖЭО-де негізгі және қосымша құрылғыларды орнату қарастырылуда. Оның басқаларға қарағанда, артықшылығы, тиімділігі мен техникалық, экономикалық және экологиялық көрсеткіштері жағынан байқалады. Кез-келген энергетикалық құрылғылар экологтардың рұқсатынсыз пайдалануға берілмейді. ЖЭО-ні қайта жөндеу және кеңейту  жөніндегі жұмыстар жобада үш кешенге бөлінген.   Жобаны жүзеге асырғаннан кейін, электр қуаты - 120 МВт-қа және жылу - 483 Гкал/с көбееді. Нәтижесінде, кешенді шараларды енгізу зиянды заттардың бөлінуінің деңгейін азайтатын болады.

Алайда, қазіргі таңда, экологтар көмір күлінен шығатын газды басты проблема деп санамайды. Олардың айтуынша, көзге көрінбейтін дұшпан, яғни, азот тотығы анағұрлым қауіпті болып саналады. Олар бірінші кезекте,   жоғарғы тыныс алу жолдары арқылы өтіп адам ағзасына, сондай-ақ, Рудныйға көрік берген, қылқан жапырақты ағаштарға зиян келтіреді. «ССКӨБ» АҚ-ы ЖЭО-дегі №1 және №2 қазандарда оларды азайту үшін, түрлі шаралар жасауда. ЖЭО-ні іске қосқаннан бері, күл үйінділерінде 1 миллион тоннадан көп күл және қож қалдықтары жиналады. Күл үйінділері үлкен кеңістікті алып жатыр. Ескі үйінділерді толтыру үшін күлдерді жинайтын жаңа сыйымдылықты, қаладан жер алып, құру қажет.  Екібастұз тасты көмір күлі құрылыстарда шектеусіз қолданыла береді.

Күлді қоймалжың, яғни, «сұйық құм» күйінде жинайды. «Қойма» ретінде дамбалы, биіктігі жиырма метрлік күл үйінділері бар, жасанды көлшіктер қолданылады. Сол жерлерде олар ондаған жылдар бойы сақтала береді. Әрине, күл түбіне шөге береді, ал су, бүкіл күл үйіндісінің периметрі арқылы қойылған сүзгі арқылы өтіп, техникалық қолданыста пайдалануға беріледі. Таза техникалық және ішуге жарамды суды ЖЭО-де пайдалануды азайту үшін,  жобада сумен жабдықтаудың екі айналым жүйесі қарастырылған. Бұл бізге белгілі, ГКТ (гидро күлден тазарту) және айналмалы суыту жүйесі. Мұндай жүйелерді сақтау – ЖЭО-дегі күл үйінділеріндегі су ресурстарын қалыпты пайдалану мен оны сақтау жөніндегі негізгі іс-шара. ЖЭО сағат сайын 600 шаршы метр техникалық суды алуда, бұл дегенің, табиғи ортаның таза суды пайдалану көлемі азаяды дегенді білдіреді. Одан өзге, күл үйінділерінің картасы арқылы, қоршаған ортаны төменгі деңгейге дейін азайтатын белгілі бір іс-шараларды жүргізу жоспарланып отыр.