4 Еңбекті қорғау
"ССКӨБ" АҚ МЖЗ еңбекті қорғаудың сақталуына, бас инженердің қарамағындағы еңбекті қорғау бөлімі жауап береді. Еңбекті қорғауға заңнамалық актілер жүйесі, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру, техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-сауықтыру шаралары және қауіпсіздік, денсаулық сақтау және адамның еңбек үрдісіндегі жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ететін құралдар кіреді. Еңбекті қорғау бойынша заңнамалық актілер Қазақстан республикасының конституциясы, еңбек туралы заңдар кодексі және басқалар болып табылады. Еңбекті қорғауды ұйымдастыруға: шаң, газдар, шу, дірілден жеке және жалпы өндірістік қорғау құралдарын сақтау және бақылау; өндірістік ғимараттардың жарықтандырылуын, жарықтылық нормаларына; өнеркәсіптік санитарияға; электр жабдықтарды пайдалану және жөндеуде ТҚ сақталуына бақылау кіреді.
Еңбекті қорғау бойынша негізгі нормативтік құжаттар: мемлекеттік стандарттар салалық, республикалық; құрылыс нормалары және ережелері, санитарлық нормалар; электрқондырғылардың құрылу ережелері. тұтынушылар электрқондырғыларын техникалық пайдалану ережелері және Тұтынушылар электрқондырғыларын пайдаланудағы техника қауіпсіздігі; өртке қарсы нормалар; еңбекті қорғау бойынша типтік және жергілікті нұсқаулар.
4.1 Электр қондырғыларға қызмет көрсетудегі еңбекті қорғау
Әрекеттегі электр қондырғыларға қызмет көрсету, оларда оперативті ауыстырып қосуды өткізу, жөндеу, монтаждау және түзету, сынақ жұмыстарын ұйымдастыру және орындау арнайы даярланған электр техникалық персоналмен іске асырылады. Электр техникалық персонал кәсіпорынның энергетикалық қызметінің құрамында болады. Электр техникалық персонал тұтынушылар қондырғыларының ТПЕ және ТҚЕ барлық талаптарын орындауы тиіс. Ережелер: әрекеттегі электр қондырғыларға және т.б. қызмет көрсетуде; мамандандырылған және басқа құрылыс-монтаждау ұйымдарының персоналдарына электр қондырғыларда жұмыс жасауға рұқсат етілгенде сақталуы тиіс. Ережелерге сәйкес қолданылатын қорғау құралдары мемлекеттік стандарттардың талаптарын, сондай-ақ "Электр қондырғыларда қолданылатын қорғау құралдарын пайдалану және сынақтан өткізу ережелерін" қанағаттандыруы тиіс.
Персоналмен жұмыс "Энергетикалық кәсіпорындарда персоналмен жұмысты ұйымдастыру бойынша нұсқауларға басшылық" талаптарына сәйкес ұйымдастырылған. Персоналмен жұмыс кестесінің орындалуына бақылауды пайдалану және ТҚ жөніндегі инженерлер алып барады.
Кәсіпорында пайдалануменоперативтік персонал тұлғалары айналысады. Оперативтік персонал кәсіпорынның электр шаруашылығын оперативтік басқарумен, сондай-ақ оперативтік: шолу, ағымдағы пайдалану тәртібінде жұмыстар жүргізу, оперативтік ауыстырып қосуларды өткізу, жұмыс орындарын әзірлеу, жұмысқа рұқсат ету және жұмысшыларды қадағалаумен айналысады.
Жөндеу персоналы электр жабдықтарды жөндеу,қайта жаңғырту және монтаждау бойынша барлық жұмыстарды орындайды, сонымен бірге мұнда сынақ қызметтерінің қызметкерлері де кіреді.
Ұйымдастыру шаралары.
Электр қондырғылардағы жұмыстар электр қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарттары бойынша 4 категорияға бөлінеді:
- кернеуді алып тастаумен (кезелген және кезелмеген кернеуді);
- электр қорғау құралдарын қолданумен кернеуді алмастан;
- ток жүргізуші бөліктің әлеуетімен кернеуді алмастан;
- кернеу астындағы ток жүргізуші бөліктерден алыс.
"Кернеуді алып тастау" жұмыстарында электр қауіпсіздік электр қондырғының сөндірілуімен, жұмыс орнындағы ток жүргізуші бөліктерде қорғаушы жерге жерлендіру, жұмыс орнын қоршаумен қамтамасыз етіледі.
Электр қорғаушы құралдарды қолданумен " кернеуді алып тастамай" жұмыс істеушілердің электр қауіпсіздігі, негізгі және қосалқы қорғау құралдарының жәрдемімен, жұмысшыларды кернеу астындағы ток жүргізуші бөліктерден оқшаулау арқылы қамтамасыз етіледі.
«Кернеу астындағы, ток жүргізуші бөліктерден алыста» жұмыс істейтіндердің электр қауіпсіздігі, жұмыс істеуші "жерден" белгілі қашықтықта оқшауланумен қамтамасыз етіледі.
«Кернеу астындағы, ток жүргізуші бөліктерден алыста» жұмыс істейтіндердің электр қауіпсіздігі, ток жүргізуші бөліктердің жұмыс аумағындағы немесе қауіпсіз қашықтықта орналасқан стационарлық (құралдармен) қорғаушы қоршаулармен қоршалуы арқылы қамтамасыз етіледі.
Жұмыстардың қауіпсіз өткізілуі үшін келесі ұйымдастыру шаралары орындалуы қажет:
- жұмыстарды өндіруге жүктелім немесе бұйрық берілуі;
- шақтамаға рұқсат беру;
- жұмыстың орындалуын қадағалау;
- басқа жұмыс орнына ауыстыру;
- жұмыстағы үзілістерді ресімдеу, жұмыстың аяқталуы.
Техникалық шаралар:
Қажетті ажыратулар өткізілді және коммутациялық аппаратураның қате немесе өздігінен ажыратылуына жол бермейтін шаралар қабылданды.
Коммутациялық аппаратураны қолдан басқару жетектерінде және қашықтықтан басқару кілттерінде тыйым салатын плакаттар ілінді.
Адамдарды электр тогы соғудан қорғау үшін жерге жерлендіру тиіс ток жүргізуші бөліктерде кернеудің жоқ болуы тексерілді.
Жерге жерлендіру орнатылды. Жұмыс орындары немесе кернеу астында қалған ток жүргізуші бөліктер қажетінше қоршалған және қоршауларда плакаттар мен қауіпсіздік белгілері ілінген.
Электр қорғаушы құралдар – бұл адамдарды қорғау үшін қызмет ететін, электр доғасы және электр магниттік өрістің әсер ететін электр қондырғыларымен, алып жүретін және ауыстырылатын бұйымдар.
Электр қорғау құралдары – қосалқы және негізгі деп бөлінеді.
Негізгі қорғау құралдары – қорғау құралы, электр қондырғылардың қосымша жұмысшы кернеуін ұстайтын және кернеу астындағы ток жүргізуші бөліктерге қол тигізуге мүмкіндік беретін оқшаулау.
Негізгі құралдарды толықтыратын қорғау құралдары қосалқы деп аталады.
Барлық электрқорғаушы құралдар кернеулері бойынша бөлінеді: 1000 В дейін және 1000 В жоғары. 1000 В жоғары негізгі құралдарға: оқшаулаушы штанглер, оқшаулаушы және электр өлшеуші тістеуіктер, кернеу көрсеткіштері, оқшаулаушы құрылғылар мен ток жүргізуші бөліктерге тікелей тиетін АЖ (ЖЖ- жоғары вольтті желіде) жұмыс істеуге арналған тетіктер жатады. 1000 В дейінгі негізгі қорғау құралдарына: оқшаулаушы штанглер, оқшаулаушы және электр өлшеуші тістеуіктер, кернеу көрсеткіштері, диэлектрлік қолғаптар, оқшаулаушы тұтқалы аспаптар жатады.
1000 В жоғары қосалқы құралдарға: диэлектрлік қолғаптар, боты, кілемдер, экрандаушы жинақтар, оқшаулаушы қалпақтар, жапсырмалар, тасымалданушы жерге қосулар, қоршаулар, плакаттар және қауіпсіздік белгілері жатады.
1000 В дейінгі қосалқы құралдарға: диэлектрлік галоши, кілемдер, тасымалданушы жерге қосулар, оқшаулаушы қалпақтар, жапсырмалар, тұғырықтар, плакаттар және қауіпсіздік белгілері, қоршауыш құрылғылар.
4.2. Автоматты сөндіргіштерке қызмет көрсетудегі қауіпсіздік шаралары.
Қашықтықтан басқарылатын комутациялық аппараттарда жұмыс істеуге рұқсат етуден алдын:
жетектің, оперативтік токтың күштік тізбегі және қыздыру тізбегі ажыратылуы тиіс;
ажыратқыштар багына немесе пневматикалық жетектерге ауа берілетін құбырдағы ысырманың жабылуы немесе кілттеп құлыптануы және олардағы ауа атмосфераға жіберілуі, мұнда түсіретін қақпақтар (клапандар) ашық күйде қалады;
енгізілетін жүк немесе енгізілетін серіппелердің жұмыссыз күйге келтірілуі;
қашықтықтан басқару кілттерінде «Қосылмасын. Адамдар жұмыс істейді» және жабық ысырмаларда «Ашылмасын. Адамдар жұмыс істейді» плакаттары ілінген.
Коммутациялық аппараттың, оны реттеу және түзетуде сынамалы қосулары мен ажыратулары үшін, тапсырылмаған нарядында оперативті токтың тізбегінде және жетектің күштік тізбегінде, сигнал беру мен жылыту тізбегінде кернеудің уақытша берілуі, сондай-ақ жетек пен ажыратқышқа ауаның берілуі рұқсат етіледі.
Сынаудан кейін коммутациялық аппаратта жұмысты жалғастыру қажеттілігінде, оперативті персоналдың ішіндегі тұлғамен немесе оның рұқсаты бойынша жұмыстың жетекшісімен, жұмысқа рұқсат етілуі үшін талап етілетін техникалық шаралар орындалуы тиіс.
4.3 Өрт қауіпсіздігі
Өрт қауіпсізідігінің деңгейін арттыру үшін ҚТӨЖБ -да нақты жұмыстар алып барылады. Өртті қадағалау органдарымен келісілген және бекітілген өрт сөндіру жоспары бар. Жұмыс орындарына оперативті өрт сөндіру карточкалары әзірленген және берілген. ТҚП күшімен көктем және жаз мезгілдерінде, өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын анықтау және жою мақсатында ҚТӨЖБ объектілерінің өртке қарсы жай-күйіне зерттеу өткізіледі. Электр жөндеу цехында қоғамдық қараулар өткізіледі. Электр жөндеу цехы су құбырымен жабдықталған, қорғаушы объектілердің, өртке қатысты қауіпті жұмыс орындарының жанында орналасқан барлық бөлімшелер және учаскелерде өрт крандары, қолмен сөндіргіш құралдары, қалқандар және құм салынған жәшіктер құрылған.
Электр қондырғыларда ОПС-10 типті ұнтақты өрт сөндіргіштер қолданылады. ОКП-10 типті өрт сөндіргіш кеңінен қолданылады.
Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары:
1. Цех учаскелерінің барлық қақпаларына кіре берістер бос болуы тиіс. Цех учаскелерінің қақпаларына кіреберістер, сондай-ақ қақпа аралықтары мен цехқа өту жолдарын жабуға тыйым салынады.
2. Электр қозғалтқыштарды, трансформаторларды және қосалқы бөлшектерді арнаулы ажыратылған жерлерде қоймалау.
3. Жолдар немесе цех учаскелерінің қақпаларына кіреберістерді жөндеу бойынша жұмыстар өткізу мезгілінде сәйкес жерлерде айналып өту белгілері немесе жөнделіп жатқан учаскелер арқылы өтпе жолдар орнатылуы тиіс.
4. ҚТӨЖБ бекітілген аумақ үнемі тазалықта сақталуы тиіс, көктем-жаз мезгілінде қурап қалған ағаш болмауы тиіс, өз уақытында шөптерді отау, ағаштарды және бұталарды кесу қажет.
5. Цех аумағында өрт-ауыз су құбырында 2 өрт гидранты ПГ-7 және ПГ-8 орналасқан. Өрт гидранттары орналасқан жерлерде ғимараттар мен құрылыстарда ҚР СТ МБСТ 12.4.026-2002 сәйкес белгілер салынған.
қысқы уақытта жолдар, кіреберістер және өрт гидранттарының люктерінің қақпақтары, орау-оқшаулау учаскесінің персоналымен бекітілген аумақта қар және мұздан жүйелі түрде тазаланып тұруы тиіс.
6. Цех учаскелерінің барлық ғимараттары алғашқы өрт сөндіру құралдарымен, өрт мүліктерімен әрекеттегі нормаларға сәйкес қамтамасыз етіледі. ЭЖЦ объектілеріндегі өрт сөндіру қалқандары пісіру бөлімшесінің жанында орналасқан.
7 . Өрт сөндіру жабдықтары және мүліктерді өрт сөндіруге қатысы жоқ, шаруашылық, өндірістік мұқтаждықтарға пайдалануға тыйым салынады.
8 . Цех аумағында:
- от жағуға, өндірістік қалдықтарды және ыдыстарды қызмет көрсету персоналы тарапынан бақылау жоқ болғанда ғимарат пен құрылыстарға 50 м. жақын жерде жағуға;
- арнаулы жабдықталмаған жерлерде шегуге тыйым салынады.
9 .Ашық отты пайдаланып жұмыс істеуге тыйым салынады, өрт қауіпті объектілерге жақын қашықтықта:
- пропан-бутан және оттегі баллондарының шығыс қоймалары –10м кем емес;
- жылтыр сыр бояу бұйымдарының шығыс қоймасы –10м. кем емес.
10. Барлық эвакуациялық шығу есіктері ғимараттан шығатын жаққа қарай ашылуы тиіс.
11. Цех ғимаратында тыйым салынады:
- өтетін жерлерді, дәліздер, тамбурларды, галерея, басқыш алаңдарын толтыруға;
- эвакуация жолында табалдырықтар, турникеттер, айналмалы есіктер және адамдарды еркін эвакуациялауға бөгет жасайтын басқа құрылғылар қоюға.
Өртте жұмыс істейтіндердің міндеттері және әрекеттері: цех аумағында өртті байқаған әрбір жұмысшы немесе қызметші, міндетті: - бұл туралы жедел объектілік немесе мемлекеттік өрт сақшыларына (телефон 2-20-01; немесе 101) және МЖЗ диспетчеріне (тел. 2-53-00: 2 -53 24), онда объектінің мекенжайы, өрт басталған жерді, сондай-ақ өзінің тегін айтып хабарлауы тиіс. - жақын жерде тұрғандардың барлығына өрт туралы айғайлап ескертуі және өрт орнына цех басшысын немесе цехтың басқа лауазымды тұлғасын шақыру шараларын қабылдауы тиіс.
- келген өрт сөндіру бөлімшелерін күтіп алуды ұйымдастыру және оларға өрттің орны туралы қажетті ақпарат беруі тиіс.
- мүмкіндігінше адамдарды эвакуациялау, материалдық құндылықтардың сақталуы бойынша шаралар қабылдау, бір учаскедегі бар болған өрт сөндіру құралдарымен (от сөндіргіш, ішкі өрт краны) қауіпсіздік шараларын сақтаумен, өрт ошағын сөндіруге кірісу.
- технологиялық жабдықтың апаттық ажыратылуында адам өміріне қауіп төндіретін жағдай болмағанына көз жеткізу.
- өртті сумен сөндіруден алдын –электр жабдықтарды токтан алып тастау.
- бірінші кезекте өрт аумағынан, материалды құндылықтардың әрі қарай қауіпсіз эвакуациялануы үшін, тез жанатын сұйықтықтарды, газды баллондарды және жану-майлау материалдарын алып тастау қажет.
