- •Мамандыққа кіріспе
- •1 Музыкаға жалпы шолу
- •1.1 Музыка сабағы
- •1.2 Музыка пәні мұғалімінің рөлі
- •1.3 Сыныптан тыс ұйымдастырылатын музыкалық тәрбие
- •1.4 Мемлекеттік стандарт және мектептегі бағдарламаға шолу
- •2 Музыка түрлері
- •2.1 Эпос, лирика, драма
- •Арнау «Жастарға»
- •2.2 Қазақ фольклоры
- •2.3 Қазақ хор музыкасы
- •2.4 Қазақстанда хор мәдениетінің дамуы
- •3 Музыкалық білім берудің стандарты және пәндердің теориялық курсы
- •3.1 Музыкалық білім мамандығы бойынша бакалаврдың біліктік сипаттамасы:
- •3.2 Музыкалық білім мамандығы байынша білім беру бағдарламаларының мазмұны (музыкалық, базалық пәндер)
- •3.2.1 Музыка теориясының негіздері
- •3.2.11 Хор класы
- •3.2.13 Хорды дирижерлау
- •3.3 Музыкалық пәндердің теориялық курсына шолу:
- •1) Түркі дәуірі туралы ұғым: көне (VI-IX), орта (IX-XIV), жаңа (XIV-XVI) кезеңдер. Көне түркі тайпаларының жазба мәдениеті, олардың мәдени-музыкалық сипаты.
- •2) Түркі-монғол тайпаларының шамандық музыкасы. Музыка өнерінің синкреттік сипаты, наным-сенім жүйесімен сабақтастығы. Түркі жазбаларының синкреттік табиғаты, поэзия мен музыканың бірлігі.
- •2) “Тотынама”, “Кобуснама” секілді шығыс жазбаларындағы музыкалық-эстетикалық ойлар мен дидактикалық сарын. “Құран” оның тарихи-мәдени сипаты мен музыкалық-мақамдық жүйесі;
- •3) Орта ғасырлардағы музыкалық трактаттар “Әл Фараби, Ибн-Сина, Әл жами, Дәруіш Әли т.Б) оларда қарастырылған теория мәселелері және қазақ музыкасы үшін маңызы.
- •XIX ғасырдағы халықтық кәсіби-музыкалық дәстүр. Аспаптық музыка:
- •X ғасырдағы кәсіби-музыкалық дәстүр. Әншілік өнер
- •XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ музыкасы:
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
1) Түркі дәуірі туралы ұғым: көне (VI-IX), орта (IX-XIV), жаңа (XIV-XVI) кезеңдер. Көне түркі тайпаларының жазба мәдениеті, олардың мәдени-музыкалық сипаты.
2) Түркі-монғол тайпаларының шамандық музыкасы. Музыка өнерінің синкреттік сипаты, наным-сенім жүйесімен сабақтастығы. Түркі жазбаларының синкреттік табиғаты, поэзия мен музыканың бірлігі.
Түркі дәуірі туралы ұғым: Көне , орта, жаңа дәуір кезеңдер. Көне түркі дәуірінің жазба мәдениеті, олардың музыка мәдениет сипаты. Түркі- монғол тайпаларының шамандық музыкасы. Музыка өнерінің синкреттік сипаты, наным- сенім жүйесімен сабақтастығы. Түркі жазбаларының синкреттік табиғаты, поэзия мен музыканың бірлігі.
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі- қазақтар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба мәдениеті пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті. Осы жолдарда халқымыздың өмірін бейнелеген, адамдардың түйсігін ойларын өскелен талабын көрсете білген фольклерда обьективті шындық элементтері бар. Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық- тұрмыстық поэмалар адамдарды табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, саяси- экономикалық жағдайларды ізгілік мақсаттарды өз уақытына сәйкес танып- білудің куәгерлері. Ауызша халық мәдени ескерткіштерімізді зерттеу халқымыздың танымдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік тәрбие және дүниетанымдық көзқарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі.
Жалпы дүниежүзілік тарихтан белгілі болғандай қоғам дамуының көп сатыларында экономикалық мүдделер жеке саяси қызметке қарағанда философиялық , этикалық, діни, т.б проблемалары алдыңғы орынға шықты. Олар – азаттық және азаматтық еркіндігі, діни сенім және ақыл- ой, өмір сүру және адамгершілік қасиеттер, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған алтын заман туралы және т.б.
Ежелгі дәуір мәдениетінің дүниетанымы миф, ежелгі миф аңыздар алғашқы адамдардың тіршілігінің маңызды белгісіндей, олардың символдық мазмұны арқылы адамзат қоршаған ортаны әрі игерді, әрі түсінді. Жазушы ақпарат жоқ кезде миф оның қызметін атқарған, адам мен дүниенің дәнекері болған. Кейін құдай адамдарға кітап (Құран, Библио, Інжіл) сыйлаған соң, мифтің дүниетанымды дін мен пәлсапа ығыстырды.
Қазақтың дәстүрлі мәдениетіне төмендегідей діни және мәдени тұлғалардың қабаттаса әрекет ететіндігін байқауға болады: 1) Молда; 2) Бақсы; 3) Зікірші; 4) Сәуегей; 5) пір; 6) абыз; 7) үшкіруш; 8)тамыршы; 9) жауырыншы; 10) емші; 11) сопы т.б
Ал Ислам қалыптасқанға дейін қазақтың рухани мәдениетінде маңызды рөл атқарған діни жүйелерге тәңірілік дін мен шаманизм жатады.
Шаманизм (қазақ мәдениетіне үлкен әсерін тигізген діни жүйе болып табылады. Кейбір зерттеушілер бақсылық дінге жатпайды, себебі онда құдай туралы түсінік жоқ, ал адам мен табиғат арасындағы үйлесімдікке сүйене отырып, магиялық әрекет жасау дейді.
Шаманизм ырымдық пен сенім-нанымның адамның виртуалдық дүниесіне әсер етудің ерекше дәстүрі болып табылады. Әдетте бақсы салттық рәсімдердегі абыз адамның рухын шақырып емдейтін күйші, қобызшы, аруақтармен тіл табыса алатын медизм бейнелерінде әрекет етеді. Бақсылардың зікір салуы адамның тылсымдық дүниесін оятуға бағытталған. Бұл ішкі шексіз болмыс пен рухани бірігудің тәсілін іздеу. Бұл тәсіл «Бақсының ойыны»деп те аталады.
Қазақ мәдениетінің тарихын және мұраларын зерттеушілер олардың мынадай түрлерін атап өтеді
Ежелде музыка- ажалдан құтқарады деп сенген. Музыканы өмір және өлім атты қасиетті құбылыстармен теңестірді. Сондықтан да қобыз аспабын күнделікті өмірде көңіл көтеру мақсатында қолдануға тыйым салынған. Бұл аспапта ойна тек қана шамандар – бақсыларға рұқсат етілген және аспаптың атауын “басты ұлы аспап” деп атаған.
Бақсылық дәстүрлерді орындау барысында шамандардың қолындағы қобыз аспабы- адамдар мен адамдарды қоршап тұрған өміріне әсер ететін қасиетті де, құдіретті рух арасындағы көпір іспеттес. А.Жұбановтың айтуы бойынша Бақсылық зікір салу кезінде музыка тек қана емдеу маақсатында ғана емес, табиғатпен байланыс жасауға қызмет еткен. Табиғи құбылыстарды игерудің құралына айналған.
Бақсы әуендерінің үнтаспасы өте сирек кездеседі. Бақсы сазын жинастыру жұмыстарын А.Затаевич XX ғасырдың 20 жылдарында жүргізді. Оны Европаға тылсым Қазақ мәдениетінің құбылыстары қызықтырды. Сырт бейнесін сұрастырғанмен, бақсылардың өздерін көруге мүмкіндік болмады. Бақсының бірнеше сарындары оның жинақтарында жарияланғанмен, оны басқа адамдар жеткізген.
Бүгінгі күнде барлық басылымдардың ең құндылары болып П.Тиховтың жазбасы табылады. Сонымен қатар Ерзаковичтің нотаға түсіріп жазған жазбаларын атап өтуге болады. Соңғысы бақсылық сарыны мәтінімен толық күйде жазылған ең құнды жәдігер болып табылады.
Бақсылық сарындары қазақ музыкасының барлық түрі мен жанрларынан мына белгілермен ерекшеленеді:
1) әуенде тұрақты үштонның бар болуы;
2) бүтін мотивтердің бір биіктікте ұсақ дыбыстардың жолымен құрылу ерекшелігі.
Қобызға арналған музыканың эмоциялық бейнесі аспаптың қоңыр үнді тембірінің әсер етуімен құрылады. Аспапта ойнау құрылысы да ерекше. Сол қолдың саусақтары төменнен жоғары бағытталған. Шекке тырнағымен тигізу арқылы адамның қоңыр даусына ұқсас үн шығарады.
Орта ғасырдағы музыка мәдениеті:
1) оғыз дәуірінің мәдениеті. Қорқыт, оның тарихи прототипі мен этикалық тегі туралы. Қорқыт есімі мен “Қорқыт ата кітабының” жалпытүркілік (оғыз, түркімен, қазақ, әзірбайжан) сипаты. Қорқыт, оның қобызы туралы аңыз-әпсаналар мен тарихи шежірелер;
