- •5. Тақырыптық жоспар
- •6. Пәннің мазмұны Дәріс сабақтары
- •Семинар сабақтары
- •Соөж тапсырмалары
- •7. Сөж орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Сөж тапсырмалары
- •8. Академиялық мінез-құлық және әдептілік саясаты
- •9. «Әдебиет теориясы» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •10. Білімді бағалау шкаласы
- •11. Пәнді оқуға арналған әдебиеттер тізімі
7. Сөж орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Студентердің пәнді жүйелі түрде меңгерту, игерілген білім, білік, дағды, түсінік пен құзыреттіліктерді бекіту, дәріс және семинар сабақтарына жан-жақты дайындалуын қамтамасыз етіп, оларда өздігімен үйрену дағдыларын қалыптастыру үшін пән бойынша СӨЖ жұмыстары жүргізіледі, бұл жұмыс түрі алған теориялық білімдерін талдап, қорытынды мен тұжырымдар жасап, оларды практикада қолдануға үйретеді.
Студенттің өзіндік жұмысы оқулықта берілген материалдарды, білім қорын өз зерттеу жұмыстары негізінде жаңаша қорытындылап, кәсіби міндеттерді шығармашылық тұрғыда шеше алатын дағдыға айналдыруды мақсат етеді.
Кез келген тақырыптың ішкі мазмұнын толық ашу осы мәселеге қатысты ғылыми еңбектер мен оқулықтардағы тұжырымдар мен пікірлермен танысып, жүйелеуді, көзқарастардағы қайшылықтар мен айырмашылықтарды талдап, топтастыра білуді қажет етеді. Студенттердің өзіндік жұмысы мақсатты түрде объектіні белгілі бір көзқарас тұрғысынан зерттеуді қамтамасыз ететін зерттеу тәсілдері мен іс-әрекеттердің жүйесі. Оның тапсырмалары топтық немесе жеке түрде беріледі. Нәтижесі презентациялық жоба қорғау, пікірталас, ауызша сұрақ-жауап, шығарманы ауызша немесе жазбаша түрде талдау түрінде тексеріледі.
Студенттерге пән бойынша әр түрлі тақырыптарға байланысты арнаулы өзіндік жұмыстар тапсырылады. Ол мәселелерге жазбаша түрде қажетті талдау жасалып, теориялық тұрғыда дәлелдемелер бергізуге студенттерді дағдыландырады. Белгілі бір теориялық материалды толық меңгерту мақсатында оқытушы ғылыми еңбектерге талдау жасатады. Бұл ретте студент өзіне берілген тапсырмаға сәйкес ғылыми еңбекке шолу жасап, қажетті мағлұматтармен танысқаннан кейін ұсынылған тақырып жайында қысқаша түсінік жазып, реферат тапсырады немесе ауызша пікір алмасады.
Пән бойынша көп істелінетін өздік жұмыстың бір түрі - көркем шығарма компоненттеріне талдау жасау, яғни туындының тақырыбы мен идеясын тану, жанрлық сипатын ажырату, тіліне поэтикалық талдау жасау болып табылады. Осы жұмыстарды орындау барысында студент шығармашылық жұмыстармен де айналысуы керек.
Сөж тапсырмалары
№ |
Тақырыбы, тапсырмасы, өздік жұмыс түрі |
Сағат |
Ұсынылатын әдебиеттер |
Тапсырылу мерзімі |
Бақылау түрі |
1. |
А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегі |
2 |
Н: 3 |
2 апта |
Конспект |
2. |
Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы |
2 |
Н: 5, 6, 10 Қ: 19, 28, 32 |
3 апта |
Жазбаша талдау жұмысы |
3. |
Көркем туындының пішіні |
2 |
Н: 2, 6, 17 Қ: 25, 28, 32 |
4 апта |
Жазбаша талдау жұмысы |
4. |
Т. Нұртазин «Эстетикалық пікіріміздің даму тарихынан». |
2 |
Н: 10 |
5 апта |
Реферат |
5. |
Көркем бейне және оның жасалу жолдары |
2 |
Н: 5, 6, 10 Қ: 19, 28, 32 |
6 апта |
Жазбаша талдау жұмысы |
6. |
Теңеу мен айқындау тәсілдері |
2 |
Н: 5, 6, 9 Қ: 20, 27, 31 |
7 апта |
Жазбаша талдау жұмысы |
7. |
Құбылту тәсілдері |
4 |
Н: 5, 6, 9 Қ: 20, 27, 31 |
8 апта |
Жазбаша талдау жұмысы |
8. |
Айшықтау тәсілдері және оның түрлері. |
2 |
Н: 5, 6, 9 Қ: 20, 27, 31 |
9 апта |
Жазбаша талдау жұмысы |
9. |
Т.Кәкішұлы «XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ағымдар». |
2 |
Н: 10 |
10 апта |
Реферат |
10. |
Р. Нұрғали «Әдебиеттану ғылымындағы мектептер» |
2 |
Н: 10 |
11 апта |
Реферат |
11. |
Өлең теориясын зерттеудегі З.Ахметовтың еңбегі. |
2 |
Н: 1 |
12 апта |
Конспект |
12. |
В.Г.Белинский «Поэзияны тегі мен түріне қарай бөлу» |
2 |
Қ:21 |
13 апта |
Конспект |
13. |
Өлең құрылысы
|
2 |
Н: 1, 3, 6 Қ: 20,29, 30 |
14 апта |
Жазбаша талдау жұмысы |
14. |
Көркемдік әдіс және оның тарихы |
2 |
Н: 5, 7, 9 Қ: 23, 30, 36 |
15 апта |
Конспект |
|
Барлығы |
30 |
|
|
|
