Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Акушерлік зерттеу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
111.1 Кб
Скачать

С.Ж.Аспендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетi. Реферат Акушерлiк зерттеу әдiстерi.

Орындаған: Алдубашова Ғ.М.

Тексерген: Майкупов М.М.

Алматы,2005

Қолданылған әдибеттер.

1.«Акушерство» В.И. Бодяжина

К.Н.Жмакин

А.П.Кирющенков

2. «Акушерия» Р.С.Бейсембаева

Ә.Т.Раисова

Р.Ғ.Нұрқасымова

3. «Акушерство» В.И.Бодяжина

Жоспар

1.Кiрiспе

2.Негiзгi бөлiм

а. Жүктiлiктiң диагностикасы

б. Жүктi әйелдердi зерттеу

в.Сыртқы акушерлік зерттеулер

3.Қортынды.

Акушерлік зерттеу әдістері

1.Жүктіліктің диагностикасы.

Ерте жүктiлiктiң диагностикасын анықтау үшiн оның белгiлерiн 3 топқа бөлген.

Жүктiлiктiң белгiлерi:

  1. Күмәндi белгiлерi: тамаққа тәбеттiң өзгеруi, жүректiң айнуы, құсу (таңертең), iшек –қарын қызметiнiң бұзылуы, 4-5 жұмалық жүктiлiкте iштiң өтуi, жүйке жүйесiнiң тозығуы, бет, құрсақтың ақ сызығы және емшек ұшының терiсiнiң қараюы.

  2. Күмәнсіз белгiлерi: етеккiрдiң тоқтауы, емшек бездерiнде уыздын пайда болуы, қынап қабырғасы мен жатыр мойнының көгеруi, жатырдың пiшiнi мен көлемiнiң өзгеруi.

3.Анық белгiлерi: жатырдағы нәрестенің көлемін , нәрестенің қимылын пальпация арқылы, нәрестенің жүрек соғуын стетоскоп,КТГ(кардиотахография),УДЗ(ультрадыбыстық зерттеу) аркылы анықтау.

1. Жүктiлiктiң күмәнсiз белгiлерiнiң бiрi – жатырдың пiшiнi мен көлемiнiң өзгеруi.

Жатырдың ұлғаюы. Оның ұлғаюы 5-6 апталық жүктiлiктен басталады. 2 айлық мезгiлде жатыр көлемi қаз жұмырткасына сайкес келедi, 3 айлық мезгiлде жатыр денгейi симфиз тұсына немесе одaн жоғары тұрады, ал 20 аптада жатыр деңгейi кiндiк тұсында анықталады. Горвица-Гегар белгiсi. Жүктiлiктiң ерте мезгiлiне тән жатыр өте жумсақ.

Снегирев белгісі. Саусақпен тексергенде жатырдың жұмсаруы, қатаюы.

Пискачека белгісі. Жатыр пішінінің өзгеруі, ұрықтың орналасу орнына байланысты, жатыр бір жағына қарай ығысып үлкейеді.

Горманалды сынаулар.

Жүктілік дигностикасында әйелдің зәрінде,плазмасында ХГТ-ны анықтаудың маңызы зор.

2. Жүктіліктің күмәнсіз белгілерін төмендегі тәсілдерімен анықтайды.

А. сүт бездерінен уызды сығып шығару

Б. сыртқы жыныс мүшелерін қарау

В. айнамен қынап қабырғасын, жатыр мойнын қарау

Г. қынаптық және бимануалды зерттеу

Сыртқы жыныс мүшелеріне қарау. Әйелдердің сыртқы жыныс мүшелерін дәрігер креслода тексереді. Ол үшін сол қолдың 2-ші және 1-ші саусақтарымен жыныстың кіші және үлкен еріндерін ашып, сыртқы жыныс мүшелерін, қынап кіреберісін, үрпіні, бартолин бездерін және аралықты қарайды.

Айнамен зерттеу. Сыртқы жыныс мүшелерін қарап болғаннан кейін, қынап қабырғасын, жатыр мойнын қынап айнасымен тексереді.

Жүктіліктің белгісі- қынап қабырғасы мен жатыр мойнының көгеруі.

Қынаптық зерттеу. Сол қолдың саусақтарымен үлкен және кіші жыныс ернеулерін ашып, оң қолдың саусақтарын (2-ші,3-ші) қынапқа енгізеді , 1-ші саусақтары жоғары көтереді, 4-ші және 5-ші саусақтарды алақанға бүгіп, сыртын аралыққа тірейді.

Бұл зерттеуде: жатыр түбі бұлшық еттерінің жағдайы, қынап қабырғасының қасиеттері қынап күмбезі, жатыр мойны және жатыр мойынның сыртқы тесігінің анықталады.

Бимануалды зерттеу. Жатыр мойнын зерттеп болғаннан кейін бимануалды зерттеуді бастайды. Сол қолдың бармақтарымен құрсақтың алдыңғы жағынан жайлап басып, бармақтарды жамбас қуысына қарай жылжытады.Екі қолдың бармақтарын түйістіріп, жатырдың орнығуын пішінін, көлемін, тығыздығын, жылжымалылығын анықтайды. Осыдан кейін жатырдың қосалқы бөліктерін, жамбас қуысын зерттейді; ол үшін екі қолдың саусақтарын біртіндеп жатыр бұрышынан, жамбастың оң және сол жақ қабырғасына жылжытады.

Анық белгілері- жүктіліктің екінші жартысында пайда болады(жатырдағы нәрестенің мүшелерін, қимылын, жүрек соғуын анықтауға болады).

2. Жүкті әйелдерді зерттеу

Мәлімет алу.Жүкті әйел, әйелдер кеңес орнына тұңғыш есепке тұрғанда жүктілік картасы толтырылады.Картаға әйелден алынған мәліметтер мен объектілік зерттеулер жазылады.

  1. Төлқұжат мәліметтері: аты -жөні, жасы, жұмыс орны, мамандығы, мекен – жайы.

  2. Әйелдің шағымы.

  3. Тұрмыс және еңбек жағдайлары: еңбек жағдайын, сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерін анықтау, кәсіптік және зиянды әдеттер.

4.Бала кезінде ауырған аурулары мен тұқым қуалайтын ауруларды анықтау.

5.Етеккір қызметін анықтау. Мәлімет алған кезде етеккірдің алғаш неше жаста келгенін , ұзақтығын, түрін және қан көлемін, соңғы етеккір уақтын анықтайды.

6.Бездердің секрет шығару процесі – жыныс жолдарынан бөлінетін себептерін анықтау.

7.Жыныстық қатынас: Қай жастан бастап жыныстық қатынаста болғанын, нешінші некесі екенін анықтау.

8.Жолдасының денсаулығы туралы мәлімет: жолдасының жасын, мамандығын, жалпы денсаулығын, зиянды әдеттерін анықтау.

9.Генеративті қызметті: Жүктіліктің санын, тұңғыш жүктілігін, оның ағымын, жасанды түсіктердің санын, олардың асқынуын және әрбір жүктіліктегі нәрестенің салмағын, жынысын анықтайды.

Объектілік зеріттеулер. 1. Жалпы тексеру: бойын, дене салмағын,қ/қ, емшек бездерін, жүрек, өкпе, ішкі мүшелердің, тік ішектің қызметін анықтау:

а .Жүктілердің бойын анықтаудың маңызы зор: бойы аласа жүктілерде (150 см және одан төмен) инфантилизм белгілері (тар жамбас т.б.), ал бойы ұзын жүктілерде- жамбастың басқа ерекшеліктері анықталады.

ә.Дене салмағының артықтығы, семіздік – босанудың асқынуына душар етеді.Жүктілік кезінде семіздіктің дәрежесін анықтайды.

1.- дене салмағы әдеттегіден 10-29% арттық

2. - 30-49%артық

3.- 50-99 % артық

4.- 100%

б. Емшек бездері: емшек бездерінің дамуын емшек ұштарының түрлерін және олардан бөлінетін уыздың қасиеттерін анықтайды.

Ішкі мүшелерді зерттеу.Жалпы тексеруден кейін жүрек қан-тамыр жүйесін, өкпе, асқорыту, жүйке, зәр шығару жүйелерін зерттейді.

Жүкті әйелдерде міндетті түрде қ/қ, дене салмағын, бойын және қан, зәр құрамын, қан тобын, резус факторын сералогиялық зерттеулерді анықтайды.Сонымен қатар барлық жүктілерде: қынаптың, жатыр мойнының, жатыр өзегінің бөлінділерін зерттейді.

Пельвиметрия(өлшеу).Пельвиметрияда дәрігер жүкті әйелдің іш айналымын, жатырдың биіктік деңгейін және жамбас өлшемдерін өлшейді.Ол үшін сантиметрлік лентамен, жамбас өлшеуішін қолданады.

Іш айналымын өлшеу.Іш айналымын сантиметрлік лентамен кіндік тұсында өлшейді(жүктіліктің соңында іш айналымы 90-100 см ). Ал егіз жүктілікте, ірі нәрестеде, көп сулы жүктілікті, нәрестенің көлденең орналасуына семіздікте іш айналымы 100 см артық болады.

Мерзімі жеткен жүктілікте жатырдың деңгейі 36-37 см-ге тең, босанар алдында жатыр деңгейі төмендеп 34-35 см-ге теңеледі.

Жамбас өлшемдерін өлшеу.Жамбас өлшемдерін анықтау үшін, жүкті әйел қатты тақта үстінде екі аяғын созып, шалқасынан жатады.

Үлкен жамбастың 4 өлшемі бар, 3 көлденең және 1 тік өлшем:

  1. Distantia cristarum- мықын сүйегі қырларының алшақ нүктелік аралығы (28-29 см).Ол үшін өлшеуіштің түймелерін мықын сүйегі қырының сыртқы бетімен жылжытып, оның ең алшақ нүктелерінің арасын өлшейді.

  2. Distantia spinarum- мықын сүйектерінің алдыңғы жоғарғы қанатты өсінділерінің аралығы.Ол үшін жамбас өлшеуішінің түймелерін осы өсінділердің сыртқы бетіне тірейді. Қалыпты жағдайда бұл аралық 25-26 см.

  3. Distantia trochanterica-ұршық аралығы.Ортан жіліктің жамбас ойысында орналасқан ұршықтардың арасы. Ол 31-32 см-ге тең.

  4. Conjugata externa- сыртқы конъюгата немесе жамбастың сыртқы тік өлшемі.Бұл өлшемді анықтау үшін әйел қырынан жатып, астыңғы аяғын бүгіп, үстіңгі аяғын созуы керек. Өлшеуіштің бір түймесін шаттың сыртқы-жоғарғы қырының ортасына, екінші ұшын- сегізкөзүсті ойығына орналастырады. Сыртқы конъюгата қалыпты жағдайда 20-21см.

Сыртқы канъюгата өлшемін білудің маңызы зор, өйткені бұл арқылы кіші жамбас қуысының кіреберісіндегі- ішкі тік өлшемді (conjugata vera) анықтауға болады.Мысалы, сыртқы тік өлшем 20 см болғанда,одан 9 см-ді алып тастаса, ішкі тік өшем 11см-ге тең.

Нәрестенің жатырдағы қалпы.Қалыпты жағдайда нәрестенің денесі бүгіліп,басы көкірегіне иіліп, аяқтары – жамбас,сан және тізе буындарына бүгіліп, ішіне қарай жиырылып , қолдары көкірек тұсында айқасып жатады. Нәрестенің ұзындығы, орта есеппен 20-25 см-ге тең.

Нәрестенің қалпы- нәрестенің ұзынша өсінің, жатыр ұзынша өсіне қатысы. Нәресте жатырда ұзынынан, көлденең, қиғаш жатуы мүмкін.

1.Ұзынша орналасуда- жатырмен нәрестенің ұзынша осьтері бір- біріне сай келеді.Көп жағдайда 99% нәресте ұзынынан, басымен төмен жамбастың кіреберіс жазықтығына қарай орналасады.

Көлденең орналасуда- нәрестенің ұзынша осьі жатырдың ұзынша осьімен тік бұрыш жасайды.

2.Қиғаш орналасады- нәрестенің ұзынша осьі жатырдың ұзынша осьімен үшкір бұрыш жасайды.Нәрестенің қиғаш жатуы тиянақты емес, босану кезеңдерінде ұзынша немесе көлденең жату қалпына көшуі мүмкін.

А.Нәрестенің бағыты (позиция)- нәресте арқасының жатырдың оң және сол қабырғасына қатынасы.

1-позицияда нәресте арқасы жатырдың сол жақ қабырғасына;2-позицияда –оң жақ қабырғасына қарап орналасады.

Ә.Нәрестенің – алдыңғы және артқы түрлері бар. Егер нәрестенің арқасы жатырдың алдыңғы қабырғасына қарап орналасса оны алдыңғы, ал артқы қабырғасына қарап орналасса оны артқы түрі деп атайды.

Б.Нәрестенің ең ірі мүшелерінің жамбастың кіреберіс жазықтығына қатынасын нәрестенің жатуы деп атайды.

В.Нәрестенің жамбас қуысына жақын жатқан және босану жолдарынан 1-ші болып өтетін бөліктерін алғашқы бөлік деп атайды.

Г.Бастың орнығуы – төбе жігінің шат пен сегізкөз мүйісіне қатысы .Егер төбе жігі шат пен сегізкөз мүйісінен бірдей қашықтықта орналасса, оны синклитикалық , ал бірдей қашықтықта орналаспаса, оны асинклитикалық орнығу деп атайды. 3.Нәрестенің басымен орнығуы. Көп жағдайда бас шүйде сүйегімен туылады. Шүйде сүйегімен алға немесе артқа қарап туылуы мүмкін .

Нәресте басының шалқая орнығуы:төбесімен, маңдайымен, бетімен орнығуы мүмкін.