Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПО Картография 2016.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.63 Mб
Скачать

3 Тақырып. Топографиялық карта және оны пайдалану.

Топографиялық карта және оның қасиеттері. Топографиялық картаның элементтері: математикалық негіз, картографиялық бейнелеу, қосымша құралдар. Топографиялық карталардың басқа карталардан айырмашылығы. Топографиялық карталардың және пландардың мазмұны. Топографиялық карталардың масштабтары. Табиғаты қорғау шараларын, туристік жұмыстарды жүзеге асырудағы карталардың атқаратын ролі. Топографиялық карталардың жіктемесі және номенклатурасы. Топографиялық карта парағының шектеме сызықтары. Халықаралық миллиондық карта. Қазақстан Республикасының тпографиялық картасының номенклатурасы.

4 Тақырып. Топографиялық картадағы географиялық және тік бұрышты координаттар.

Тік бұрышты (километрлік) Гаусс-Крюгер проекциясы. Географиялық координаттар. Топографиялық карталарыдың проекциясы. Тік бұрышты координаттар. Бағытталу бұрыштары (географиялық меридиан, магниттік меридиан, дирекциондық бұрыш).

5 Тақырып. Топографиялық карталар бетінде географиялық обьектілерді кескіндеу

Топографиялық карталар бетінде сулы обьектілерінің өсімдіктердің және грунттарды кескіндеу. Горизонтальдар тәсілінің болмысы. Топографиялық карталар бетінде жер бедері мен орографияны кескіндеу. Карта бетінде горизонтальдар көмегімен шешілетін іс-тәжіри мүдделері. Карта бетінде әлеуеметтік-географиялық обьектілерді кескіндеу.

6 Тақырып. Түсірілім түрлері

Геодезиялық тіректі тораптар олардың атқаратын міндеті және оларды жасақтау әдістері. Нақтылы аумақты түсіру жіктемесі. Жоспарлы түсірімдер, олардың әдістері және қолданылатын құрал саймандары тұрғысынан дараланатын бөлімшелері. Бұрышөлшем түсірімдері (буссольдік түсірім, тедолиттік түсірім). Бұрышсызықтық түсірімдер (көзмөлшерлі). Биіктік түсірімдері (геометриялық нивелирлеу, физикалық нивелирлеу). Ватерпасовка. Жоспарлы – биіктік түсрім түрлері және олардың мазмұны. Ғарыштық түсірім түрлері. Әуебейнетүсірім. Нақтылы аумақ ауқымында әртүрлі тәсілдер көмегімен бағдарды анықтау.

7 Тақырып. Ұсақ масштабты карталардың математикалық негізі

Географиялық глобус жер шарының кішірейтілген пішіні /эллипсоиды/. Глобустың градустық торы. Глобус көмегімен шешілетін мәселелер. Ортдромия және локсодромия, олардың іс-тәжірибедегі маңызы. Ұсақ масштабты карталардың масштабының ерекшеліктері. Картаның ең басты масштабының түсінігі. Бұрмаланудыңэллипсоидтаны жазық кағазға түсіру барысында пайда болатындығы. Бұрмалану түрлері және олардың карт аауқымындағы өзгерістері. Қосымша масштаб түсінігі. Эллипс бұрмалануы және картадағы ен басты сызықтар. Нөлдік бұрмалану сызықтары мен нүктелер. Изокол. Меридиан және параллель бойындағы ұзындық бұрмалануды анықтау.

8 Тақырып. Картографиялық проекциялар

Картографиялық тор. Картографиялық проекцияның жіктемесі: картографиялық тор түрлері арқылы; бұрмалану бойынша. Азимуттық проекция, оның ерекшеліктері. Осы проекцияның түрлері және ерекшеліктері. Жарты шар, материк картларында қолданылуы. Цилиндрлік проекция оның ерекшелігі, түрлері (Меркатор, Соловьев проекциялары) дұрыс цилиндрлік проекциялардың қолданылуы. Көлденең цилиндрлік проеция. Конустық проекция. Жалпы ерекшелігі және түрлері. Каврайский мен Красовскийдің конустық проекциялары. Поликонустық және псевдоцилиндрлік проекциялар, олардың ерекшеліктері, дүниежүзілік карталарда қолданылуы. Еркін пооекциялар. Олардың ерекшеліктері. Картографиялық проекциялардың факторлары: (картаны қолдану, территорияның орналасуы және пішіні). Мектепте қолданылатын карталардың проекцияларына жалпы түсінік.