- •№ 1 Есеп
- •Тапсырма:
- •№ 2 Есеп
- •Тапсырма:
- •№ 3 Есеп
- •Тапсырма:
- •№ 4 Есеп
- •Тапсырма:
- •№ 5 Есеп
- •Тапсырма:
- •№ 6 Есеп
- •Тапсырма:
- •№ 7 Есеп
- •Тапсырма:
- •№ 8 Есеп
- •Тапсырма:
- •№ 9 Есеп
- •Тапсырма:
- •№ 10 Есеп
- •Тапсырма:
- •№ 11 Есеп
- •Тапсырма:
- •№ 12 Есеп
- •Тапсырма:
- •№ 13 Есеп
- •Тапсырма:
- •№ 14 Есеп
- •Тапсырма:
- •№ 15 Есеп
- •Тапсырма:
- •№ 16 Есеп
- •Тапсырма:
Тапсырма:
1. Негізгі патологиялық синдромдарды анықтаңыз.
2. Болжам диагнозды қойыңыз.
3. Қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізу қажет.
4. Осы ауруға емдеу жоспарын жасаңыз.
5. Аталған ауруға профилактикалық шараларды атап өтіңіз.
№ 11 Есеп
Марат есімді 8 айлық бала, 39,8 С дейін көтерілген фебрильді қызбамен стационарға жіберілді. Анамнезінен баланың 2 күн бұрын жедел ауырып қалғандығы белгілі болды. Мұрын жұтқыншығынан катаральді белгілер пайда болып, дене температурасы 37,4-37,7 С дейін көтерілумен басталып, бала әлсіреп су мен тағамнан бас тартқан. Үйіндегі үлкен әпкесі ЖРВИ ауырады. Обьективт: баланың айқын бозаруы, беймаздануы, аяқ-қолдарының суық екендігі анықталды. Мұрнынан шырышты бөлінді, араны гиперемияланған, жабынды жоқ. ТАЖ-54 рет минутына. Аускультацияда тыныс алуы қатаң, өкпеде сырылдар естілмейді. Визуальді жүрек аймағы өзгеріссіз. Жүрек тондары ритмді, ЖСЖ-138 рет минутына. Іші жұмсақ. Бауыры қабырға доғасынан 2см шығыңқы. Менингеальді симптомдар анықталған жоқ. Нәжіс пен зәр шығару ешқандай бұзылыссыз.
Жалпы қан анализі: Нв-122г/л, эр-3,8*1012/л, ТК-0,83, тр-247*109/л, л-9,8 *109/л, с/я -32, т/я -4, э-1, лимф-56, СОЭ-10мм/сағ.
Жалпы зәр анализі: түсі-ашық сары, тығыздығы-1010, ақуыз, глюкоза жоқ, лейкоциттер 1-2 көру алаңында, эритроциттер, цилиндерлер жоқ, шырыш-аз мөлшерде.
Тапсырма:
1. Негізгі патологиялық синдромдарды анықтаңыз.
2. Болжам диагнозды қойыңыз.
3. Қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізу қажет.
4. Осы ауруға емдеу жоспарын жасаңыз.
5. Аталған ауруға профилактикалық шараларды атап өтіңіз
№ 12 Есеп
Аймақтық дәрігерге профилактикалық қабылдауға анасы 5 айлық ұлымен екпе жүргізу туралы сұрақтармен келді. Бала IV-ші жүктіліктен, қалыпты көрсеткіштермен жетіліп туған. Табиғи тамақтануы 1,5 айға дейін ғана, кейін «Агуша» қоспасы берілген. Рахитты алдын алу 2 айынан бастап, бірақ ретсіз береді. Соңғы 2 айда анасы баласының қатты терлейтініне, ұйықтағанда шошитынына шағымданады. Қарағанда: Шүйдесінің жалпаюы мен шашының түсуі, үлкен еңбек қырларының жұмсаруы бар. Кеуденің төменгі апертурасы кеңейген, Гаррисон жүлгесі байқалады, қабырғалық «тәспілер» пальпацияланады. Үлкен еңбегі 3х4 см көлемінде. Бұлшықеттік гипотония, аяқтарын нашар тірейді. Шырышты қабаттары таза. Тынысы пуэрильді, сырылдар жоқ. Жүрек тондары айқын, ырғақты, ЖЖЖ-120 соққы минутына. Іші ұлғайып, жалпайған, ауырсынбайды. Бауыры мен көкбауыр ұлғаймаған. Нәжісі ботқа тәрізді, күніне 2-3 рет.
Тапсырма:
1. Негізгі патологиялық синдромдарды анықтаңыз.
2. Болжам диагнозды қойыңыз.
3. Қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізу қажет.
4. Осы ауруға емдеу жоспарын жасаңыз.
5. Аталған ауруға профилактикалық шараларды атап өтіңіз.
№ 13 Есеп
8 жасар бала тыныс алудың қиындауына, тәулігіне 6-7 ретке үлкен дәретке шығуына шағымданып келді. 2 жүктіліктен (1 ші жүктіліктен болған баласы неонаталды кезеңде мекониалды илиустен қаза болған). Туғаннан аурады: жиі пневмониямен ауырған. Жоғары температура, ентігу, бөлінуі қиын қақырықты жөтел шағымдарымен бірнеше рет ауруханада жатқан.
Ауруханаға тускен кездегі жағдайы өте ауыр. Дене салмағы жасына сай емес. Тері жабындысы бозарған, ауыз-мұрын үшбұрышы цианозды, «барабан саусақтары» симптомдоры байқалады. Кеуде қуысы бөшке тәрізді формада. Өкпесінде тимпаникалық перкуторлы дыбыс естіледі. Аскультацияда: оң жақта тыныс әлсіреген, сол жақта қатаң дыбыс. Әр түрлі калибрлі ылғалды және құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары әлсіреген, жүрек ұшында ситолалық шу. Бауыры 3см, көкбауыр пальпацияланбайды. Нәжісінің мөлшері көп, майлы, қою.
ЖҚА: Нв 110 г/л, Эр-3,8х1012/л, Т.К.-0,85, Л-7,7х109/л, Т/я-8%, С/я-54%, эозин-3%, лимф-25%, мон-10%, ЭТЖ 25мм/сағ.
Тер тесті: тер хлоридтерінің өтімділігі-120ммоль/л. Капрограмма: үлкен мөлшерде бейтарап майлар.
