Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Задачи ДБ для ВОП 6 курс каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.63 Кб
Скачать

Тапсырма:

  1. Негізгі патологиялық симптомдарды анықтау (қауіп белгілері)

  2. Болжам диагноз қою

  3. Дифференциальды диагностика жүргізілетін ауруларды айту

  4. ИВБДВ бойынша ауруды емдеу жоспарын құру

  5. Аурудың алдын алу шараларын айту

№ 5 Есеп

Саша К. 3 жас 4 ай, дене температурасының 380Сдейін көтерілуінен жедел ауырды, екіретті құсу, іш ауруы пайда болды. Ауру басталуынан 6 сағаттан соң, қызба және қайталанған құсу сақталуымен, тәулігіне 7 ретке дейін сұйық, сулы нәжіс пайда болды. Аурудың екінші күні дене температурасы 38,8С дейін жоғарылады, құсу қайталанды. Тәбеті төмендеген, сұйықтықты құмартып ішеді. Анасының айтуынша, баланың нәжісі көлемі аз,сұйық, сулы, сары түсті, шырыш араласқан тәулігіне 12 ретке дейін қайталанған. Өмір анамнезі: бала дені сау ата-анадан туылған, туылғандағы салмағы 3700 грамм. Физикалық және жүйке-психикалық дамуы жасына сай. ЖРВИмен жиі ауырады (жылына 6ретке дейін). Аллергологиялық анамнезі қалыпты. Жасына сай вакцина егілген. Эпидемиологиялық анамнез: балабақшаға барады, онда соңғы 2 күнде 3 бала және тәрбиеші ауырған. Барлық ауырғандарда клиникалық симптомдары ұқсас.

Учаскелік дәрігердің аурудың 2 ші күні қарауы кезінде баланың жағдайы орташа дәрежелі, дене температурасы 37,8С, тамақтан бас тартады, селқос, мазасыз, сұйықтықты құмартып ішуде, ішінің ауыруына шағымдануда. Тері қабаты бозғылт, мраморлы түстес; тері созылғыштығы және тіндердің тургоры төмендеген.Тілі ақ жабынмен жабылған; ауыз қусының шырышты қабаты құрғақ. Ауыз жұтқынщақты қарау кезінде, жұтқыншақтың артқы қабырғасының және доғаларының аздап гиперемиясы және бұдырлануы байқалады.. Аускультативті тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Жүрек тондары ритмді, тұйықталған, тахикардия минутына 128дейін. Пульс толымдылығы және күші қанағаттанарлық, ритмі дұрыс. Іші терең пальпацияға жасалымды, эпигастрий аймағында аздап ауырсынады, жоғарғы бөлімдерде кепкен, барлық аймақтарында құрылдау анықталады. Бауыры және көкбауыры қабырға доғасы бойымен пальпацияланады, ауырсынусыз. Нәжісі сұйық,сулы, сіңірілмеген, өткір жағымсыз иісті, аздап мөлдір шырыш араласқан, газдардың шығуымен жалғасады. Зәр шығаруы қалыпты, әдеттегіден сирек, көлемі аз-аздан.

Тапсырма:

  1. Негізгі патологиялық симптомдарды анықтау (қауіп белгілері)

  2. Болжам диагноз қою

  3. Дифференциальды диагностика жүргізілетін ауруларды айту

  4. ИВБДВ бойынша ауруды емдеу жоспарын құру

  5. Аурудың алдын алу шараларын айту

№ 6 Есеп

Жалпы практикалық дәрігер патронаж жүргізу барысында 10 күндік баладан қарау кезінде анықтады: кіндік аймағы аймағындағы жарадан серозды бөліністердің ағуын байқады. Анасында ешқандай шағымдар жоқ, нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы 36,7С, белсенді емеді, құспайды.

ЖҚА: Нв 196 г/л, Эр-5,9х1012/л, ретик.-1,5%, Т.К.-0,94, Л-9,0х109/л, Т/я-5%, С/я-42%, эозинофил-1%, лимф-47%, мон-5%, ЭТЖ 2мм/сағ.

Тапсырма:

1. Негізгі патологиялық синдромдарды анықтаңыз.

2. Болжам диагнозды қойыңыз.

3. Қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізу қажет.

4. Осы ауруға емдеу жоспарын жасаңыз.

5. Аталған ауруға профилактикалық шараларды атап өтіңіз.