Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Задачи ДБ для ВОП 6 курс каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.63 Кб
Скачать

«Астана медицина университеті» АҚ

Интернатура бойынша балалар аурулары кафедрасы

«Балалар аурулары» пәнінен «Жалпы тәжірибелік дәрігер» мамандығы

бойынша 6 курс интерндеріне СЖКЕ арналған ситуациялық есептер

№ 1 Есеп

Танзила 18 айлық, салмағы 10 кг, медициналық қызметкерге алғаш рет қаралуда, дене температурасы 38С. Анасы амбулаторияға жөтел және денесінің ыстық болуына шағымданып әкелген. Анасының айтуы бойынша жөтел мен дене температурасының жоғарылауы 4 күнге созылған. Медициналық қызметкер нәрестеде қауіпті жағдай белгілерінің бар жоқтығын тексерді. Қыз бала су іше алады, кез келген тамақ немесе сусын ішкеннен кейін құсу анықталмайды, тырысулар болмаған, есі анық және летаргиялы емес. Нәресте соңғы 3 айда қызылшамен ауырмаған, ауыз қуысының шырышты қабатын қарағанда жара анықталған жоқ және көзде іріңді бөліністер жоқ. Тыныс алу жиілігі 58 рет мин. Танзиляда кеуде клеткасының ішке кіруі байқалады, тыныштық жағдайда стридор жоқ. Нәрестеде астмоидты тыныс анықталды. Медициналық қызметкер тез әсер етуші бронхолитикпен спейсер арқылы 20 мин интервалмен 3 рет ем жүргізді және әр емнен соң жөтел белгілерін бағалап отырды.

Сальбутамолды бірінші рет бергеннен кейін кеуде клеткасының төменгі бөлігінің ішке кіруі сақталды, ТАЖ-58 рет мин. Сальбутамолды екінші рет берген соң кеуде клеткасының төменгі бөлігінің ішке кіруі жойылды, ТАЖ-50 рет мин. Сальбутамолды үшінші рет бергенде ТАЖ-46 рет мин болды, астмоидты тыныс жойылды. Сальбутамолды беру барысында жалпы қауіпті белгілер болған жоқ.

Тапсырма:

  1. Негізгі патологиялық симптомдарды анықтау (қауіп белгілері)

  2. Болжам диагноз қою

  3. Дифференциальды диагностика жүргізілетін ауруларды айту

  4. ИВБДВ бойынша ауруды емдеу жоспарын құру

  5. Аурудың алдын алу шараларын айту

№ 2 Есеп

Ануар 9 айлық. Салмағы 9,5 кг. Дене температурасы 39,5С. Анасының айтуы бойынша, балада 5 күнге созылған диарея. Анауарда жалпы қауіпті белгілері жоқ. Жөтел мен тыныс жетіспеушілігі анықталмайды. Медициналық қызметкер тексеріп, Ануарда диарея белгілері бар жоқтығын тексерді. Анасы алдын ала, Ануарда 5 күнге жалғасқан диарея бар екенін айтқан. Балада нәжісінде қан жоқ. Ауырсынумен байланыссыз тітіркенгіш және мазасыз емес. Нәресте летаргиялы емес және есі анық. Көздері үңірейген. Бала шөлдегіш және оған берілген суды қомағайлықпен ішеді. Тері қатпарының жазылу баяу. Одан кейін медицина қызметкері қызбаға байланысты қосымша белгілері бар жоқтығын тексерді. Ануардың анасы, бала шамамен 2 күн бойы ұстағанға ыстық екенін айтты. Желке бұлшықеттерінің регидтілігі жоқ. Қызылшаға ұсқайтын клиникалық белгілері жоқ. Ануарда тамағында ауырсыну сезімі. Тамағында ақ жабынды. Медицина қызметкері мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюын сезбеді.

Балада есту қабілеті сақталған. Медицина қызметкері тамақтанудың бұзылуы мен анемия белгілерін тексерді. Балада анық ауыр зорығу жоқ. Алақанының бозғылттануы жоқ. Екі табанының да ісіну белгілері жоқ. Медициналық қызметкер салмағын жасына байланысты анықтады. Медициналық қызметкер Ануарды басқа да ақаулары бар жоқтығын тексерді. Басқа ақаулар анықталмады.

Тапсырма:

  1. Негізгі патологиялық симптомдарды анықтау (қауіп белгілері)

  2. Болжам диагноз қою

  3. Дифференциальды диагностика жүргізілетін ауруларды айту

  4. ИВБДВ бойынша ауруды емдеу жоспарын құру

  5. Аурудың алдын алу шараларын айту