Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус Казахский.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
619.87 Кб
Скачать

4. Иллюстрациялық материал: 13 мультимедиялық дәріс.

5. Әдебиеттер.

  1. Актуальные вопросы ортопедической стоматологии Г.И.Ибрагимов, Москва, 2005 г.

  2. Руководство по ортопедической стоматологии. Лебеденко В.Н., Каливарджян Э.С., Ибрагимов Т.И.. 2005 г.

  3. Ортопедическая стоматология. Копейкин В.Н., Г.Ш. Миргазизов, 2001 г.

6. Бақылау сұрақтары

1. Тістің түсу себептері.

2. Кеннеди бойынша топтастырыу, протез құрылымын таңдаудағы оның ролі.

3. Көпіртәріздес құрылымды таңдаудағы одонтопарадонтограмманың атқаратын

ролі қандай?

4. Консольды көпіртәріздес протез. Артықшылықтары мен кемшіліктері.

9 Дәріс

  1. Дәрістің тақырыбы: Тіс қатарының ақауларын жартылай алмалы протездермен ортопедиялық емдеу (жартылай пластиналық, бюгельді протездер).

  2. Мақсаты: Студенттерді алмалы протездердің құрылымымен таныстыру. Тіс қатарының ақауларын алмалы протездермен емдеудің көрсеткіштерін таныстыру. Науқастарды протездің осы түрімен емдеу үшін тексеріп қарау. Бекіту элементтері (кламмерлер, құлыптар, аттачмендер, телескопиялық жүйе).

  3. Дәрістің тезистері:

  1. Алмалы протезбен емдеуге жататын тіс қатарының ақаулары.

  2. Тіс қатарларының бюгельді протезбен емдеуге жататын көрсеткіштер мен қарсылықтар.

  3. Алмалы құрылымдармен орнықтыру.

Алмалы протез құрылымы тіс қатары ақауларының барлық түрінде, егер де науқас тұрақты протезден бас тартса салынады. Осы жерде алмалы протез құрылымының артықшылығы да кемшілігі де бар екенін айта кеткен жөн. Дәріс барысында алмалы протездің көбінесе қолданылатын түрі ЖАП бен доғал бюгелді протез екенін түсіндіру. Қазіргі кезде қолданылатын бекіту түрлері құлыптаушы, аттачмендер, телескопиялық сауыттыр, сауыт іші мен сыртында жасалатын құлыптар туралы мағлұматтар беру қажет. Қатты, лабильді, жартылай лабильді бекіткіштер ге де сипатама мен баға беру қажет.

4. Иллюстрациялық материал: 14 мультимедиялық дәріс.

5. Әдебиеттер.

  1. Теория и клиника протезирования ЧСП, Гаврилов Е.И., 1973

  2. Ортопедическое лечение частичной вторичной адентии съемными зубными протезами с замковой фиксации. Диссертация канд., М, 2000г.

  3. Актуальные вопросы ортопедической стоматологии. Г.И.Ибрагимов. Москва, 2006г.

6. Бақылау сұрақтары

1. ЖАП құрылымын таңдаудағы биологиялық негіздеме .

2. Одонтопародонтограмма. Оның қолданысы.

3. Алмалы тіс протездері түрлерінің артықшылығы мен кемшілігі.

10 Дәріс

  1. Дәрістің тақырыбы: Тістің толықтай болмауы кезіндеалмалы тіс протезі қондырғыларымен ортопедиялық емдеу жолдары.

  2. Мақсаты: Студенттерді ортопедиялық стоматологияның ең күрделі бөлімі – тістің толықтай болмауы кезінде протездеу мәселесімен таныстыру. Толықтай алмалы пластиналық протездің көмегімен тісті протездеудің негізгі принциптерін қарастыру.

  3. Дәрістің тезистері:

  1. Тістің толықтай болмауы кезінде адамның тіс-жақ жүйесінің ерекшеліктері.

  2. Келлеру, Шредеру, Оксману бойынша тіссіз жақтың топтастырылуы.

  3. Толық адентия кезінде ТАП бекіту мен орнықтыру мәселелері.

  4. ТАП-тың белгілі бір клиника-технологиялық сатыдағы сапа өлшемдері.

  5. Толық алмалы протезге бейімделі.

Жас келе жақ-бет аумағындағы атрофия анық көрініп, анатомия-морфологиялық жағдайы өзгереді. Жоғарғы және төменгі жақтың бедері мен құрылымы, жүйке-қан айналым және бұлшық ет жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы, шырышты ауыз қуысы, СТЖБ, төменгі жақ қозғалысының биомеханикасы, артикуляция иен окклюзия да өзгере бастайды. Сондықтан ортопед-дәрігерлер шайнау, сөйлеу, жұтыну мен дыбыс шығару қызметтерін қалпына келтіру үшін бірден бірнеше мәселені шешуге мәжбүр болады. ТАП-ді бекіту мен орнықтыру басты мәселенің бірі болып табылады. Бұл мәселелер бүгінде ТАП дайындаудың заманауи технологияларының, физика, механика, биология, химия т.б. білімнің көмегімен, сонымен қатар ТАП-ді дайындау сатысындағы жасау ережелері мен сапасына сүйене отырып шешіледі.