Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус Казахский.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
619.87 Кб
Скачать

2. Бағдарлама

2.1. Кіріспе

Алынбайтын протездермен емдеу. Тіс протездерін клиникалық дайындау. Тістің қатты тіндерінің патологиясы, ортопедиялық емдеу әдістері: салмалар, өзекті тіс, винирлер, жасанды тіс, түрлері, ортопедиялық емдеудің клиникалық кезеңдері, тісті егеу техникасы, тісті егеуге дайындау. Жансыздандыру әдістері және ауру сезімін басу. Тіс қатарының кемістігі. Тіс-жақ жүйесінің салыстырмалы физиологиялық тепе-теңдігі және артикуляциясы туралы түсінік. Көпірлі протездер, оны дайындауды биологиялық, клиникалық, математикалық негіздеу. Металл, пластмасса, керамикалық құймалардан дайындалған көпірлі протездермен ортопедиялық емдеудің клиникалық кезеңдері, олардың үйлесуі.

2.2. Пәннің мақсаты: тістің қатты тіндері, тіс қатарының кетіктері және тістерін толық жоғалтқан науқастарға көмек көрсетудегі ортопедиялық стоматология негіздерінен білімі мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.

1) Білімін қалыптастыру:

  • Ортопедиялық стоматология клиникасында науқастың тістерін, тіс қатарларын тіс жақ жүйесі ауруларының әртүрлі нозологиялық түрлерінде тексеру әдістері;

  • тіс сауыты ақауының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, винирлермен, салмалармен, сауыттармен, өзекті құрылыммен ортопедиялық емдеу әдістері.

  • әртүрлі алынбайтын құрылымдарға арнап оның дайындау материалына байланысты тістерді егеу;

  • тісті егегенде жансыздандыруға көрсеткіштер; жансыдандыру түрлері, жансыздандыру кезінде асқынулар, оның алдын алу;

  • металлокерамикалық сауыттарды дайындау кезінде тістерді егеуге көрсеткіштер бойынша;

  • металлопластмасса, керамика, металлсыз керамика жасанды сауыттары сапалық белгілерін бағалау белгілері;

  • металдан, металлопластмассадан, металлокерамикада, және пластмассадан дайындалған жасанды сауыттар сапасын бағалау белгілеріне;

  • шақтау (орнықтыру) тәртібіне түсінік беру, жасанды сауытты бекіту, металдан, металлопластмассадан, металлокерамикада, және пластмассадан дайындалған жасанды сауыттарды шақтау реттілігіне және тәртібіне, жасанды сауыттарды бекіту ережесі мен реті және жасанды сауыттарды бекіту реттілігі;

  • жасанды сауыттарды бекітуге арналған цементтер түрлері;

  • металлды керамика сауыттарды дайындағанда тістердің ұлпасын алуға көрсеткіштер;

2) Тәжірибелік дағдыларын (операционалды) қалыптастыру:

  • дәрігер- стоматолог ортопед жұмыс орнын ұйымдастыру; науқастың шағымын анықтау және талдау; анамнез жинау; тексеру жүргізу және нәтижелерін интерпретациялау; тіркеу-есеп құжаттарын толтыру;

  • қалыптық материалдар таңдау; қалып алу;

  • Аболмасов Н.Г.қауіпсіздік аймағын ескере отырып, тісті егеу (қондырма)

  • тісті егеудегі жансыздандыру

  • металлопластмасса, керамика, металлсыз керамика, пластмассаға арнап тістерді егеу;

  • альгинатты массамен қалып алу, силиконды массамен толық екі қабатты анатомиялық қалып алу;

  • металлопластмасса, керамика, металлсыз керамика, пластмасса жасанды сауыттарды дайындау клиникалық кезеңдер ерекшеліктері

  • тісті егегендегі жансыздандыру, тісті егеудегі алдын алу шаралары;

  • металлопластмасса, керамика, металлсыз керамика, пластмассадан дайындалған жасанды сауыттардың сапа белгісін бағалау;

  • металлопластмасса, керамика, металлсыз керамика, пластмасса жасанды сауыттарды шақтау ережесі мен реті;

  • бекітуші материалдар, цементтер араластыру ережесі және жасанды сауыттырды бекіту ережесі мен реті;

  • тіспротездік конструкцияны дайындау кезеңдерінде тура емес жерлерін түзету;

  • 3) Коммуниативті дағдыларды дамыту:

  • - Жаңа терминдер мен түсініктер енгізу арқылы вербалды және вербалды емес коммуникация - шағымдарын анықтау және талдау, ауруының анамнезін, өмір анамнезін жинау арқылы

  • - ортопедиялық қабылдауда науқасты тексеру кезіндегі вербалды және вербалды емес коммуникация

  • - жеткілікті негіздеу заңы бойынша

4) құқықтық құзіретті қалыптастыру зерттеу арқылы:

- ортопедиялық стоматологиялық науқастың тексеру протоколын;

- дәрігер-стоматолог-ортопедтің тіркеу – есеп құжатын, оны жүргізу және сақтау ережесін:

Формалар № 037-1у, № 039-4у, № 043-у;

5)тақырыпты оқуға студенттің ынтасын дамыту;

2.3. Оқыту мақсаттары:

- ортопедиялық стоматология клиникасын ұйымдастыру принциптері мен жұмысы туралы білімін қалыптастыру

-дәрігерлік деонтология, семиология, диагностика негіздері туралы түсінік беру, тіс қатты тіндері патологиясы, тіс қатары кетіктері бар және тістері толық жоқ пациенттерді тексеру

- алынбайтын, алынатын емдік ортопедиялық құралдарконструкцияларын дайындау клини- калық кезеңдерін жүргізу әдістері туралы білім және тәжірибелік дағдылар беру

- дәрігер стоматолог ортопедттің негізгі кәсіптік мануалды дағдыларына үйрету (пациенттерде, волонтерде немесе фантомда).

Студент білу керек

- халыққа көрсетілетін ортопедиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру сұрақтары, ортопедиялық стоматологиялық бөлімдер мен поликлиникалар жұмысын ұйымдастыру-экономикалық аспектілері, жұмыс орнын нормативті жабдықтау;

- пән мақсаты, қатар жүретін стоматологиялық, жалпы медициналық және техникалық пәндермен ара қатынасы;

- ортопедиялық бөлімі негізгі және көмекші бөлмелерінің санитарлық нормалары, олардың жабдықталуы, стоматолог-ортопед, тіс технигі, көмекші персонал жұмыс орнын ұйымдастыру, гигиеналық талаптар;

- шайнау аппаратын тексеру негізгі және қосымша әдістері;

- қондырма, винир, өзекті тістер, әртүрлі сауыттар құрылымдары, көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, клинико-лабораториялық дайындау кезеңдері;

- тіс қатары кетіктері, тіссіз жақ, протез орны шырышты қабаты аймағы жіктемелері,тіссіз жақтарға протезді бекіту және орнықтандыру механизмі;

- көпір тәрізді, жартылай пластиналық, доғалы және толық алмалы протездер элементтері және мінездемесі;

- тіс қатары шектелген және шектелмеген кетіктеріндегі көпір тәрізді, биомеханикасы, клинико-лабораториялық кезеңдері.