Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекционный комплекс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.01 Mб
Скачать

6 Дәріс. Әбзел. Оны құрастыру мен дайындау ерекшелігі

Контейнерлер. Контейнерлердің құрылымы әралуан. Контейнерлер құйылған, пластиннен пісірілген, бұрамасұқпалы пластиннен, қырларымен пісірілген және т.б. (25-сурет).

Жұмыс қуысының формасы бойынша неғұрлым нақты контейнер – жүктемелерді бөлудегі цилиндрлік болып табылады. Бірақта, бөлшектің геометриясын ескере және қалыпталынатын плитаның ауданының неғұрлым толық қолданылуы контейнерлердің басқа формаларда болуына әкеледі (тікбұрышты және эллиптикалық қималар). Контейнерлердің өлшемдерін баспақтың күші және бөлшекті қалыптаудың қажетті қысымы бойынша есептейді. Контейнерді бекітетін бұрамасұқпаларды пайдаланып 30-35 сағаттан кейін алмастыру керек.

Контейнерорнатылатын плитада тесік болуы керек немесе оның баспақ сырғағына бекітілуі үшін қолдануы керек.

Контейнердің жинағына баспақтың стөліне бекіту үшін қобылағанмен қалыпталынатын плита кіреді. Контейнерге кіретін қалыпталынатын плитаның бөлігін 3-4 мм шетке кіші ғылып жасайды.

Биіктік бойынша контейнерді резеңке жастықпен толтыру мына түрде болуы керек, қалыпталынатын плита оған орнатылған сыртпішін өзгертетін үлкен биіктіктегі элементтермен контейнерге 5-8 мм сыртпішін өзгертетін элементтің жастықпен жанасу кезінде кіруі керек. Контейнердің жоғарғы плитасында тығынды тесікті қарастырады. Егерде контейнердің корпусының құрылымы монолиттті болса, онда дренажды каналдарды қарастырады.

Қатты сыртпішін өзгертетін элементтер. Қатаң сыртпішін өзгертетін элементтерді әртүрлә материалдан дайындайды: алюминий қорытпаларынан, балиниттен, текстолиттен, әртүрлі пластмастан, шойыннан және болаттан.

Қатаң сыртпішін өзгертуші элементтер конструкциясы тәжірибеде орнатылған конструктивті өлшемдер қатынасына және бірқатар ерекшеліктерден тұрады.

Сотандар конструкциясының ерекшеліктері. Сотандарды жоспарлаған кезде көп операциялар санын бір қалыпта біріктіруге ұмтылады.

26-суретте осындай қалыптардың конструкциялар схемасы берілген. Престің бір жүрісінде қорамы бойынша кесу, тесіктерді көмкеру, бөлшек ернеуін ию.

Қалыптың кейбір элементтері, кесуді орындайтын, болаттан жасайды, ал қалған қалып бөлімдерін – пластмассадан немесе ағаштан дайындайды.

Матрицаларды конструкциялау ерекшеліктері. Келтеқұбырды қалыптау үшін матрицаның конструкциясы 27-суретт келтірілген. Көріп отырғанымыздай, матрица қияқкесігі бар. Бұл қияқкесікті резеңке жастықтың тозуын азайту мақсатында жасайды. Жұмыс бөлігінің енін жоғары жағы бойынша келесі қатынастан анықтаймыз;

а=5Rп

матрица биіктігі – мына формуладан:

hм = (1,5÷2,0)Rп

мұндағы Rп — келтеқұбұбырдың ішкі радиусы.

.

1— Контейнердің тұғыры; 2 — резеңкелі жастық; 3 — стакан а— құйма; б — пластиннен пісірілген; в — бұрамасұқпалы пластиннен; г— пісірілген қабырғалармен;

25 – сурет. Контейнерлер типі

Гм ұяқалыптың жұмыс ернемектерін дөңгелектеу радиусын келте құбырды ию радиюсының функциясы және дайындаманың металының қалыңдығы ретінде қабылдайды және де график бойынша анықтайды ( сурет - 28). Мысал, s = 2 мм қалыңдығы бар

келтеқұбыр үшін және Rо = 45,7 мм (мұндағы R0 — жоспардағы түрдегі келтеқұбыр радиусы) , Rп=10 мм болғанда Гм = 8 s= 16мм аламыз.

Матрицаларды АЦ-13 қорытпадан немесе балинеттен дайындайды. Кейде шойын немесе болатты қолданады. Беттің жиілігі Ra 0,7 болуы керек, яғни матрица бетінің.

Ернемектің орын ауыстыруынсыз керу кезінде үлкенкөлемді бөлшектерді екі еселі қисықты (түп сияқты) матрицасаның жұмыс бөлігінің геометриясын серіппелеуге түзету қажет: матрицаның тереңдігі Δh шамасына өсірілуі керек, материалдың түріне тәуелді, жоспардағы бөлшектің габаритіне және бөлшектің тереңдігіне. Түзету шамасын анықтамалар кестесі бойынша таңдайды.

Δh серіппелеуге түзетумен матрицаның профилі қалыпталынатын рельфтің периметрінде жатқан нүктелермен бірдей жанасуға ие болуы қажет.

1 — қалыпталынған бөлшек; 2 - сотан; 3 — болат жапсырма ; 4 — болат төлке.

26 –сурет. Біріктірілген қалыптаулар конструкциясы.

Терең керу үшін пуасондар конструкциясының ерекшеліктері. Пуасондарды көмірлік болаттардан, сондай-ақ АЦ-13 қорытпалардан дайындайды. Беттің жиілігі Ra 0,7 болуы керек. Алюминий қорытпасынан жасалған бөлшектерді қалыптау кезіндегі созу коэффициенті к>0,5 болғанда және болинит немесе тексолит аз партия үшін сотандар қолдануға болады.

Обтекателей типіндегі бөлшектерді қалыптау үшін матрица өлшемдерін қатынасы 29 – суретте көрсетілген.

27 –. сурет. Келтеқұбырды қалыптау үшін матрицаның конструкциясы.

Сотанды дөңгелектеу радиусы жоспарда бөлшекті дайындайтын материалдың үш қалыңдығынан кем болмауы керек. Сотан торц дөңгелектеудің тиімді радиусы 6÷8 қалыптанатын дайындаманың қалыңдығына тең.

28-сурет. Матрицаның жұмыс жасаушы жиектерінің радиусын анықтау үшін график

а - матрица; б — матрица бойынша дайындалған бөлшек.

29-сурет. Қаптауыш түріндегі бөлшектерді қалыптау үшін матрицаның сұлбасы.

Тікбұрышты бөлшектер үшін сотан жақтарының жанасуларының ең кіші радиусы қабылдайды: (10÷15) s — алюминийй қорытпалары үшін; (13÷15) s — С20 үшін; (I5÷I7) s — 1Х18Н9Т үшін.

Қыспақты сақиналарды құралдың болаттан немесе азкөміртекті цементтелген беттен даярлайды. Қысатын сақинаның түйісу жақтарының беттік жиілікиері Ra 0,7-ден төмен болмауы керек, өйткені осы бет бойынша дайындаманың ернемегі сырғанайды.

Пуансон мен қыспақ сақинаның арасындағы саңылау 0,3 ÷ 0,6 мм жақтарына тең болуы керек.

30 – суретте бірнеше қыспақты сотандар конструкциясы көрсетілген.

30–сурет. Терең созу (керу) үшін сотандар мен қыспақтар.

Ұсынылатын әдебиеттер: Нег.1 [56-65], 2 [43-50]

Бақылау сұрақтары

  1. Керу операциясын қандай схемалар бойынша орындауға болады?

  2. Созу схемаларын таңдау неге тәуелді?

  3. КВ, дегеніміз не, қалай анықталады?

  4. Келтеқұбырды қалыптау үшін қажетті қысым шамасын қалай анықтайды?

  5. Қыспақпен қатаң пуансонда резеңке матрицамен керу процессінің маңызы?