Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекционный комплекс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.01 Mб
Скачать

Дәріс сабақтарының конспектісі

1 Дәріс. Суықтай қалыптаудың топтық әдістері

Суықтай қалыптаудың топтық әдісі бөлшектердің жіктелулеріне төмендегі бөлшектер топтарын ерекшелеумен, яғни бөлшектерді дайындау үшін баспақтық жалпы бастауы қажет болатын біртипті жабдықтар, әмбебап ернеулер мен кезекті жұмыс бөліктерімен қалыптардан тұрады. Топтық қалыптау мен операциялар, сондай-ақ бөлшектер тобын ортақ тізбектер операцияларымен дайындау кезінде де қолданылуы мүмкін.

Суықтай қалыптауды аз сериялы және сериялы өндірісте қолдану аймағында екі бағыт бар:

а) бөлшектерді топтық қалыптау үшін әмбебап және ықшамды қалыптауларды құру;

б) қалыптардың ауысу пакеттері үшін әмбебап ернеулерді құру.

Әмбебап және қысқартылған қалыптар қол операцияларына бармай жауапты бөлшектерді топтық қалыптау әдістерімен дайындауға мүмкіншілік береді.

Әмбебап ернеулер қалыптық әбзелдің дайындау құнын біраз төмендетеді, олардың баспақтарда орнатылу уақытын қысқартады және қалыптарда сақтау үшін аз қойма алабын талап етеді.

Қазіргі кезде әрбір өндірісте ортақ тағайындалуы бар бөлшектер және түйіндер бар, яғни кез-келген бұйым конструкциясында бөлшектердің көбісін құрайтын, және, бұдан, жеке аспаптың қалыптар орнына пакетті қалыптармен әмбебап ернеулерді қолдану тиімдірек. Жалғыз дұрыс шешім – бөлшектерді топтық қалыптау әдістерімен дайындау, бұл әмбебап және қысқартылған қалыптарды, әмбебап қалыптау жабдығын қолдану шарты кезінде рационалды.

Аз көлемді және жиі алмастырылатын наменклатурада бөлшектерді дайындау кезінде әмбебап жабдық пен қалыптар жиынында элементтер бойынша қалыптаудың топтық әдісін қолдану неғұрлым мақсаттырақ.

Элементтер бойынша қалыптау маңыздылығы әмбебап қалыптау жабдығымен және әмбебап қалыптар жинағының көмегімен бөлшектің формасын және қорамының тізбекті қалыптасуына негізделеді.

Кез-келген бөлшектің қарамы қарапайым элементтерден тұратындығы белгілі: түзу, қисық және шеңбер. Бұл элементтердің сәйкестігі мен олардың өлшемдері бөлшектің фигурасын анықтайды, фигуралардың көп түрліліктерін құрайды. Сондай-ақ бірдей өлшемді элементтердің бар болуы кезінде де әртүрлі бөлшектерді тұрғызуға болады. Суретте-1 әмбебап қалыптарда тізбекті қалыптаумен бірдей элементтерден алынған бөлшектердің үлгілері көрсетілген.

Бұл сызықтай қалыптаудың топтық процессін тұрғызу және жобалау үшін жағдай жасайды.

1-сурет. Әмбебап қалыптар көмегімен дайындалған бөлшектер үлгілері

Егер қалыпталынатын бөлшектерді жекелей көрсетсек, онда олардың әрбіреуін дайындау үшін қанша бөлшек болса, сонша процесстер жасау және сәйкес қалыптар санын құрастыру қажет болады. Бұндай процесстің басты жетегі болып әмбебап қалыптар жинағы табылады. Бір қалып түзу сызықтардан тұратын элеметтер тобынан немесе бір элементті өңдеу үшін тағайындалады; басқасы – қисық бойынша өңдеу үшін, мысалы, радиус бойынша бөлшекті кесу үшін; үшіншісі - әртүрлі арақашықтықтарда түрлі диаметрлердің тесіктерін тығындау үшін; төртіншісі – ию жұмыстары үшін және т.б.

1-ші суретте келтірілгенбөлшектердің үлгілері топтық қалыптау өндірістің белгілі технологиялық дайындығын талап етеді, соның арқасында қажетті қалыптау әбзелдің саны мен наменклатурасы бірден қысқарады.

Приборжасаудағы топтық қалыптаудың (элеметтер бойынша) жұмыс тәжірибесі мынаны көрсетеді: бұрын қолмен өңделген немесе арнайы қалыптар көмегімен өңделген қалыптанатын беттік бөлшектер санының барлық 30-60%-ін әмбебап қалыптар жиынының бар болуында дайындауға болады. Мұнда элемент бойынша қалыптау үшін, бөлшекті дайындаудың тұйық циклі бойынша бір қатарлы әмбебап қалыптар орнатылған аз қысымды үлкен емес өлшемді үстел-үсті типіндегі бірнеше баспақтар қолданылады.

Машина жасау заводтарындағы басқа күйі, онда қалыптау бөлшектері алудың жағдайы бірқатар қиыншылықтармен байланысқан.

1. Бөлшектердің өлшемдерінің неғұрлым кең диапазоны (минимумнан максимумға дейін), құрастыру бөлшектерінің әртүрлілігі, үлкен габариттер және дайындамалардың үлкен қалыңдығы конструкцияны қалыңдатады және қажетті әмбебап қалыптардың санын өсіреді.

2. Үлкен габаритті бөлшектер үшін әмбебап қалыптар өз құрастырылуы бойынша үлкен , күрделі болып келеді және олардың кейбіреулерін дайындау дәлдігі 1-3 класстар шегінде болуы қажет.

3. Қалыптау операциясын орындау үшін стационар типтегі үлкен габаритті үстел параметрлерімен және баспақ сырғағымен қуатты жабдық қажет. Тұйық цикл бойынша бір бөлімшеде осындай жабдықтың концентрациясы баспақтардың шектелген санының аз жүктелуі негізінде әр қашан бола бермейді және мақсатсыз. Сондықтан машина жасауда элемент бойынша қалыптаумен бөлшектерді толық дайындауға мүмкіншілігі шектелген және берілген бұйымның беттік бөлшектерінің жалпы санының шамамен 10-30% құрайды.

Ұсақ бөлшектерді қалыптаудың бар әдісіне қарағанда баспақтың бір жүрісіне жабдық қуатын максималды қолдануға мүмкіндік беретін ірі беттік бөлшектерді суықтай қалыптаудың топтық әдісі жасалған және енгізілген.

Суңрет-2 үлкен өлшемді беттік бөлшектер көрсетілген. Бөлшектер бірдей емес қарам және әртүрлі габариттерге ие. Бірақ та жеке конструктивті элементтер ұқсастықтарға ие, ал олардың кейбіреулері (тесік диаметрі, қадам және бұрыштар) бірдей өлшемдерге ие. Осындай бөлшектерді бір топқа жинау оларды арнайы әмбебап (берілген топ үшін)қалыптарда элементтер бойынша үлкен өндірушілікпен және баспақ жабдығының қуатын максималды қолданумен қалыптауға мүмкіндік береді.

2 –сурет. Беттік құрсама бөлшектері

Ол үшін әмбебап қалыптар неғұрлым үлкен өлшемде және конструктивті элементтер бойынша жобалайды, оларды осындай кіші өлшемді бөлшектерүшін қолдануда қалыптардың жұмыс бөліктерінің бір бөлігі бос жұмыс жасайды.

Топтық қалыптау әбзелі үлкен тиімділікпен қолдануы үшін, осындай бөлшектердің ең үлкен санын жинауға ұмтылу қажет және оларды формасы бойыншанегізгі конструктивті элементтерге жақындатып, соңғыларының санын максималдыға қалыпты ету. әибебап қалыптарға ие топтардың бірде-біреуіне кірмеген элементтер арнайы қалыптарда қалыпталынады.

Топтық қалыптаудың басқа мысалы болып едендік кермелеу бөлшектері табылады (сурет-3), олар өз формасы және конфигурациясы бойынша күрделі болып келеді. Мұндай бөлшектердің сапалысын қолиен алу мүмкін емес. Олардың аз санына қарамастан, қалыптау әбзелін жобалауға тура келеді.

Көрсетілген бөлшектердің конструктивті элементтерін қарастырайық:

1. Диаметр және сфера радиусы оларда бірдей, сондықтан созу (керу) және қорамалау қалыптары ортақ бола алады.

.

3 –сурет. Едендік кермелеу бөлшектері

2. Сурет 3 б,в-де бейнеленген бөлшектердің көмкермелері жалғыздан және бір қалыпта кесіктерде алынуы мүмкін. Айырмашылық радиустар R50 R52 өлшемдерінде, сондай-ақ көмкермелердің бағыттары маңызды мәнеге ие емес, өйткені ірі бөлшектерді қалыптау кезінде 2мм өзгешелігі болуы мүмкін. Бұл қателікті келесі қорамалау қалыптауының соңғы операцияларында болдырмауға болады.

3. Тетікті көмкеруде ойық ашық түрде 3,б суретте бейнеленген , ø95 мм ие, ал тетіктер сурет 3-те, ø128 мм-де; бұл өлшемдерді бір қалыпта ауыспалы жұмыс бөліктері болғанда алуға болады(сотандар және матрицалар).

Сондықтан, тетіктерді жеке конструктивті элементтерге жинау және бөлукүрделі түрде берілетін тетіктерді дайындау үшін қалыптау топтарын құруға мүмкіншілік береді.Берілген тетікттерің басқа конструктивті элементтеріне келетінболсақ (күрделі және ұсақ ойықтарды тесу), онда олар жеке көпсотанды қалыптарда әрбір тетік үшін жекелей орындалады. Өйткені қалып – күрделі, қымбат аспап, сондықтан оған шығатын шығындар ірі партиялы тетіктерді қалыптау кезінде ғана қайтарылады, сол себепті азсериялы өндірісте санның азаюы мен қалыптар құрылымын ықшамдауға ұмтылу қажет.

Қазіргі кезде азсериялы өндіріс жағдайына арналып жасалған әбебап сондай-ақ, арнайы қалыптар құрылымдары бар. Бұлжерде суықтай қалыптаудың топтық әдістеріне қысқаша шолу жасалған; оларды білу және сәйкес білімді алу қалыптаудың жаңа әдістері мен әмбебап әбзел қалыпын неғұрлым кең енгізуге мүмкіншілік береді.

Өндірістің технологиялық дайындығы алдыңғы тәжірибені жүйелеу мен қамыту негізінде құрылуы қажет. Алдыңғы қатарлы технологияны ендірумен байланысқан есептерді сәтті шешудің міндетті шарттары болып өндірістің сериялылығын көтеру табылады. Өнімді азсериямен және сериялы түрде шығаратын заводтарда партиялар өлшемдерін көтерудің екі жолы бар:

1) объектілердің құрастырушыларының тұрақты есебі болып табылатын, машиналар мен приборлардың тетіктері мен түйіндерін қалыптандыру және біріңғайлау сондай-ақ, қалыптандыру мен стандарттау жұмысшыларында;

2) технологиялық процестерді, операцияларды және олардың элементтерін біріңғайлау сондай-ақ, бүкіл технологиялық әбзелдерді қалыптандыру; бұл жұмыс топтық әдістің принциптерін қолдану негізінде бас технолог бөлімімен жүргізіледі.

Жұмыстың екі түрі де бірін – бірі толықтырып отырады сондықтан екеуі қатар жүруі керек.

Ұсынылатын әдебиеттер: Қос.11 [5-17]

Бақылау сұрақтары

  1. Суықтай қалыптаудың топтық әдісі неге негізделген?

  2. Азсериялы және сериялы өндірісте суықтай қалыптаудың қандай бағыттары бар?

  3. Әмбебап блоктардың артықшылықтары

  4. Өнімді азсериялы және сериялы шығаруда партиялар өлшемдерін көтеру жолдары?