Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otchet_novy_2017.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
388.1 Кб
Скачать

1.3 Банктің басқару құрылымы және банк саясаты

«Цеснабанк» АҚ ұйымдық құрылымы сызықтық –функционалді.

Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтапрға бөлуге болады. Көптген елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамыған түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.

Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ол өздерінің өкілеттілігін кейіннен Ұлттық банкті ескертумен ашады.

Банк филиалы бұл банктің берген құқықтары шегінде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме.Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген құжаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.

Банк өкілдігідепозит тартудан басқа белгілі бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.

Еншілес банк жарғылық қордың 50% нан астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.

Банкті ұйымдастыруды көптеген факторлармен анықтауға болады

Банктің стратегиялық міндеттерімен оның бөлшек сауда нарығына қатынасымен сол мекемеде қабылданған басқарудың жалпы формасы.

Банктің ұйымдастырылу құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсаздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады.

Банктің ұйымдастырылу құрылымы екі әдіспен анықталады – банктің басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы.

Басқару органын тағайындаудың мақсаты – банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету.

Депозиттік операцияларды басқару банктің меншікті капиталымен тартылған қаражаттарды есептеу және талдаумен айналысады. Ол әдетте депозиттік операция , қор бөлімдерінен тұрады. Бұның біріншісі шарт жасасумен , депозиттік қаражаттарды есептеу және талдаумен айналысады, екіншісі банктің меншік қаражаттарын есептеу және талдаумен айналысады.

Кредиттік басқарма қарыз алушыларды кредиттендіру сұрақтарымен айналысады. Ол әдетте тұрғындарды қысқа мерзімді кредиттендіру банкаралық операция және т.б бөлімдерден тұрады.

Банктің филиалдарын басқару филиалдардың қызметіне жетекшілік етумен, бақылаумен, банк филиалдарына іс тәжірибелік әдістемелік көмек көрсетумен айналысады.

Есеп – кассалық операциялар басқармасы клиенттерге шот ашумен кассалық операцияларды және есеп- айырысуды жүргізумен айналысады.

Валюталық басқарма валютамен операциялар жүргізуге арналған.

Статистикалық және талдау бөлімі статистикалық ақпараттарды талдау, жинаумен және клиенттерге ақпараттық - анықтамалық қызмет көрсетумен айналысады.

Банктің қызметін болжау басқармасы банктің негізгі қағидаларын өтімділік, пайдалылық , және сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында банктің басқарушылық қызметін жүзеге асыру үшін құрылған.

Өтімділік бөлімі банктің өтімділік бөлімін анықтау бойынша сұрақтар кешенімен айналысады.

Шаруашылық есеп бөлімі банктің кіріс және шығысын болжау , нақты кірістермен шығыстарды талдау және пайдалылықты анықтаумен айналысады.

Коммерциялық қызметтің негізін жасайтын бөлім кредиттік потенциялды анықтаумен, банк іскерлік саясатының актісін жасаумен айналысады.

Кесте - 3 «Цеснабанк» АҚ штаттық кестесі

Бас офис

Банк өкілдігі

Еншілес банк

Банк филиалдары

Банк бөлімшелері

Депозиттік бөлімі


Кредиттік бөлім


Валюта айырбастау(сату сатып алу )


Есеп – кассалық бөлім


Статистикалық талдау бөлімі


Коммерциялық қызметтің негізін жасайтын бөлімі


Өтімділік бөлімі


Кестеде «Цеснабанк» АҚ штаттық кестесі берілген бұнда жалпы банкті қамтитын барлық бөлімшелер рет ретімен көрсетілген.

2012 жылы банк қызметіне арналған шешіміне байланысты негізгі мақсаттар

  • қызметінің тиімділігінің көтерілуі.

  • Отандық корпорацияларға деген бағдарлаулар – бәсекеге қабілетті өнім экспорттаушылары мен өндірушілер, ұсақ және орта корпоративиік клиенттер санының өсуі.

  • Операцияның әрі қарай асыл металлдармен дамуы.

  • Халыққа кең спектрде қызмет көрсетілуі.

  • Жобалық және сауда қаржыландыруы бойынша операциялардың өсуі, процессингтік қызмет көрсетудің әрі қарай дамуы.

  • Жаңа банктік өнімдердің енгізілуі мен зерттелуі.

  • Банк сервисі деңгейінің көтерілуі бойынша кызметтің одан әрі атқарылуы және әрбір Клиентке қолайлы атмосферада қызмет көрсетілуі.

АҚ «Цеснабанк» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Комитеті инвестициялау бойынша тәуелсіз сараптама жобаларын жасау үшін инвесторларға мемлекеттік заттай грант, салық жеңілдіктерін және преференциялар беруге уәкілетті. Сонымен қатар, банк Бағдарламалық Қарыз Азиялық Даму Банкі ауыл шаруашылығына қолдау көрсететін банктер тізімінде.

Банк қызмет етуді, қызмет спектрлерін кеңейтуді, жобаларды қаржыландыру аясында және корпоративті қаржы саласын жеделдету ниетімен:

  • Қаржылай және жалпы кәсіпорын қызмет анализін жүргізу.

  • Стратегиялық серіктес туралы қажетті ақпаратты клиентке жіберу, келіссөз жүргізу және клиент атынан және клиент тапсырысы бойынша кеңес беру.

  • Келісімшарттың тұжырымдалуы кезінде жобалық құжаттарының тиісті рәсімделуіне білікті және заңды көмек көрсетіліуі.

  • Қазақстан Республикасында инвестициялық мүмкіндіктер және саудалық байланыстарды игеруіне қызығушылық танытқан халықаралық инвесторлар мен корпорацияларға консультация жүргізу.

  • Қаржылық ресурстарын тарту мақсатында ивестицилық стратегияларын зерттеу.

  • Бизнес-жоспар, ақпараттық меморандум және басқа да құжаттамаларды дайындау.

  • Ішкі және сыртқы нарықта заемдық және акционерлік қаржыны тарту.

  • Инвесторлар, кредиторлар, олардың стратегиялық серіктестері үшін маркетингтік стратегияны зерттеу.

  • Айналымды қаржыда қажеттілікті анықтау, ақша қаражаттарының қозғалысын жоспарлау.

Алынған пайда Банктің саясатының арқасында негізге алынған белсенді және пассивті операциялар мен принциптердің нәтижесі болып табылады.

Негізгі белсенді операциялардың орындалу принциптері болып, ең бастысы, саналы консерватизм, тиімділікке негізделген өтемпаздық пен табыстылықты үйлестіру; сақтық шамаланған рыноктың даму перспективасын зерттеу, уақытында инициализациялық тәуекел және минимизация шараларын қолдану; мұқият, жөнді анализ оперецияларын жасау; жаңа технологияларды қолдану.

Аталмыш тұжырымдалған принциптер аясында қойылған мақсаттар және банктың алдында тұрған мәселелер, банкпен жүзеге асатын әр операцияның түрін анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]