Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otchet_novy_2017.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
388.1 Кб
Скачать

ЖОСПАР

КІРІСПЕ....................................................................................................................4

1. КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ.

1.1 «Цеснабанк» АҚ-ның құрылу тарихы мен дамуы........................................6

1.2 «Цеснабанк» АҚ негізгі қызметі………………………………………….....9

1.3 Банктің басқару құрылымы және банк саясаты......................................14

2. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

2.1 «Цеснабанк»қызметінің негізгі көрсеткіштері..........................................................................................................18

2.2 «Цеснабанк» АҚ қаржылық жағдайын талдау........................................19

2.3 «Цеснабанк» АҚ-ң пассив және актив операцияларын талдау................25

3 «ЦЕСНАБАНК» АҚ-НЫҢ ІШКІ САЯСАТЫ

3.1 «Цеснабанк» АҚ-ның ұйымдастырушылық дамуы.....................................28

3.2 Iшкi несие саясаты туралы ереже және несие рәсімдері..............................30

Қорытынды..............................................................................................................34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………….…….35

КІРІСПЕ

Акционерлік қоғамдардың басты мақсаты – өз ресурстарын барынша тиімді пайдаланып, пайда табу болып табылады.

Бүгінгі таңда ақционерлік коғамдардың бір бөлігін Банктер құрайды. Сондықтан да өндірістік тәжрибеден өту кезінде зерттеу объектісі ретінде -«Цеснабанк» АҚ-ның Маңғыстау филиалындағы банктік қызмет көрсету орталығынан диплом алды тәжірибеден өттім.

Өндірістік тәжірибенің мақсаты– университетте алған теориялық білімді тәжірибе жүзінде қолдану, кәсіпорынның эконмикалық көрсеткіштеріне талдау жасау және кәсіби дайындықты шыңдау болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылған :

  • Кәсіпорынның жалпы тарихымен танысу;

  • Негізгі құралдарына талдау жасау;

  • Қаржылық жағдайын талдау;

  • Кәсіпорынның негізгі қызметтерін талдау;

Банк жүйесі кез келген қазіргі заманғы мемлекет экономикасының маңызды элементтерінің бірінен саналады, ол кез келген қоғамның өмір сүруіне зор ықпал етеді. Ол тек еркін ақша қаражаттарын шоғырландыруды және оны ресми айналымға салуды қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен бірге ақша капиталын салалар арасында аймақаралық қайта бөлінуінің тұтқасы, сондай-ақ елдің шаруашылық жүйесінің есеп айырысу және төлем тұтқаларының маңызды элементі болып табылады.

«Цесна» Корпорациясы» АҚ – бұл Астана қаласындағы бас кеңсесі бар көпсалалы құрылым. Оның негізі 1988 жылы қаланды. Қазақсан Республикасының барлық аумағында Корпорацияның еншілес кәсіпорындары қызмет етеді. Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өкілдігі бар.

1992 жылы «Цесна» корпорациясы құрамында – «Цеснабанк» АҚ қаржы институты құрылды. 2005 жылғы қарашада ҚР Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі «Корпорация «Цесна»» АҚ-тың «Цеснабанк» АҚ банк холдингі мәртебесин алуын мақұлдады.

1992 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде «Цеснабанк» коммерциялық банкі тіркелді.

Цеснабанк – бас офисі біздің республикамыздың астанасы – Астана қаласында орналасқан жалғыз коммерциялық банк.

Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ол өздерінің өкілеттілігін кейіннен Ұлттық банкті ескертумен ашады.

Банк әмбебаптық қағидаттарын ұстанады және өзінің клиенттері үшін жоғары сапалы банктік өнімдер мен қызметтердің кең таңдауын ұсынады, соның ішіндегі: ағымдағы шоттарды, VISA халықаралық пластикалық карталарды ашу және оларға қызмет ету, депозиттерді ашу және жүргізу, жеке және заңды тұлғаларға кредит беру, лизингтік операциялар, банктік кепілдік беру және т.б көптеген қызмет түрлерін ұсынады. Ameriсan Express жол чегін сату, Қазақстан бойынша, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша жедел ақша аудару.

Банк филиалы бұл банктің берген құқықтары шегінде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме.Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген құжаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.

1. Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы және атқаратын қызметі.

1.1 «Цеснабанк» ақ-ның құрылу тарихы мен дамуы

Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға.

«Банк» сөзі итальян тілінен аударғанда «айырбас столы» дегенді білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттермен қалалардың , жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. 1992 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде «Цеснабанк» коммерциялық банкі тіркелді.

Банк жалпы принциптерді ұстана отырып, жоғары сапалы банктік қызмет көрсетеді, оның ішінде: Ағымдық шоттарды, VISA  халықаралық пластик карточкаларын ашу және қызмет көрсету, мерзімді салымдарды ашу және жүргізу, жеке және заңды тұлғаларға кредит беру, Ameriсan Express жол чегін сату, Қазақстан бойынша, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша жедел ақша аудару.

Қазіргі уақытта Банктің филиалдық желісі Қазақстанның облыстары мен аймақтық орталықтарындағы 18 филиал және 60-ка жуық клиенттерге қызмет көрсету пункттері жұмыс істейді. Қазіргі кезде Банкте 81 мың жеке тұлғаларға және 19мыңға жуық корпоративтік клиенттерге, соның ішінде шағын және орта бизнес субъектілеріне қызмет көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің рұқсатымен Атырау қаласында Цеснабанктің филиалын ашу туралы 2006 жылы 14 қаңтарда рұқсат етілді.

«Цеснабанк» АҚ 19 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның қаржы нарығын біледі.

Қазір Банкте 100 000 жеке тұлғаға және 15 000-нан астам корпоративті клиенттерге және шағын және орта бизнес клиенттеріне қызмет көрсетіледі.

Банк нарықтың өзгеру серпініне қарап, даму мен қалыптасудың барлық кезеңдерінен өтіп, әр клиенттің қажеттілігін кең ауқымда банк өнімдерімен қанағаттандыру барысында қаржы-несиелік мекемелер арасында үлкен беделге ие болды.

Инновациялық, клиенттерге кешенді түрде қызмет көрсету, ең жоғарғы жетістіктерге жету үшін банк басқарма жұмыстарының жүйелерін тұрақты жетілдіру негізінде болатын тәуекелділік және табыстылық балансының операциялар- банктің ойдағыдай, өркендеуі.

Алға қойған міндеттерді шешу негізінде және өсіп келе жатқан бәсекелестікті байқап өз ұстанымдарын нығайтты және айтарлықтай жақсартты.

  • 1992 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде «Цеснабанк» коммерциялық банкі тіркелді.

  • 1993 жылы- Алматы және Қостанай қалаларында филиалдар ашылды.

  • 1996 жыл - Ортаазиялық – Американдық Кәсіпкерлерді Қолдау Қорымен (Азиялық Несие Компаниясы) шағын және орта бизнесті қаржыландыру жөнінде келісімі жасалды.

  • 1997 жыл - Степногор және Павлодар қалаларында филиалдар ашылды.

  • 1998 жыл - Азиялық даму банкінің ауыл шаруашылық секторы үшін және Еуропа жаңғыру және даму банкінің шағын және орта бизнесті несиелендіру желілері ашылды, сондай-ақ, Әлемдік Банкпен ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау жобасы бойынша несие келісіміне қол қойылды.

  • 1998-2001 жылдар - Банк Rabobank (Нидерланды) банкімен бірге «Твиннинг» институционалдық даму бағдарламасына қатысты.

  • 2000 жыл - «Цеснабанк» АҚ Қазақстан жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қорының мүшесі.

  • 2001 жыл -  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қорытындысы бойынша «Цеснабанк» «Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға өту тәртібі туралы ереже» талаптарын орындаған дептанылды.

  • 2003 жыл-ауылшаруашылығы министрлігі өткізген мониторинг нәтижелері бойынша Банк Дүниежүзілік Банктің несие желісін жүзеге асыруға қатысушы банктердің арасында ең таңдаулы деп танылды. - Қазақстан Қор биржасы Биржалық Кеңесінің шешімімен «А» категориялы КАSЕ бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілді. - Еуропа Қайта Құру және Даму банкі ең сапалы несие қоржыны бар банк деп аталды.

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қорытындысымен Банк банкін ақпараттандыру технологиясын автоматтандыру саласындағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына өтті деп танылды.

  • 2004жыл – Астана қаласында Астаналық филиал өз жұмысын бастады, Қарағанды филиал және Көкшетау қаласында  кассалық есеп айырысу бөлімі ашылды. - Банк VISА халықаралық төлем жүйесінің қауымдастық мүшесі және Қазақстандық кепілдендірілген ипотекалық несие қорына мүше ретінде қабылданды. - Moody's Халықаралық рейтинг агенттігі «Цеснабанк» АҚ рейтингін растады: «В1» деңгейінде шетел валютасында ұзақ мерзімді депозит бойынша, «Not Prime» деңгейінде қысқа мерзімді, «Е+1» деңгейінде қаржы тұрақтылығы рейтингі.

  • 2005 жыл- Өскемен, Петропавл, Көкшетау қалаларында филиалдар ашылды. - Visa халықаралық төлем карточкалары шығарылды. - Standard & Poor’s  Халықаралық рейтингілік агенттігі Цеснабанк  АҚ-ға контрагенттің несие рейтингісін және «В-С» деңгейіндегі депозиттік сертификаттар рейтингісін берді. Болжам – «Тұрақты». - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі «Цесна» Корпорациясы» «Цеснабанк» АҚ Банктік холдинг мәртебесін алуға  келісімін берді.

  • 2006 жыл – Ақтау және Жаңаөзен қалаларында банк филиалдары ашылды. - мамыр айында – «Цеснабанк» АҚ мен Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі «Цеснабанк» АҚ қызметінің ашықтығын көтеру мәселелері бойынша ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы» екі жақты меморандумға қол қойды. - маусым – Банктің Ақпараттық-Анықтамалық Қызметі Call Center құрылды, оған Қазақстанның кез келген аумағынан 8 800 080 25 25 телефоны арқылы хабарласуға болады. - желтоқсан – «Visa International» төлем жүйелерінің маркетингтік бағдарламалары қорытындысы бойынша Цеснабанк «VISA акциясын ең үздік жарнамалық жариялау» үшін марапаттау алды. - желтоқсан – Банк Қазақстан аумағында орналасқан Western Union-ның ең үздік қызмет көрсету пункттері рейтингінде бірінші орынға ие болды. - 2006-2007 жылдары – Банктің барлық салымшылары арасында «Цеснабанк» АҚ  15-жылдығына орай теңдесі жоқ «Астанада пәтер ұтып ал!» акциясы жүргізілді. Атырау, Ақтөбе, Орал, Шымкент қалаларында филиалдар ашылды.

  • 2007 жыл ақпан – 2010 жылы өтелетін және 9,875% купонымен 125 млн. АҚШ долларына  еурооблигациялардың дебюттік шығарылымын жүзеге асырды. Жетекші ұйымдастырушылары Citigroup және Dresdner Kleinwort болды. - ақпан - «Цеснабанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында жарғылық капиталын 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңгеге дейін  ұлғайту туралы шешім қабылданды. ақпан - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының 07.02.2007 ж. № 53 бұйрығына сәйкес «Цеснабанк» акционерлік қоғамына 07.02.2007 ж. бағалы қағаздар нарығында кастодиалдық қызметті жүзеге асыруға № 0007100290 лицензияресімделді. - сәуір - Банк жаңа қызмет - мобильді банкинг, ұялы телефонға SMS-хабарламасы көмегімен карт-есепшот бойынша ақша қаражаты қозғалысын тәулік бойы қадағалау қызметін енгізеді.- мамыр –  «Euromoney» Беделді халықаралық қаржы журналы Цеснабанкті Орталық, Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы – «Best Managed Companies 2007» атауы бойынша - ең үздік менеджментті банктардың бірідептаныды.

  • 2008жылы 9млрд. теңгеден жоғары соммага «Даму» кәсіпкерлерді дамыту қоры» АҚ арқылы іске асырылатын ШОБ қолдаудың кәсіпкерлік мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаражатты сәтті игерді.

  • 2009жылы «Цеснабанк» АҚ және «ҚазАгро» Ұлттық холдингі АҚ Өзара тусіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, ол АӨК субъектілеріне «ҚазАгро» Ұлттық холдингі АҚ еншілес компаниясының пайдасына кепілдіктер беруді көздейді.

Цеснабанк «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасында есеп айырысу ұйымы ретінде таңдалды. «Лимиттелген шот» жаңа кызметін енгізді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]