Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
102.91 Кб
Скачать

Жоспары:

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

  • Завод тарихы ,құрылымы

  • Өндірілетін өнім және оның сапасы

  • Тәжірибиелік жұмыс барысында жасалған зерттеулер мен жұмыстар

ІІІ.Қорытынды

IV.Қолданылған әдебиеттер

І.Кіріспе

Берілген тәжірибиелік жұмыс ЖШС «Гормолзавод»-ында өткен өндірістік тәжірибие кезінде жасалды.

Тәжірибенің мақсаты:

Университет қабырғасында алған теориялық білімді өндірісте шыңдай білу және өндіріс орнында жұмыс жасап,тәжірибе жинау.Сонымен қатар,ЖШС «Гормолзавод»-ының құрылу мен жандану тарихымен танысу,өнеркәсіптік тауарлардың базардағы жағдайын білу және олардың сапасы мен сертификациясы жағдайын білу.

Зерттелетін сұрақтар :

-завод тарихы;

-өндіріс үшін қолданылатын шикізаттар және оның көлемі;

-қазіргі таңда жұмыс жасап жатқан цехтар және онда өнім өндіру технологиясы ;

Тәжірбиелік жұмыстың міндеттері:

-кәсіпорынның ішкі және сыртқы жұмыстарымен танысу;

-жұмыс орындарында тәжірибиелік жұмыстар жасау;

-өндіріс технологиясымен толықтай танысып,өз еркімен шешімдер қабылдап үйрену;

-әрі қарай жұмыс жасауға қажетті материалдар жинау

ІІ.Негізгі бөлім

ІІ.І. Көкшетау Гормолзаводының тарихы 1952 жылдан бастау алады.Завод 1965 жылы эксплуатацияланып,ААҚ «Сүт»деп аталады,1999 жылдан бастап ЖШС-ға айналып, «Гормолзавод» аты беріледі.1965 жылдан бастап заводта шыны ыдыстардағы сүт,айран,қатық,кілегей,қайнатылған сүт,сүзбе,мейәз қосылған ірімшіктер,8%-дық кілегей және шоколадпен қапталған таяқшадағы балмұздақтар өндірген.ЖШС «Гормолзавод» өзінің негізгі өнімдерін Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы,Көкшетау қаласы,Шығыс промзона мекен-жайында өндіреді,ал қосымша филиал СҚО,Айыртау ауданы ,Саумалкөл ауылында орналасқан.

Мұндағы өндірістің негізгі түрлері:шикізатты қабылдап алып,қайта өңдеу,сүт өнімдерін шығару және сату.

ЖШС «Гормолзавод» құрылған уақыттан бастап, өз басынан түрлі кезеңдерді өткерген.Мұндағы өнімдер Совет Одағы кезіндегі технологиямен жасалады ,сондықтан да алдыңғы қатардағы лар үшін өте жақсы сұраныста және жастарға да ұнап келе жатқан өнім. Ең алғашында өндіріс орнында тек қана сары май мен кілегейлі балмұздақ шығарылатын болса,соңғы 5 жыл ішінде жаңа цехтар ашылып,қазіргі таңда мұнда сүт және сүтқышқылды өнімдерінің 30-ға жуық түрлері жасалады.

Заводтағы жұмысшылар саны 70-ке жуық.ЖШС «Гормолзавод»-тың барлық өнімі Декларацияға сәйкестендірілген, менеджмент жүйесі және сапа СТ РК ИСО 9001 сертификаты және «Халал » СТ КЗ сертификаты бар.

ІІ.ІІ. Шығарылатын өнім ассортименті:

  • Крестьянское майы

  • Майсыз сүзбе

  • Кілегейлі балмұздақ

  • Шоколадты-кілегейлі балмұздақ

  • Жеміс-жидекті балмұздақ

  • Итальяндық Джелато балмұздағы

  • Сыр «Чечил»

  • Вафельді стақандар

  • Майсыздандырылған масса(сыр өндіруге арналған шикізат)

  • Сүт

  • Айран

  • Қаймақ 20%

  • Брынза

  • Ряженка

  • Құрт

  • Сықпа

  • Қоспа  

Жыл сайын шығарылатын өнімнің ассортименті және көлемі ұлғаюда.Мысалы,2016 жылы завод:

-балмұздақтың жеміс-жидекті түрін шығаратын болды;

-жұмсақ балмұздақ үшін қоспалар әзірленді;

-ысталған «Чечил»ірімшігі өндіріле бастады.

Ал 2017 жылы:

-10-нан астам Итальяндық Джелато балмұздағы өндіріске қосылды.

Қазір завод құрылымы мынадай цехтардан тұрады:

-сүт өндіру цехі;

-балмұздақ өндіру цехі;

-май өндіру цехі;

-ұлттық өнімдер цехі;

-вафельді цех;

-ірімшік өндіру цехі;

-сүтқышқылды өнімдер цехі.

Жылына завод 400 тонна сүттен түрлі өнімдер өндіріледі.Ал тәулігіне атап көрсетер болсақ:

-балмұздақ 8 тонна;

-сары май ;

-ысталған ірімшік 5кг;

-құрт 50кг;

-қоспа 40 кг;

-сүзбе 180 кг, өнімдері сауда үйіне жіберіліп отырады.

Заводқа қажетті шикізатты,яғни сүт завод қарамағындағы Айыртау ауданы Приречный ауылынан әкелінеді.Ол жерде «ЖШС Жаксылыков» шаруа қожалығында 150 бас сиыр өсіріліп,сүті сауылады.Одан басқа, осы аудан тұрғындарынан күнделікті таңертеңгі уақытта сүт жиналады.Мұның барлығы 100% таза,ешқандай қоспасыз өнім алу үшін жасалынатын жұмыстар.

 

ІІ.ІІІ.ЖШС «Гормолзавод» қарамағында өткен тәжірбиелік жұмыс барысында арнайы зерттеу жұмыстары жасалынды.Тәжірибиеден өтуші өзін маман ретінде сезінуі үшін белгіленген цехтарда өнімдердің жасалу технологиясы мен олардың жағдайын,сапасын,зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Құрт жасау технологиясы

Майсыздандырылған сүзбені ЖШС«Гормолзавод» лабораториясында қабылдап алып ,сапасын тексереді.Өндірістік ұсақтағыштан өткізіп, тағамдық тұз қосылып,араластырады.Дайын сүзбелі массаға арнайы формалар беріледі(домалақ,сықпа және жалпақ).

Формаланған құрттарды арнайы полкаларға салып,кептіргіш пешке 20 сағатқа қалдырады. Дайын құрттың салмағы 5-20гр аралығын құрайды.Бұл құрттарды 200 гр-нан қорапшаларға,50 гр-нан пакеттерге және 1 кг-нан қалталарға салып,дүкендерге жібереді.Дайын өнімді 7-80С-де 30 күн сақтауға болады.

Қоспа жасау технологиясы

Қоспа жасау үшін, майсыздандырылған сүзбе қайнап тұрған сүт сарысуына салынады,содан соң түсі қою сары түске айналғанша 4-5 сағат от көзінде тұрады.Осыдан кейін өнімді құрғату үшін арнайы қалталарға құйып іліп қояды.Кептірілген массаны ұсақтағыштан өткізіп,арасындағы ірі бөлшектерін алып тастайды,қайталап ұсақтағыштан өткізеді. Кептірілген ,ұсақталған массаға майға араласқан қант,жуылған мейіз және ванилин қосылып,ыдыстарға салынады.Қоспаны 100гр,500гр және 1 кг-дық ыдыстарға салынып,мұздатқыш камераларға 4-60С температурада,85-87 % ылғалдылықта ,суу үшін қалдырылады.Дайын борлған өнім 80С температурада -10 күн және мқздатылған күйінде 30 күннен артық сақталмауы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]