67. Орнымыздан
тұрайық (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)
Түзу сапты
құрайық
Алға қарай бір
адым
Артқа қарай бір
адым
Жоғары, төмен
қарайық
Орнымызды табайық
68. Балық жүзді
таза суда, (балықтың жүзу қимылдарын көрсету)
Бір керіліп, бір жиырылуда.
Жүзіп, жүзіп шаршағанда,
Тығылады тасты құмға.
69. Балық болып
жүземіз (малту қимылын көрсету)
Шынығамыз суда
біз (оң қолмен, сол қолмен)
Шынықсақ біз
бәріміз (білектерін көрсеті)
Шымыр болып
өсеміз (бір орында жүру)
Бір, екі, үш –
білекке күш
Бір, екі, үш – аяққа
күш
70. Сағаттың
тіліндей (орындарынан тұру)
Иіліп оңға бір
(аяқты алшы қою)
Сағаттың тіліндей
(қолды белге қойып)
Оңға бір, солға
бір (оңға, солға иілу)
Сағатқа қарап –
ақ
Жаттығу оңай –ақ
71. Денсаулықты
сүйеміз (орындарынан тұру)
Шынығамыз күнде
біз (қолдарын екі жақа созу)
Бір-екі-үш!
(білектерін бүгіп, күштерін көрсету)
Бір-екі-үш!
Бұлшық етте міне
күш!
72. Ішке тартып
ауаны, (орындарынан тұру)
Деміңді алшы тереңнен. (мұрынмен демалу)
Денсаулықтың жауабы,
Қайталасаң менімен.
Дөңгеленіп тұрайық
(шеңбер құру)
Керегені құрайық
(бір-біріне қолдарын созу)
Уықтар болып
иіліп (қолдарын биікке көтеріп, шаңырақ жасау)
Киіз үйді құрайық
73. 1,2,3
(орындарынан тұру)
Жинап бойға күш
(саусақтарын қимылдату)
Қолға қалам
аламыз
Әсем етіп жазамыз
74. Қылқаламды
қояйық (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)
Орнымыздан
тұрайық
Қолымызды созайық
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп
Белімізді жазайық
75. Доп домалақ
доп ұстап (орындарынан тұру)
Домалатып көрейік
(қолдарына доп алып)
Диірмен болып ұн
тартып (екі алақанның ортасында айналдыру қимылын көрсету)
Дым қалтырмай
егейік
Желкілдеген
желменен, (шеңберге тұру)
Жел егінді тербеген. (қолдарын көтеріп оңға, солға текселу)
Өсірді оны дихандар, (еңбектен шаршағандарын көрсету)
Тамшылаған терменен.
76. Далада қар
борайды (орындарынан тұру)
Ақ мамыққа орайды
(жауып тұрған қарды елестетіп)
Мұз болады,
қатады (ұстап алуға тырысу, айналу)
Жып-жылтыр болып
жатады
77. Боран соғар
оң жақтан (шеңберге тұру)
Боран соғар сол
жақтан (оң жаққа, сол жаққа қарау)
Қар лақтырып
ойнасақ (қар лақтыру қимылын көрсету)
Суық өтер
қолғаптан
78. Менің үш
көзім бар (орындарынан тұру)
Бір көзім тұр
дейді (үш саусағын көрсетіп)
Бір көзім жүр
дейді (бірінші саусағым «ТҰР»)
Бір көзім абайла
дейді (екінші саусағым «ЖҮР»)
Жан-жағыңа қарайла
дейді (үшінші сұқ саусағым «АБАЙЛА»)
79. Балық жүзді
таза суда, (балықтың жүзу қимылдарын көрсету)
Бір керіліп, бір жиырылуда.
Жүзіп, жүзіп шаршағанда,
Тығылады тасты құмға.
80. Жалғыз саусақ
тіпті де (саусақтарды мәтінге сәйкес көрсету)
Ұстай алмас жіпті
де
Екі саусақ
бірікті
Ине қолға илікті
Үш саусағым
орамды
Жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен оң
саусақ
Қала салсақ, жол
салсақ
81. Бас бармағым
- әкем (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)
Балан үйрек –
апам
Ортан терек –
ағам
Шылдыр шүмек –
мен
Кішкентай бөбек –
сен
Бір үйде біз
нешеуміз?
Бір үйде біз
бесеуміз
82. Бойыңды
сергек тік ұста (тік тұру)
Емін – еркін
тыныста (дұрыс дем алу (мұрынмен))
Деміңді ішке тез
алда
Сол қолыңды соз
алға
Қол
ұшына қара да (қол ұшына қарау (ауада
сызу))
Үшбұрыш сыз ауада
Оң
қол бос тұрмасын (оң қолға қарау
(ауада сызу))
Шеңбер сызып
зырласын
83. Тоңса біздің
басымыз – құлақшын киіп аламыз (тұру, құлақшын кию қимылы)
Тоңса біздің
денеміз – тон киіп аламыз (тон кию қимылы)
Тоңса біздің
аяғымыз – пима киіп аламыз (аяқ киім кию қимылы)
Тоңса біздің
қолымыз – қолғап киіп аламыз (қолғап кию қимылы)
84. Той болғанда ауылда,(екі қолды екі жаққа
жайады)
Биші шықты ортаға.(бишінің қимыл қозғалыстарын
жасау)
Не киіпті басына?
(басын екі қолымен көрсету)
Та-қи-я ()
Не киіпті үстіне?
Көй-лек
Ал көйлектің
үстінен...
Қам-зол
Аяғына не киген?
Мә-сі
Мұң бұралған
тамаша
Сол бишіні кім
көрді?
Мен!!!
85. Тоңса біздің қолымыз (мәтінге сәйкес іс-әрекеттер жасау)
Қолғап киіп аламыз
Сарт-сарт-сарт
Шапалақ соғамыз
Тоңса біздің аяғымыз
Етік киіп аламыз
Топ-топ-топ
Топылдатып
билейміз
Тоңса біздің денеміз
Тонды киіп аламыз
Зу-зу-зу
Шанамен зулаймыз
86. Қане, сапты
түзейік (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)
Тіземізді бүгейік
Ыршып алға
түсейік
Ыршып артқа
түсейік
1,2,3,4
1,2,3,4
Шегірткедей
ыршиық
Ыршып – ыршып,
тыншиық
87. Таңертең көбелек оянды, тартылды, (мәтінге
сәйкес іс-қимылдар жасату)
Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,
Азғана
айналып, барлығына күліп
Қайта гүліне оралды.
88. Бармақ
болып жұмысқа, (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)
Қырға шықты құмырсқа,
Тоңып кетіп аяғы,
Қырға қайтып шығады.
Ой – ой – ой,
Әне аю келеді.
Құмырсқаны көреді.
Енді қайтып құтылар,
Илеуіне тығылар.
89. Құлыншағым
құндызым (құлыншақтың шабысын көрсету)
Құлдырайды,
шабады
Жылтылдаған
құлыным (құстың ұшқанын қолдарымен келтіру)
Құстай қанат
қағады
90. Күндей болып
күлеміз (орындарынан тұру)
Гүлдей болып
өсеміз (жүресінен отырып, өсіп тұрған гүлді көрсету)
Құстай болып
ұшамыз (қанаттарын жайып, құс болып ұшу)
Көбелектей қонамыз
(қанаттарын түсіріп, көбелектің қимылын көрсету)
91. Қатты
нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)
Күн
жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)
Көктен
төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)
92. Тәулiк бойы тынбайтын,
Болайықшы ақ жаңбыр (Ақырын жауған
жауын тырсылын жасайды)
Астан-кестен жауатын
Өткiншi ендi бiз жаңбыр (Тез-тез жауған
жаңбыр тырсылын келтiредi)
93. Көкөністі көп
ектік (бір қатарға тұрып, егін егу қимылын көрсету)
Өссін, піссін –
деп ектік (су құю, шөп жұлу қимылы)
Көктемде еккен
көкөніс
Күзде берер көп
өнім
94. Кел, балалар,
кел бері (шеңберге тұру)
Қыздырайық денені
(қолды белге қойып оңға, солға бұрылу)
Орнымызда тұрып –
ақ (бір орында жүгіру)
Жүгірейік бір уақ
1,2,3,4
95. Шаршағанда
«Ух» дедім (мәтінге сәйкес іс-әрекеттер жасау)
Ренжігенде «Тух»
дедім
Қорыққанда «Ой»
дедім
Өкінгенде «Ах»
дедім
Шарасызда «Ех»
дедім
Таңырқап «О»
дедім
Біліп ап «Е»
дедім
Қуанып «Ха-ха-ха»
дедім
96. Қатар, қатар тұрайық (бірінің артынан бірі тұру)
Кәне, кәне сұрайық (сөздерін қайталау)
Кімнің болса бойы ұзын (паравоздың жүрісін
келтіру)
Паравозы поездің
Пш-пш-пш-пш біз кеттік
Жүрісті біз үдеттік
Гу-гу-гу
гуілде
Қалып қойма біріңде.
97. Көп отырып, шаршадық, (шеңберге тұру)
Қозғалуды аңсадық. (оң жақа, сол жаққа
иілу)
Жүгiргiмiз келедi (бір орында жүру)
Әдемiлеп ән салып,
98. Еркiн ұста денеңдi, (орында тік тұру)
Тарсылдатпай едендi (аяқты баяу басу)
Орнымыздан тұрып ап (бір орында)
Жүгiрейiк бiр уақ. (жеңіл жүгіру)
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. (аяқтарды
кезекпен көтеру)
Аяқты алға созайық (бір орында жүру)
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
99. Қолға, алып шарды,
(шарды елестету)
Үрлеймін мен былай. (мәтінге сәйкес іс-әрекеттер жасау)
Уф-ф-ф,
Үрлеймін деп қатты,
Жарып алдым шарды.
Пах.
100. Апам үшін күнде мен, (әндете)
Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай)
Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай)
Дүкенге де барамын. (қолдарына сөмке ұстап жүру)
Сыпырамын үй үшін, (сыпырғандай)
Жуам ыдыс-табақты. (ыдыс жуғандай)
Жылай қалса бөпемді, (бөпені ұстағандай)
Жұбатамын ойнатып. (қолдарын шапалақтайды)
