Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гулназ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
631.54 Кб
Скачать
    1. Кәсіпорынның іс-әрекетіне сипаттама

БКТ барабанды кептіргіш-түйіршіктегіштерді қолданылатын аммофос өндірісі 1987 жылы іске қосылды.

1993-1995 жылдары өндірістің қайта құрылуы жүргізілді: аммофосты пульпаны буландыру түйіні құрастырылды және іске қосылды, ол құрамынды сіңірімділік Р2О5 46 % болатын түйіршіктелген аммофос өндірісінің қуаттылығын арттыруға мүмкіндік берді.

1996 жылы көлемі 200 м3 болатын сатуратордың іске қосылуымен сатурация түйіні кеңейтілді.

Қазіргі таңда түйіршіктелген аммофос өндірісі сатурациялау және буландыру, түйіршіктеу және кептіруден тұратын екі технологиялық желіден құралады. Оның құрамына келесі негізгі құрылғылар кіреді: үш сатуратор, екі буландыру аппараты, екі барабанды БТК барабанды түйіршіктегіш-кептіргіш, және дайын өнімді бөлу түйіні.

Түйішіктелген аммофосты өндіру әдісі экстракциялық фосфор қышқылын сұйық аммиакпен бакты сатураторларды бейтараптауға, аммонизирленген пульпаны буландырғыш аппараттарда буландырып, БТК барабанда түйіршіктегіш-кептіргіштерде кептіру мен түйіршіктеуге және дайын өнімді бөлуге негізделген.

Негізгі жобалаушы және технологиялық бөлімінің жобалаушысы – КазНИИГипрофосфор (ҚазҒЗИГипрофосфор), Шымкент қ. Жоба Проектхимзащита (Жобахимқорғау) институтымен жасалған, Ташкент қ.

2001 жылы аммофос цехының құрал-жабдықтарында суперфосфатты алу технологиясы жасалды.

Түйіршіктелген суперфосфатты өндіру әдісі суперфосфатты пульпаны аммиакпен бейтараптауға, аммонизирленген пульпаны буландырғыш аппараттарда буландырып, БТК барабанда түйіршіктегіш-кептіргіштерде кептіріп және түйіршіктеуге және дайын өнімді бөлуге негізделген.

Құрамында сіңірімділік Р2О5 19 % және 3 % азоты бар суперфосфаттың жобалық шығарылымы 17000 т/айына, 193800 т/жылына.

Аммофос цехының құрал-жабдығына қатысты суперфосфатты алу технологиясы ТФ «Қазфосфат» «Минералды тыңайтқыштар» ЖШС-да жасалған және тәжірибеде ұқсастары жоқ.

2002 жылы қалыптасқан нарық талаптарына сәйкес тұрақтандырылған тыңайтқыштарда азот : қоректендіргіш фосфор қатынасы 1:1-ден 1:2-ге дейін болатын, аммофос құрал-жабдығының негізінде алу технологиясы буландырылған аммофосты пульпаны аммиакты селитрамен келесідей аммонизациялап, БТК-те буландырып және кептіру әдісімен нитрофос алу технологиясы жасалды.

Құрамында сіңірімділік Р2О5 23 % және 23 % азоты бар суперфосфаттың жобалық шығарылымы 5000 т/айына, 57000 т/жылына.

Аммофос цехының құрал-жабдығына қатысты суперфосфатты алу технологиясы ТФ «Қазфосфат» «Минералды тыңайтқыштар» ЖШС-да жасалған және тәжірибеде ұқсастары жоқ.

Аммофос, суперфосфат, нитроаммофос өндірісі техника-экономикалық деңгейі бойынша бірінші категорияға жатады [5].

Аммофос - суда еритiн күрделi тыңайтқыштар қатарына жатады. Күрделi немесе комплекстi тыңайтқыштар екi (NK, NP, PK) немесе үш негiзгi қоректiк құрамынан тұрады (элементтен) (NPK).

Аммофостың құрамында өсiмдiктердi қоректендiретiн екi элемент бар, азот және фосфор. Стандартқа (МЕСТ-18918-85) сәйкес аммофостың сапасы кестедегi құрамды қанағттандыру керек.

1-кесте .

құрам

А маркасы

Б маркасы

жоғарғы бiрiншi сорт

жоғарғы бiрiншi сорт

сіңірімді P2O5

суда еритін P2O5

N

H2O

52 50 1

48 46

121 121

44 421%

34 32 %

111 101%

Аммофостың негiзгi құрамы аммоний дигидрофосфаты (NH4)H2PO4 және гидрофосфаты (NH4)2HPO4 тұздарынан тұрады. Бұл тұздарды фосфор қышқылы (H3PO4) аммиактыңí (NH3) әрекеттесуінен алады:

H3PO4+NH3=NH4H2PO4+q1

H3PO4+2NH3=(NH4)2HPO4+q2

MgO+H3PO4+2H2O=MgHPO42H2O

CaO+H3PO4+H2O=2AlPO42H2O

Fe2O3+2H3PO4+H2O=2FePO42H2O

H2SiF6+2NH3=( NH4)2SiF6

H2SO4+2NH3=( NH4)2SO4

Егер аммофос алуда экстракциялық фософр қышқылын пайдалансақ онда еритін және ерімейтін қоспалар пайда болады: еритін Ca(H2PO4)2, Mg(H2PO4)2, Fe(H2PO4)3, Al(H2PO4)3, H2SiF6, HF, ерiмейтiн - CaSO42H2O, CaSiF62H2O, MgSiF6 6H2O, (Al,Fe)3H3OH2(PO4)66H2O.

Аммофосты алу үшін шикізат ретінде экстракциялық фосфор қышқылы және аммиак пайдаланылады. Экстракциялық фосфор қышқылын пайдалаақ онда ортаның рН 4-5,5 болғанда темір және алюминий фосфаттары тұнбаға түседі. Сонымен қатар тұнбаға гипсте түседі. Бейтераптау кезінде ерітінді қоймалжың қою болмауы керек. Сондықтан фософр қышқылын таңдаған жоғары шоғырылыны алмау керек. Егер фософр қышқылының құрамындағы темір, алюминий магний қоспалары жоғары болса онда алынатын қышқылыдың шоғыры төмен болуы керек. Термиялық фосфор қышқылынан алынған амммонийфосфаттары таза болғандықтианда олар тағамдық жемдік және фармацевтикалық салаларда пайдаланылады. Термиялық фосфор қышқылы 77 пайыздан жоғары болмауы керек. Моноаммонийфосфаты ына дейін фосфор қышқылы бейтерапталған соң оны қосымша суыту процесі жүреді. Содан соң кристалдар кептіреді, аналық ерітнді реакторға қайтарылады. Ал диаммонийфосфаттың алыну екі сатыда жүреді. Аммиактың шығыны бірінші сатыда көп жоғалытын болғандықтан оны бірінші сатыдан соң суытады, содан соң екінші сатыға жібереді, кристалдайды, центрифунгадан өткізіп, кептіреді. Диаммонийфосфатты 60С температурада ал, моноаммонийфосфатты 100-110С температурада жүргізеді.