- •1.1 Аммофос өндірісі .
- •1.2 Аммофосты алу әдістері
- •Кәсіпорынның іс-әрекетіне сипаттама
- •2.2 Шикізат пен өнімге сипаттама
- •3 Өндірістік технологиялық үрдісі
- •3.1 Технологиялық процестің сипаттамасы
- •3.2 Технологиялық үлгісінің сипаттамасы
- •4. Аммофос өндірісінің негізгі және қосымша қондырғылары
- •5 Аммофос өндірісіндегі қондырғылардың жұмыс істеу принциптері
- •6 Техника қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің заманауи жағдайы
Мазмұны:
Кіріспе
Минералды тыңайтқыштар зауытының тарихы ...................................2
Кәсіпорын өндірісінің құрылымы ..............................................................3
Негізгі бөлім
1 Аммофос өндірісі...........................................................................................3
1.1Аммофосты алу жолдары..........................................................................3
1.2 .................................................................................................3
1.3 Аммофос..............................................................................................4
........................................................................5
3 Шикізат пен өнімге сипаттама беру ..................................................15
4 Аммофос өндірісіндегі қондырғылардың жұмыс істеу
принциптері.............................................................................................20
5 Өндірістік техника-экономикалық көрсеткіші..................................22
6 Техника қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау............................25 Қорытынды..............................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................29
Кіріспе
«Қазфосфат» ЖШС Жамбыл филиалы (ЖЖФЗ) ‒ Жаңа Жамбыл фосфор зауыты ‒ бұл сары фосфор мен құрамында фосфоры бар өнімдер: термиялық ортофосфор қышқылын, натрий үшполифосфатын, натрий гексаметафосфатын, феррофосфор, түйіршіктелген қож шығаратын химиялық зауыт. Зауыт Тараз қаласының шекарасынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым қашықтықта «Кіші Қаратау» жотасының Үлкен Бурыл сілемінің терістік етегіне орналасқан.
Зауыттың жалпы аумағы 644,75 гектар. Зауыт өндірісі үздіксіз жұмыс істейді.
Жаңа Жамбыл фосфор зауытын 1971-1975 жылдары салу белгіленген болатын. Зауыт соғатын құрылыс алаңы 1970 жылдың қыркүйек-тамыз айларында анықталған еді.
Зауыт жобасын негізгі химиялық өнеркәсіптің (ЛенНИИГипрохим) Ленинград ғылыми-зерттеу және жобалау институты жасады.
Зауытты жобалау жұмыстарына сондай-ақ келесі жобалау ұйымдары да атсалысты: «Проектстальконструкция», «Ленстройпромпроект», «Гипрогазоочистка», «ВНИИгаздобыча», «ВНИИЭТО», қазақстандық «ПромтрансНИИпроект», "Водоканалпроект"және т.б.
1971 жылы өнеркәсіп құрылысы мен оған апаратын автомобиль жолдарын салудың алғашқы сызбалары түсе бастады. 1972 жылдың басында өнеркәсіп алаңдарында дайындық жұмыстарын жүргізу қолға алынды, ал 1973 жылы зауыттың өнеркәсіп нысандарын соғу басталып кетті.
1974 жылы алғашқы кезекте салынатын барлық негізгі цехтардың іргетастары қаланып бітті.
1977 жылы зауытымыз бұрынғы Кеңес Одағының ірі химиялық құрылысына айналды.
1 кезектік кешен құрамына кірген өндірістер:
- фосфорит ұнтағынан жылына 1000 т/жыл өнімділікпен агломерат алатын өндіріс (1-агломашинасы);
- жылына 55 мың т/жыл өнімділікпен сары фосфор алатын өндіріс (1-2 пештер);
- 550 мың т/ жыл өнімділікпен түйіршіктелген қож алатын өндіріс;
- 16 мың т/жыл өнімділікпен фосфорлы шламдардан фосфор қышқылын алатын өндіріс.
Жаһандық тәжірибеде бірінші рет ЖЖФЗ-ның РКЗ-80Ф термиялық пештеріне агломерат ұнтағынан сары фосфор алу технологиясы енгізілді. Бұрын үйіндіге төгілетін фосфорит ұнтағын 312 шаршы метр аумақ өнімін қамти алатын АКМ-312М іспетті агломерация машиналарында осы озық технологияның агломерациялау әдісімен кіріктіріп, фосфорит кесектеріне айналдыру арқылы қайта пайдалануға болатын болды.
Кейінгі 1979 – 1986 жылдары қалған өзге өндірістер де іске қосылды:
29.12.79ж. – фосфор ұнтағынан 1000 т/жыл өнімділікпен агломерат алатын өндіріс ( 2-агломашинасы);
29.12.79ж. – 55 мың т/жыл өнімділікпен сары фосфор алатын өндіріс (3-4 пештер);
29.12.79ж. – 550 мың т/жыл өнімділікпен түйіршіктелген қож алатын өндіріс;
31.03.82ж. – 28 мың т/жыл өнімділікпен шламнан фосфор қышқылын алатын өндіріс;
30.04.82ж. – 1000 т/жыл өнімділікпен фосфорит ұнтағынан агломерат алатын өндіріс (3-агломашинасы);
30.11.82ж. – 60 мың т/ж өнімділікпен сары фосфор алатын өндіріс (5-6 пештер);
30.11.82ж. – 600 мың т/жыл өнімділікпен түйіршіктелген қож алатын өндіріс;
30.11.82ж. – 30 мың м3/сағ. өнімділікпен азот шығаратын өндіріс;
30.12.82ж. – 60 мың т/жыл өнімділікпен термиялық фосфор қышқылын алатын өндіріс;
30.12.83ж. – 60 мың т/жыл өнімділікпен сары фосфор алатын өндіріс (7-8 пештер);
30.12.83ж. – 550 мың т/жыл өнімділікпен түйіршіктелген қож алатын өндіріс;
29.03.84ж. – 60 мың т/ жыл өнімділікпен натрий үшполифосфатын алатын өндіріс (1-кезектік кешен);
31.10.84ж. - 60 мың т/жыл өнімділікпен термиялық фосфор қышқылын алатын өндіріс;
05.01.85ж. - 60 мың т/жыл өнімділікпен натрий үшполифосфатын алатын өндіріс (2-кезектік кешен);
25.02.86ж. – 3,5 мың т/жыл өнімділікпен калий үшполифосфатын алатын өндіріс;
25.02.86ж. – 2,1 мың т/жыл өнімділікпен калий-натрий үшполифосфатын алатын өндіріс ;
Соңғы жылдары зауытта жаңа өндірістер іске қосылды:
15.03.2011ж. – 50 мың т/жыл өнімділікпен тазартылған фосфор қышқылын алатын өндіріс;
01.10.2011ж. – 20 мың т/жыл өнімділікпен түйіршіктелген натрий үшролифосфатын алатын өндіріс;
01.06.2012ж. – 5 мың т/жыл өнімділікпен натрий гексаметафосфатын алатын өндіріс.
Зауытта сондай-ақ ірі табиғат қорғау нысандары да іске қосылды:
01.08.2010ж. – № 5 пештің пеш газын өңдеп, пайдалану жүйесі;
13.04.2012ж. – № 6 пештің пеш газын өңдеп, пайлану жүйесі;
01.10.2012ж. – ФС пештерін қолданғаннан кейін қолқапты сүзгілерді түтінді газдардан тазалау жүйесі.
Шламжинағыштарды ондағы фосфорлы шламды өңдеп, бейтараптандыру арқылы тазарту. Бүгінгі күні 4 шламжинағыштың біреуі тазартылған, екеуінде тазарту жұмыстары жүргізілуде.
7, 8 пештерде пеш газын өңдеу жүйесін монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Құрғатқыш барабандардан өтетін түтінді газды тазалайтын қолқапты сүзгілерді монтаждау жұмыстарын жүргізу көзделген.
1991 жылы Жаңа Жамбыл фосфор зауытының (ЖЖФЗ) атауы «НОДФОС» ӨБ болып өзгертілді.
1992 жылы 5 тамызда «НОДФОС» ӨБ Жамбыл мемлекет мүлкін басқару комитетінің шешімімен "НОДФОС" АҚ – ашық Акционерлік қоғам іспеттес болып қайта құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы10 маусымдағы № 725 "Жамбыл облысының фосфор саласында істейтін кәсіпорындарын, «НОДФОС» АҚ дағдарыстан алып шығудың кезек күттірмес шаралары туралы» деген қаулысына орай «НОДФОС» АҚ сырттай басқарылу үшін "IBE TRADE CORP" фирмасына берілді.
«Нодфос», «Суперфосфат зауыты», «Қаратау», «Промтранс», «Фосфор» акционерлік қоғамдары акционерлерінің жалпы жиналыстары шығарған шешімдерге сәйкес және Республиканың фосфор саласындағы кәсіпорындарын өндірістік-қаражаттық дағдарыстан алып шығуға жағдай туғызу мақсатында Мемлекет мүлкі мен ҚР қаржы министрлігінің активтерін басқару Департаментінің 1997 жылғы 23 қыркүйектегі қаулысымен "Қазфосфор" Ашық Акционерлік Қоғамы құрылды.
«Қазфосфор» ААҚ Басқармасы шығарған шешім негізінде (01.10.1997 жылғы № 2 хаттама), Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес 1997 жылдың 29 қыркүйегінде «Таразфосфор» филиалы құрылды.
1998 жылы 3 тамызда «Қазфосфор» ААҚ-ның филиалы "ТАРАЗФОСФОР" базасында «ЖЖФЗ» Өндірістік кооперативі («ЖЖФЗ» ӨК құрылтай жиналысының 1998 жылғы 3 тамыздағы №1 хаттамасы) құрылды.
1999 жылы 21 қазанда ҚР Үкіметінің №1580 «Қазақстан Республикасы фосфор өнеркәсібіне көрсетілер қолдаудың жекелеген шаралары туралы» қаулысына орай «Қазфосфат» ЖШС құрылды. Ол 2000 жылдың 3 мамырында өткен сауда талқысында «Жаңа Жамбыл фосфор зауытының» мүлік кешенін иемденді.Тараз қаласындағы "Қазфосфат" ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» зауыты филиалы ауыл шаруашылығы үшін минералды тыңайтқыштар, жемдік фторсызданған фосфаттар шығаратын химиялық зауыт болып табылады.
Тараз қаласындағы "Қазфосфат" ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» зауыты филиалы ауыл шаруашылығы үшін минералды тыңайтқыштар, жемдік фторсызданған фосфаттар шығаратын химиялық зауыт болып табылады.
Зауыттың құрамына келесі негізгі өндірістер кіреді:
•фосфорлы-азотты тыңайтқыштар - аммофос өндірісі (ди-және моноаммонийфосфат қоспасы) 46% Р2О5, 10% N;
•қарапайым суперфосфат өндірісі 19% Р2О5;
• сульфоаммофос өндірісі 18% Р2О5, 18% N;
• нитроаммофос өндірісі 22% Р2О5, 22% N;
• жемдік үшкальцийфосфат өндірісі 27% P2О5;
• жемдік кальцийнатрийфосфат өндірісі 41% P2О5.
Шығарылатын өнімнің негізгі бөлігі ішкі нарықта сатылады. Бірнеше жылдан бері отандық ауылшаруашылығы өндірісшілерін тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін оны қаражаттандырудың мемлекеттік Бағдарламасы жұмыс істеуде. Сонымен қатар, тыңайтқыштар Қытай, Украина, Белоруссия, Тәжікстан нарықтарында сатылады. Ауғанстан, Қырғызстан, Румыния, Чехия, Болгария, Иранның фосфорлы тыңайтқыштар нарығын игеру үшін үлкен жұмыстар атқарылуда.
Кәсіпорынның өндірістің құрылымы
«Минералды тыңайтқыштар» филиалының өндірістік құрылымына келесі құрылымдық бөлімшелер кіреді:
Басқарма - атқаратын жұмыс көлемі мен сапасына қарай филиалдың бүкіл бөлімшелеріне жалпы басшылық жасайды;
Азотты-фосфорлы тыңайтқыштар өндіру цехы - дайын аммофос, суперфо-фат, сульфоаммофос өнімдерін шығарады. Цех құрамына экстрациялау, кептіру, бейтараптандыру, шикізаттар (фосфат шикізатын, күкірт қышқылын, аммиак) дайындау, дайын өнімді өткеру бөлімшелері кіреді. Шамалы көлемде аккумулятор қышқылы мен аммиакты су өндіріледі. Өндірістік қалдық ретінде шығатын фосфогипс сатуға шығарылады.
Азықтық фосфаттар өндіру цехы – азықтық қосымшалар үшкальцийфосфатын, кальцийнатрийфосфатын шығарады.
Күкірт қышқылын өндіру цехы – күкірт қышқылын өндіретін күкірт қышқылы жүйесінің күрделі құрылысы аяқталып келеді; 2013 жылы іске қосылады деп жоспарлануда.
Қуат күшімен жабдықтау цехы - бу беретін қазандықтарға, магистральды газ құбырының газреттегіш қондырғыларына, артұңғыма суымен қамтамасыз ету жүйесіне және кәріз жүйесіне күтімдік қызмет көрсетеді.
Электр қуатымен жабдықтау цехы - телефон мен электр желілеріне, шағын стансалар мен электр қуатын филиалға жеткізетін трансформаторларға қарайлап, қызмет көрсетеді; электр құрал-жабдықтарына жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Жөндеу цехы - филиал цехтарында құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Өлшеп-бақылау аспаптары мен автоматты аппаратуралар цехы - өлшепбақылау аспаптары мен автоматика аппаратураларын, теміржолдық және автомашиналық таразыларды жөндеп,тексеру, монтаждау сияқты жұмыстар жүргізіп, күтімдік қызмет көрсетеді
Техникалық бақылау бөлімі (ТББ), Сынақ жүргізуші өнеркәсіптік-санитарлық зертхана (СЖӨСЗ) - дайындалған өнімдердің өндірілу барысы мен сапасына, бөлінетін өндіріс заттектерімен қоршаған ортаның ластанбауына бақылау жасайды
Шаруашылық-тұрмыс цехы - оған шайынатын су себізгілері бар тұрмыстық ғимараттар мен монша және кір жуатын комбинат қарайды.
Орталық қойма - филиал қоймаларындағы тауарлық-материалдық заттарға есеп жүргізіп, олардың дұрыс сақталуын қамтамасыз етеді.
Өндіріс қалдықтарын жинастырып, сақтайтын алаңқай - оның ауқымына шламжинағыштардың 4 картасы, 2 үстемелеп тұндыру байламасы, насос стансиясы, шламкөлігі, құрғақ фосфогипс сақтайтын алаңқай (үйінді) сиыстырылған.
Санитарлық - қорғаныс аймағы - суару жүйесі бар, филиалдан бір шақырымдай қашықтықта орналасқан, айнала отырғызылған ағаш көшеттері.
Негізгі бөлім
1.1 Аммофос өндірісі .
Аммофос – суда еритін күрделі тыңайтқыштар қатарына жатады. Күрделі немесе комплексті тыңайтқыштар екі (NK, NP, PK) немесе үш негізді қоректік құрамынан тұрады (элементтен) (NPK). Аммофосты ЭФҚ немесе ТФҚ-ын аммиакпен бейтараптандыру арқылы аламыз.
Аммофостың құрамында өсімдіктерді қоректендіретін екі элемент бар, азот және фосфор.
Аммоний фосфаттары экономикалық және агрохимиялық бағалығы жағынан пайдалы тыңайтқышқа жатады. Аммоний фосфаттары фосфор қышқылы мен газ түріндегі аммиакты өңдеу негізінде алынатын күрделі тыңайтқышқа жатады. Олар жақсы физикалық қасиетті, суда жоғары ерігіш, жоғары шоғырлы қоректік заттар және белгілі тыңайтқыштардың барлығымен араластыруға болады, түйіршіктелген күйінде ұзақ сақтағанда жабыспайды.
Аммоний фосфаттарын аммофосты және диаммофосты қара және қоңыр топырақты Орта Азия жерлерінде техникалық өнім алуда қолданудың үлкен мәні бар. Азотты – фосфорлы концентрлік тыңайтқыш (60-65% қоректік заттар) карбамид және фосфор қышқылы (карбамид фосфаты) негізінде алынады, ол агрохимиялық тиімділігі жағынан аммоний фосфатымен тең болады [1].
1 Фосфор қышқылы Аммофос өндiру үшiн фосфор қышқылы мен аммиак қолданылады, яғни концентрленген фосфаттарды алудың негiзгi жартылай өнiмi-фосфор қышқылы. Фосфор қышқылы негiзiнен көптеген комплекстi тыңайтқыштар мен техникалық тұздардың жартылай өнiмi болып табылады. Фосфор негiзiндегi көптеген қышқылдар белгiлi. Олар НРО3 (метафосфор қышқылы), Н2Р2О7 (пирофосфор қышқылы), Н3РО4 (ортофосфор қышқылы) және т.б. Ортофосфор қышқылы толық гидратталған болады да, жайшылықта оны фосфор қышқылы деп атайды.
Фосфор қышқылы екi түрлi әдiспен өндiрiледi: экстракциялық (күкiртқышқылды) және термиялық. Экстракциялық және термиялық фосфор қышқылдары бiр-бiрiнен концентрациялары және қоспалары жағынан қатты өзгешеленедi.
Экстракциялық фосфор қышқылының сапасы бастапқы шикiзаттың құрамы мен қасиеттерiне байланысты болады, өйткенi қышқылға жартылай немесе толығымен фосфат кенiнiң қоспалары өтедi де, қышқылда еритiн күкiртқышқылды және фосфорлы - қышқылды қосындылар түзедi. Мұндай қышқылдың құрамында 15-ке дейiн қоспалар болады
Өндірісте негiзiнен фосфор қышқылының мынандай түрлерi шығарылады:
термиялық техникалық ортофосфор қышқылы, ол жай фосфорды жағу арқылы алынып, құрамдарында 73-дан кем емес Н3РО4-тi бар екi түрмен шығарылады. Екiншi түрде қосымша заттар болады;
тамақтық фосфор қышқылы, құрамында 70-ен кем емес Н3РО4-тi бар;
реактивтi фосфор қышқылы болады: химиялық таза (87-ен кем емес Н3РО4-тi бар), таза талдау жасауға (85-ен кем емес Н3РО4-тi бар) және таза (85-ен кем емес Н3РО4-тi бар);
1.2 Аммиак Қазіргі кезде аммиак алудағы негізгі әдіс - сутегі мен азотты тура қосып, катализатор қатысында оны элементтерден синтездеу.
N2 + ЗН2 = 2NH3 + 12700 кал.
Бұл реакция 10000C-дан төмен температурада өтеді, себебі бұдан жоғары температурада аммиак азот пен сутегіге қайта ыдырайды. Реакция температурасының төмендеуімен, аммиактың түзілу жылдамдығы азаяды, бірақ шығымы көбейеді. Аммиактың шығымы көбейгенмен, реакция жылдамдығының кемуі - тәжірибелік мақсатта тиімсіз.
Реакция жылдамдығы мен аммиак шығынын жоғарылатуға қысымды 500-580°С температурада катализаторды қолданып қол жеткізіледі. Тек осы жағдайда ғана аммиакты элементтерден синтездеу тиімді. Аммиакты синтетикалық жолмен алу әдістері негізінен, қолданылатын қысым шамасымен ерекшеленеді.
Барлық әдістегі температура 400-600°С шегінде ауытқиды.
Аммиакты негізінен циклді үрдістер арқылы алады, яғни аммиак бөлініп алынған азот-сутекті қоспаға таза қоспаның сәйкес мөлшерін қосқаннан кейін, ол кайта синтез колоннасына барады.
Үрдістің бірінші кезеңі - азот-сутекті қоспаны аммиак синтездеу үрдісі жүргізетін қысымға дейін сығымдау. Келесі кезең - каталиттік әдіспен азот-сутекті коспаны катализаторды улайтын көміртегі тотығы, оттегі жэне су буынан қосымша тазалайды. Тазалау катализатор қатысында жоғары қысым мен 300-350°С-та катализ колоннасында жүргізіледі.
Колоннада мына реакциялар өтеді:
CO + 3H2 = CH4 + H2O;
2Н2 + О2 = 2Н2О.
Суыту кезінде су буының көп бөлігі конденсирленеді және бөлінеді. Сығымдалып, тазаланған азот-сутекті қоспа циркуляцияланатын газбен, аммиак синтезі колоннасына бағытталады. Газ колоннаға келетін және шығатын газ арасындағы жылу алмасу есебінен жылытылады. Синтез колоннасынан шығатын газ құрамындағы аммиак - су скрубберде 25% аммиак ерітіндісі түрінде немесе конденсациялау арқылы бөлінеді.
