Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Р ылмысты ыы ж.б.2016.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
673.28 Кб
Скачать
  1. Қылмыстың мазмұны

  2. Қылмыс белгілері

  3. Қылмыс санаттары

Негізгі ұғымдары: Материалды және формальді қылмыстар, әкімшілік, азаматтық, тәртіп, қылмыстың материалдық мәні.

Қылмыстық құқықтың негізгі мәселерінің бірі қылмыстың ұғымын анықтау болып табылады. Қылмыс жеке тұлғаға, оның құқықтары мен бостандықтарына, қоғам және мемлекет мүддесіне қолсұғушылықтың ең қауіптісі. Қылмыс деп танылған әрекеттердің тарихи өзгермелік сипаты.

Қылмыс ұғымына анықтама ҚК-нің 10 – бабында берілген «Осы Кодексте айыппұл салу, түзеу жұмыстары, бас бостандығынан шектеу, бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады».

Қылмыстың белгілері:

1. Қылмыстық құқыққа қайшылық.

2. Қоғамға қауіптілік.

3. Кінәлілік.

4. Жазаланушылық.

Қылмыстық құқыққа қайшылық- адамның қылмыстық құқықтың норма тыйым салған іс-әрекеттерді істеуі. Қылмыстың маңыздылығы бойынша емес, қарау реті бойынша екінші тұрған белісі – қылмыстық құқық қайшылығы, іс-әрекетке қылмыстық заңда тыйым салынғандығы. Құқыққа қайшылық, бұл қылмыстың формальды белгісі.

Қоғамға қауіптілік бұл - әрекеттің объективтік қасиеті, ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға нақты зиян келтіреді немесе қауіп төндіреді. Қылмытың негізгі сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып табылады. Бұл белгі қылмыстың материалдық мәнін білдірумен бірге не себепті осы немесе басқадай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатының түсіндіреді .

Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды іс-әрекеттің өзінің тікелей ерекшелігіне, оны істеу уақыты, орны тәсілі, жағдайына байланысты болуы мүмкін. Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, төтенше экологиялық аймақтар) не тыйым салынған құстар мен аңдарға қатысты аң ауланса , ол заңсыз болып табылады Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге басшылық жасау , кәсіпорынның , ұйымның жұмысына кедергі келтіру қылмыс болып табылады (400-бап).

Кінәлілік- әрекет немесе әрекетсіздік арқылы қасақана н/е абайсыздықпен жасалған қол сұғушылықты айтамыз.

Жазаланушылық-нақты қылмыс жасаған, қылмыстық заңға қайшы іс-әрекеттерді жасаған адамдарға жазалау қатерімен тыйым салу.

Адамға құқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе әрекетсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның қылмыстық заң тыйым салған салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады.

3. Қылмыс санаттары (ҚР ҚК-нің 10 бабы):

- онша ауыр емес;

- ауырлығы орташа; РРррршгндшүн

- ауыр;

- аса ауыр.

Қылмыстықкодекестің 11-бабына сәйкес :

  1. Қылмыс жасалғаны үшін Кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.

  2. Қылмыс жасалғаны үшін Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.

  3. Қылмыс жасалғаны үшін Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылдан бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.

  4. Қылмыс жасалғаны үшін Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы - қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.

4-ші дәріс. Қылмыстың құрамы

Жоспар: