Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод.рекомендации для занятий ГОСО 2006 (практических, семинарских, лабораторных) (каз).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
564.74 Кб
Скачать

3. Оқыту міндеттері:

Студент білу керек:

- концентрлі ерітінділерді дайындауда асептикалық жағдайды қамтамасыз ететін асептика және санитарлық режимнің ережелері;

- концентрлі ерітінділерді дайындау үрдісі кезінде ерітінділерді бекіту мен араластыру есебі;

- дайындау бойынша нормативті құжаттар, сапасын бағалау, сақталуы мен дәріханадағы есеп.;

  • Студент істей білу тиіс:

- концентрлі ерітінділерді дайындауға қажетті су мен дәрілік заттар көлемін есептеу;

- концентрлі ерітінділерді дайындауда оптимальды технологияны пайдалану, өлшегіш ыдыста, дәрілік заттар мен ерітінділердің тығыздығын ескеру керек;

- концентрлі ерітінділерді дайындауда келесі технологиялық операцияларды орындау қажет: өлшеу, еріту, анализ, фильтрлеу;

- механикалық қосындылардың жоқтығына көз жеткізу;

- концентрлі ерітінділердің сапасын бағалау және қажет болса концентрацияларды түзету;

- концентрлі ерітінділерді босатуға дайындау;

- концентрлі ерітінділердің есебі және сақталуына қажетті жағдайлар ;

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Сұйық дәрілік формаларды дайындауда концентрлі ерітінділерді қолданудың негізі.

  2. Бюреткалық орнатпа үшін концентрлі ерітінділер дайындау.

  3. Бюреткалық орнатпа үшін концентрлі ерітінділер дайындаудағы сапасын баға беру, сақталуы мен есеп жүргізу.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

1. сабаққа дайындықты тексеру-лабораториялық жұмысты орындау

2. жұппен жұмыс

3. күнделікті толтыру

4.дәрілік формаларды өткізу

5. ситуациялық тапсырмаларды шешу

6. рецептерді шешу

Лабораториялық жұмысқа нұсқаулық: лабораториялық жұмысты жүргізу

Бюреткалық орнатпа үшін концентрлі ерітінділер дайындау.

Дәрілік заттардың концентрлі ерітінділерін (концентраттар) асептикалық жағдайда жаңадан айдалған тазартылған суда дайындайды. Барлық қосымша материалдар, сондай ақ ерітіндіні дайындау мен сақтауға арналған ыдыстар стерилденген болуы керек. Дайындалған концентратты мұқият фильтрлейді және шынайылыққа, тазалыққа, дәрілік заттарды сандық құрамына тексереді (рефрак­тометр көмегімен), себебі концентраттың тазалығы пен дәлдігінен дайындалған сұйық дәрілік препараттардың сапасы байланысты.

Өлшегіш ыдыс жоқ болса концентрлі ерітіндіні дайындауға арналған судың көлемін екі тәсіл арқылы анықтайды: 1) ерітінді тығыздығын қолдана отырып; 2) заттың концетрациясы. Зат толық ерігеннен кейін қағаз фильтр арқылы құтыға құяды.

Дайындалған ерітіндіде рефрактометр көмегімен құрамындағы заттардың санын анықтайды. Қажетінше қайталайды.

Мысалы. 50 мл 20% натрий бромиді ерітіндісін дайындау.

Тығыздығы 20% натрий бромиді 1,1488 г/мл, а КУО — 0,25 мл/г (қосымша «нұсқаулық»).

Су есебі:

а) ерітінді тығыздығы бойынша: 50 мл × 1,1488 г/мл - 10 г = 47,44 г (мл);

б) заттың КУО есебі: 50 мл - 0,25 мл/г × 10 г = 47,5 мл.

Ерітіндіні дайындау үшін 10,0 г натрий бро­миді мен 47,5 мл су алады.

Кейбір жағдайларда дайындалған ерітіндінің концентрациясын түзетуге тура келеді.

1. Анализ көрсеткендей, дайындалған ерітінді талаптағыдан күшті(23%). Араластыруды мына формула бойынша есептейді:

,

Онда х—су мөлшері, ерітндіні араластыруға қажетті, мл; а—дайындалған ерітінді мөлшері, мл; b—қажетті ерітінді концентрациясы, %; с—фактілік концентрация , %.

Сонда: мл.

Концентрацияны түзету үшін 50 мл дайындалаған ерітіндіге натрий бромиді ерітіндісін және 7,5 мл су қосады.

2.Анализ көрсетті, дайындалған ерітінді талаптағыдан әлсіз (18%). Күшейту мына формула бойынша:

,

онда х—ерітіндіні күшейтуге арналған ерітінді көлемі, г; d—ерітінді тығыздығы, кг/м3.

Сонда: г.

a, b және с маңызды.

Қажет концентрацияға жеткізу үшін 50 мл алынған ерітіндіге 1,05 г натрий бромиді ертіндісін ерітеді. Содан кейін ерітіндіні фильтрлейді.

Натрий бромидінің сандық құрамын тексеріп отыру қажет.

Құтыны атауы, концентрациясы, шығарылған күні мен анализ нөмірі мен сериясы бар этикеткамен рәсімдейді.