Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод.рекомендации для занятий ГОСО 2006 (практических, семинарских, лабораторных) (каз).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
564.74 Кб
Скачать

3. Оқыту міндеттері:

Студент білу керек:

- сұйық дәрілік формаларының қолданылуы бойынша, құрамы, табиғаты мен дисперсологиялық классификациясын білу ;

- сұйық дәрілік формалардың маңызы мен кемшіліктері;

- сулы ерітінділер сипаттамасы;

- ерітінділерді жазудағы ерекшеліктер;

- ертінділер технологиялар деңгейі;

- құрғақ дәрілік заттардың еруі кезіндегі үрдістің теоретикалық негізі ;

- технологиялық амалдар, қиын, азеритін, оңайтотығатын, комплексқұрайтын дәрілік заттардан сулы ерітінділер дайындау кезіндегі қиындықтарды шешу;

- сулы ерітінділерді дайындау, санын бағалау мен босатуға қойылатын нормативті құжаттардағы талаптар.

Студент істей білу тиіс::

- сұйық дәрілік формадағы улы және күштіәсерететін дәрілік заттар дозаларын тексеру және рецептің дұрыс жазылуын қадағалауды бағалау;

- дәрілік заттар мен ерітінді дайындауға арналған су көлемін есептеу, 3% және 3% көп құрғақ зат;

- құрғақ заттардан сулы ерітінділер дайындау өлшегіш ыдысты қолдану, негізгі технологиялық операциялар: өлшеу, еріту,кептіру немесе фильтрлеу;

- дәрілік заттар қасиеттеріне байланысты сулы ерітінділер технологиясындағы тиімді нұсқаны таңдау (жылдам-, баяу, қиынеритін, тезтотығатын және т.б.).

- сулы ерітінділер спасын бағалау;

- дәрілік форманы босатуға дайындау, рәсімдеу;

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1) Сұйық дәрілік формалар классификациясы.

2) Сұйық дәрілік формалардың маңызы мен кемшіліктері

3) сулы ерітінділердің сипаттамасы

4) Ерітінділерді жазудағы ерекшеліктер.

5) Сулы ерітінділер технологиясының деңгейлері:

а) А және Б тізіміне сәйкес дозаны тексеру;

б) су көлемін есептеу;

в) ерітінді дайындаудың негізгі деңгейі ретінде, еріту;

г) фильтрлеу және кептіру, негізгі

фильтрленген материалдардың сипаттамасы;

д) ерітінділерді босатуға дайындау;

е) ерітніділерді рәсімдеу.

6) Баяуеритін дәрілік заттар ерітінділерін дайындау.

8) Тотықтыратын ерітінділерді дайындау:

а) калий перманганаты.

9) Қиынеритін заттар ерітінділерін дайындау:

а) кристаллдық йод;

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

1. сабаққа дайындықты тексеру-лабораториялық жұмысты орындау

2. жұппен жұмыс

3. күнделікті толтыру

4.дәрілік формаларды өткізу

5. ситуациялық тапсырмаларды шешу

6. рецептерді шешу

Лабораториялық жұмысқа нұсқаулық: лабораториялық жұмысты жүргізу

Еріту кезінде ерекше әдістерді қолдану арқылы сулы ерітінділерді дайындау. Кейбір дәрілік заттар, суда ерігіштігі жақсы болғанымен, баяу ериді. Бұл кристалды тордың беріктігіне, ауыр иондардың аз жылдамдықтағы диффузиясына немесе кристалдардың үлкен көлеміне байланысты. Осындай заттардың ерігіштігін жыдамдату үшін келесі әдістер қолданылады: қыздыру, ерітілетін заттарды бөлшектеу, араластыру

Ал: Бор қышқылының ерітіндісі 2% 100 мл

Бер. Белгіле. Шаю

Төлқұжат

Бор қышқылы 2,0 г

Тазартылған су 100 мл

______________________________

Жалпы көлем 100 мл

Бор қышқылы суық судың 25 бөлігінде және ыстық судың 3 бөлігінде ериді. Табақшаға ыстық тазартылған сумен шайылған, цилиндрмен 100 мл ыстық су өлшейді, 2,0 г бор қышқылын қосып араластырады . Ерітіндіні суытқаннан кейін мақта тампоны арқылы кептіреді, босатуға дайындап құтыға орналастырады, рәсімдейді. Сондай ақ натрий тетрабораты, фурацилин және т.б. ерітінділер дайындайды.

Ал: Мыс сульфаты ерітіндісі 2% 200 мл

Бер. Белгіле. Спринцевания үшін.

Төлқұжат

Мыс сульфаты 4,0 г

Тазартылған су 200 мл

_____________________________

Жалпы көлемі 200 мл

Мыс сульфаты суда (1:3) жақсы ериді, бірақ үрдіс баяу жүреді. Тездету үшін ірікристалдарды заттарды бөлшектеу керек.

4,0 г мыс сульфатын алып, ұсақтайды, ақырындап 200 мл тазартылған су құяды. Ерігенше араластырады. Ерітіндіні Ерітіндіні суытқаннан кейін мақта тампоны арқылы кептіреді, босатуға дайындап құтыға орналастырады, рәсімдейді.

Алюмокалийлік, натрий және магний сульфаттары ерітінділерін дайындайды.

Тотықтырғыш қасиеті бар, дәрілік заттардан сулы ерітінділер дайындау.

Ал: Калий перманганаты ерітнідісі 4% 50 мл

Бер. Белгіле. Жағу үшін

Төлқұжат

Калий перманганаты 2,0 г

Тазартылған су 50 мл

________________________________

Жалпы көлем 50 мл

Суық суда калий пермангана­тының баяу еритіндігін ескерсек (1:18), концентрациясы 1% жоғары ерітінділерді қыздыру кезінде дайындайды, осы кезде ерігіштігі жоғарылайды, (1:3,5); ірікристаллды заттарды сәйкесінше ұнтақтайды.

Табақшаға қажет мөлшерде ыстық су өлшеп алады және 2,0 г калий перманганатын алады. Абайлап, аздаған бөліктермен ыстық суды ерітінді пайда болғанша қосады. Ерітіндіні кептіреді немесе фильтрлейді. Алынған ерітіндіні босатуға дайындайды.

Жылдамеритін комлексті қосылыстар түзетін дәрілік заттардан сулы ерітінділер дайындау. Йод суда аз ериді,бірақ — концен­трлі калий йодиді ерітндісінде жақсы ериді. Әдетте ерітінділер рецептерде мынадай көлемде жазылады. Люгол ерітіндісі ішке және сыртқа қолдануға арналған. Олардың құрамы, концентрациясы көрсетілмесе, келесідей:

Йод 1,0 Йод 1,0

Калий йодиді 2,0 Калий йодиді 2,0

Тазартылған су 20 мл дейін Тазартылған су 100 мл

5% йод Құрамында 1% йод ( сыртқа қолдануға)

(Ішке қолдануға арналған)

Ал: Люгол ерітіндісі 30 мл

Бер. Белгіле. Тіс жиегін сүрту үшін

Төлқұжат

Йод 0,3 г

Калий йодиді 0,6 г

Тазартылған су 30 мл

_________________________________

Жалпы көлем 30 мл

Йод бояғыш заттарға жататындықтан, сақтық шараларын сақтану керек (арнайы таразылар және т.б.).

Шағын табақшаға калий йодидінің қажетті көлемін салады, оның ерігіштігіне байланысты (1,0 : 0,75), 9 тамшы су қосады. Концентрлі калий йодиді ерітіндісінде йод ериді, содан кейін судың қалған мөлшерін қосады, араластырады. Йод ерітіндісін кептіреді, сумен жуылған немесе шыны фильтр (тотықтырғыш ертіндісі) сары шыны құтыға орналастырады .(йод жарыққа сезімтал). Құтыны ағаш тығынмен тығындап жабуға болмайды, себебі йод оларды тез бұзады. Құтыны тек резеңке немесе полиэтиленді тығынмен жабады. Құтыны босатуға рәсімдейді.

Сулы ерітінділер сапасын бағалау. Дайындалған ерітінділердің сапасын тексеру нормативті құжаттарға сәйкес жүргізіледі, (рецепт, төлқұжат), рәсімдеу, түсі, иісі, механикалық қосындылар, көлемдегі ауытқу.