- •Семей мемлекеттік медицина университеті зертханалық-тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
- •Қол және тарирлік таразылардың метрологиялық сипаттамасы
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау
- •3. . Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
- •6.Әдебиет
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Оқу әдістері мен тәсілдері:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау
- •3. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері::
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері::
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері::
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту міндеттері:
- •- Өндірісте өндіріліп шығарылатын экстракт – концентраттардың жиынтығы; - сулы сығындыларды бөлуге арналған талаптар, нормативті құжаттар, дәріханадан босатуға дайындау, рәсімдеу.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері::
- •6. Әдебиет
- •7. Бақылау
Қол және тарирлік таразылардың метрологиялық сипаттамасы
Түрі көлемі |
Ауырлық, г |
Рұқсат етілетін көрсеткіш, мг |
|||
максимальды |
минимальды |
Жүксіз таразылар |
1/10 мөлшердегі ауырлық |
максима-льды ауырлық |
|
ВР-1 |
1 |
0,02 |
2 |
3 |
5 |
ВР-5 |
5 |
0,10 |
2 |
4 |
10 |
ВР-20 |
20 |
1,00 |
3 |
6 |
20 |
ВР-100 |
100 |
5,00 |
5 |
10 |
50 |
ВКТ-1000 |
1000 |
50,00 |
20 |
60 |
100 |
Т-1000 |
1000 |
50,00 |
20 |
50 |
200 |
Нақтылық — өлшенетін зат массасы мен стандартты жүк арасындағы тепе теңдікті көрсетеді. Таразылар аяқ массасының тепе теңдігі, симметриялығы кезінде нақты. Көрсеткіш тұрақтылығы – бірнеше рет өлшеген кезде бір нәтижені көрсету қасиеті, бір таразыда және бірдей жағдайда жүргізіледі. Тұрақтылыққа призма шегінің орналасуы әсер етеді(олар қатаң түрде параллельді болуы керек).
Тарирлік және қол дәріханалық таразы құрылғыларымен танысу. Құрылғылармен танысу кезінде мынадай бөлшектерге мән беру керек: тірек призмасы, жастықша, бағдарша, аяқ, сырғалар.
Тарирлік таразы құрылғысымен танысу кезінде мына негізгі бөлшектеріне мән беру керек: : тірек және жүкқабылдаушы призмалар, тараны реттеуші, коромысло, бағдарша, аяқты ұстап тұратын.
Күнделікте қол және тарирлік таразылардың негізгі бөлшектерінің сызбасын сызу.
Масса бойынша дозалау кезінде қолданылатын әртүрлітаразылармен танысу
Гирлердің жиынтығына және миллиграмдық әртүрлілікке назар аудару. Миллиграммды әртүрлілік, гирлердің саны мен әр гирдің грамм бойынша массасын белгілеу керек.
Күнделікке рецепт кезінде жазылатын масса көлемінің атауын жазу: 1,0 — бір грамм; 0,1—бір дециграмм; 0,01—бір сантиграмм; 0,001 — бір миллиграмм; 0,0001—бір децимиллиграмм; 0,00001—бір сантимиллиграмм; 0,000001—бір микрограмм.
Тарирлік таразылардың сезімталдығын тексеру. Жұмысты максимальды ауырлығы 1 кг тарирлік таразыларда жүргізеді. Таразыны тепе теңдік қалыпқа келтіреді, ол үшін тара реттегішті қолданады. Нөлден сол жаққа қарай шкалада нүкте белгілейді, 5 мм сәйкес (бағдаршаның стандартты ауытқуы). Сезімталдықты тексеруді үш рет жүргізеді:
— жүксіз таразыларда;
— жүкпен, 1/10 сәйкес максимальды ауырлық (100 г);
— жүкпен, белгілі ауырлыққа сәйкес (1 кг).
Әр жағдайда жүкпен немесе жүксіз ауырлық кезінде таразыны тепе теңдік жағдайына келтіріп отыру керек. Оң жақ аяқты кестеге сәйкес салмақпен толтырады (қосымша 3 үш жағдайға сәйкес болуы керек — 20, 60 және 100 мг) және бағдаршаның ауытқуын белгілеу. Бағдаршаның ауытқуы 5 мм жоғары болса таразының жоғары сезімталдығын көрсетеді. Бағдаршаның ауытқуы 5 мм кем рұқсат етілмейді.
Тексеру кезінде алынған нәтижелерді кестеге енгізіп, таразының сезімталдығы туралы мәліметті күнделікке енгізеді.
1) таразылардың сезімталдығын тексерудің қысқаша сипаттамасы:
Тарирлік таразылардың сезімталдығын тексерудің нәтижесі
Жүксіз таразы |
1/10 максимальды ауырлық |
Максимальная нагрузка |
|||
Жүк массасы рұқсат етілген көрсеткішке сәйкес, мг |
Бағдаршаның ауытқуы, мм |
Жүк массасы рұқсат етілген көрсеткішке сәйкес, мг |
Бағдаршаның ауытқуы, мм |
Жүк массасы рұқсат етілген көрсеткішке сәйкес, мг |
Бағдаршаның ауытқуы, мм |
2) таразылардың сезімталдығын тексеру нәтижелерінің қорытындысы.
Құрғақ және сұйық заттар мен препараттарды қол және тарирлік таразыларда масса бойынша дозалау техникасын меңгеру.
Қол таразыларында құрғақ заттарды масса бойынша дозалау.
Құрғақ заттарды масса бойынша дозалау 0,05 нан 100,0 г дейін қол таразыларын қолданады, оны қолмен ұстап тұрады (қолдың шынтағы үстелге тіреліп тұрады). Сол қолдың нұсқағыш саусағымен перпендикуляр бағытта ұстайды.
Таразылардың теңестірілгеніне көз жеткізіп таразының сол жағына әртүрлі салмақ салады. Оң қолмен оң жаққа кішкене үлеспен штангластан өлшенетін затты салады. Артық дозалану кезінде капсулатурка, целлулоидты скребка немесе қағаздан жасалған «совочка» көмегімен алып тастайды.
Таразыдан ұнтақты капсула ортасына себеді.
Капсуланы бұрайды оның бос ұзын жақтары бір бірінен 0,5 см аралықта болуы керек, бос жақтарын бір біріне салады, капсуланының қатпары ортасында болуы керек. Капсулаларды үш немесе бес бестен қорапқа орналастырады.
2. Тарирлік таразыларда құрғақ заттарды масса бойынша дозалау.
Құрғақ заттарды дозалау 50 г нан 1 кг дейін қағаз пакеттерде, қораптарда және басқа қаптамалық материалдарда, тарирлік таразыларда жүргізеді. Дозалауды масса бойынша этикеткаланған қағаз пакетта жүргізеді және оны таразының оң жағына орналастырады. Сол қолдың нұсқағыш саусағын таразының шетіне теңестіру үшін орналастырады.
3. Сұйық заттарды масса бойынша дозалау.
Сұйықтарды босатылатын құтыларда тарирлік тарзыларда өлшейді. Құтыны алдын ала өлшемі мен жарыққа сезімталдығына байланысты таңдап алады (сары шыны ). Құты құрғақ болуы керек, майлы және минералды майлар, эфирлар, хлороформ және басқа да сұйықтарды босату кезінде міндетті, сумен араласпауы керек.
Құтыны таразының оң жағына орналастырып сол сияқты құтыны таразының сол жағына теңестіреді. Содан кейін таразының сол жағына қажетті гирлерді салады, ал құтыға штангластан сұйықтықты дозалайды. Штангластың мойны құтының мойнына тимеуі керек. Сол қолдың нұсқағыш саусағымен теңестіруін бақылайды.
Құтыны тығынмен жабады (резеңке, полиэтиленді) сұйықтықтың қасиетіне байланысты. Этикеткаға заттың атауын латын тілінде, көлемін жазады.
Күнделікке заттың атауын латын тілінде, дозаланған масса бойынша, сұйықтықты көрсетіп жазады.
