Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод.рекомендации для занятий ГОСО 2006 (практических, семинарских, лабораторных) (каз).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
564.74 Кб
Скачать

3. Оқыту міндеттері:

Студент білу керек:

- негізгі түсініктер мен терминдер;

- МФ құрылымы мен дәрілік препараттар өндірісін регламенттейтін және олардың сапасын бағалайтын негізгі құжат ретінде оның маңызы;

- бұйрықтардың негізгі жағдайы, дәрілік препараттарды жазып беру ережелері, сапасын бағалау мен босату;

- дәріханалық және тарирлік таразылар, көлемі мен тамшы бойынша сұйықтарды дозалау құрылғылары;

- қол және тарирлік таразылардың метрологиялық сипаттамасы;

- Масса бойынша дозалау техникасы;

  • Студент білуі тиіс:

- МФ Х және МФ ХI жұмыс істеу;

- КР ДСМ бұйрықтарымен жұмыс жасау, дәрілік препараттарды дайындау және сақтау шарттары, сапасын бағалау мен оларды босату;

- дәріханалық қол және тарирлік таразылар, бюреткалар мен пипеткалар сызбасын құрастыру;

- таразылар сезімталдығын тексеру;

- дәріханалық қол және тарирлік таразыларда құрғақ және сұйық заттарды массасы бойынша дозалау;

- өлшегіш ыдыс, дәріханалық бюреткалар мен пипеткалар көмегімен сұйық заттар көлемін дозалау;

- дәрілік заттарды дозалаудың дәлдігі;

- стандартты емес каплемерді калибровкалау;

- стандартты емес каплемер арқылы сұйықтарды дозалау.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

1) Латын тілінде негізгі фармацевтикалық терминология.

Берілген сабақтың тақырыптары бойынша:

1) Дәрілік формалар технологиясы ғылыми пән ретінде.

2) дәрілер технологиясының негізгі түсініктері мен терминдері.

3) дәрілік препараттар өндірісінінің нормалануының ерекшеліктері.

Нормалаудың бағыттары.

4) Дәрілік препараттар құрамын нормалау.

5 Дәрілік заттар мен дәрілік формалардың сапасын нормалау.

Мемлекеттік фармакопея. Халықаралық фармакопея.

6) Дәрілік препараттар өндірісіндегі технологиялық үрдістер мен дайындау шарттарын нормалау.

7) Қол дәріханалық таразы – құрылғы, жұмыс істеу ережесі.

8) Баған бойынша тарирлік таразы – құрылғы, жұмыс істеу ережесі..

9) Таразылардың метрологиялық сипаттамасы.

10) Гирлер мен әртүрлі таразылар.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

1. сабаққа дайындықты тексеру-лабораториялық жұмысты орындау

2. жұппен жұмыс

3. күнделікті толтыру

4.дәрілік формаларды өткізу

5. ситуациялық тапсырмаларды шешу

6. рецептерді шешу

Лабораториялық жұмысқа нұсқаулық: лабораториялық жұмысты жүргізу

МАССА БОЙЫНША ДОЗАЛАУ

Дәріханалық тәжірибеде дәрілік заттарды масса бойынша дозалау үшін тартқыш (рычажные) таразылар қолданылады, олар эталонды массамен салыстырғандағы масаны көрсетеді. Метрологиялық сипаттамасы — олар дәріханалық қол және тарирлік техникалық таразылар 2- класқа жатады.

Масса бойынша дозалау кезінде дәл өлшеудің физикалық негізі қолданылады, осының негізінде барлық таразылар келесі метрологиялық қасиеттермен сипатталады: тұрақтылық, сезімталдық, нақтылық, көрсеткіштің тұрақтылығы.

Тұрақтылық — тепе теңдік жағдайдан шығарылған таразылардың қасиеті бірнеше тербелістен кейін бастапқы қалпына келеді. Тұрақтылық тірек нүктесінен таразы ауырлығының ортасына пропорциональды бағытталған. Тұрақты таразылар масса бойынша тез дозалауды қамтамасыз етеді.

Сезімталдық — жүк пен тепе теңдік арасындағы минимальды айырмашылық қатынасын көрсетеді. Сезімталдық ұзындыққа, оның массасына, салмаққа (аяқ массасына, жүк, артық салмақ), көлеміне, тірек нүктесінен ортаға дейінгі арақашықтыққа байланысты. Тарирлік таразылар сезімтал таразылар деп есептейді, егер бағдарша бағыты ауытқу арақатынасы 5 мм кем болса, қол — ауытқу мөлшері ұзындықтың жартысынан кем болады .

Әртүрлі көлемдегі таразылардың рұқсат етілетін көрсеткіштері: