- •Семей мемлекеттік медицина университеті зертханалық-тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
- •Қол және тарирлік таразылардың метрологиялық сипаттамасы
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау
- •3. . Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
- •6.Әдебиет
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Оқу әдістері мен тәсілдері:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау
- •3. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері::
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері::
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері::
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту міндеттері:
- •- Өндірісте өндіріліп шығарылатын экстракт – концентраттардың жиынтығы; - сулы сығындыларды бөлуге арналған талаптар, нормативті құжаттар, дәріханадан босатуға дайындау, рәсімдеу.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері::
- •6. Әдебиет
- •7. Бақылау
3. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Студент істей білу тиіс:
-линиментті форма ретінде дәрілік және қосымша заттардың физико-химиялық қасиеттері;
-гомогенді, гетерогенді және комбинирленген линименттердің дайындалуының теориялық негізі;
- линименттерді дайындауға қойылатын талаптар, нормативті құжаттар, сапасын бағалау және дәріханадан босататылу. требования нормативных документов по приготовлению, оценке качества и отпуску линиментов из аптек;
Студент білуі тиіс:
- рецептте жазылатын заттарды араластыру кезінде түзілетін дисперсті жүйе түрін анықтау;
- дәрілік және қосымша заттардың санын есептеу;
- линименттер технологиясының оптимальды түрін таңдау және негіздеу;
- линименттерді дайындауда негізгі технологиялық операциялар (өлшеу, еріту, араластыру, ұсақтау, кептіру);
- линименттер сапасын бағалау;
- линименттерді босатуға дайындау, рәсімдеу, босату.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1) Дәрілік форма ретінде линименттердің сипаттамасы.
2) Линименттердің классификациясы.
3) Линименттер үшін негіз.
4) Гомогенді линименттердің технологиясы.
5) Суспензионды линименттердің технологиясы.
6) Эмульсионды линименттердің технологиясы.
7) Комбинирлі линименттердің технологиясы.
8) Линименттер сапасын бағалау.
5. Сабақ беру және оқыту әдістері::
1. сабаққа дайындықты тексеру-лабораториялық жұмысты орындау
2. жұппен жұмыс
3. күнделікті толтыру
4.дәрілік формаларды өткізу
5. ситуациялық тапсырмаларды шешу
6. рецептерді шешу
Лабораториялық жұмысқа нұсқаулық: лабораториялық жұмысты жүргізу
Гомогенді линимент дайындау. Гомогенді линиментті дайындауда дәрілік заттардың еруі және араласуы, босатылатын құтыға құюлуы жүзеге асады. Ен соңынан ұшпайтын және хош иісті заттар қосылады.
Ал: Камфора 2,0
Меңдуана майы 20,0
Хлороформ 10,0
Араластыр. Бер. Белгіле. Тізе .
Төлқұжат
Камфора 2,0 г
Меңдуана майы 20,0 г
Хлороформ 10,0 г
__________________________
Жалпы салмағы 32,0 г
Камфор меңдуана майы мен хлороформда жылдам ериді.
Құрғақ сары түсті босатылатын құтыға 2,0 г камфора алады, техникалық таразыда тарирлейді және басында 20,0 г меңдуана майын, содан кейін 10,0 г хлороформ (ұшқыш зат!) қосады. Толық ерігенше араластырады. «Сыртқа» деген этикеткамен, «Салқын жерде сақтау керек», «Жарықтан қорғалған жерде сақтау керек» деген жазулармен рәсімделеді (камфор мен хлорофор ұшқыш, меңдуана майы мен хлороформ жарыққа сезімтал).
Суспензионды линименті дайындау. Суспензионды линименттерді өлшеу арқылы дайындайды. Бірнеше сұйық компоненттерді жазуда ұшқыш емес, неғұрлым қою және жабысқақ сұйықты пайдаланады.
Ал: Цинк оксиді
Тальк бірдей 5,6
Крахмал 10,0
Кастор майы 10,0
Күнбағыс майы 70,0
Араластыр. Бер. Белгіле. Аяқты таңу үшін
Төлқұжат
Цинк оксиді
Тальк бірдей 5,0 г
Крахмаа 10,0 г
Кастор майы 10,0 г
Күнбағыс майы 70,0 г
_____________________________
Жалпы салмағы 100,0 г
Барлық дәрілік заттар кастор және күнбағыс майында ерімейді.
Келіге ұнтақтүзетін затты салады, ұнтақтайды, оған 10,0 г күнбағыс майын қосады (аузы кең босатылатын құтыға алдын ала 70,0 г күнбағыс майын құйып қояды) және біртекті пульпа пайда болғанша ұнтақтайды (жеке ірі бөліктер болмауы керек). Содан кейін 2—3 рет қалған майды қосады және араластырады, келі қабырғасындағы массаны түсіреді. Босатылатын құтыға 10,0 г кастор майын қосады, оны келіге салып жақсылап араластырады, линимент пайда болады.
Дайын линиментті босатылатын құтыға келіден құяды және «Сыртқа» деген этикеткамен, «Салқын жерде сақтау керек», «Жарықтан қорғалған жерде сақтау керек» деген жазулармен рәсімделеді
Эмульсионді линименті дайындау. Эмульсионды линименттер екі типті болуы мүмкін: май — су және су — май. Линименттің құрамына кіретін эмульгатор немесе жазбада көрсетілген, немесе компоненттердің әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі.
Ал : Аммиак ерітіндісі 25 мл
Олеин майы 1,0
Күнбағыс майы 74,0
Араластыр. Дайбер. Белгіле. Арқаны сүртуге арналған.
Төлқұжат
Аммиак ерітіндісі 10% 25 мл
Олеин қышқылы 1,0 г
Күнбағыс майы 74,0 г
Жалпы салмағы 100,0 г
Аммиак ерітіндісін концентрациясын белгілемей босатады, МФ X сәйкес 10% аммиак ерітіндісін алады, ол майда ерімейді. Олеин қышқылы майда ериді және аммиактың сулы ерітіндісінде ерімейді.
Құрғақ сары түсті босатылатын құтыға 74,0 г күнбағыс майын және 1,0 г олеин қышқылын құяды, толық ерігенше шайқайды, оған 25 мл 10% аммиак ерітіндісін құяды, оны біртекті ақ түсті сұйықтық пайда болғанша қатты шайқайды. Эмульсионды линиментті алуда эмульгатордың ролін аммоний олеаты атқарады — олеин қышқылы мен аммиак ерітіндісінің әрекеттесу өнімі.
Линиментті «Сыртқа» деген этикеткамен, «Салқын жерде сақтау керек», «Жарықтан қорғалған жерде сақтау керек» деген жазулармен рәсімделеді
.
Линимент сапасын бағалау. Дайындалған линименттер сапасын басқа дәрілік формалар сияқты бағалайды, құжаттарды тексереді, түсі, иісі, дәмі , механикалық қосындылардың жоқтығы мен салмағында ауытқушылықтар болмауын тексереді.
Линименттің жалпы салмағы техникалық дәріханалық таразыларда анықталады.
Ресуспендирлеу. Егер линименттер 15—20 с аралығында шайқау кезінде бастапқы қалпына келсе, онда линименттер жақсы ресуспендирленеді.
