- •Семей мемлекеттік медицина университеті зертханалық-тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
- •Қол және тарирлік таразылардың метрологиялық сипаттамасы
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау
- •3. . Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
- •6.Әдебиет
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Оқу әдістері мен тәсілдері:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау
- •3. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері::
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері::
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері::
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау
- •3. Оқыту міндеттері:
- •- Өндірісте өндіріліп шығарылатын экстракт – концентраттардың жиынтығы; - сулы сығындыларды бөлуге арналған талаптар, нормативті құжаттар, дәріханадан босатуға дайындау, рәсімдеу.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Сабақ беру және оқыту әдістері::
- •6. Әдебиет
- •7. Бақылау
3. Оқыту міндеттері:
Студент білу тиіс:
- суспензия дайындаудың теориялық негізі;
- суспензия дайындаудың нормативтік құжаттары, сапасын бағалау мен дәріханадан босату.
Студент істей білу тиіс:
- готовить суспензии различными методами в зависимости от ингредиенттердің физико- химиялық қасиеттеріне байланысты әр түрлі тәсілдер арқылы суспензиялар дайындау;
- гидрофобты заттардан өткір немесе өткір емес қасиеттері бар, суспензиялар дайындағанда стабилизатор санын есептеу;
- Дерягин ережесін қолдану және гидрофильді заттардан суспензиялар дайындауда лайлану әдісін қолдану;
- Конденсационды әдіспен суспензия дайындауда дәрілік препараттар компоненттерін араластыру;
- суспензия сапасын бағалау;
- рәсімдеу, дәріханадан босатуға дайындау.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1) Дәрілік форма ретінде суспензияға сипаттама.
2) Суспензиялардың түзілуінің жағдайлары. Суспензия құраушы дәрілік заттарға сипаттама.
3) Дисперсионды әдіс арқылы суспензияны гидрофильді заттардан дайындау:
а) Дерягин ережесі;
б) лайлану амалдары.
4) Конденсационды әдіс арқылы суспензия дайындау .
5) Суспензия сапасын бағалау, рәсімдеу мен дәріханадан босату.
5. Оқу әдістері мен тәсілдері:
1. сабаққа дайындықты тексеру-лабораториялық жұмысты орындау
2. жұппен жұмыс
3. күнделікті толтыру
4.дәрілік формаларды өткізу
5. ситуациялық тапсырмаларды шешу
6. рецептерді шешу
Лабораториялық жұмысқа нұсқаулық: лабораториялық жұмысты жүргізу
Суспензияны массакөлемді концентрацияда дайындайды, бірақ дәрілік заттар көлемі 5% - аз болмауы керек.
Суспензияны дайындаудың екі әдісі бар: дисперсионды және конденсационды. Дисперсионды әдіс арқылы суспензия дайындау. Гидрофильді қасиеті бар дәрілік заттардан суспензия. проф. Б. В. Дерягиннің ережесін қолдана отырып гидрофильді дәрілік заттарды ұсақтау жүргізіледі, ұсақталатын затқа дисперсионды ортаны қосады 1/2 көлемде.
Гидрофильді дәрілік заттарды дисперсионды ортамен араластырғанда лайлану тәсілі қолданылады, мақсаты— фракционды бөлік. Ұсақталған затқа су қосады(сулы ерітінді), оның көлемі 10—20 рет ұсақталған зат массасынан асады. Тұнбаны пестикпен араластырады, оны 2—3 мин қалдырады, босатылатын құтыға құяды, қажетінше бірнеше мәрте қайталайды .
Ал: Натрий бензоаты ерітіндісі 1% 120 мл
Висмут нитраты негізгі 2,0
Қантты су 10 мл
Араластыр . Бер . белгіле. 1 үлкен қасықтан күніне 3 рет
Төлқұжат 1
Натрий бензоаты 1,2 г
Висмут нитраты негізгі 2,0 г
Қантты су 10 мл
Тазартылған су120 мл
_________________________________
Жалпы көлемі 130 мл
Төлқұжат 2 ( концентрлі натрий бензоаты ерітіндісі)
Натрий бензоаты (1:10) 12 мл
Висмут нитраты негізгі 2,0 г
Қантты су 10 мл
Тазартылған су 108 мл
__________________________________
Жалпы көлемі 130 мл
Ыдысқа 120 мл тазартылған суға 1,2 г натрий бензоатын қосады(төлқұжат 1). Аздаған мақта арқылы өткізеді.
Концентрлі натрий бензоаты ерітіндісін ыдысқа салып 108 мл тазартылған су және 12 мл 10% натрий бензоатын қосады (төлқұжат 2).
Висмут нитраты негізгі құрғақ түрде ыдысқа салады, 1 мл дайындалған натрий бензоаты ерітіндісін қосады (проф. Б. В. Дерягин ережесі). 20—40 мл натрий бензоаты ерітіндісін қосады , пестикпен араластырады, 2—3 мин қалдырып қояды. Қоспаны босатылатын құтыға құяды. Тұнбаны бөлшектейді, оған тағы да 20—40 мл натрий бензоатын қосады. Операцияны бірнеше рет қайталай береді, тұнба толық лайланғанша жүргізеді. Дайындалған суспензияны босатылатын құтыға құйып, оған 10 мл қаннты су қосып, босатуға рәсімдейді. Суспензияларды әдетте «Ішке» немесе «Сыртқа»деген этикеткамен рәсімдейді және міндетті түрде «Пайдаланар алдында шайқаңыз» деген жазу болу керек.
Конденсационды әдіспен суспензия дайындау.
Төменде конденсационды әдіспен дайындалған суспензия технологиясы көрсетілген.
Ал : Калий бромиді ерітіндісі 2% 200 мл
Ландыш тұнбасы 6 мл
Араластыр. Бер. Белгіле. 1 үлкен қасықтан күніне 3 рет
Төлқұжат
Калий бромиді ерітіндісі 1:5 20 мл
Тазартылған су 180 мл
Ландыш тұнбасы 6 мл
__________________________________
Жалпы көлемі 206 мл
Сиымдылығы 250 мл сары шынылы құтыға (бромид пен тұнбалар жарыққа сезімтал) 180 мл тазартылған су мен 20 мл калий бромиді ерітіндісін құяды. Ең соңынан 6 мл ландыш тұнбасын қосады. Құтыны жабады, босатуға рәсімдейді. Суспензияларды әдетте «Ішке» немесе «Сыртқа»деген этикеткамен рәсімдейді және міндетті түрде «Пайдаланар алдында шайқаңыз» деген жазу болу керек
Суспензия сапасын бағалау. Дайындалған суспензиялардың сапасы басқа дәрілік формалардың сапасы сияқты бағаланады, құжаттар тексеріледі, түсі, иісі, механикалық қосындылардың жоқтығы, көлемі мен салмағындағы ауытқушылық. Спецификалық көрсеткіш ретінде ресуспендірлеу мен дисперсті фаза бөлігінің біртектілігі.
Ресуспендірлеу. Суспензияның тұнбаға түсуі негізінде бөліктерінің барлық салмағы бойынша араластыру 15—20 с аралығында сақталуы 24 сағ, 40—60 с аралығында сақталуы 3 тәулік ішінде қалпына келеді.
Дисперсті фаза бөліктерінің біртектілігі. Дисперсті фаза бөліктерінде біртекті емес ірі бөліктер болмауы керек. Бөліктердің көлемін анықтау микрокөшірмелеу арқылы жүргізіледі. Дисперсті фаза бөліктерінің көлемі суспензияға арналған жеке бабтардан аспауы керек.
