Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод.рекомендации для занятий ГОСО 2006 (практических, семинарских, лабораторных) (каз).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
564.74 Кб
Скачать

3. Оқыту міндеттері:

  • Студент білу керек:

- ЖМҚ мен олардың ерітінділерінің қасиеттері;

- ЖМҚ ерітінділерді дайындаудың ерекшеліктері;

- ЖМҚ дайындауға қажетті нормативті құжаттардың талаптары, сапасын бағалау, сақталуы мен дәріханадан босатылуы;

- колларгол, протаргол, ихтиол және олардың ерітінділерінің қасиеттері;

- коллоидты ерітінділерді дайындаудың ерекшеліктері;

- коллоидты ерітінділерді дайындаудың қажетті нормативті құжаттардың талаптары, сапасын бағалау, сақталуы мен дәріханадан босатылуы

Студент істей білу тиіс

- ЖМҚ ерітінділерінің оптимальды технологиясын негіздеу және таңдау;

- ЖМҚ молекула құрылысын ескере отырып, шектеулі және шектеусіз ісінетін ерітінділер дайындау;

- ЖМҚ қасиеттерін ескере отырып фильтрлеуші материалды таңдау;

- коллоидты ерітінділерінің оптимальды технологиясын негіздеу және таңдау;

- колларгол, протаргол, ихтиол ертінділерін дайындау, мицелла құрамын ескеру қажет;

-коллоидтардың қасиеттерін ескере отырып фильтрлеуші материалды таңдау ;

- дайындалған ерітінділердің сапасын бағалау;

- дәрілік формаларды босатуға дайындау және рәсімдеу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1) Шектеулі және шектеусіз ісінетін ЖМҚ – құрылысының ерекшеліктері, ерігіштік қабілеті.

2) Пепсин ерітіндісін дайындау.

3) Желатин ерітіндісін дайындау.

4) Крахмал ерітіндісін дайындау.

5) Метилцеллюлоза ерітіндісін дайындау.

6) ЖМҚ ерітінділерін сақтау. ЖМҚ ерітінділерінің тұрақтылығының бұзылуы – сору, коацервация, тұндыру.

7) Кинетикалық (седиментациондық) және агрегативті (конденсациондық) коллоидты ерітінділердің тұрақтылығы, суспензиялар мен эмульсиялар.

8) Протаргол ерітінділерін дайындау.

9) Колларгол ерітінділерін дайындау.

10) Ихтиол ерітінділерін дайындау.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

1. сабаққа дайындықты тексеру-лабораториялық жұмысты орындау

2. жұппен жұмыс

3. күнделікті толтыру

4.дәрілік формаларды өткізу

5. ситуациялық тапсырмаларды шешу

6. рецептерді шешу

Лабораториялық жұмысқа нұсқаулық: лабораториялық жұмысты жүргізу

Шектеусіз ісінетін жоғары молекулалы қосылысты ерітінділерді дайындау. Шектеусіз ісінетін ЖМҚ, фармацевтикалық тәжірибеде қолданылатын, пепсин ерітіндісіне жатады, мия экстракты, итжидек және т.б. Шектеусіз ісінетін ЖМҚ ерігіштігі төмен молекулалы заттардың ерігіштігінен айырмашылығы жоқ.

Ал: Хлорсутек қышқылы 4 мл

Пепсин 2,0

Қантты су(сироп) 10 мл

Тазартылған су 200 мл

Араластыр. Бер .Белгіле. 1 үлкен қасықтан күніне 2 рет

Төлқұжат

Хлорсутек қышқылы ерітіндісі 1:10 40 мл

Пепсин 2,0 г

Қантты су 10 мл

Тазартылған су 164 мл

____________________________________________

Жалпы көлемі 214 мл

Тіреуішке 164 мл суды өлшеп алады, 40 мл хлорсутекқышқылы ерітіндісін (1:10) және и 2,0 г пепсин қосып араластырады. Ерітіндіні кішкентай мақта немесе шыны фитльтр арқылы № 1 немесе 2 кептіреді, 250 мл сиымдылығы бар босатылатын құтыға құяды(пепсин қағаз фильтр арқылы адсорбирленеді, қышқыл ортада ақуыз, екідайлы қосылыс ретінде оң зарядқа ие болады, ал қағаз гидролизденіп теріс зарядталады). Босатылатынқұтыға 10 мл қантты суды өлшеп алады. Құтыны жауып, босату үшін рәсімдейді.

Шектеулі ісінетін ЖМҚ ерітінділерін дайындау. Шектеулі ісінетін ЖМҚ желатин, крахмал, метилцеллюлоза, карбоксиметилцеллюлозаның натрий тұзы, поливинол және т.б. жатады. ЖМҚ ерітінділерінің технологиясы индивиду­альды және қосымша операцияларды қажет етеді, ісіну деңгейі еру деңгейіне ауысады.

Ал: Желатин ерітіндісі 5% 50 мл

Бер. Белгіле . 1 десертті қасықпен 2 сағат сайын

Төлқұжат

Желатин 2,5 г

Тазартылған су 50 мл

____________________________________

Жалпы көлем 50 мл

Желатин ерітіндісін массасыкөлемді концентра­цияда дайындайды (МФ X көрсетіледі).

Булайтын ыдыста 2,5 г желатинге 4 — 10-реттік бөлме температурасындағы суды құяды және оны 30—60 мин ісінгенге дейін қойып қояды. Содан кейін судың қалған мөлшерін қосады, су моншасында қыздырады 40—50° С температуды толық ерігенше күтеді. Жылы ерітіндіні дәке арқылы құтыға құяды, қажет болса көлемін 50 мл дейін жеткізеді, жабады, босатуға дайындайды.

Ал: Крахмал ерітіндісі 200,0

Натрий бромиді 5,0

Араластыр. Бер. Белгіле. 2 клизмаға арналған

Крахмал ерітіндісі МФ VII негізінде жасалынады: крахмал 1 бөлік, суық су 4 бөлік, ыстық су 45 бөлік.

Төлқұжат

Крахмал 4,0 г

Суық тазартылған су 16 мл

Ыстық тазартылған су 180 мл

Натрий бромиді 5,0 г

__________________________________________

Жалпы салмағы 205,0 г

Өлшенетін булайтын аяқта аздаған отта кішкене көлемдегі суды қайнатады (натрий бромиді ерітіндісі еруі үшін қажет бірнеше миллиметр қалдырып) және оған бөлек дайындалған 4,0 г крахмалды 16 мл суға қосады. Қоспаны қайнауға дейін 1—2 мин қыздырады. Суытқаннан кейін ерітіндіні тарирлі босатылатын шыны құтыға құяды , натрий бромиді мен су қосады 205,0 г дейін жеткізеді. Құтыны жабады, босатуға дайындайды

Жоғары молекулалы қосылысты ерітінділердің сапасын бағалау. Дайындалған ЖМҚ ерітінділерін басқа дәрілік формаларды бағалаған сияқты тексереді, нормативті құжаттар, (рецепт, төлқұжат), рәсімдеу, түсғ иісі, механикалық қосындылардың болмауы, көлеміндегі ауытқулар .

Коллоид­ты ерітінділер — микрогетерогенді жүйе, олардың диспер­сті фазасы болып мицелла табылады. Бөліктің үлкен көлемі( 1 ден 100 нм дейін) және жоғары молекулалы қосылыстармен лиофобты тұздардың қорғанысы және ЖМҚ ерігіштік техно­логиясы.

Коллоидтардан қорғалған ерітінділерді дайындау. Коллоидты ерітінділерді құрайтын дәрілік заттарға протаргол, колларгол, ихтиол және т.б. жатады. Колларгол және протаргол ерітінділерін дайындау олардың мицелл құрамына байланысты болады. Протаргол — күміс оксиді, ақуыз гидролизі өнімдерінен қорғалған, құрамында 7,7— 8,3% күміс бар. Колларгол 70% аз күміс және 30% ақуыздық заттар болады.

Ал : Протаргол ерітіндісі 1% 200 мл

Бер. Белгіле. Спринцовкалау үшін

Төлқұжат

Протаргол 2,0 г

Тазартылған су 200 мл

___________________________________

Жалпы көлемі 200 мл

Мойны кең ыдысқа 200 мл тазартылған су өлшеп алады және оған абайлап 2,0 г протаргол себеді. Оны 15—20 мин толық ерігенше қойып қояды. Ерітіндіні мақта арқылы шыны фильтрлер № 1немесе 2 немесе зольсіз фильтр қағазынан өткізеді (протаргол жарыққа сезімтал). Золь қағазын пайдаланбайды, себебі ауыр немесе негіздік жер металл иондары протаргол коагуляциясын тудыруы мүмкін. Құтыны жабады, босатуға дайындайды.

Ал: Колларгол ерітіндісі 1% 20 мл

Бер. Белгіле. 1—2 тамшыдан оң құлаққа күніне 3 рет

Төлқұжат

Колларгол 0,2 г

Тазартылған су 20 мл

__________________________________

Жалпы көлемі 20 мл

Ісіну деңгейінің уақытын азайту үшін, ақуыздағы колларгол мөлшерінің аздығына байланысты, оны ыдыста азадаған сумен (0,2 г, 4 тамшы) араластырып, қалған бөлікті еріткішпен қосады. Ерітіндіні зольсіз қағаз арқылы фильтрлейді және сары құтыға босату үшін дайындайды (колларгол жарыққа сезімтал), жабады, босатуға дайындайды

Коллоидтардан қорғалған ерітінділерді дайындау.. Коллоидтардан қорғалған ерітінділерді ерітінділерін басқа дәрілік формаларды бағалаған сияқты тексереді, нормативті құжаттар, (рецепт, төлқұжат), рәсімдеу, түсғ иісі, механикалық қосындылардың болмауы, көлеміндегі ауытқулар .