- •3.1 Аммофос пен суперфосфатты біріктіріп өндіруде
- •3.2 Аммоний ортофосфаттары өндірісі
- •3.3 Ұнтақ аммофос өндірісі
- •4 Шикізат пен өнімге сипаттама
- •4.1 Өндірілетін өнімнің сипаттамасы
- •5.2 Технологиялық үлгісінің сипаттамасы
- •7 Аммофос пен нитроаммофосты өндіру барысында аммонизацияланған қойыртпақты буландыру
- •6 Техника қауіпсіздігі.
5.2 Технологиялық үлгісінің сипаттамасы
Аммофосты өндірудің технологиялық үлгісіне келесі кезеңдер жатады:
аммиакпен экстракционды фосфор қышқылын бейтараптандыру;
аммонизацияланған қойыртпақты буландыру;
буланған қойыртпақты түйіршіктеу мен кептіру;
кептірілген өнімді жіктеу;
шығатын газдарды тазарту;
дайын өнімді тиеу
Суперфосфатты өндірудің технологиялық үлгісіне төмендегі кезеңдер жатады:
аммиакпен экстракционды фосфор қышқылын бейтараптандыру;
аммонизацияланған суперфосфатты қойырпақты кептіру және түйіршіктеу;
аммонизацияланған қойыртпақты буландыру;
кептірілген өнімді жіктеу;
шығатын газдарды тазарту;
дайын өнімді тиеу
Нитроаммофосты өндірудің технологиялық үлгісіне төмендегі кезеңдер жатады:
аммиакпен экстракционды фосфор қышқылын бейтараптандыру;
аммиак селитрасымен буландырылған аммофосты қойырпақты араластыру барысында ЭФК бөлімінен алынған аммиакпен нитроаммофостф қойырпақты бейтараптандыру;
бейтараптанған нитроаммофосты қойырпақты кептіру және түйіршіктеу;
аммонизацияланған суперфосфатты қойырпақты кептіру және түйіршіктеу;
кептірілген өнімді жіктеу;
шығатын газдарды тазарту;
дайын өнімді тиеу
7 Аммофос пен нитроаммофосты өндіру барысында аммонизацияланған қойыртпақты буландыру
Поз.19 буландыру аппараты тот баспайтын болаттан және футерленген қышқылға берік кірпіштен жасалған ыдыс. Қойыртпақты буландыру буландыратын аппаратта бар қойыртпақ қабатының астында орналастырылған барботажды құбыр арқылы буландыратын аппаратқа келіп түсетін оттық газбен жүзеге асырылады.
Оттық газдардарды поз. 18 газды ауа калориферінде табиғи газды жандыру арқылы алады.
Табиғи газдың қысымы 30-40 кПа (0,30-0,40 кгс/см2), көлемді шығыны 1500 м3/ч аспайды.
Келіп тұрған газдың қысымы 0,1 кгс/см2 түсіп немесе 0,45 кгс/см2 дейін көтеріліп кеткен жағдайда поз. 18 газды ауа калориферге келіп түсетін табиғи газды тоқтататын АҚЖ (желіге қарсы қорғаныс) жүйесі мен дабыл іске қосылады.
Поз.18 газды ауа калориферінде табиғи газды жандыру үшін поз.17 желдеткішімен жалпы шығыны 30000 м3/ч аспайтын қысымы 1 кПа (100 кгс/м2) кем емес ауаны қысып толтырады. Ауа қысымы 100 кгс/м2 жеткен уақытта 18 газды ауа калориферіне жіберілетін табиғи газды тоқтататын АҚЖ жүйесі мен дабыл іске қосылады. Поз.18 газды ауа калориферінен шығатын жолда оттық газдың температурасы 950 0С аспайды, поз.18 газды ауа калориферінің жанарғыларына табиғи газды жіберу қарқынын өзгерте отырып, қашықтықта басқарылады.
Поз.18 газды ауа калориферінде шырақтың өшіп қалу жағдайында поз. 18 газды ауа калориферіне жіберілетін табиғи газды тоқтататын АҚЖ жүйесі мен дабыл іске қосылады. Поз. 19 буландыратын аппараттан шығатын, газ шығатын жол арқылы шығатын, рұқсат етілген қысымы 60 -100 Па (6-10 кгс/м2) тең, температурасы 150 0С аспайтын газдар поз. 24 желдеткішінің шиберін қашықтықта ашу арқылы басқарылады да, сіңірілетін аппарат ішіне тазартылу үшін бағытталады. 5 кгс/м2 газ өтетін жолда газдарды жұмсарту барысында поз. 18 газды ауа калориферіне жіберілетін табиғи газды тоқтататын АҚЖ жүйесі мен дабыл іске қосылады.
Аммофосты өндіру барысында поз. 21 бак тыныштандырушы арқылы поз. 19 буландыру аппаратынан шығатын буланған қойыртпақ поз. 22 электр сорғы агрегатының бағына түсіп, поз. 26, 27, 28 аммонизацияланған қойыртпақ жинағына беріледі.
Поз. 27, 28 жинақтарынан шығатын буланған қойырпақ өздігінше поз. 26 жинағына ағып түседі. Буланған қойыртпақ жинақтары араластыратын қондырғылармен жабдықталған. Поз. 27,28 жинақтарында ирек түтіктер орнатылған, ал поз. 26 жинағы бу қағанағымен жабдықталған. Поз. 26,27,28 жинақтарындағы буланған қойыртпақты жылыту буландыру қондырғыларының көмегімен оның кристалдануына жол бермей, жылжымалылығын қамтамасыз етеді.
Нитроаммофосты өндіру барысында буланған қойыртпақ поз. 19 буландыру аппаратынан поз.22 электр сорғы агрегаты көмегімен поз. 27, 28 аммонизацияланған қойыртпақ жинақтарына жіберіледі. поз. 27, 28 аммонизацияланған қойыртпақ жинақтарынан аммонизацияланған қойыртпақ поз. 9/1,9/2 электр сорғы агрегатымен аммиакты селитрамен араластыру үшін ЭФК бөліміне беріледі.
