- •Медициналық көмекті амбулаторлы жағдайда күндізгі ауруханада және үйде көрсету.
- •Алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызмет ету бөлімшелерінің штаттық нормативі.
- •Жалпы дәрігерлік тәжірибенің амск-і бөлімшелерімен жүргізілетін медициналық жұмыстың ең төменгі (минималдық) көлемі
- •1.Жалпы дәрігерлік тәжірибенің жұмыс мақсаты
- •2. Бірлестік және басқарулар
- •3. Ауруды алдын алу
- •4. Диагностика және ауруды емдеу
- •6.Эпидемияға қарсы режимді қамтамасыз ету
- •7.Тұрғындарға әлеуметтік - психологиялық көмек көрсету
- •Жалпы тәжірибедегі медбикенің міндетті қызметтері.
- •Жалпы тәжірибедегі мейірбикенің жұмыстары.
- •Бала денсаулығын қорғау жұмысын істейтін мейірбикенің қызметі
- •Мейірбике – акушерка қызметі
- •Ждт мейірбикенің құқығы
- •Ждт мейірбикенің жауапкершілігі
- •Ждт алғашқы тізімге алу құжаттары
- •Жтм өзіндік жұмысы.
- •Диспансерлеу
- •Тұрғындарды медициналық тексеру мен диспансерлеуді жоспарлау және ұйымдастыру.
- •Диспансерлеу топтары
- •Алдын алу.
- •Алдын алудың түрлері
Жалпы тәжірибедегі медбикенің міндетті қызметтері.
Жалпы тәжірибедегі мейірбике (ЖТМ) жалпы тәжірибедегі дәрігердің (ЖТД) көмекшісі болып табылады, дәрігер қол астында және аға мейірбикенің қарамағында жұмыс істейді. АМСК-ны жүргізудегі мейірбикенің ролі өте маңызды. Тұрғындар арасында алдын алу шараларын белсенді өткізеді, емдік манипуляцияларға қатысады, науқастарды әр түрлі зертханалық және аспаптық тексерістерге дайындайды, реабилитация шараларын жүргізіп, оған науқасты және оның туыстарын қатыстырады. Мейірбике үрдісін жүзеге асырып, тұрғындар арасында тексеріс өткізіп (сұрастыру, анамнез жинау, өлшеу, қарау) әр адамнан қауіпті мәнбірлерді табады. Содан кейін осы қауіпті мәнбірлерді алдын алуы туралы мәліметтер береді, профилактикалық консультациялар береді, денсаулық сақтау мектептерінде оқыту жүргізеді.
Жалпы тәжірибедегі мейірбикенің жұмыстары.
1.Ауруды қабылдауға қатысу, жұмыс орнын, амбулаторлық картасын дайындау, статистикалық форманы толтыру, науқастың бойын, салмағын, артериялық қан қысымын, температурасын және көз қысымын өлшеу.
2. Дәрігердің емдік және физиотерапевтік процедураларын орындау.
3. ЖТД жолдамасымен халықтың денсаулығын динамикалық бақылауға алуға қатысу.
4. Дәрігердің жолдамасымен науқастың денсаулығын үйінде бақылау.
5. Статистикалық талонды, зертханалық жолдаманы және амбулаторлық картаны толтыру.
6. Есеп-қисап құжаттарын жүргізу.
7. Флюрографиялық, зертханалық және диспансерлік тексерісіне науқастың келуін қамтамасыз ету.
8. Мақсатты алдын алу тексерістің орындалуына қатысу.
9. Шұғыл жағдайда көмек көрсету.
10. Дәрігердің нұсқауы бойынша екпені көк тамырға, бұлшық етке, тері астына егу және операциядан кейін науқасқа байлам тануды өткізу.
11.Қандағы қанттың деңгейін глюкометрмен үйде анықтау, биохимиялық тексеріске қан алу және басқа манипуляцияларды өткізу.
12.Үйде электрокардиограммаға түсіру.
13. Біліктілігін көтеру.
14.Халық арасында салауатты өмір сүру салтына үгіт жүргізуді ұйымдастыру.
15.Наркомания және алкоголизмнің алдын алу жұмыстарын жүргізу.
16.Жанұя құру мәселеде ЖТД-мен бірлескен жұмыс жүргізу.
17.Әр аймақтық бөлімшелерді (пәтерлер, кеңселер, мекемелер) санитарлық қалпын қарау, қауіптілік байқалған жағдайда ЖТД-ге естірткен жөн.
Бала денсаулығын қорғау жұмысын істейтін мейірбикенің қызметі
1.Сау баланың дамуы және тәрбиелердің алдын алу жұмыстарын жүргізу.
2.Науқас балаларға дәрігердің нұсқауымен үйінде медициналық көмек көрсету.
3.Халыққа жанұялық деңгейде санитарлық жұмыс жүргізу.
4.Перзентханадан шыққан жаңа туған баланы алғашқы 3 күнде бақылауға қатысу.
5.Балаларды мектепке дейінгі және мектепке дайындау шарасын жоспарлау.
6.Иммунды алдын алуды өткізу.
7.Балаларды тексеріп тұруды қамтамасыз ету.
8.Уақыттылы жүйелік мамандығын көтеру.
Мейірбике – акушерка қызметі
1.Диагноз қою және жүкті әйелдің уақытын белгілеу.
2.Жүктіліктің физиологиялық өтуін диспансерлі бақылау.
3.Жүктілер мен босанғандарға патронаж жүргізу.
4.Гинекологиялық науқастарға және жүктілерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
5.Процедура және нұсқаулардың орындалуы.
6.Жүкті әйелді алдын ала тууға дайындық жүргізу.
7.Минималды зертханалық тексерістер (клиникалық қан анализі, қандағы қант деңгейі, жалпы зәр анализі және ЭКГ) жүргізу.
8.Санитарлы-гигиеналық шаралардың орындалуы.
9.Жанұяны жоспарлау немесе жыныс жолы арқылы жұғатын аурулардың, қауіпсіз жұқпаның алдын алу шараларын жүргізу.
10.Әйелдер арасында алдын алу мақсатымен ерте бастан гинекологиялық және онкологиялық аурудың тексеруін ұйымдастыру.
11.Медициналық құжаттарды жүргізу.
12.Жүкті әйелдің және гинекологиялық науқастардың емдеуі мен тексеруі, ЖТД арасындағы қарым-қатынасты қамтамассыз ету.
13.Жүкті әйелдерді және оның жанұя мүшелерін салауатты өмір салтына және балаларды қарауды үйрету.
14.Жүйелік мамандығын жетілдіру.
