- •Медициналық көмекті амбулаторлы жағдайда күндізгі ауруханада және үйде көрсету.
- •Алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызмет ету бөлімшелерінің штаттық нормативі.
- •Жалпы дәрігерлік тәжірибенің амск-і бөлімшелерімен жүргізілетін медициналық жұмыстың ең төменгі (минималдық) көлемі
- •1.Жалпы дәрігерлік тәжірибенің жұмыс мақсаты
- •2. Бірлестік және басқарулар
- •3. Ауруды алдын алу
- •4. Диагностика және ауруды емдеу
- •6.Эпидемияға қарсы режимді қамтамасыз ету
- •7.Тұрғындарға әлеуметтік - психологиялық көмек көрсету
- •Жалпы тәжірибедегі медбикенің міндетті қызметтері.
- •Жалпы тәжірибедегі мейірбикенің жұмыстары.
- •Бала денсаулығын қорғау жұмысын істейтін мейірбикенің қызметі
- •Мейірбике – акушерка қызметі
- •Ждт мейірбикенің құқығы
- •Ждт мейірбикенің жауапкершілігі
- •Ждт алғашқы тізімге алу құжаттары
- •Жтм өзіндік жұмысы.
- •Диспансерлеу
- •Тұрғындарды медициналық тексеру мен диспансерлеуді жоспарлау және ұйымдастыру.
- •Диспансерлеу топтары
- •Алдын алу.
- •Алдын алудың түрлері
І тарау.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК)
оның қызметі мен тапсырмалары.
Жалпы машықтанудағы медбикенің міндеті, қызметі мен
жұмыс мазмұны.
Денсаулық сақтау жүйесінде қайта құру жүруде, оның негізгі бағыты - алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК). АМСК – адамның денсаулық сақтау мекемесімен қатысуының бірінші дәрежесі. Ол біліктендірілген комплексті дәрігерлік көмекті медицина қызметкерлері арқылы (жалпы дәрігерлік тәжірибе) жанұялық және қоғамдық тұрғыда көрсету. АМСК-нің негізінің бірі – тұрғындарды медициналық тексеру мен диспансерлеу, яғни тұрғындардың денсаулығын қалыптастыру және нығайтуға бағытталған шараларды жүргізу: аурулардың асқынуларын алдын алу, өмір ұзақтығын арттыру, тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын, меншіктің барлық нысандарындағы медициналық қызметтерді жабдықтаушылар қызметінің деңгейі мен тиімділігін үздіксіз арттыруды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл бағыттың ерекшелігі тұрғындардың осы жұмысты жоспарлауға, жүргізуіне қатысуы, яғни, бұл жоспарға адамның қатысуы жауаптылығы болып табылады.
БДЖДСҰ-ның “Синди” жобасының негізгі мақсаты - созылмалы ауруларды көп мәнбірлі интегрировалық алдын алу шараларын жүргізу болып табылады. Алдын алу шараларының маңыздылығы неде? Созылмалы аурулар 86% өлімге әкеліп соғады. Сол себептен созылмалы ауруларды алдын алу үшін қауіпті мәнбірлерді болдырмау керек.
Статистика бойынша тұрғындар арасында қауіпті мәнбірлер көрсеткіштері:
шылым шегу – 22,7%;
ішімдік ішу – 41,9%;
нашақорлықпен есепте 51633 адам тұрады.
Сол уақытта дене шынықтырумен және спортпен айналасатындар саны 13,3% қана болған.
АМСК – бұл жан жақты және тоқтаусыз жүріп отырады. АМСК адамдарды өмір бойы диспансерлік нұсқау бойынша бақылайды:
алдын алу тексерістерін жүргізеді;
амбулаторлық ем көрсетеді, патронаж жүргізеді;
зертханалық және аспаптық тексеру арқылы диагностика шараларын қолданады;
індетке қарсы шаралар кең ұйымдастырылады.
АМСК бірлестігіне және құрамдық бөліміне мыналар кіреді:
1.Емхана.
2.АМСК орталығы.
3.Дәрігерлік амбулатория.
4.Дәрігерлік пункт.
Емхана-өзіне тиісті тұрғындарға біліктендірілген және арнайы көмекті көрсететін медициналық бірлестік. Емхананың құрамына жалпы практикадағы (аймақтық дәрігерлер) дәрігер топтамалары, консультативті – диагностикалық бөлімше, күндізгі аурухана (10 төсек орнынан артық емес) және қосымша қызметтер кіреді.
Емхананың негізгі қызметтері:
Біліктендірілген медициналық көмекті амбулаторлық, күндізгі стационарлық және үйде көрсету.
Аурудың алдын алу және оның үрдістік мүмкіндігін анықтау шараларын ұйымдастыру.
Санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы шаралар ұйымдастыру.
Иммундық алдын алу шараларын өткізу.
АМСК орталығы - өзіне тиесілі тұрғындарға дәрігер маманысыз көмек көрсететін заңды орын болып табылатын медициналық бірлестік. АМСК орталығының құрамына жалпы практиканың топтары, зертханалық-құрал жабдық диагностикасы, күндізгі аурухана (10-нан да көп төсек орындардың болуы) және қосымша қызметтер кіреді.
АМСК орталығының негізгі қызметтері:
Біліктендірілген медициналық көмекті амбулаторлық, күндізгі стационарлық және үйде көрсету.
Аурудың алдын алу және оның үрдістік мүмкіндігін анықтау шараларын ұйымдастыру.
Санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы шаралар ұйымдастыру.
Иммундық алдын алу шараларын өткізу .
Пациенттерді ауруханалық емге жолдау
Дәрігерлік амбулатория- өзіне тиесілі тұрғындарға біліктендірілген көмекті көрсетеді.Ол жеке заңды тұлға немесе АМСК орталығының бөлімі. Дәрігерлік амбулаторияның құрамына жалпы практикалық тобы, күндізгі аурухана (5 төсек орынға дейін) және қосымша қызметтер кіреді. Дәрігерлік амбулаторияның құрамына медициналық пункт те кіруі мүмкін.
Дәрігерлік амбулаторияның негізгі қызметтері:
Медициналық көмекті амбулаторлы жағдайда күндізгі ауруханада және үйде көрсету.
Аурудың алдын алу және оның үрдістік мүмкіндігін анықтау шараларын ұйымдастыру.
Санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы шаралар ұйымдастыру.
Иммундық алдын алу шараларын өткізу .
Медициналық пункт - дәрігерлік амбулаторияның, АМСК орталығының құрылымдық бөлімшесі, өзіне тапсырылған тұрғындарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсететін орын.
Медициналық пунктің негізгі қызметтері:
Дәрігердің тапсырмасын орындау.
Алдын алу және індетке қарсы шараларды ұйымдастыру.
Иммундық алдын алуды өткізу.
Тұрғындарға аурудың алдын алуын, салауатты өмір салтын қалыптастыруын үйрету.
Біліктендірілген медициналық көмекті алуға жолдама беру.
Өзіне тиісті тұрғындарды дәрі- дәрмектермен қамтамасыз ету.
АМСК негізгі мақсаты - тұрғындарды медициналық көмекке деген сұранысын қанағаттандыру.
АМСК тапсырмасы- тұрғындарға қол жетерлік медициналық көмекті көрсету.
АМСК қызметті:
Адамның денсаулығын ауырғанда ғана емес өмір бойы бақылау.
Біліктендірілген медициналық көмек көрсету.
Барлық денсаулық сақтау қызметінің координациясын күшейту.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызмет ету бөлімшелерінің штаттық нормативі.
№ |
Мамандықтың түрлері |
нормативі |
|
|
|
Лауазым саны |
жүктеме |
1.Медициналық пункт |
|||
1 |
Медициналық бике |
1 |
Ауыл тұрғындарына(50-800 адам) қызмет ету
|
2 |
Медициналық бике |
1 |
Ауыл тұрғындарына(800-2000 адам) қызмет ету
|
Акушерка |
1 |
||
2.Ауыл округі
|
|||
3 |
Жалпы тәжірибедегі дәрігері (ЖТД) |
1 |
Ауыл тұрғындарына(1000-2000адам) қызмет ету
|
Медициналық бике |
1 |
||
3.Дәрігерлік амбулатория
|
|||
4 |
Жалпы тәжірибедегі дәрігері (ЖТД) |
1 |
Аралас тұрғындарына (2000адам) қызмет ету
|
Медициналық бике |
2 медбике 1-ЖТД маманына |
||
Акушерка |
1 акушерка 1-ЖТД маманына |
||
4.АМСК –ның орталығы
|
|||
5 |
Жалпы тәжірибедегі дәрігері (ЖТД) |
1 |
Аралас тұрғындарына (2000адам) қызмет ету
|
Медициналық бике |
2 медбике 1-ЖТД маманына |
||
Акушерка |
1 акушерка 1-ЖТД маманына
|
||
6 |
Учаскелік терапевт |
1 |
Қызмет көрсету |
7 |
|
|
|
8 |
Егу медбикесі |
1 |
10000 тұрғындарға
|
9 |
Бас дәрігер
|
1 |
|
10 |
Әдістемелік ұйымдастыру кабинетінің медбикесі
|
1 |
10000 тұрғындарға |
11 |
Күндізгі аурухананың дәрігері
|
0,5 |
10 төсек орынға дейін |
12 |
Күндізгі аурухананың медбикесі
|
1,0 |
|
4. Емхана
|
|||
13 |
Жалпы тәжірибе дәрігері (ЖТД) |
1 |
Аралас тұрғындарына (2000адам) қызмет ету
|
Медбике |
2 медбике 1-ЖТД маманына |
||
Акушерка |
1 акушерка 1-ЖТД маманына
|
||
14 |
Учаскелік терапевт |
1 |
2300 ересек тұрғындарға қызмет ету |
Учаскелік медбике
|
1 |
||
15 |
Учаскелік педиатр |
1 |
1000 жас тұрғындарға қызмет ету |
Учаскелік медбике
|
1 |
||
16 |
Егу медбике |
1 |
10000 тұрғындарына қызмет ету |
17 |
Медбике-лаборант
|
1 |
10 ЖТД маманына |
18 |
Медбике рентген-лаборант
|
1 |
10 ЖТД маманына |
19 |
ЖТД бөлімшенің менгерушісі
|
1 |
6 ЖТД маманына |
20 |
Күндізгі аурухананың дәрігері |
1 |
15 төсек орынға дейін |
Күндізгі аурухананың медбикесі |
1 |
||
