Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VІ тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать

VІ - ТАРАУ

Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары Бүйрек және зәр шығару жолдарының анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері

Бүйрек ағазаның іс әрекетінің дәрісінде пайда болатын улы керексіз қалдықтарды ағзадан шығаруға қатынасады. Бүйрек қанды сүзіп, зәрді бөліп шығарады. Несеп ағар түтігі арқылы зәр қуыққа түсіп, зәр шығаратын арна арқылы сыртқа ағып шығады. Бүйректер – сопақша келген қос ағза, бел аймағының артқы бетінде омыртқаның оң және сол жағында орналасқан. Оң жақ бүйректің үстінде бауыр орналасқан, сол жақ бүйректің ұйқы безі орналасқан. Бүйректің ұзыңдығы 10 –12 см, салмағы – 150 – 170г. Бүйрек жұқа дәнекер тінді қабықпен және көп қабат май тінімен қабатталған. Бүйрек сыртқы (қыртыс) және ішкі милы қабаттардан тұрады. Бүректің жоғарғы жағында ішкі сөлденіс безіне жататын бүйрек үсті безі орналасқан. Бүйректің іші біртекті құрылыста келген нефрондардан тұрады. Нефрон құрылысына келетін болсақ, оған капилляр шумағы бар қапшығы кіреді. Қыртыс қабатта бөлінген бүйрек артерияларынан құрылған бүйрек денешіктері мен шумақтары бар. Әрбір шумақ арнайы қапшық пен қоршалған. Әр қапшық өзінше сүзгіш: мұнда жиналған ағзаға керек емес заттар бүйрек денешіктері тостағаншалардан қапшықтардан шығатын арнаға келіп түседі. Бүйректің қыртыс және милы қабаттарында бірінші және екінші арналардан құралады. Арналар бүйрек астаушаларына зәрді әкеледі, онда несеп ағар арқылы шығатын зәр жиналады. Зәрдің түзіліу дәрісі екі кезеңмен жүреді: бүйрек денешіттерде, шумақтарда қанның сары суы сүзіледі (құрамында аздаған ақуызы бар алғашқы зәр) және арналарда алғашқы зәрдің құрамындағы кейбір бөлшектер қайтадан кері сорылады (су, натрий хлориді), осы дәрістің нәтижесінде ағзада яғни, бүйректе толығымен өнделген (екіншілк) зәр пайда болып, сыртқа ағып шығады. Зәр түзілуінің толық тоқтауын - анурия деп атайды. Зәрдің бөлінуінің азаюын – олигурия, зәрдің көп бөлінуі – полиурия деп атайды. Үнемі салыстырмалы тығыздығы төмен зәрдің бөлінуін гипоизостенурия деп атайды. Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары әртүрлі, бірақ негізінде жергілікті (пиелонефрит, туберкулез, бүйрек тас ауруы) және жалпы (нефрит, нефроз) аурулар болып бөлінеді.

Тексеру әдістері

Сұрау әдісінің маңызы зор. Бүйрек сырқаттарында науқас бастың ауруына, айналуына, зәр шығу дәрісінің бұзылуына шағым жасайды. Сонымен қатар көз көруі бұзылады, тамаққа тәбеті төмендейді, дене қызуы көтеріледі. Егер науқас ауырсынуға шағым жасаса,онда ауырсынудың қай жерге берілетінін анықтаймыз. Негізінде белдің ауырсынуы зәр шығару жолдарына, жыныс мүшелеріне әсер етеді. Бүйрек сырқаттарында байқалатын ауырсыну бүйрек тостағаншалардың және бүйрек капсуласының созылғанынан пайда болады.Бүйрек шаншуында ауырсыну қатты сезіледі, несеп ағар жолына, қуыққа әсер етеді. Ауру сыртартқысын науқастан сұрап отырғанда алдында болған сырқаттармен сәйкестіре отырған жөн (баспа, іріңді отит т.б.) Сырқаттың бастапқы кезеңін анықтау қиын, өйткені бүйрек аурулары бір мезгіл жасырын өтуі де мүмкін.

Бүйректі тікелей тексеру біршама қиындықтарды туғызады, өйткені

көлемі мен пішіні қалыпты, сау бүйректі қарау, сипалау және тықылдату жүргізу мүмкін емес, себебі, бүйрек іш пердесінің қуысында терең орналасқан, артынан қалың бұлшық ет қабатымен жабылған, алдында ішектер орналасқан. Бүйрек ұлғайғанда немесе орнынан ығысқан (бүйректің түсуі) жағдайда ғана ағзаны сипалау мүмкіндігі туады. Науқасты жатқызып және тұрғызып бүйрекке сипалау жүргізеді. Бүйректі сипалау екі қолмен атқарылады.