Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Х тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
521.73 Кб
Скачать

Квинке ісігі

Бұл ангионевротикалық ісінуі мен сипатталатын аллергиялық сырқаттың біріне жатады. Бұл сырқат есек жем сияқты болып табылады. Квинке ісігінде ағзадағы қан тамырының қабырғаларының өткізгіш қызметі зақымданып, адам тұлғасының жоғарғы бөліктерінде ісік пайда болады. Әсіресе адамның бет келбетінде, көмейінде қарқынды байқалады. Ішкі сөлденіс бездерінің ерекшеліктеріне байланысты көбінесе әйелдер сырқатқа бейімделген болып келеді.

Себебі. Басқа аллергендердің түрлеріндей, Квинке ісігінің дамуына әртүрлі дәрі – дәрмектер, тағамдар, төменгі және жоғарғы температура әсер етуі мүмкін.

Клиникалық бейнесі. Бұл сырқатта ісік терінің барлық қабаттарына, тіпті тері асты майының торшаларында білінеді. Квинке ісігінде науқастың терісі қышымайды, бірақ қысып тұрғандай сезімінде болады. Науқастың еріні, тілі, жұмсақ таңдайы ісініп, үлкейіп тұрады. Осыдан кейін ісік тері астының майына таралып, қышымайтын инфильтрат пайда болады. Аллергия серпілісі өтіп, басылғаннан соң науқас ұзақ уақыт бойы сырқаттанып жүреді. Сонымен қатар Квинке ісігі кілегейлі қабаттарда болатындығын естен шығармаған жөн. Квинке ісігінің кеңірдек маңына жайылып кетуі өте қауіпті. Өйткені, ол тыныс алу жолдарын тарылтып тұншығуға әкелуі мүмкін. Квинке ісігінің жеңіл және орташа түрлерінде кеңірдектің ісінуі бірнеше сағаттан бір тәулікке дейін байқалады.

Кеңірдек ісінуі әрбір төрт науқастың біреуінде кездесіп тұрады. Кеңірдектің ісінуіне байланысты науқастың дауысы өзгеріп, ит үргендей жөтел байқалып, содан кейін дем алуы қиындайды да, алыстан естілетін шулы дем пайда болады. Ентігу басында экспираторлық түрде, содан кейін экспираторлық - инспираторлық түріне ауысады. Науқастың беті көгеріп, біртіндеп бозғылттанады. Науқас өте мазасыз келеді, сырқат қатты жанына батқандығынан өлім қорқыныш сезімі білінеді. Бұл жағдайда науқасқа жедел жәрдем көрсету керек, өйткені, тұншығудан тез арада өліп кетуі мүмкін.

Егер ісік асқазан – ішек жолының кілегейлі қабатына жайылса, науқастың іші қатты ауырсынып кебеді, ішектің жиырылу қызметі күшейеді. Науқастың жүрегі айнып, құсады. Ұстама іштің өтуімен аяқталады. Үлкен дәретінде эозинофильдер, Шарко – Лейден кристалдары пайда болады. Осыған байланысты адам ағзасында аллергиялық серпілістің нәтижесінен дамып отырғандығын түсіндіреді. Зәр шығару жолдарының ісінуінде циститтің белгілері айқындалынады, соңында зәр шықпай қалуы да мүмкін. Квинке ісігінде ми қабығының қабыну белгілері де байқалуы мүмкін. Желке бұлшық еті тартылып, басы қатты ауырады. Ауыр жағдайда құрысып - тырысу білінеді.

Дерт анықтамасы. Диагнозды қалыпты түрде клиникалық бейнесіне сүйене отырып қояды.

Емі және күтімі. Науқастарды ауруханаға жатқызып, арнайы ем және күтім көрсету шаралары өткізіледі. Науқастың кеңірдегі ісінгенде ЛОР – бөлімшесіне жатқызады, абдоминалдық түрінде – хирургия бөлімшесіне, ал неврологиялық түрінде – неврология бөлімшесіне жатқызады. Аллергияға қарсы емдәм тәрітібі қолданылады: тұссыз, сүт, өсімдік тағамдары, жұмыртқа, шоколад, балық, цитрус тағамдарын шектейді. Бұл тағайындалынған емдәм тәрітібі осы сырқатта өзінің маңыздылық пайдасын тигізбей қоймайды. Аллергия серпілісін жою үшін антигистамин препараттарымен қолданады: супрастин, пипольфен, димедрол т.б. Ағзадан сұйықтықты шығарып, ісінуді басу үшін дегидратациялық ем қолданылады: лазикс 40 – 80 мг көк тамыр арқылы

физиологиялық ертіндісімен енгізеді. Кеңірдек ісінуі байқалса қосымша көк тамыр арқылы немесе бұлшық етке 60 – 90 мг преднизалон жібереді. Сонымен қоса симптомға қарсы ем жүргізіледі. Егер қан қысымы төмендесе 0,1% – 0,3 мл адреналин ертіндісін тері астына жібереді. Тұншығу ұстамасы болған жағдайда трахеостомия жасайды.