Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус ортопедия каз 2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161.74 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

СТОМАТОЛОГИЯ БОЙЫНША ИНТЕРНАТУРА КАФЕДРАСЫ

СИЛЛАБУС

Интернатура Кафедрасы.

Мамандық 5В130200 – стоматология

Пән ортопедиялық стоматология

СИЛЛАБУС

Интернатура «жалпы тәжрибелі дәрігер-стоматолог»

«Ортопедиялық стоматология» пәні бойынша

Оқу сағаттар саны- 270 сағат

Дәрістер – 5 сағат

Контатілі сағат – 175 сағат

Интерндердің өзіндік жұмыстары (ИӨЖ) – 90 сағат

Курс: 6

Семестр: 11,12

Бақылау түрі: тестілеу, тәжірибелік дағдыларын аттестациялау

Алматы – 2016

Құрастырған: доцент Абдразаков Е.Х.

Жұмыс бағдарламасы стоматология бойынша интернатура кафедрасының отырысында талқыланған

«29»_июнь_2016ж., хаттама №_15_

Кафедра меңгерушісі д.м.н., профессор __________________Жартыбаев Р. Н.

Жалпы мәліметттер;

Жоғарғы оку орыны: С.Д. Асфендиярова атындағы қазақ ұлттық медицина университетті

Интернатура кафедрасы

Пән – «Ортопедиялық стоматология»

Мамандык - 5В130200 «Стоматология»

Жалпы оқу сағаттар – 270 сагат

Курс және семестр - 6 курс, 11,12 семестр

Оқытушылар туралы мәліметтер:

Ф.И.О.

Должность

Ученая степень

1

Шаймарданов Сатгали Мухамеджанович

доцент

м ғ кандидаты

2

Лобанов Юрий Сергеевич

доцент

м ғ кандидаты

3

Абдразаков Ерболат Халтович

доцент

м ғ кандидаты

4

Алахунов Султан Авакриевич

ассистент

Байланыс мәлеметтер:

Мекен жайы: г. Алматы . Толе би, 92; оку корпусы №3 ҚазҰМУ, 1 этаж. Телефон: 8 7272925025, ішкі 260, email –intern. @ mail.ru.

КЛИНИКАЛЫҚ БАЗА

Стоматологиялық клиникалардың ортопедиялық кабинеттері, бөлімдері.

ИНТЕРНДЕРДІҢ ҚҰЗІРЕТТЕРІ

Ұйғара білу дәрежесі:

I – білу (есту, оқу);

II – қалай екенін білу (көру);

III – стандартталған жағдайларда орындау;

IV –тікелей бақылаумен орындау;

V – тікелей емес бақылаумен орындау.

Жалпы құзіреттері

Коммуникативті құзіреттер

Науқастармен/оның туысқандарымен емдеу үрдісінің және болашақ емнің нәтижесі үшін алғашқы қарым-қатынасты қалыптастыру

IV

Науқасқа диагноз қою және емдеу үрдісімен таныстыру, науқастың емге дайындылығын қалыптастыру

IV

Науқаспен мамандандырылған қарым-қатынас түзету

IV

Әріптестермен және медициналық қызметкерлермен мамандандырылған қарым-қатынаста болу. Жұмысшы қарым-қатынас орнату

IV

Кәсіби іс-әрекет-сенімділік, жауапкершілік. Өзін-өзі бағалау, өзін-өзі жетілдіру, өзіндік оқуға қабілеттілік, сынды көтере білу. Стресті жағдайда кәсіби іс-әрекет көрсету

IV

Құқықтық

аспектілер

Науқастың құқықтары

IV

Медициналық сақтандыру. Кепілдендірілген медициналық көмектің көлемі. Дәрі-дәрімектермен қамтамасыз ету

IV

Науқастың құқықтарын қорғау әдістері

IV

Науқастың міндеттері

IV

Ағзаларды трансплантациялау және оған донор болу

IV

Эвтаназия

IV

Дәрігер құқықтары

IV

Дәрігерлік қателік және салқын мінез таныту

IV

ҚР-ның денсаулық, денсаулық сақтау, дәрілік заттар, т.б., туралы заңдары мен құқықтық актілері

IV

Мына шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету

Сүйек сынулары, жарақаттар, жарақаттық шок кезінде

IV

Термиялық зақымдалуларда

IV

Жылулық және сәулелік соққыларда

IV

Үсуде

IV

Суға батуда

IV

Электрожарақатта

IV

Жәндіктер, жылан¸ жануарлар тістеп алуы

IV

Жүктілікті диагностикалау және стационардан тыс физиологиялық босану кезінде көмек көрсету

IV

Мамандық бойынша құзіреттері

Құзірет

Дәреже

Тіс-жақ-бет жүйесінің анатомиялықжәне морфологиялық-функциональды ерекшеліктері

II

Стоматологиядағы жергілікті жансыздандыру әдістері, жергілікті жансыздандырғыштардың клиникалық-морфологиялық сипаттамасы

II

Адентияның, тіс қатарының деформациясымен, жарақатты артикуляциямен, шықшыт буын ауруларымен асқынған тістер ақауларының этиопатогенетикалық негізінің ерекшеліктері

II

Беттің төменгі бөлігінің биіктігінің төмендеуімен және төмендемеуімен сипаталатын тістердің шамадан тыс қажалуының этиопатогенетикалық негіздері

II

Жақ- бет аймағының туа біткен және жүре пайда болған ақауларының этиопатогенетикалық негіздері

II

Тіс-жақ жүйесінің аурулары кезінде отропедиялық емге көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер

II

Тіс протездерінің құрылымдарын уақытша және тұрақты бекітуге арналған стоматологиялық материалдардың жүйесі және қасиеттері

II

Ортопедиялық емге жататын тіс-жақ жүйесіндегі ауруларды диагностикалау әдістері мен міндеттері

II

Тіс-жақ жүйесі ауруларын ортопедиялық емдеу әдістері

II

Стоматологиялық науқасты қарап-тексеру, тіс-жақ жүйесінің негізгі зақымдалу симптомдарын анықтау: адентия, тіс қатарының деформациясымен, жарақатты артикуляциямен, шықшыт буын ауруларымен асқынған тіс қатарының ақаулары

IV

Беттің төменгі бөлігі биіктігінің төмендеуімен және төмендеуінсіз жүретін патологиялық қажалуы бар науқастарды, тіс-жақ-бет жүйесінің туа біткен және жүре пайда болған ақаулары бар науқастарды қарап-тексеру

IV

Тістердің, альвеолды өсіндінің, жақ сүйектердің рентген суреттерін қорытындылай білу. Осы зерттеуді жүргізуге көрсетілімдерді және әдістерді білу, жақ-сүйектің және шықшыт буын аурулары кезінде негізгі R-синдромды анықтау

III

Жақ-сүйек патологиялары және шықшыт буын ауруларын визуализациялау әдістерінің (МРТ, КТ, ортопантомография) нәтижелерін қорытындылау

II

Қан, зәр, микробиологиялық және биохимиялық көрсетілімдерді қорытындылау

II

Жергілікті жансыздандырғыштарға және тіс протезді материалдарға жағу-жақпауын анықтайтын терілік сынамалар нәтижелерін қорытындылау

II

Негізгі зақымдалу симптомдарын анықтау: адентия, тіс қатарының деформациясымен, жарақатты артикуляциямен, шықшыт буын ауруларымен асқынған тістер ақауларына сараптамалы диагностика жасау

IV

Негізгі симптомдарды беттің төменгі бөлігінің қысқаруымен немесе қысқармай жүретін тістердің шамадан тыс қажалуымен, бет-жақ аймағының жүре пайда болған және туа біткен ақауларымен сараптамалы диагностика жасау

IV

Тіс-жақ жүйесі ауруларына ортопедиялық ем жүргізуге көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді анықтау

IV

Диагностикалау және емдеу:

Тіс сауытының ақауын

IV

Жартылай немесе толық тістің болмауы кезіндегі тіс қатарының ақауын

IV

Пародонт ауруларын

IV

Шықшыт буыны ауруларын

IV

Тістің шамадан тыс қажалуын

IV

Жақтардың деформациялары мен ақауын

IV

Дәрілік заттардың және протездік материалдардың жақпауын

III

Созылмалы соматикалық патологиясын

III

Ауыз қуысының гальванизмді ауруларын

III

Жергілікті жансыздандыру әдістерін

IV

Тісті егеу әдістерін

IV

Жақ сүйектерден және тістерден қалып алу әдістерін

IV

Орталық окклюзияны анықтау әдістерін

IV

Протезді тексеру және тапсыру әдістерін

IV

Тірек тістерден алынбайтын тіс протездерін алу әдісін

IV

Қондырманы, штифті конструкцияларды, винирлерді, сауыттарды дайындау әдістерін

III

Пародонттағы патологиялық үрдістер кезінде, тістің шамадан тыс қажалуы кезінде әр түрлі ортопедиялық конструкциялар дайындау әдісін

III

Дентальді импланттарда әр түрлі ортопедиялық конструкциялар дайындау әдісін

III

Анафилактикалық шокта

IV

Талуда

IV

Коллапста

IV

Тыныс алу жолдарының жедел тарылуында (асфиксияда)

IV

Қан кетуде

IV

Гипертониялық кризде

IV

ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР ЖӘНЕ ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Дәрістердің тақырыптық жоспары

Тақырыбы

Мазмұны

Сабақ ұзақтығы, сағ

1

Окклюзия және артикуляция

Артикуляция, окклюзия, тістем, түрлері, мінездемесі, төменгі жақ биомеханикасы

1

Тіс-жақ жүйесінің функционалды анатомиясы

Бет скелетінің және самай төменгі жақ буынының, шайнау, мимикалық еттер, шайнау қысымы, тіс және тіс қатары, функционалдық анатомиясы, тіс қатары тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторлар, мінездеме

2

Протездеу алдыңғы дайындық

Протездеу алдыңғы ауыз қуысын хирургиялық, терапевтік, ортодонтиялық, ортопедиялық и ортодонтиялық арнайы дайындық

1

3

Тістің қатты тіндерінің ақауы, ортопедиялық емдеу әдістеріне заманауи көзқарастар

Тіс қатты тіндері ақауларының, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, ортопедиялық емінің заманауи әдістері.

1

4

Тіс қатарының ақаулары, ортопедиялық емдеу әдістері

Тіс қатары ақауларының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы ортопедиялық емдеу әдістері

1

5

Толық тіссіз жақ кезінде ортопедиялық емдеу ерекшеліктері

Протез тұрақтылығы туралы түсінік, шайнау жүйесі компоненттері және олардың функционалдық қарым қатынасы,жасанды тіс қатарын құрау

1

Барлығы

5

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

Тақырыбы

Мазмұны

Сабақ ұзақтығы, сағ

1

Окклюзия және артикуляция. Тіс-жақ жүйесінің функционалды анатомиясы.

Протездеу алдыңғы дайындық

Тістің қатты тіндерінің ақауы, ортопедиялық емдеу әдістеріне заманауи көзқарастар.

Тіс қатарының ақаулары, ортопедиялық емдеу әдістері.

Толық тіссіз жақ кезінде ортопедиялық емдеу. ерекшеліктері

Окклюзия және артикуляция туралы түсініктер. Тіс-жақ жүйесінің функционалды анатомиясы мен олардың қызметі.

Протездеу алдыңғы дайындық. Терапиялық, хирургиялық, ортодонтиялық дайындақтар.

Тістің қатты тіндерінің ақауы, ортопедиялық емдеу әдістеріне заманауи көзқарастар.

Тіс қатарының ақаулары, ортопедиялық емдеу әдістері.

Толық тіссіз жақ кезінде ортопедиялық емдеу.

5

2

Ортопедиялық стоматологиядағы менеджмент және маркетинг Дәрігерлік деонтология. Этика. Стоматологиялық тәжірибедегі келеңсіздік жағдайлар және оларды шешу жолдары. Құқықтық негіздер.

Дәрігер-стоматолог-ортопедтің жұмысын ұйымдастыру. Стоматолгиялық кабинеттің дәрігер-стоматолога-ортопедтің және медициналық қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері. Ортопедиялық стоматологиядағы дәлелдеуші медицина негіздері. Есеп-тіркеу құжаттарын толтыру. Коминикативті дағдылар.

6

3

Ортопедиялық стоматологиялық қабылдауда науқасты қарап-тексеру әдістері

Клиникалық әдістер: сұрап тексеру, қарап тексеру, перкуссия, бетті, шықшыт буынын, жақ асты лимфа түйіндерін, құлақ маңы және тіл асты бездерді пальпациялау, тістерді және тіс қатарларын тексеру, шырышты қабат жағдайын анықтау, окклюзиялық жанасуда анықтау, ауыздың ашылу дәрежесін, пломбаның, протездердің сапасын анықтау, тістердің қозғалғыштығын және альвеола өсіндісінің сему дәрежесін анықтау, шырышты қабаттың батымдылық дәрежесін анықтау. Параклиникалық әдістер: дентальді және панорамды рентгенография, электроодонтодиагностика, гнатодинамометрия, протездер және пломбыларың электропотенциалдарының әр түрлілігін анықтау, Н.И.Агапов, И.М. Оксман және И.О.Рубинов бойынша шайнау тиімділігін анықтау, электромиография (ЭМГ), электромиомастика-циография (ЭММГ). Капилляроскопия, реопародонтография, полярография. Қалдықты мономерді анықтау. Диагноздың жалпы әдістемесі. Диагностикалау үрдісінің кезеңдері.

6

4

Ортопедиялық стоматологияда жансыздандыру

Жергілікті жансыздандыру әдістері. Стоматологияда қолданылатын жергілікті жансыздандырғыштардың фармокологиялық сипаттамасы. Негізгі және қосымша аурулар кезінде жергілікті жансыздандырғыштарды таңдау алгоритімі. Жергілікті жансыздандыру кезіндегі асқынулар мен қателіктер. Асқынулар кезіндегі дәрігердің іс-әрекеті.

6

5

Клиникалық материалтану

Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын материалдар жүйесі. Керамикалық материалдар, композиттер және металсыз протездеу жүйесінің материалдары. Құрамы, қасиеті, қолданылуы.

6

6

Тіс сауытының қатты тіндернің ақауы. Жасанды тұқыл арқылы протез салу

Тістің қатты тіндернің ақауының жүйесі. Ортопедиялық емдеу әдістері. Таңдалған ортопедиялық емдеу әдісін негіздеу. Винирлермен, салмалармен (Inlay, Onlay, Overley), жартылай сауыттармен, сауыттармен емдеу.

Сыртқы сақиналы штифті тіс, тұқылды пластмассалы түбір үстілік қорғанышы бар және қорғанышы жоқ штифті тіс. Пластмассалық әрлемесі бар металл сауыт және штифт. Штифке негізделген фарфор(кәрлен) сауыт. Штифті құрылымдармен емдеудің көрсетілімдері және қарсы көрсетілімдері, клиникалық-зертханалық кезеңдері. Ильина-Маркосян бойынша штифті тіс және қарапайым тістің клиникалық-зертханалық жасалу кезеңдері.

6

7

Тіс қатарындағы кетікті көпір тәрізді протезбен емдеудегі замануи әдістер

Тіс қатарындағы кетіктің жіктемесі. Протез құрылымын және емдеу әдісін таңдау тактикасы. Тіс қатарындағы кетікті көпір тәрізді протезбен емдеудегі ортопедиялық емнің түрі,қателіктері және асқынулар,болжамы.

6

8

Тіс жақ жүйесінің біріккен патологиясын көпір тәрізді протезбен ортопедиялық емдеу

Тіс қатарының реттілігінің бұзылуы. Пародонт тіндеріне шамадан тыс функционалды күштің түсуі. Шайнау,сөйлеу қызметінің және эстетикасының бұзылуы. Көпір тәрізді протезге протездеудің дайындау түрі. Көпір тәрізді протез құрылымы, асқынуы және қателіктері,болжамы.

6

9

Жартылай алмалы –салмалы протезбен ортопедиялық емдеу

Жартылай алмалы-салмалы пластиналы протез. Биологиялық және клиникалық көрсетілімі, протездің элементтерін сипаттау. Кламмерлерді бекіту түрлері,орналасуы. Бекіту әдістері. Антогонист тістердің болмауы кезіндегі клиникалық дайындау кезеңдері. Протез құрылымын тексеру барысында қателіктерін дұрыстау. Протезді орналастыру. Протез қолданудағы мүмкін болған асқынулар, емдеу және алдын алу.

6

10

Ауыз қуысында тіс қатарының жартылай ақауы кезінде доғалы протезбен ортопедиялық емдеу

Қолданудың биологиялық, клиникалық, математикалық көрсетілімі. Құрылымдық элементтері, олардың орналасуы және тағайындалуы. Қос қабатты анатомиялық қалып алу. Мүсінді параллелометрияда диагностикалау. Доғалы протездің құрылымын жоспарлау. Бекітуші элементтің түрін таңдау. Доғалы протезді дайындаудың клиникалық-зертханалық кезеңдерінің көрсеткіштері. Протездеуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер

6

11

Толық тісін жоғалтқан адамның тіс жақ – жүйесіндегі өзгерістер

Толық алмалы-салмалы протез. Бекіту әдістері. Жеке дара қасықты шақтап көру, жоғарғы және төменгі жақтан функциональды-сорылушы қалып алу. Жақ сүйектерінің орталық арақатынасын анатомиялық-физиологиялық әдіспен анықтау.

6

12

Төменгі жақ сүйегінің қимылдарын қайталайтын аппараттардың заманауи құрылымдары

Артикуляция туралы түсінік. Артикуляторлар. Окклюдаторлар. Қолданулары.

6

13

Толық тіссіз жақ сүйегін ортопедиялық емдеудің клиникалық кезеңдерінің ерекшеліктері

Протездің құрылымын тексеру және қателерін дұрыстау. Гельфанду-Катц бойынша жеке дара қасықты протетикалық жазықтықта қалыптастыру. Шақтап көру, протезді коррекциялау және үйрену. Протез негізін клиникалық және зертханалық кезеңде қайта жасау. Оперативті және қалпына келтіруші дентистрия. Мақсаты,тапсырмалары. Тістің клиникалық анатомиясы оперативті және қалпына келтіруші дентистрия қалпымен (терминология,морфометрия,окклюзия). Протездің негізі мен кламмері сынғанда, тіс жұлынғанда протез жөндеуге қабылдау.

6

14

Тістің қатты тіндерінің аса қажалуы. Беттің төменгі 1/3 бөлігінің төмендемеген кезде тістің қатты тіндерінің шамадан тыс қажалуын ортопедиялық емдеу.

Тістің қатты тіндерінің қажалуын ортопедиялық емдеу окклюзия биіктігінің төмендеуі: емдік диагностикалық аппараттың көмегімен окклюзиялық биіктікті уақытша қалпына келтіру; бейімделу кезеңі; тұрақты протездеу. Кезекті дезокклюзия әдісімен окклюзиялық биіктіктің өзгеруінсіз болған тістің қатты тіндерінің шамадан тыс қажалуын емдеу.

6

15

Беттің төменгі 1/3 бөлігінің төмендеуімен болған тістің қатты тіндерінің шамадан тыс қажалуын ортопедиялық емдеу.

Тістердің шамадан тыс қажалуының клиникалық-зертханалық талаптар. Салыстырмалы диагностикалау. Беттің төменгі1/3 бөлігінің қысқаруынсыз тістің қатты тіндерінің шамадан тыс қажалуы.

Тістің қатты тіндерінің қажалуын емдік және профилактикалық мақсатта ортопедиялық көмек көрсету: себептерін анықтау, ортопедиялық емге дайындық (тістерді таңдап егеу, альвеола аралық биіктік пен шықшыт буынының қызметін қалпына келтіру); алмалы-салмалы және алынбайтын протез құрылымдармен ортопедиялық емдеу.

6

16

Пародонт аурулары, ортопедиялық құрылымдарды таңдау

Жіктелуі. Пайда болу себебі, клиникасы. Шықшыт буынын негізгі және қосымша әдістер арқылы тексеру. Пародонтиттің (қанқұрттың) және пародонтоздың (қанжел) клиникалық-диагностикалық талаптары. Пародонт ауруының ауырлық дәрежесін анықтау әдістері, пародонтограмманың анализдерін жазып алу, қарама-қарсы тістердің арасындағы пародонт мықтылығының тепе-теңдігін қалыптастыру. Пародонтитті кешенді емдеудегі ортопедиялық емнің маңыздылығы.

6

17

Пародонт ауруларын кешенді емдеуде қолданылатын ортопедиялық емдеу әдістері.

Емдеу әдістері. Алынбайтын шендеуіштердің құрылымдары: сауыттық, қалпақшалы, экваторлы, штифті, баллонды, көпір тәрізді протез. Тістерді ұлпасыздандыру көрестілімдер. Үш немесе одан да көп тірек тістері бар көпір тәрізді протездің сауытты және қалпақшалы шендеуішін дайындау кезеңдері. Маргинальды пародонттың зақымдауының алдын алу. Шендейтін алмалы-салмалы доғалы протез.

6

18

Тіс қатары деформацияның этиологиясы, патогенезі, клиникасы

Тіс қатары деформациясының жіктелуі. Клиникалық-диагностикалық талаптары. Тіс қатары ақауының жүйесі. Попов-Годон феномені бойынша артикуляциялық тепе-теңдік теориясы. Салыстырмалы диагностикасы. Тіс жақ жүйесі деформациясының тіс қатары кетігімен бірігуі, тістің қатты тіндерінің шамадан тыс қажалуы, пародонт аурулары, шықшыт буынның аурулары, клиникасы, диагностикасы, емдеу тактикасы.

6

19

Тіс қатарының деформацияларын ортопедиялық емдеу әдісі

Тіс қатарының деформациясын, окклюзиялық қатынасын қалптастыру мақсатында ортопедиялық әдістерді, аппараттар (ортодонтиялық), аппаратты - хирургиялық тәсілдер арқылыкөмек көрсету.

6

20

Шықшыт буынының аурулары, ортопедиялық емдік құрылымдарды таңдау

Шықшыт буын ауруларын кешенді емдеуде қолданылатын ортопедиялық емдеу әдістері.

6

21

Шықшыт буынының ауруларын ортопедиялық емдеу әдістері

Шықшыт буын ауруының асқынуы мен жартылай адентияны ортопедиялық емдеу.

6

22

Жасөспірімдер мен ересектердегі тіс қатары мен тістемнің аномалиялары

Тұрақты тістемдегі тістердің орналасуы, көлемі, пішіні. Этиологиясы,клинкасы,диагностикасы,емдеу әдістері. Тіс жақ жүйесінің аномалияларын емдеу әдістерінің жіктелуі.

6

23

Жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің сынықтарын ортопедиялық емдеу

Жақ сүйектер сынықтарының жіктелуі. Клиникалық-диагностикалық талаптар. Ортопедиялық емдеу әдістері. Жақ сүйектері сынғанда алғашқы мамандандырылған көмек көрсету. Лигатураларды орналастыру тәсілдері.

6

24

Жақ сынықтары кезінде жалған буынды, тыртық контрактурасын, микростомиясын ортопедиялық емдеу

Төменгі жақтың үйреншікті шығуы мен шығуын ортопедиялық емдеу. Қалыптастырушы аппараттар. Микростомияны бар науқасты протездеу. Жақ-бет аймағының деформациясын сынықтық дұрыс емес өсуін емдеу.

6

25

Жақ-бет аймағының операциядан кейін пайда болған ақауларын ортопедиялық емдеу әдістері

Жоғарығы және төменгі жақ ақаулары кезінде протездеу. Жақ сүйегін резекциялаудан кейінгі протездеу. Бет аймағының ақауы кезінде протездеу. Экзопротездердің құрылымдары.

6

26

Қатты таңдайдың туа және жүре пайда болған ақаулары

Клиникасы, диагностикасы, орто­педиялық емдеу әдістері. Таңдай ақауын протездеу кезіндегі протез (обтураторы) құрылымының ерекшелігі.

6

27

Ауыз қуысының шырышты қабатының ауруларын ортопедиялық емдеу

Ауыз қуысының шырышты қабатының созылмалы ауруларын (лейкоплакия, қызыл жалпақ теміреткі, күлбіреуік және т.б.) алмалы-салмалы және алынбайтын протез құрылымдарымен емдеу ерекшеліктері, мүмкін болатын асқынулар.

6

28

Тірегі дентальды имплантант болып табылатын ортопедиялық емдеу әдістері

Дентальды имплантанттар. Жіктелуі, көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдері. Ортопедиялық емді жоспарлау. Тіс жақ аппараттарының құрылымдық ерекшеліктері.

6

29

Стоматологиялық жадығаттардың жалпы организмге жергілікті және жалпы әсері

Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, жіктелуі. Алмалы-салмалы құрылымды қолдану (акрилді пластмасса). Гальвнизмнің көріністері, этиологиясы, патогенезі, клиникасы. Металлды және акрилді тіс протездерін қолдану кезіндегі токсикалық стоматит. Аллергиялық стоматит, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, салыстырмалы диагностикасы, токсико-химиялық және аллергиялық стоматитті диагностикалау тесті. Емі, болжамы.

6,5

30

Әр түрлі ортопедиялық құрылымдармен ортопедиялық емдеу кезінде жіберілетін қателіктер мен асқынулар

Әр түрлі ортопедиялық құрылымдармен ортопедиялық емдеу кезінде жіберілетін қателіктер мен асқынулар

6,5

Барлығы

180