- •2017-2018 Оқу жылы несімен ерекшеленеді?
- •Мерекелік және демалыс күндері (жалпы дамуы үшін көркем, қосымша әдебиеттерді оқу, математикалық мектептер үшін жобалық жұмыстарорындау мен есептер шешуден басқа);
- •Бақылау жұмыстарын өткізгеннен кейін;
- •Бірінші сынып білім алушыларына (екінші жартыжылдықтан бастап көлемі 20 минуттан аспайтын уақытта оқу бойынша тапсырмалар болуы мүмкін) бермеу ұсынылады.
- •Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі
- •1 12 Жылдық білім беруге көшу. Мектепалды даярлық сыныптарында және топтарында тәрбиелеу мен оқыту процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •2 Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері
- •6. Сананың ашықтығы
- •2017-2018 Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында «Мен - өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша Білім сабағын өткізуге әдістемелік ұсынымдама
- •1. Сабақтың тұжырымдамалық идеясы. Таңдау негіздемесі.
- •2. Сабақтың мақсаты және кешендік міндеттері.
- •4. Сабақ өткізу бойынша ұсынымдамалар
- •5. Қосымша
- •5.1 Сабақта жұмыс істеу үшін «Қоржын» инновациялық әдісін қолдану
- •5.2 Глоссарий
- •3 2012 Жылғы мжмбс және 2013 жылы енгізілген оқу бағдарламалары бойынша оқитын мектептерде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •Курс жүктемесінің көлемі:
- •3.2 Жалпы орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері
- •Тарихи картадан оқиғалар мен нысандарды көрсету;
- •Емтихан жұмысының ұзақтығы сыныптағы оқушы санына (параллелдердегі) байланысты. Бітірушіге билет бойынша жауап дайындауға 20 минут уақыт беріледі.
- •4 Жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •Оқу жоспарлары
- •4.1 Бастауыш мектептің 1,2-сыныптарына арналған оқу пәндері мазмұнының әдістемелік ерекшеліктері
- •Күнделікті сабақ жоспарын құруда назар аударатын мәселелер:
- •Барлық жалпы білім беретін мектептерде 9-сыныптың өтпелі бағдарламасы екі оқу жылында қолданылатын болады.
- •- Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану барысында музыкалық-орындаушылық және техникалық білімі мен біліктілігін қалыптастыру, дамыту.
- •«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
- •5 «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы
- •6 Шағын жинақты мектептерде оқыту ерекшеліктері
- •7 Мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқыту ерекшеліктері
- •8 Кешкі мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының ерекшелігі
- •Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқу пәндерін оқыту ерекшеліктері
- •– Ұлтаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім;
- •9 Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру ұйымдарындағы оқытудың ерекшеліктері
- •10 Қазақстан республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері
- •11 Пилоттық орта білім беру ұйымдарында бастауыш мектептің оқу бағдарламаларын апробациядан өткізу туралы
- •Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың қорытындысы туралы ата-аналарға арналған ақпарат (рубрикалар)
- •12 Пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландыруды іске асыру ерекшеліктері
- •Мазмұны
- •2017-2018 Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы
- •0 10000, Астана қ., Орынбор көшесі 4, «Алтын Орда» бо, 15-қабат.
2017-2018 Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында «Мен - өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша Білім сабағын өткізуге әдістемелік ұсынымдама
Мазмұны
1. Сабақтың тұжырымдамалық идеясы. Таңдау негіздемесі.
2. Сабақтың мақсаты және кешенді міндеттері.
3. Сабақтың ресурстық картасы.
4. Сабақ өткізу бойынша ұсынымдамалар:
- 1-ші концентрі: 1-4-сыныптар,
- 2-ші концентрі: 5-7-сыныптар,
- 3-ші концентрі: 8-9-сыныптар концентрі.
5. Қосымша.
5.1. Сабақта жұмыс істеу үшін инновациялық тәсілдердің «қоржыны»
5.2. Глоссарий.
1. Сабақтың тұжырымдамалық идеясы. Таңдау негіздемесі.
«Мен-өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша білім сабағының тұжырымдамалық идеясы қоғам мүддесінде азаматтық, әлеуметтік әрекеттерге дайындықты қамтамасыз ететін өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудің қажеттілігі идеясы болып табылады.
Таңдау негіздемесі.
- МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ жеті берік негізі ретінде Жаңа Қазақстандық Патриотизмді түсінуге арналған мемлекет орнатудың белгілері:
1) Тәуелсіздік және Астана, Жалпыұлттық бірлік;
2) бейбітшілік пен келісім;
3) Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият;
4) Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім;
5) Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы;
6) тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;
7) Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
- Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС: ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ» мақаласында «Туған жерден» ауқымдырақ «Туған елге» көшетін ұлттық сана-сезімнің жаңарту бағдарламасын ұсынды.
«Туған жер» бағдарламасы:
- біріншіден, туған өлкенің тарихын зерттеуге, тарихи-мәдени ескерткіштер мен жергілікті ауқымдағы мәдени объектілерді қалпына келтіруге;
- екіншіден, елдің басқа өңірлеріне қоныстанған бизнесмендер, шенеуніктер, зиялы қауым өкілдері және жастардың жәрдемдесуімен кіші отанын қолдауға (аймақты жасылдандыру, мектептерді компьютерлендіруге көмек көрсету, жергілікті мұражайлар мен галереялардың көркемөнер қорларын қолдау және т. б.);
үшіншіден, демеушілік көмекті қоса алғанда кіші отанына көмектесетін түрлі қолдау және әлеуметтік құрмет нысандарын іздеуге;
төртіншіден, «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы арқылы халықтың жалпыұлттық киелілік санасын нығайтуға, киелі жерлердің мәдени және рухани мұрасы «бірыңғай өріс, бір тізбек» құрылған кезде;
бесіншіден, «отандық мәдениет БҰҰ-ның алты тілінде: ағылшын, орыс, қытай, испан, араб, француз тілдерінде естілсін деп «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға бағытталған. «... Бұл үлкен аудармашылық жұмыс және біздің мәдени жетістіктерімізді жетілдірудің арнайы әдістері - кітаптар, пьесалар, мүсіндер, суреттер, музыкалық шығармалар, ғылыми жаңалықтар және т. б.»;
алтыншыдан, «Қазақстанның 100 жаңа адамы» жобасын іске асыру арқылы қоғамның назары біздің замандастарымыздың тарихына бағытталатын болады - «бұл осы қарқынды жылдары табысқа қол жеткізген түрлі аймақтардағы, әртүрлі жастағы және түрлі ұлттағы 100 нақты адамның тарихы болып табылады.
