- •5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы
- •Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма
- •Транспортное экспедирование : учебное пособие / а.И.Телегин [и др.]. – Изд. 2-е, с доп. И изм. – н.Новгород : Изд-во фгоу впо «вгавт», 2010. – 400с.
- •1.1 Цемент өндірісі мен тасымалдау ерекшеліктері
- •1.2 Қазақстан Республикасындағы цемент өнеркәсібі
- •«Есіктен есікке дейін» құрғақ химиялық жүктерді жеткізудің көлік-логистикалық сұлбаларындағы уақыттық және бағалық көрсеткіштерді анықтау әдістемесін әзірлеу (цемент мысалында)
- •2.1. Жүктерді жеткізудің көлік-логистикалық сұлбаларын қалыптастыру қағидалары мен бағалау критерийлері
- •2.2 Жүктерді жеткізудің біріздендірілген көлік-логистикалық сұлбаларын қалыптастыру
- •2.3 «Есіктен есікке» жүк партиясын тасымалдау уақытын әзірленген біріздендірілген көлік-логистикалық сұлбаларға сәйкес анықтау әдістемесі
- •2.4. Сапалық параметрлер есебімен «есіктен есікке» жүкті жеткізу бағасын анықтау әдістемесі
- •3 «Есіктен есікке» жүктерді жеткізудің экономикалық-математикалық моделін саралаудан өткізу
- •3.1«Есіктен есікке» жүктерді теміржол көлігімен жеткізудің экономикалық-математикалық моделін саралаудан өткізу
- •3.2«Есіктен есікке» жүктерді автокөлікпен жеткізудің экономикалық-математикалық моделін саралаудан өткізу
- •1. Транспортное экспедирование : учебное пособие / а.И.Телегин [и др.]. – Изд. 2-е, с доп. И изм. – н.Новгород : Изд-во фгоу впо «вгавт», 2010. – 400с.
2.4. Сапалық параметрлер есебімен «есіктен есікке» жүкті жеткізу бағасын анықтау әдістемесі
Жеткізу сұлбасын таңдау кезінде аса маңызды экономикалық көрсеткіштердің бірі жүкті тасымалдау бағасы болып табылады. Бұл жағдайда бағалық құрамдас бөліктер келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
– екі жүйе бойынша қарастырылады – клиент үшін ең жақсы нұсқаны таңдау үшін «дәл мерзімінде» және «есіктен есікке» жүйелері;
– көлік, көлік-экспедициялық және агенттік кәсіпорындардың жүгін тасымалдауға қатысатындардың барлығының жұмыстары мен қызметтерінің бағасын қамту;
– тасымалдау бағасын есептеген кезде нормативті құжаттар мен шарттармен регламенттелген әрекет ететін тасымалдаушылардың тарифтеріне, жүктеу-тиеу жұмыстарына алымдарына және басқа қажетті операцияларға негізделу;
– қолдануда, соның ішінде компьютерлік ақпараттық технологиялар көмегімен пайдалануда ыңғайлы болу.
Сапаесебімен, сонымен бірге тасымалдаудың экологиялылығы мен қауіпсіздлігі есебімен тасымалдаудың бағасын автор келесі өрнек бойынша анықтауды ұсынады, теңге:
-
= Смаг + Спрр + Спер + Сг п + Спот + Сэкол + Сбезоп ,
(13)
мұндағыСмаг – магистральды көлікпен жүк партиясын тасымалдаудың бағасы, теңге;
Спрр – жүк партиясын тиеу-түсіру бағасы, теңге;
Спер – бір магистральды көліктен басқасына жүру жолында жүкті ауыстыру бағасы, теңге;
Сгп – жолдағы жүк салмағының бағасы (жүкті жеткізу мерзімінің әсерін көрсететін), теңге;
Спот – табиғи шығын нормаларының шектерінде шығндалған жүктің бағасы, теңге;
Сэкол – қоршаған ортаның экологиялық шығыны мөлшерін бағалық бағалау, теңге;
Сбезоп – жүкті жеткізу сұлбасының шеңберінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шығындардың бағасы (сақтандыруға, тәуекелдерді жабуға, авариялардың пайда болу ықтималдығына және шығын келтіруге шығындарды қоса), теңге.
Тасымалдау бағасы формалды түрде келесі жолмен көрсетуге болады, теңге:
Смаг = Sмаг × Lмаг × Qгр , (14)
мұндағы Sмаг – нақты магистральды учаскеде белгілі бір көлік түрімен тасымалдауға тарифтік мөлшерлеме, теңге/ткм;
Lмаг – белгілі бір көлік түрінде нақты магистральды учаскеде жіберу терминалынан жеткізу терминалына дейінгі қашықтық, км;
Qгр – тасымалданатын жүк салмағы, т.
Әрбір пунктте (жіберу немесе жеткізу) жүкті жүкті тиеу-түсіру бағасы, теңге:
Спрр = Sпрр × Qгр , (15)
мұндағы Sпрр – пункттеші жүкті тиеу-түсіруге алым, теңге/т.
Жүкті ауыстыру бағасы (егер қолданылатын сұлбада бірнеше көлік түрлері қатыстырылатын болса, сәйкес ауыстыру пункттерінде) келесідей анықталады, теңге:
Спер = Sпер × Qгр , (16)
мұндағы Sпер – пункттегі жүкті ауыстыруға тариф, теңге/т.
Жолдағы жүк салмағының бағасы, теңге:
Сг п = (Qгр × Sгр × Сб × Тдост) / (100 × 365 × 24) (17)
мұндағы Sгр – жүк бағасы, теңге/т;
Сб – кредит үшін орташа жылдық банк мөлшерлемесі, %;
Тдост – жүкті тасымалдау ұзақтығы, сағ.
Табиғи шығын нормаларының шегінде шығындалған жүктің бағасы, теңге:
Спот = (Qгр × Sгр × Nу б ) / 100 , (18)
мұндағы Nу б – жүктің табиғи шығынының нормасы, %.
Егер жүкті тасымалдау бағасын анықтау бойынша ұсынылған аналитикалық өрнектің алғашқы құрамдастары белгілі болса және олардың бағасы қиыншылық тудырмайтын болса, онда соңғы екі элементтерде толығырақ тоқтаған жөн. Шетелдік және отандық авторлардың көп жұмыстарында қоршаған орта шығынын бағалық бағалауға деген негізделген тәсілдеменің жоқ екендігін белгілеу қажет. Алайда Чеботаев А.А. жұмысында [9] көмірсу диоксиді, улы, зиянды заттардың биосфералық параметрінің қалдықтарын талдау бойынша жіне әр түрлі көлік түрлерінде оттегіні тұтыну бойынша әдістемелік процедура бар. Берілген әдістеме сәйкес бағалық бағалауды жүргізуге мүмкіндік береді және ұсынылатын (13) өрнегінде пайдалануға болатын қоршаған ортаның үлестік биосфералық-экологиялық шығынының мәндерін береді.
Сәйкесінше, жүкті жеткізу процесіне қатысатын әрбір көлік түрі үшін қоршаған ортаның экологиялық шығынының бағалық бағалауы келесі өрнек бойынша анықталатын болады, теңге:
Сэкол = Sу д × Qгр , (19)
мұндағы Sу д – қоршаған ортаның үлестік биосфералық-экологиялық шығыны, теңге/т
Жүкті жеткізу сұлбасының шеңберінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шығындардың бағасы жүктер мен көлік құралдарын сақтандыруға кететін шығындардың есебімен анықталуы тиіс, сонымен бірге экономикалық тәуекел – материалды шығындарды сипаттай отыра, ақшалай формада көрсетілуі тиіс болатын көлік процессінің әр түрлі қатысушылары үшін потенциалды қауіпті қамтуы тиіс [44]. Осылайша, бұл құрамдас бөлік келесі өрнек бойынша анықталуы тиіс:
Сбезоп = Сстрахгр + Сстрахтр + Сриск , (20)
мұндағы Сстрахгр – тасымалданатын жүк бойынша сақтандыру жарналары, теңге;
Сстрахтр – жүкті жеткізу процессіне қатысатын көлік құралдарын сақтандыруға шығындар, теңге.
Ср иск – таңдалған жеткізу сұлбасын пайдалану кезінде ықтимал экономикалық тәуекел мен шығындардың бағалық бағалауы, теңге.
Жүк жіберушілердің көзқарасы бойынша ең экологиялық және қауіпсіз көлік жеткізу сұлбасын және қолданылатын қатынасты таңдау кезінде ең жақсы нұсқа болып табылмайтындығын ерекшелеп кетейік [10]. Дәл осы үшін шетелдік тәжірибеге ұқсас ретінде біздің елімізде жүргізілетін көлік саясатының бірі көрсетілген параметрлер қатары бойынша сапаны арттыру болуы керек. Көлік ұйымдары бұл кезде өз саласының экологиялылығы мен қауіпсіздігін арттыруға мүдделі болуы тиіс, яғни берілген бағыттағы олардың қызметін ынталандыру механизмдерін қарастыру және белсенді түрде енгізу қажет. Егер шетелдік тәжірибені қарастыратын болсақ, онда Еуропалық Одақ елдерінде саясат қауіпсіздігі аз көлік түрлерімен тасымалдау үлесін азайтуға және біршама жүк ағыны қатарын су көлігіне алмастыруға бағытталған. Бұған , әрине, тарифті де, салықтық реттеу саласында да біршама шаралар қатарын пайдалану арқылы қол жеткізіледі. Белгілі бір тәулік уақытында елді мекендер шегінде тасымалдауларды жүзеге асыруға тыйымдар бар (мысалы, шу мен қоршаған ортаны ластаудың негізгі көздерінің бірі болып табылатын автокөлік үшін). Осылайша, аралас қатынастарда жүктерді жеткізу сұлбаларының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігі артатын болады.
Ұсынылған әдістеменің негізінде құрғақ жүк партиясын (цемент мысалында) [11-16] әр түрлі тасымалдау тәсілдерімен және тасымалдау қашықтығына байланысты жеткізудің бағасын анықтау бойынша есептер жүргізілген болатын. Мұнда келесі бастапқы деректер қолданылды:
Тасымалдауға ұсынылған партия – 4000 тонна.
Тасымалдау қашықтығы – 500, 1000, 1500 км.
Жүкті тасымалдау тәсілдері – үйіндімен, көлік қалталарында, жұмсақ контейнерлерде (биг-бэгтерде) [30, 80]. Тасымалдау үшін сәйкес жылжымалы құрам қолданылады: теміржол көлігі (вагон-хоппер, әмбебап жабық вагон, жартылай вагон); автокөлік көлігі (автоцемент тасушылар, жабық автокөлік (фургон) және бортты автокөлік). Жылжымалы құрам сипаттамалары мен түрлері (қосымша 1).
Қарастырылатын жеткізу сұлбалары
-тек автокөлік көлігімен жеткізу;
-тек теміржол көлігімен жеткізу;
Жүктің шартталған партиясын жеткізудің жалпы бағасы үш нұсқада анықталады:
-сапалы параметрлерді есепке алмай;
-«жүкті масса» және шығындар секілді сапалық параметрлердің есебімен;
-ұсынылатын әдістемеде қарастырылатын барлық сапалық параметрлердің есебімен («жүкті масса», шығындар, экологиялық пен қауіпсіздік).
Есептеулер кезінде ауыстыру бағасы, сипаттамалары, тарифтері, фрахт мөлшері мен ұқсас жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын көлік компанияларының басқа деректері пайдаланылған.
Есептеулер нәтижелері 4-6 кестелерде келтірілген.
4-кесте–Тасымалдау қашықтығына байланысты (сапалық параметрлер есебінсіз) тасымалдау тәсілдері мен әр түрлі көлік түрлерімен сусымалы жүк партиясын жеткізу бағасы, мың теңге
Көлік түрі мен тасымалдау тәсілі |
Қашықтық, км |
|
||
|
500 |
1000 |
1500 |
|
Теміржол |
|
|
|
|
көлігі |
|
|
|
|
үйілмемен |
13 106 |
24 784 |
36 462 |
|
көлік қалталарда |
12 915 |
22 654 |
32 395 |
|
биг-бэгтерде |
14 899 |
24 724 |
34 548 |
|
Автокөлік |
|
|
|
|
көлігі |
|
|
|
|
үйілмемен |
21 439 |
40 211 |
58 982 |
|
көлік қалталарда |
22 687 |
39 444 |
56 199 |
|
биг-бэгтерде |
22 317 |
38 995 |
55 676 |
|
5-кесте –Тасымалдау қашықтығына байланысты тасымалдау тәсілдерімен (жүк массасы мен шығындар секілді сапалы параметрлер есебімен) және әр түрлі көлік түрлерімен сусымалы жүк партиясын жеткізу бағасы, мың теңге
Көлік түрі мен тасымалдау тәсілі |
Қашықтық, км |
|
||
|
500 |
1000 |
1500 |
|
Теміржол |
|
|
|
|
көлігі |
|
|
|
|
үйілмемен |
13 843 |
25 707 |
37 565 |
|
көлік қалталарда |
13 524 |
23 424 |
33 319 |
|
биг-бэгтерде |
15 543 |
25 539 |
35 524 |
|
Автокөлік |
|
|
|
|
көлігі |
|
|
|
|
үйілмемен |
22 484 |
41 404 |
60 324 |
|
көлік қалталарда |
22 687 |
39 444 |
56 199 |
|
биг-бэгтерде |
22 938 |
39 721 |
56 507 |
|
6-кесте–Барлық сапалық параметрлер (жүк массасы, шығындар, экологиялық пен қауіпсіздік) есебімен тасымалдау қашықтығына байланысты тасымалдау тәсілдері мен әр түрлі көлік түрлерімен сусымалы жүк партиясын жеткізу бағасы, мың теңге.
Көлік түрі мен тасымалдау тәсілі |
Қашықтық, км |
|
||
|
500 |
1000 |
1500 |
|
Теміржол |
|
|
|
|
көлігі |
|
|
|
|
үйілмемен |
20 071 |
37 919 |
55 767 |
|
көлік қалталарда |
19 770 |
35 661 |
51 551 |
|
биг-бэгтерде |
21 823 |
37 815 |
53 807 |
|
Автокөлік |
|
|
|
|
көлігі |
|
|
|
|
үйілмемен |
32 816 |
61 487 |
90 157 |
|
көлік қалталарда |
33 376 |
59 797 |
86 219 |
|
биг-бэгтерде |
33 684 |
60 153 |
86 623 |
|
Осылайша, құрғақ жүктерді жеткізу кезінде теміржол көлігі бәсекелесетін болады.
Бұл төменгі суреттерде анық көрсетілген.
9-сурет–Сапалық параметрлер есебінсіз үйіндімен әр түрлі көлік түрлерімен жүк партиясын жеткізу бағасы
10-сурет–Сапалық параметрлер есебінсіз көліктік қаптарда әр түрлі көлік түрлерімен жүк партиясын жеткізу бағасы
11-сурет–Сапалық параметрлер есебінсіз биг-бэгтерде әр түрлі көлік түрлерімен жүк партиясын жеткізу бағасы
12-сурет–Жүк массасы мен шығындар секілді сапалық параметрлер есебімен әр түрлі көлік түрлерімен жүк партиясын жеткізу бағасы
13-сурет–Жүк массасы мен шығындар секілді сапалық параметрлер есебімен көліктік қаптарда әр түрлі көлік түрлерімен жүк партиясын жеткізу бағасы
14-сурет–Жүк массасы мен шығындар секілді сапалық параметрлер есебімен биг-бэгтерде әр түрлі көлік түрлерімен жүк партиясын жеткізу бағасы
15-сурет–Барлық сапалық параметрлер (жүк массасы, шығын, экологиялық пен қауіпсіздік) есебімен тасымалдау қашықтығына байланысты үйіндімен әр түрлі тасымалдау тәсілдері мен әр түрлі көлік түрлерімен жүк партиясын жеткізу бағасы
16-сурет–Барлық сапалық параметрлер (жүк массасы, шығын, экологиялық пен қауіпсіздік) есебімен тасымалдау қашықтығына байланысты көліктік қаптарда әр түрлі тасымалдау тәсілдері мен көлік түрлерімен жүк партиясын жеткізу бағасы
17-сурет–Барлық сапалық параметрлер (жүк массасы, шығын, экологиялық пен қауіпсіздік) есебімен тасымалдау қашықтығына байланысты биг-бэгтерде әр түрлі тасымалдау тәсілдері мен көлік түрлерімен жүк партиясын жеткізу бағасы
Осылайша, жоғарыда көрсетілген графиктерден 500 км және одан жоғары қашықтыққа автокөлікпен жүкті жеткізу бағасы баламалы сұлбалар бойынша жеткізу бағасынан асып түсетіні көрініп тұр, бұл оның бәсекеге қабілетті емес екендігін шарттайды. Қашықтық өскен сайын жеткізу бағасы басқа көлік түрлерімен салыстырғанда бірнеше есеге өсе отырып, жоғарылайды.
Салыстырмалы түрде кішкене қашықтықтарға (1500 км дейін) теміржол көлігімен жүкті жеткізу кезінде берілген көлік түрі жақсырақ болып табылады.
